Тақырыбы: Төлдер айтысы.
Мақсаты:Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту.Төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап,әңгімелеу,көрсету.
Ұйымдастыру:
Шаттық шеңбері:-Балалар,ал сендерді аналарың қалай еркелетіп айтады?
-Жақсы,ендеше бүгінгі сабағымыз үй жануарлардың төлдеріне арналған.
3 слайд .Жұмбақ шешу:
1.Ағаш қақпасы :/сиыр/
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
(сыйыр)
Ал сиыр туралы кім тағы айтып береді?
Торпақ
Айналайын ,торпақ,
Бола берме қорқақ.
Тар болып тұр аула,
Тысқа шық та заула.
2.Темір қақпа:/жылқы/
Қамыс құлақ,тостаған тұяқ,
мінсең қанат,сүті дәрі, еті тамақ.
(жылқы)
Ал жылқы туралы кім тағы айтып береді?
3.Күміс қақпа/түйе/
Үстінде екі тауы бар,
Қызық бір жануар.
(Түйе)
Ал түйе туралы кім тағы айтып береді?
Бота
Айналайын,ботам,
Қандай күлте жотаң.
Табандарың жалпақ,
Иіліп тұр мойының.
Қанбайды екен ойының,
Тостағандай көзің
Әдемісің өзің.
4.Алтын қақпа /қой/
Кіп-кішкентай бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
Ал қой туралы кім тағы айтып береді?
Секең- секең етеді,
Таумен тасқа жетеді.
(Ешкі)
Ешкі туралы кім айтып береді?
Лақ
Жалт-жұлт етіп лақ,
Жағалайсың бұлақ
Секірем деп бірақ,
Қала көрме құлап.
4 слайд: Сергіту сәті : «Қарлығаш»
5 слайд : Дидактикалық ойын: «Мекеніне апар»
1.Суреттерді бояу
2.Үй жануарларынан дала жануарларын ажырата білуге үйрету.
6 слайд :Ертегі «Төлдер айтысы»
Ертегіні оқып беру.
Сұрақтар: -Балалар,төлдер бір-бірімен не үшін дауласты?
-Лақ не айтты?
-Құлын ше?
-Бұзау не деді?
-Қошақан,бота не деді?
-Ал адам не деп жауап берді?
7 слад: Мақал-мәтелдер:
1.Мал өсірсең қой өсір,
Пайдас оның көл- көсір.
2.Ат-адамның қанаты,
Ас-адамның қуаты.
3.Малды баға біл,
Бабын таба біл.
4.Малды жақсы баққаның-
Өзәңе абырой тапқаның,
Малды жаман баққаның-Келген бақты қаққаның.
8 Слайд:
Біз не білдік? Көңілді сұрақтар:
Үй жануарлары не береді?
Сүт,ет,нан,шырын?
Баласын жақсы көрген адам қалай айтқан?
Добым,ботақаным,көйлегім,үстелім
Көп сүт ,ет алу үшін не істеу керек?
Ауылда жұмыс істеу,малды дұрыс бағып-күту,егінші болу.
Қазақстан жері мал өсіруге қолайлы ма?
Өте қолайлы,қолайлы емес,өте қолайлы емес.
Кім?Не? сұрақтарға жауап беріндер.
Адам,лақ,кітап,бота.
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Не туралы әңгімелестік?
Үй жануарларын қорғау,бағу керек пе?
Ән: «Ойыншықтар».
М.Ғабдуллин атындағы № 3 көптілде оқытатын кәсіби
мектеп-гимназиясы
Ашық сабақ
«Төлдер айтысы»
Көркем әдебиет сабағы
Өткізген:мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі
Курманова Гульнаш Касымовна
Көкшетау 2016