Ашық сабақ.Асыл сөзді іздесең... Мектепалды даярлық

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...






[pic]











[pic]











Жанат Баяхметова

К.Төгісов атындағыорта мектебінің

мектепалды даярлық мұғалімі



Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы,ерінбе!

(Ертеңгілік)

Мақсаты: Жас ұрпақтың бойына ұлы кемеңгер,ойшыл,дана бабамыз Абай Құнанбаев мұрасын сіңіру.Ақын атамыз жайлы мектепалды даярлық балаларына түсінік беру.Оның ғибратқа толы өлеңдерінің тәлім –тәрбиелік мәнін жас ұрпақтың санасына сіңіру.Өмір жолы туралы ой-танымдарын дамыту.Өткенімізді дәріптей білуге,ұлы адамдарымызды құрметтеуге тәрбиелеу.

Түрі: танымдық сабақ

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,сұрақ-жауап, сахналау,көркемдік стиль қолданыстары т.б

Пәнаралық байланыс:тіл дамыту, музыка,сахнаға байлу

Көрнекіліктері: А.Құнанбаев туралы бейне-ролик, қанатты сөздер, қазақы киіз үй, дөңгелек үстел, құрақ- көрпешелер, ақынның сия сауыты, алтыбақан т.б

І.Ұйымдастыру:/Шаттық шеңбері/

Білгір қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы

Тобымызға кеп отырған

Қонақтарға қарашы

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз

Сәлеметсіздер ме?

ІІ.Кіріспе: /Сұрақ-жауап әдісі арқылы тақырыпқа шолу жүргізіледі/

ІІІ. «Қазақтың бас ақыны-Абай»бейне-ролик көрсетіледі.

Тәрбиеші: Міне,балалар! Бұл сендер бүгін сөз еткелі отырған данышпан аталарың Абай Құнанбаевтың балалық,жастық шағынан алынған үзінді.Абай атамыздың соқтықпалы,соқпалы жерде өсіп,мыңмен жалғыз алысқан кезеңінің бір бейнесі. Абай аталарың туралы жоғары сыныпқа барғанда тереңірек білетін боласыңдар.Ал қазір Абай атамыз туралы білетінімізді ортаға салайық.

1-оқушы/Кәусар/

Әрбір қазақпын деген адам алдымен ұлы да,кемеңгер ата-Абайды білуге тиіс.Оның ғибратты сөздерін санаға түйіп, ұрпағына аманат етуге міндетті.

2-оқушы:/Мағжан/

Абай Құнанабаев 1845жылы Семей өңірінде дүниеге келген.Әкесі Құнанбай беделді қажы болған.

3-оқушы:/Балғын

Абай әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан мол тәрбие алып, ертегі тыңдап,жыр-дастандарды жаттап өскен.

4-оқушы/Расул/

Абай білім алуға құштар болып,өз бетімен талмай ізденіп шығыс және орыс әдебиетін жақсы меңгерген.

5-оқушы/Еңілік/

Абай атамыз оқу-білім, адамгершілік, табиғат, имандылық тақырыбына көптеген өлеңдер арнаған.

6-оқушы/Ислам/

Бұдан басқа ақынның 45 қара сөзі, көптеген әндері,түрлі аудармалары бар.

7-оқушы/Аслия/

Абай Құнанбаев-қазақтың ұлы ақыны. Биыл Абай атамыздың туғанына 170 жыл толып отыр. Абай атамыздың өлеңдері ғибратқа толы,сондықтан оны әрдайым құрметтеп,санамызға сақтап өсуге тиіспіз.

8-оқушы/Алдияр/

Абай атамыздың есімі ғасырдан ғасырға жалғаса береді.Өйткені, өзі айтқандай: «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,өлмейтұғын артында сөз қалдырған»

Тәрбиеші: Ақын атамыз Абай өздерің айтқандай көптеген тақырыпқа өлеңдер арнаған,әсіресе, оқу-білім,өнердідәріптеп,оқу оқып, білім алуға шақырған.Сөз қадірін түсініп,таза сөйлеуге,өлең сөздің қадірін түсінуге үндеген.Олай болса, осы тақырыптағы өлеңдерінен жаттап келгендерімізді қонақтарға айтып берейік.

Нұрқасым:

Ғылым таппай мақтан ба,

Орын таппай баптан ба

Ойнап, босқа күлуге

Бес нәрседен қашық бол,бес нәрсеге асық бол

Адам болам десеңіз.

Ислам:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Аяла:

Пайда ойлама,ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық білім кітапта,ерінбей оқып көруге.

Мағжан:

Жүректе қайрат болмаса

Ұйықтаған ойды кім түртпек

Ақылға сәуле қонбаса,

Хайуанша жүріп күнелтпек.

Атымды адам қойған соң

Қайтіп надан болайын.

Халқым надан болған соң,

Қайда барып оңайын.

Ақтілеу:

Алыстан сермеп,

Жүректен тербеп

Шымырлап бойға жайылған.

Қиуадан шауып,қисынын тауып

Тағына жетіп таусылған.

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең өзің біл.

Мадина:

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеде,

Кетігін тап та бар қалан.

Алтынай:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй

Жүрекке түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.

Тәрбиеші:

Абай атамыз өзінің жазған өлеңдеріне ән жазған және өзі домбыраға салып аййтқан әрі әнші,әрі ақын,әрі компазитор болған екен. Абай атамыздың «Желсіз түнде жарық ай»,»қараңғы түнде тау қалғып», «Айттым сәлем,Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ» т.б көптеген әндер жазған.

Ән: «Желсіз түнде жарық ай»

Тәрбиеші: Бала кезінде оқуға құштар болған ақын Абай өмірінің кемелденген шағында да көп ізденеді. Ол шығыс классиктерінің,батыс классиктерінің шығармаларын іздене жүріп оқып, өзі де олардың шығармаларын аударумен айналысады. Немістің ұлы ақыны Гётені қазақша сөйлетеді. Лермантов,Пушкин, Кырылов шығармаларын аударады.

Ендігі кезекте «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін үш тілде тыңдайық.

Камила: Неміс ақыны Гете «Қараңғы түнде тау қалғып»

Юбер аллен Жипелн Ист ру,

Ин аллен Випфелн,Супрест ду.

Каум айнен Хаук

Ди Фөгелайн швайген им Валде

Ворте нур,Валде,

Рухест ду аух. /айтылуы бойынша аударма сөзі/

Ақнұр: орыс ақыны Лермантов «Қараңғы түнде тау қалғып»

Горные вершины,

Спять ва тьме ночной,

Тихиедалины

Полны свежей мглой.

Не пылит дорога,

Не дрожать листы

Подажди немного-

отдахнешь и ты

Алтынай: қазақ ақыны Абай «Қараңғы түнде тау қалғып»

Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт,дел-сал ғып,

Түн басады салбырап.

Шаң шығармас жолдағы, сілкіне алмас жапырақ.

Тыншығарсың сен дағы,

Сабыр қылсаң азырақ.

Көрініс: /Сахналау/ «Шегіртке мен құмырсқа» Крылов

Алтынай: /автор/

Ернұр/Шегіртке/

Мадина/құмырсқа/

Тәрбиеші: Ендігі кезекте Абай атамыздың жастық шағының бір сәтінен қойылымға кезек берейік.

/Сахнана төрінде, дөңгелек үстел жанында шапанын жамылып Абай өлең жазып отырады. Бір кезде досы Ербол кіреді/

Ербол/Руслан/:

-Абай, Сүйіндік ауылында алтыбақан болады екен, ауыл жастары сонда жиналады. Барып қайтсақ қайтеді.

Абай/Диас:/

  • Тұра тұр,алдымен мынаны тыңда! /қолына домбыра алып,тыңқылдатып отырып «Көзімнің қарасы »әнін айтып береді/

Ербол/Руслан/:

  • -О, мынауың керемет қой,жүр ауыл жастарына айтып берейік.

Абай/Диас/:

-Жарайды,жүрсең жүр!/екеуі алтыбақан басына келеді/

Ауыл жастары:

  • О,Абай келді, Ербол келді.Төрлетіңдер! Кел,алтыбақанға келіңдер!

Ербол/Руслан/: -Халайық, Абайдың жаңа әні дүниеге келді, келіңдер бірге шырқайық! Абай мен Тоғжан алтыбақанға тұрсын.

Бәрі бірге «Көзімнің қарасы әнін айтады»

Ербол/Руслан/: - Ал,енді «Ақсүйек» ойынын ойнайық. Қане,қане көздеріңді жұмыңдар, мен ақсүйкекті лақтырайын./ол ақсүйекті лақтырады, балалар іздеген болып орындарына отырады/

Тәрбиеші: Міне, өздеріңіз көріп тамашалағандай биыл 170 жылдық ұлы тойы тойланып отырған кемеңгер ақынымыз Абай Құнанбаев жайлы кішкентай балдырғандар тілімен сыр шерттік. Данышпан ақынымыз Абай атамызды, Абайдай ұлы ғұламаны, Абайдай қастерлі ақыны бар қазақ деген халықты бұл күнде дүниежүзі таниды. Олай болса, Абай мұрасын бүгінгі ұрпаққа танытып, тағлымы терең шығармашылығымен сусындату біздің зор міндетімі. Назарларыңызға рахмет!