Жүргізуші:
Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті
Уа, халайық той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін
Қарсы алайық Маймыл жылды
Ұзатып сап қой жылынды
Сәлеметсіздер ме, Құрметті ата-аналар,қонақтар! Біз сіздерді Жаңа 2016 мешін жылы мен құттықтаймыз.Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз.
Балалар енді Жаңа жыл мейрамын бастайық.» балалар залға кіреді.
Шыршаның артынан Сауысқан жүгіріп шығып, аяз атадан хабарлама оқиды.
- Асығамын деп жүріп
Сыйлықтарды шашып алдым.
Бұтаққа мен қабымды
Іліп алып, тесіп алдым.
Сыйлықтарды жинағанша
Сендерге мен немеремді
Жіберемін асыға
Қорғап сендер Ақшақарды
Жүріңдерші өтінемін.
(Осы кезде Ақшақар болып киінген Мыстан кемпір кіреді).
Мыстан кемпір: Міне менде келіп қалдым.
Тәрбиеші: Кімсің сен?
Мыстан кемпір: Қалай кім? –Мен Ақшақармын.
Тәрбиеші: А-а Аяз атанын немересі боласын ба?
Мыстан кемпір: Әрине мен. Мені қарсы алыңдар.
Тәрбиеші: Сен Ақшақар болсаң, Аяз ата қайда?
Мыстан кемпір: Сендерге асығамын деп, алтындарын шашып алды.
Тәрбиеші: Қандай алтын?
Мыстан кемпір: Қаптың түбі тесіліп, алтындары шашылып.
Тәрбиеші:Ешқандай да сен Ақшақар емессің, кет кәне осы жерден.
Мыстан кемпір: Аяз ата сендерге мені қорғасын деді ғой.
Тәрбиеші: Балалар мүмкін ол шынымен Ақшақар шығар.
Балалар: Жоқ.
Тәрбиеші: Сонда кім болғаны
Балалар: Мыстан кемпір.
Мыстан кемпір: А-а ойланып мені кім екенімді таптыңдар ма. Ақшақар менде, жібермеймін мен оны.
Тәрбиеші: Қане босат сен ақшақарды.
Мыстан кемпір: Мен Ақшақарға пештегі отымды жаққызамын.
Тәрбиеші: Енді не істейміз? Ол еріп кетеді ғой. Не керегін сен айтшы, бірақ Ақшақарды босат.
Мыстан кемпір: Мен мерекеге қатысқым келеді.
Тәрбиеші: Жарайды біз келісеміз.Барып ақшақарды алып кел!
Мыстан кемпір Ақшақарды алып келуге кетеді.
Тәрбиеші балаларға өлең айтуды ұсынады
1) «Ән қанатымен, салтанатымен, келді бізге жаңа жыл» әні (Ортаға Чебурашка мен Гена баянмен шығады.)
Чебурашка: Мәссаған, Гена қарашы, қаншама сұлу балалар! Қандай әсем шырша!Мен ешқашан осындай шыршаны кормеппін!
Гена: Ия,менде кормеппін!Біз дәл келіппіз!
Чебурашка: Барлығыңыз амансыз ба? Жаңа жылдарыңызбен! Мені білесіңдер ме?
Ал менің атым ...
Барлығы: Чебурашка.
Гена: Сәлеметсіндерме балаларым!Ал менің – менің атым кім?
Барлығы: Крокодил Гена!
Гена: Мәссаған-қандай ақылды балалар! Біз сендердің қуанышты дауыстарынды естіп келіп қалдық!Сендермен бірге қалсақ болады ма?
Чебурашка: Олай болса Гена ,біздің жаңа әнімізді
айтсақ қайтеді.
Чебурашка: Айтсақ айтайық........................ (Аудио өлең)
Осы кезде Мыстан кемпір аппақ киімге орап тастаған Шапаклякты алып келеді.
Мыстан кемпір: Мында барін жиналып қалыпсындар ғой! Тіпті Чебурашка мен Гена да келіпті ғой!Міне сендердің Ақшақарларын.Алындар!
Шапакляк: Амансындар ма ,балаларым!Жаңа жылдарын құтты болсын!
Тәрбиеші: Ақшақар, сен неге сонша оранып алғансың. Дауысында өзгерген.
Шапакляк: А - а мен қатты жел тұрғанда ауырып қалғанмын.
- Оданда мен балаларыма жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ: Терезені өрнектеп, Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық, Көрінбей кетіп қалыпты.( Аяз)
Балалар жауабын табады.
Шапокляк:дұрыс таптыңдар.
Тәрбиеші: Балалар мен таң қалып тұрмын Ақшақардың досы мыстан кемпір ме?
Шапокляк: Әрине жоқ...( Аузын жабады). Оданда билейік.
Шапокляк би билеймін деп, ұмытып. Үстіндегі ақ киімін шешіп тастайды.
Тәрбиеші: Балалар қараңдар бұл Ақшақар емес қой! Қане екеуін байлап тастайық!Чебурашка мен Гена жіппен екеуін орындыққа байлап қояды.
Мыстан кемпір: Жоқ-жоқ кешіріңдер бізді.
Тәрбиеші: А-а қорқып қалдыңдар ма. Айтыңдар Ақшақар қайда?
Мыстан кемпір: Қазір біз алып келеміз.
( Босатып жібереді)
Гена мен Чебурашка: Балалар,Ақшақар келгенше біз көңіл көтеріп ойын ойнап алайық!
1 Ойын: «Сыйқырлы орындықтар»
Шарты:Музыка әуенімен орындықты айнала билейді.Музыка аяқталғанда орындыққа отырып қалу керек.Ойын 1 бала қалғанша жалғаса береді.
Тәрбиеші:Рахмет сендерге ойынға! Балалар сендерге ойын ұнады ма? Олай болса, Балалар қане Ақшақарды дауыстап шақырайық, адасып кетіп жүрмесін.
Балалар шақырады: Ақшақар - Ақшақар
Ақшақар: Амансыздар ма,балалар, ата-аналар! Өздеріңді сағынып келдім. Жаңа жылдарың құтты болсын.Жаңа жыл табыс жылы болсын! Сіздерге теқ қана береке, бірлік әкелсін.Тарихи жыл болсын! Аяз ата келгенше сендермен ойын ойнап ән сала тұрайық!
2 Өлең
Жүргізуші: Ақшақар, балаларға бір қызықты ойынын бар ма?
Ақшақар: Әрине!
2 Ойын:
(алыстан аяз атанын дауысы естіледі)
Аяз ата: ( құттықтайды)
- Міне менің шыршам, қашып кетті сендерге
Тәрбиеші: Аяз ата біздің шыршаның шамдары жанбайды. Қане қолыңыздағы таяқшамен жағып жіберіңізші.
Аяз ата: Ең бірінші балаларымның маған дайындаған тақпақтарын,өлең,билерін тамашалап алайын!
3 Тақпақтар:
Тәрбиеші: Аяз ата , біздің балалар сізге арнап би дайындадаы ! Қарсы алыңыз!
4 Би: «Шығыс биі»
Аяз ата: Рахмет сендерге. Ал енді сендер менімен ойын ойнауға қалай қарайсындар?
3 Ойын:
Жүргізуші: Рахмет Аяз ата! Ал енді біздің балалардың тақпақтарын тыңдаңыз!
5 Тақпақтар:
Осы кезде Мыстан кемпір кіріп Аяз атанын таяқшасын алып кетеді.
Ақшақар: Аяз ата сіз шыршаны жағуды ұмыттыңыз.
Аяз ата: Қазір таяғымды алып. Әй Мыстан кемпір сен тағы өз өнеріне кірістің бе?
(Мыстан кемпір Аяз атанын артына тығылып қалады.)
- Балалар, Мыстан кемпір қайда?
- А-а-а міне сен, қазір мен сені қатырып тастаймын
Мыстан кемпір: Ой жоқ керегі жоқ деп, күлкілі қимылда қатып қалады. Жүгіріп Шапокляк келеді, Мыстан кемпірді аяайды.
Шапокляк: Аяз ата бізді кешір! Енді біз ешқашан жамандық жасамаймыз!Мыстан кемпірді қалпына келтірші!
Аяз ата; Балалар, Мыстан кемпірді кешіреміз бе?Жарайды!Мыстан кемпірді қалпына келтіреді.
Мыстан кемпір: Рахмет Аяз ата! Жақсылығынды ұмытпаймын! Қоштасып Шапокляк екеуі кетіп қалады.
Жүргізуші: О, халайық, жараңдар.
Қилы-қилы заман бар.
Қой жылы әне жылыстап,
Кетіп барады қараңдар.
О, халайық, халайық.
Қош айтысып қалайық!
Құрметті достар!Бізге жақсылықтарымен толы болған Қой жылын шығарып салайық.
6 Қой: Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2016 жылы қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.!
Келесі жыл бастауын Маймылға беремін. Ақерке
«Қошақан» әні
(Сахнаға Маймыл шығады.)
Жүргізуші: Ар бол, Жаңа жыл!
Бар бол, Жаңа жыл.
Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.
Құт-береке жылы бол, Жаңа жыл.
Маймыл: Сәлеметсіздер ме? Мен Кешіккен жоқпын ба?.Биылғы 2016 жыл барлықтарынызға денсаулық,махаббат,табыс алып келсін!Ойлаған асқақ тілектерініз қабыл болсын!
Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
Келген мынау Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын!
Ақшақар: Қош келдің Жаңа жыл.
Аяз ата: - Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат.Он екі ай бойы
бағып-қақ.Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!
Маймыл: Балалар, енді сендер менімен ойнауларын қажет!Кәне бәріміз көңіл көтерейік!
5 Ойын:
Аяз ата: Жарайсын Маймыл!Ал енді Ақшақар біз кетпестен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік.
Жүргізуші:
-Ал енді « Джентельмендер 7» биін қарсы алыңыздар
8 Ән «Келді міне жаңа жыл» (№11 2015 стр94)
Ақшақар: Жарайсыңдар барлығыңда.
(Аяз ата барлығына дәмді нәрселер береді.)
(Хормен шыршаны айнала « Шырша жыры 9» әні орындалады )
Жүргізуші: Енді қызарымыздың «Қуыршақтар» биін қарсы алайық!
10 Жеке ән: «Жаңа жыл»
Аяз ата: Рахмет сендерге балалар!Жаңа жылдарыңмен достар! Шанамызға мінейік Ақшақар.Алда әлі бізді көптеген балалар күтуде! Маймыл сен де жүр бізбен!
Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.
Барлығы: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!
(Хормен шыршаны айнала «Шырша жыры» әні орындалады )
Жүргізуші: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке
қашанда қуанышты өтеді.Достық, бірлік бәріне де жеңеді.Аспанымыз
бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!...