Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!

Адильханова Шынар Сеитбековна

«Балауса» балабақшасының тәрбиешісі

Қорғалжын ауылы


Мақсаты: Жас ұрпақты өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру арқылы отаншылдыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.
(Күй әуені күмбірлеп тұр).
Көрініс
Сіздердің тамашалағандарыңыз, осыдан 25-жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бал алаңында болған, желтоқсан оқиғасы. Дүниені дүр сілкіндірген көтеріліске, қазақ ел ауызында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләзат Асанова және т. б. апаларымызбен ағаларымыз қатысты. Осындай батыр, ер жүрек ағаларымызбен апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз аңсаған, армандаған тәуелсіздігімізге 21 жыл толып отыр. Мерекелерініз құтты болсын, ағайын!


Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!


Ал, ендігі кезекті “Балапан”  тобының бүлдіршіндерінің өнерлерін тамашалайық.
1.    Аспанымдай мөлдірмін,
Жайлауымдай жазықпын.
Өзенімдей өршілмін,
Гүлдерімдей нәзікпін.
Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген
Отанымның ұлымын!
2. Қазақтың елі – ең кең ел!
Басшысы жайсаң, кемелді ер!
Зейіні зерек, өзі алғыр,
Нұратасы кемеңгер!
3. Қазақтың туың ұстаған,
Болашақ жолын нұсқаған.
Нұрата аян ғаламға
Беделі биік, күшті адам!
Жүргізуші:
Өнерлі ғой балалар,
Көңілдері пәк, жайсаң.
Би де билеп береді,
“Қаражорғаны” қаласақ.


Ортаға “Қаражорға” биімен балаларды шақырамыз

Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй!

деп, Абай атамыз айтқандай, ортаға Берикова Инкар  “Біз бақытты балалар”  әнімен қарсы алыныз.
Жүргізуші:

Талшыбықтай бұралған,
Қазағымның қыздары-ай!
Сүйсіндірген биімен,
Өнерлі ғой, қыздар-ай!
Келесі кезекті биге береміз.

Ортаға шоқ қыздарымызды шақырамыз.

Би  “Шоққыздар”.


Жүргізуші:
Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп.
Алақай-ай, алақай!
Ән шырқайық, балақай!
Қызарғанша алақан,
Қол соғалық, балақан!
Қошеметпен шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
1 – бала:

Туған жерім, теңдесі жоқ мекенім!
Қазір де мен қадіріңе жетемін.
Қуанамын әр гүлденген гүліңе,
Сен тұрғанда керек емес өзге елдің.
2 – бала:
Айгөлек-ау, айгөлек!
Айдың жүзі дөңгеолек.
Айдай толған кезімде,
Би билеймін дөңгелеп.

3 – бала:
Анашым менің, анашым.
Бойыңда сенің бар ма мін?
Балалық парыз өтеліп,
Бақытты қылу арманым!

деп барлық аналарға “Мама” әнін арнайды. Қарсы алыңыздар!

Жүргізуші:
Биле, жастық, биле, биле, биле сен.
Көрермендер көңіл-күйін көтер сен.
2
5 жылдық тойын тойлап баршамыз,
Дүр сілкіндір сахнамыздың төрін сен,.


Жүргізуші: Бүгінгі күн қандай керемет! Барлығымыздың көңілдеріміз көтеріліп, қуанышқа кенелдік. Әр қашан жүздеріңіз жарқын болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Тәуелсіз еліміз гүлдене, көркейе берсін. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концерттік бағдарламамыз осымен аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет! Сау болыңыздар!