Дене шынықтырудан ашық сабақ Тақырыбы: Ауылға саяхаттау

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні: 13.05.2016 жыл Жұма

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімдері: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Ауылға саяхаттау

Мақсаты: Балаларды жүру мен жүгіруде жаттықтыру. Ептілік пен жылдамдылықтарын дамыту.Ұжыммен ұйымшыл болуға тәрбиелеу. Кеңістікті бағдарлай білуге дағдыландыру. Жаттығулардың ережесі дұрыс орындалуын дамыту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: доптар, таяқшалар

Билингвалдық компонент: шеңбер-круг, доп - мяч, жаттығу-упражнение

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз


Мотивациялық

қозғаушы

І. Кірпіспе бөлім:

Балалар, бүгін біз сендермен ауылға әжемізге саяхатқа барамыз. Бірақта ол үшін сендер мұқият болуларын керек. Ауылда біз әжемізге көмектесеміз. Ал әжемізге бару қызықты болу үшін мынандай жаттығуларды орындап барайық.

(жүру, жүгіру түрлері)

Жай жүру, жылдам жүру, аяқтың ұшымен жүру,

жүгіру, жылдам жүгіру, аяқты биік көтеріп жүгіру (аттар сияқты жүгіру)

шеңберге тұрғызу.


Балалар қуанады





Жүру, жүгіру түрлерін орындайды






Іздену-ұйымдастырушы
































Жалпы дамыту жаттығулары:

(гүлдер)

1.Қол мен иық бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:

Б.қ.:аяқ алшақ, қол төменде

1.Гүлді алға созу.

2.Жоғары көтеру.

3.Алға созу.

4.Б.қ. келу

2. Дене бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:

Б.қ.:аяқ алшақ, қол төменде.

1.Қос қолдағы гүл кеуде тұсында.

2. Қолды екі жанға созу

3.Қос қолдағы гүлді допты кеуде тұсына әкелу.

4.Б.қ. келу.

3. Аяқ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:

Б.қ.: отыру, аяқ арасы алшақ.

1. Гүлдерді жоғары көтеру.

2.Гүлдерді аяқ ұшына жеткізу.

3.Б.қ. келу.


Тыныс алу: «Әдемі гүлдің иісі»

Екі қолындағы гүлдерді кеуде тұсына әкеліп иіскеп, жоғары көтеру

  • Балалар, ауылда тағы да нелер бар?

-Дұрыс, ауылда үй жануарлары мен құстары бар екен?

-Қане, біздер де тауықтар сияқты қанатымызды қағайықшы.

1.Қолдарын қанаттары сияқты жоғары көтеріп, түсіру.

2.Қаздар сияқты пысылдау.

Аяқтары алшақ, қолдары белде.

1 – алға қарай еңкею, шынтақтарын арта апару, 2 – б.қ. келу

3. Марғаулар сияқты керілу. Б.қ. төрт аяқтап тұру

1 – арқаны жұмырландыру (домалату),

2 – бүгу, б.қ. келу

4. Қүшіктер ойнайды. Б.қ.: арқада жату.

1,2,3,4 – жылдам қол мен аяқтарын қимылдату

5. Торғайлар секіреді. Орнында жүру мен секіруді алмастыру.

Негізгі қимыл жаттығулары: «Бақшада әжемізге көмектесейік»

1. «Қарбыздарды жинаймыз» - допты бір-біріне екі қолымен домалатуа (1,5м)

2.Таяқшалар арасымен қос аяқпен секіру.

(арасы 25-30 см қатар қойылған таяқшалардан секіру).

3. «Бақшада жүру» - түрлі массажерлардан өту

«Поезд» қимылды ойыны:

1.Ойын шартымен таныстыру.

2.Балалармен бірлесе ойнау.



Шеңбер болып тұрады.

Гүлдерді қолдарына алады.


Гүлді алға созып, жоғары көтереді

3-4 рет


Гүлдерді кеуде тұсына әкеп, екі жанға созады.






Гүлдерді жоғары көтеріп,аяқ ұшына жеткізеді



Гүлдерді орындарына жинастырады.






Тауықтар сияқты ұшады, қимылдайды.


Қаздар сияқты пысылдайды.


Марғаулар сияқты керіледі.



Күшіктер сияқты ойнайды.


Торғайлар сияқты секіреді.



Допты бір-біріне домалатады.





Массажерлардан өтеді


Қимылды ойын ойнайды




Рефлексивті-коррекциялаушы

Балалардың көңіл-күйлерін бақылау.

-Балалар, сендермен қайда бардық?

-Бақшада не жинадық?

Балаларды мақтап, қолпаштау.

Ауылға, әженикине

Қарбыз жинадық





Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Жаттығуларды орындайды

Түсінеді: Ойынның ережесін түсінеді

Қолданады: сабаққа қажетті заттарды, атрибуттарды қолданады.




























Бекітемін __________________

МҚКК «Ұшқын» бөбектер-бақшасының

директоры А.К. Кудабаева





Ашық сабақ конспектісі


«Денсаулық» білім беру саласының дене шынықтыру бөлімінің

ІІ – ші сәбилер «Құлыншақ» тобына арналған ашық сабақ конспектісі

Тақырыбы: Ауылға саяхаттау






Өткізген тәрбиеші: Рахметова Н.Ж.











Майқайың кенті

2016 жыл

























Вторая  младшая   группа                                                   карточка  № 29

Подвижная игра  «Поезд».

Цель: упражнять детей выполнять ходьбу, бег в колонне по одному с изменением темпа, действовать по сигналу, находить свое место в колонне.

Ход игры: Дети строятся в колонну по одному (не держась друг за друга). Первый — паровоз, остальные — вагоны. Воспитатель дает гудок и поезд начинает двигаться вперед, вначале медленно, потом быстрее, быстрее и наконец дети переходят на бег. «Поезд подъезжает к станции»,— говорит воспитатель. Дети замедляют постепенно шаг, и поезд останавливается. Дети выходят погулять: они расходятся по полянке, собирают цветы, ягоды, грибы, шишки. Услышав гудок, они снова собираются в колонну, и движение поезда возобновляется. … Вначале дети строятся в колонну в любом порядке, а к концу года привыкают запоминать свое место в колонне — находить свой вагон. Можно изменить сюжет игры, например поезд может остановиться у речки, тогда дети изображают катание на лодках, ловлю рыбы и т. п.

Т.И.Осокина  «Физическая культура в детском саду»  (вторая младшая  группа)









Білім беру саласы: Денсаулық.

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Гимнастикалық орындық үстінен еңбектеу.

Мақсаты: Жүру, жүгіру, лақтыру, еңбектеу, негізгі қимыл түрлерін орындау іскерліктерін жетілдіру. Көз мөлшерлерін дамыту.

Міндеттері: баланың денсаулығын сақтау және дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктері мен дағдыларын жетілдіру.Тепе – тендік қалпын сақтау іскерліктерін меңгерту, ұйымшылдыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.

Қажетті – құралдар: гимнастикалық орындық, құм салынған қапшықтар, орындықтар, массажерлар.



Мотивациялық - қозғаушы

Залға дәрігер кіреді, балалармен амандасады.

Дәрігер: Балалар мен осы топтын балалары ауырмайды деп естідім, олар үнемі таңертеңгілік жаттығуларды орындап, күні бойы көтеріңкі көңіл – күйде болады дейді. Сондықтан да мен естігендерімді тексеріп, рас екенін көруге келдім. Сендерің қалай жаттығуларды орындап, ойын ойнап, секіріп – жүгірулерінді қараймын. Ал соңында мен сендерді осы дәрумендерді сыйлаймын.Ал бірақта бастамас бұрын біз сендермен ережелерді еске түсіріп алайық: кедергі жасамаймыз, көмектесеміз


Балалар дәрігермен амандасады.




Сабаққа деген қызығушылығы артады.


Іздену - ұйымдастырушы

І – ші бөлім. Кіріспе бөлім

Жалпы сапқа тұру.

Жүру түрлері: жай жүру, жылдам жүру, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, тізені жоғары көтеріп жүру.

Жүгіру түрлері: баяу жүгіру, жылдам жүгіру, қол белде аяқты сермей жүгіру, қол белде аяқты артқа тастай жүгіру, қолды алға созып тізені алақанға тигізіп жүгіру.

ІІ – ші бөлім. Негізгі бөлім.

Жалпы дамыту жаттығулары (орындықпен)

  1. Б. қ. Орындықта отыру, қолдары төменде. 1-қолдары жан-жақта; 2-жоғары көтеру; 3-жан-жақта; 4-б.қ. келу.

  2. Б.қ. қолдары белде. 1-оңға; 2-солға еңкею;3-саусақтарымен еденге тигізу; 4-б.қ. келу.

  3. Б.қ. аяқтары тізу, қолдары орындықтың арқасында тіреліп тұр.1-оң аяқты көтеру, 2-түсіру; 3-сол аяқты көтеру,4- түсіру.

  4. Б.қ. орындықтың артынан тұру, өкшелері бірге, бармақтары ашық, қолдарымен орындықтың арқасынан ұстау.1-отыру;2-аяқтарының арасын ашу;3-аяқтарын жабу;4-б.қ. келу.

  5. Б.қ. орындықтың артында тұру.1-қолдары жан-жақта, 2-еңкею,3-саусақтарымен орындықтың отырғышына тигізу;4-б.қ. келу.

  6. Б.қ. орындықтың артында тұру. Екі аяқпен орындықты айнала секіру, жүрумен алмастыру.


Орындықтарды орнына қойып, колоннаға құрылу.


Негізгі қимыл түрлері:

  1. Гимнастикалық орындық үстінен еңбектеу.

  2. Құм салынған қапшықты себетке лақтыру.

Қимыл – қозғалыс ойын: «Бүркіт пен балапандар»

Түрлі массажерлардан өту.














Орындықпен

жалпы дамыту жаттығуларын орындайды


























Негізгі қимыл түрлерін орындайды.




Массажерлардан жүреді.



Рефлексивті - коррекциялаушы

ІІІ – ші бөлім. Қортынды бөлім

Балалар, сендер барлықтарын шапшан, белсенді екенсіңдер, жаттығуларды жақсы әрі дұрыс орындауға тырыстыңдар, сондықтан да мен өз сөзімде тұрамын, айтқандай сендерге әкелген дәрумендерді таратып берейін. Келешекте де осындай тату, тіл алғыш болыңдар.Сендермен бірге бір сергіп қалдым. Рахмет сендерге.


Балалардың жауаптары


Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Жүру, жүгіру түрлерін меңгереді.Тепе-теңдікті сақтай біледі.


Түсінеді: Ойын шартын түсінеді. Дене шынықтыру сабағының маңыздылығын түсінеді.


Қолданады: Орындықтарды қолданып жалпы дамыту жаттығуларын орындайды, ойынға қажетті атрибуттарды қолданады.




































МКҚК «Ұшқын» бөбектер-бақшасы.











Дене шынықтыру сабағы.


Тақырыбы: Гимнастикалық орындық үстінен еңбектеу.

ортаңғы «Балдырған» тобы.














Өткізген тәрбиеші: Рахметова Н.Ж.












Майқайың кенті

2014 жыл