Ашық сабақ Ә дыбысы мен әрпі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қордай ауданы Жамбыл ауылы [pic]

Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі.

Жамбыл Жабаев атындағы №26 орта мектеп.

Ержанова Гүлнәр Бисенбаевна.

Оқу іс-әрекетінің түрі:Сауат ашу.

Тақырыбы: Әә әрпі мен дыбысы

Мақсаты: Әә дыбысы мен әрпімен таныстыру, балаларды шешен, дұрыс сөйлеуге үйрету.

Міндеттері: балаларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру..

Сөздік қоры: әшекей

Билингвалды компоненттер: украшение.

Қолданылатын әдіс- тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру

Қолданылатын көрнекіліктер: Кеспе әріптер, тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш, суреттер, ертегі

Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбер:

Біз әдепті баламыз,

Әже тілін аламыз,

Әдепті боп әрқашан,

Үлкендерді сыйлаймыз.

Сендермен сәлемдесеміз.

Қозғаушы- мотивациялық

Әтешіміз «ақ» қанат

Күзетшідей қырағы

Таң азаннан қақпада

Айғай салып тұрады.

-Тақпақ не туралы? - Әтеш туралы.

-Бүгін қонаққа әже келді. Қане, әтеш, әже сөздерді қай дыбыстан басталады? Ә дыбысынан. Қане, Осы сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайық.

Ә-же , ә-теш ә- дауысты , ж- дыбыссыз, е- дауысты, т- дауыссыз, ш- дауыссыз, Сурет бойынша әңгіме құру. Әженің ертегісі «Әдептілік» Ы. Алтынсарин оқу. Әтеш.

- Таңертең бізді ұйқыдан кім оятты? - Әтеш тағы кімді ұйқыдан оятты? Әжені, Әкені, Әкпені, Әселді, Әлияны.

Сөздік жұмыс: Ә – әшекей

Орнамент — узор, основанный на повторе и чередовании составляющих его элементов; предназначается для украшения различных предметов Әшекей-киімді, тұрмыстық бұйымдарды безендіруге пайдаланылатын, сәндік үшін жасаланылатын бұйымдар және зат, бұйымның бетіне салынатын ою-өрнек, түрлі нақыштар.





[pic]

Әтеш


Сюжетті ойын: Қатысушылар: әже, Әсел, сәби. Әсел: Әже әлди жылады. Әжесі. Әлди, әлди әжең келе жатыр. Әсел: әже әлдиді бесіктен шешіп алайық. Әлдиді бесіктен шешіп алу. Әжемен қоштасу.

Ә әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.













Қорытынды:

Дәптермен жұмыс. Сергіту сәті:

Әлди, әлди бөпешілі,

Ұйықтай қойшы көкешім.

Дәмді сүтті ішіп ап,

Тәтті ұйқыға бата гой,

Әлди- әлди жата гой.

Тіл ұстарту: Ән, ән, ән

Қамба толы дән: Әліппемен таныстыру. Таныстырады әріппен. Мынау кітап- әліппең, әліппе деген аты оның басталады қай әріптен Әәрпінен..

Ә дыбысынан келетін көкөністерді табу.

[pic]

Күтілетін нәтиже

Не білу керек? Әә дыбысы мен әрпін білу керек

Нені игерді? Әә дыбысы мен әрпін, ә дыбысы бар сөздерді.

Не біледі? Сурет бойынша әңгіме құрып, сұрақтарға толы жауап бере біледі.













[pic]






Қордай ауданы Жамбыл ауылы [pic]

Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі.

Жамбыл Жабаев атындағы №26 орта мектеп.

Ержанова Гүлнәр Бисенбаевна.

Математика.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Тақырыбы: санының құрамын «+, -, <,>» таңбалары.

Мақсаты: Балалардың сандарды есте сақтау қабілетін дамыту. Сандарды заттың атауымен, сапалық белгілерімен және кеңістікте орналастырумен байланысын есте сақтауға үйрету.

Міндеттері: сан арасындағы қатынасты үйрету.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелесу.

Қолданылатын көрнекілітер: фигуралар, пирамидалар, көкөністер.

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Кел балалар күлейік!

[pic] [pic] [pic] [pic] [pic]

Сурет бойынша жұмыс. Балалар қай жыл мерзімі?

  • Күз

  • Күзде бақшада не піседі?

  • Көкөністер.

  • Кәне, суреттегі көкөністерді біз санайық. Пияз нешеу? Қияр ше? Сәбіз ше? Қызылша орамжапырақ.

  • Енді салыстырайық. Неше пияз қиярдан артық,

  • 1 пияз

  • Сәбіз пияздан нешеге кем?

[pic]



[pic]



[pic]

[pic]





[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] Сергіту сәті:

Қарлығашқа ұқсайық

Қане,қанат жасайық.

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып,ұшып қонайық.

Ал енді осыны сендерге таңбалап көрсетейін 1 алма + 1 алма = 2 алма. «+» қосу таңбалы 2 алмұрт – 1 алмұрт = 1 алмұрт. « - » алу таңбасы = тең таңбасы. Немесе артық, нешесі кем. Оң жақта бес алма, сол жақта үш алма артық, кем? Жоғры да бес торғай, төменде 5 торғай ұшып жүр. Торғайлар тең.

  • Белсенділік көрсетеміз.

Қортындылау: «<» кем, «>» артық, «=» белгілері. Дәптермен жұмыс «Кім жылдам?» д.о. Заттарды салыстыру, артық, кем, тең екенін айту. Белгілерін көрсету.

Күтілетін нәтиже

Не білу керек? «+», «-», «<» , «>», «+», «-», «=» таңбаларын білу керек.

Нені игерді? «+», «-», «<» , «>», «+», «-», «=» таңбаларын игерді.

Не біледі? Таңбаларды біледі.