Мақсаты: Оқушыларды Елбасы еңбектерімен таныстыра отырып,Отанға,
елге,ата-анаға,туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру,
егемен мемлекетіміздің патриоттары болуға тәрбиелеу, оқушылар
дың таным белсенділіктерін, қызуғышылықтарын дамыту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,өзіндік ізденіс, топтау,жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР Президентінің суретері, слайд,гүл,шар,сюжетті
фильм.
Сабақтың барысы:
(хормен әнұран орындалады).
Мұғалім:
-Армысыздар,құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары.
Бүгінгі «Біздің елбасы»атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Жеткен арман жаса, тәуелсіздігім,
Өз қолыма берген ерік тізгінін.
Ие болған әлем ілтипатына,
Дербес,беибіт мемлекетпіз біз бүгін!
1 -жүргізуші:
Таңды атырам ел ұрандай өр үнмен,
Елтаңбам тұр орын алып төрімнен.
Ата заңым сүйенер күш қуатым,
Көз тартады көк туым өз көгімнен.
2 -жүргізуші:
Бүгін біз сіздермен бірге Елбасымыз Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтың
өмір жолы, еңбектері,алған марапаттары туралы айтқалы отырмыз.
-Қане, оқушылар,Елбасы туралы кім не біледі екен?
1-оқушы:
Қазақстан Республикасының Президенті-мемлекеттің
сайланып қойылатын басшысы, ең жоғары лауазым иесі. Президенттің
құқықтары мен міндеттері өте көп. Ол үкіметті жасақтайды,Парламент
тің келісімімен Үкімет басшысы Премьер – Министрді тағайындайды,
заңдар мен заң күші бар жарлықтар шығаруға құқылы, республикалық
референдум өткізу туралы шешім қабылдайды.
1- жүргізуші:
-Енді Елбасымыздың өмірі туралы толық мағлұмат білу үшін экранға назар
аударайық.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- 1940 жылдың 6 шілдесінде Алматы облысы,
Қаскелең (қазіргі Қарасай) ауданындағы Шамалған ауылынында өмірге
келді. 1958 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Н.Ә. Назарбаев Днепродзер
жинск қаласындағы № 8 техникалық училищесіне оқуға түседі де, оны 1960
жылы бітіріп шығады.1960 жылдың мамыр айында олТеміртау қаласындағы
«Қазметаллургстрой»тресінің «Доменстрой» құрылыс басқармасында қара
жұмысшы болып еңбек жолын бастаған.Ал осы жылдың шілдесінен бастап
Қарағанды металлургия зауытының балқыту цехында шойын құюшы болып
Жұмыс істейді.
1964 жылдың ақпанынан 1965 жылдың тамызына дейін Қарағанды
политехникалық иститутының студенті болған ол балқыту цехының
диспетчері, балқыту пешінің аға газовщигі болып істейді. 1969 жылдың
шілде айынан Теміртау қалалық партия комитетінің өндіріс және көлік
бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады да, осы жылдың желтоқсанынан
бастап Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып
істейді. 1977 жылдың наурызынан Қарағанды облыстық партия комитетінің
екінші хатшысы. 1979 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Ком партиясы ОК-
ның хатшысы. 1984 жылдың наурызында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің
төрағасы болған ол 1989 ж маусымынан Қазақстан Компартиясы ОК-ның
бірінші хатшысы. 1990 ж ақпанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы,
1990 ж сәуірінен Қазақ КСР-ның, 1991 ж желтоқсанынан Қазақстан
Республикасының Президенті.
2-оқушы:
Отан туралы тақпақтар.
1-жүргізуші:
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Халықаралық наградалары мен
сыйлықтары,академиялық және құрметті атақтары: 1997 ж 5 мамырда
Италия Президенті, «Италия Республикасында сіңірген еңбегі үшін»
орденінің басшысы Осқар Луиджи Скальфаро Н. Ә.Назарбаевты «Үлкен
Крестің Иегері орденімен марапаттады». 1997 ж 14 қазанда Н.Ә. Назарбаевқа
Украина мен ҚР арасындағы даму мен ынтымақтастыққа қосқан аса көрнекті
үлесі үшін Украинаның жоғары наградасы- Бірінші дәрежелі князь Ярослав
Мудрый ордені тапсырылды.1998 ж 12 қазанда Н.Ә. Назарбаевқа Ресей мен
Қазақстан халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға
қосқан үлкен үлесі үшін Ресейдің жоғары мемлекеттік наградасы –Киесі
әулие Андрей Первозванный ордені тапсырылды. 2000 жылы 3 наурызда
Н.Ә. Назарбаев Австрия мен Қазақстан арасында экономикалық, саяси және
мәдени салалардағы достық байланыстарды нығайту ісіне сіңірген аса
көрнекті еңбегі үшін «Австрия Республикасына сіңірген еңбегі үшін Үлкен
Құрмет Жұлдызы» орденімен наградталды. 2000 ж 11 мамырда Литва
Республикасының Президент В.Адамкус Н.Ә Назарбаевқа Литва мен
Қазақстан арасындағы мемлекетаралық қатынастарды дамыту ісінде сіңірген
еңбегі мен қосқан жеке үлесі үшін «Ұлы Витаутас» орденін тапсырды. 2000 ж
15 қарашада «Әулие Михаил мен Әулие Георгий Орденінің Үлкен Кресін»
табыс етті. 2001 ж 16 шілдеде Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевқа бірінші
грек ордені- Құтқарушы Орденінің жоғары дәрежесі табыс етілді. 2001 ж 16
шілдеде Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевқа бірінші грек ордені –
Құтқарушы Орденінің жоғары дәрежесі табыс етілді. 2002 ж 24 мамырда
Варшавада Н.Ә.Назарбаевқа Польша Республикасы мен Қазақстан
Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамытуға сіңірген айрықша
еңбегін тану белгісі ретінде- поляктің Ақ Қыран ордені табыс етілді. 1993 ж
Н.Ә. Назарбаевқа Руханиятты жаңғыртуға жәрдемдесетін «Руханият»
Халықаралық ассоциациясы «Жыл адамы» атағын берді. 1996 жылғы 22
маусымда Н.Ә. Назарбаевқа прогресті дамыту ісіне қосқан үлесі үшін «Кранс
Монтана- 96 » Халықаралық форумының сыйлығын тапсыру рәсімі өтті. 1997
ж 6 шілдеде Жұлдыздардың Халықаралық тізбесі бойынша Н.Ә. Назарбаев
атымен –Персеус жұлдыз аталды. 1998 ж 9 мамырда Қазақстан Президенті
Н.Ә. Назарбаевқа Үндістандық «Юнити интернэшл» қорының «Халықаралық
түсіністік үшін» наградасы тапсырылды. 2003 ж 10 маусымда Н.Ә.
Назарбаевқа Халықаралық сыйлықтың лауреаты атағы берілді. 2004 ж 7
қырқүйекте Маймонид атындағы Халықаралық сыйлық берілді. Н.Ә.
Назарбаевтың көптеген атақтары мен наградалары бар. Осының барлығы
«XXI» ғасыр әлем саясаткерлері. Н.Ә. Назарбаев туралы деген жинақта бар.
Содан қарауларыңызға болады.
«Атамекен» әні.
Қорытыңды.