Қазақ тілінен геометриялық пішін сабағының жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:___

Білім беру саласы: Қатынас

Тақырыбы: _ Геометриялық пішіндер

Мақсаты: Геометриялық пішіндермен таныстыру. Заттарды пішініне байланысты атауға дағдыландыру. Балаларды дұрыс тыңдауға, дұрыс отыруға тәрбиелеу

Қажетті құралдар: Суреттер, карточкалар, қарындаш.

Сөздік жұмысы\Билингвальді компонент: геометрические фигуры -геометриялық пішіндер, квадрат –шарты, квадрат- шаршы, прямоугольник - тікбұрыш, треугольник - үшбұрыш, круг - шеңбер, овал - сопақ.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Армысың, асыл Күн!

Армысың, асыл Жер!

Армысың, жан досым!

Жылуыма –жылу қос,

Міне, менің қолым.







Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Қалдарың жақсы ма?

Онда осындай жақсы көңіл күймен сабағымызды басталық. Бүгін біз геометриялық пішіндер әлеміне саяхат жасаймыз.


Өлең жолдарын қайталап, соған сай қимылдарды орындайды. Жоғары созылып Күнмен амандасады, төмен иіліп жермен амандасады, бір –бірлерінің қолдарынан ұстап жылуларымен бөліседі.

Сәлеметсіз бе!

Жақсы.

Ұйымдастырушылық-ізденістік.

Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?

Жақсы, бүгін біз осы сендер білетін геометриялық пішіндерді қазақша атап үйренеміз.

«Тыңда, қайтала, көрсет»

Мақсаты: балалардың жаңа сөздерді есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Шарты: мұғалім көрнекілік арқылы геометриялық пішінмен таныстырады. Сөздік жұмысын жүргізеді.Балалар тыңдайды, қайталап айтады, алдарындағы пішіндердің ішінен сол пішінді тауып көрсетеді.

«Қай геометриялық фигура жоқ?» ойыны

Мақсаты: балалардың есте сақтау, ойлау, көру қабілеттерін арттыру.

Шарты: мұғалім тақтада қойылған пішіндерді балалардың көзін жұмғызып, кезегімен жасырады. Балалар көздерін ашып жоқ пішінді атайды.



Карточкамен жұмыс.

Қандай геометриялық фигура жетіспейді, толықтыр. Осындай мағынадағы түрлі карточкалар.














Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып аламыз.

Аяқтармен топ топ басып,

Орнымызға барамыз.



«Пішіні бойынша заттарды топта» ойыны

Мақсаты: балалардың ойлау, айыра білу қабілеттерін арттыру.

Шарты: балалар төрт топқа бөлінеді. Алдарында пішіндердің суреттері салынған конверттер мен суреттер. Балалар суреттерді пішініне байланысты конверттерге топтап салады.



Құрлысшы үй салуға қандай геометриялық фигураларды қолданған?

Мақсаты: балалардың ой –өрісін дамыту.

Шарты: Балалар төрт топқа бөлінеді. Әр топқа төмендегідей үлгідегі түрлі үйлер салынған қағаздар балаларға таратылып беріледі. Әр топ қандай геометриялық фигура жұмсалғанын айтады.






Балалар сұраққа жауап береді.





Жаңа сөздер үйренеді.















Ойын ойнайды. Ойын барысында күтілетін жауаптар:

Шеңбер жоқ.

Үшбұрыш жоқ.

Шаршы жоқ.

Тіктөртюұрыш жоқ. т.б.







Алдарындағы карточкаларында жетіспейтін геометриялық пішіді салып толықтырады, атайды.





Сергіту сәтін орындайды.













Заттарды пішіні бойынша топтайды.













Үй салуға жұмсалған геометриялық пішіндерді атайды.





Рефлекциялық-түзетушілік

Сұрақтар қою:

  1. Бүгін біз сабақта не жайлы үйрендік?

  2. Геометриялық пішіндерді атаңдар.

  3. Бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.


Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: геометриялық пішіндер туралы түсініктері бар, геометриялық пішіндерді қазақша атауды;

Игереді: сөздерді байланыстыра сөйлеуді.

Дағдылары болу керек: күнделікті қолдану.