Урок сауат ашу Буынға бөлейік

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Пән: Сауат ашу

Тақырып: Буынға бөлейік

Сабақтың мақсаты

1.Білімділік: Сурет бойынша әңгіме құрау, сұрақтарға жауап беру, өз ойын жүйелі түрде жеткізе білу.

2.Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, жазуға қолдарын үйрету.

3.Тәрбиелік: Үлкендермен және достарымен тіл табыса білу.

Құрал-жабдықтар, көрнекілік құралдар: Тақырыптық суреттер, дидактикалық ойындар.

Билингвалды компонент: Балабақша-детский сад

Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақ барысы:

Балалар балабақшаны елестетіп, аулада өскен гүлдерді еске алып, көздерін ашып алған әсерлерін айтады.

Негізгі бөлім

  1. Дәптердің суреттер бойынша әңгіме құрайды. Тірек сөздер: ойын бөлмесі, тәрбиеші, ойыншықтар, ойын алаңы, құм, сырғанау, әткеншек, шелек.Сөздерді буынға шапалақ арқылы бөлу.

  2. Бөл- ме,ше- лек,о- йын- шық,әт- кен- шек

  3. Сергіту сәті:

Бала, бала, баламыз, бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа батамыз да қаламыз.

Үйренеміз қнер біз, шетімізден шеберміз,

Тақпақ айтып, ән де айтып, би де билеп береміз.

  1. Дәптермен жұмыс: суреттегі баланың бақшаға барар жолын сызып көрсету. Суретті штрихтауды тақтаға жазып көрсету. Берілген суретті жалғастырып салу.

Сурет бойынша әңгіме құрайды. Ойларын жеткізеді.


Өлен сөздерін жаттайды, бірге айтады.




Сергіту қимылдарын орындайды.



Тапсырманы орындайды.

Қорытынды

оқу-іс ірекеті барысында алған білімдерін сұрақ-жауап тәсілімен пысықтау.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже

Білуі тиіс: буындар жайлы жалпы мәлімет беру.

Түсінігі: балалармен тіл табыса білу маңыздылығын түсіне білу.

Көрсете білуі: өлең мазмұнын қимылмен көрсете білу.