Мерекелік ертеңгіліктер «Армысың, Алтын күз!»
Мақсаты: Балалардың мерекеге деген қызығушылықтарын арттыру. Күз туралы білімдерін бекіту. Күзгі ерекшеліктерімен таныстыру арқылы таңғажайып сәттермен таңқалдыру.
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша - «Армысың ,Алтын күз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
-Балалар Рамазанның бізге дайындаған жұмбағы бар екен тындайықшы.
Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып,өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Балалар жауабы «Күз»
-Дұрыс айтасыңдар,Балалар күз мезгілінің басқа мезгілдерден қандай айырмашылығы бар?
Балалар жауабы
Ән «Жапырақтар»
-Балалар осы күз мезгілінде неше ай бар?
Балалар жауабы:
Ендеше балалар ортаға күз айының ханшайымдарын шақырайықшы.
Кыркүйек айы (Адия)
Шоғы толған гүлдей
Жарқыраған алтын күз
Сайраңдап күліп ойнап
Қонаққа келді қырқүйек ай
Қазан айы (Фатима)
Қазан айы молшылық
Дәулет қорын қалады
Заңғар көкке қол созып
Құстар ұшып барады
Қараша айы (Айсана)
Құстар қайтты қол созды
Сұр бұлт жапты аспанды
Жапырақ түсіп ,гүл солды
Қараша ызғар басталды
Жүргізуші:Балалар мен сендерге тағы да жұмбақ жасырғым келіп тұр
Аузы жоқ, тiсi бар,
Тындырар ісі бар.
Біздер үшін гүлдерден
Ертелі кеш бал жинар
(Ара)
Дұрыс айтасыңдар,балалар ара жаз мезгілімен, сендермен қоштасып,аралар сендерге өз билерін сыйға алып келипті
Аралар биін тамашалайық
«Ара» биі
-Рахмет аралар
Балалар осы жапырақтар жаз мезгілінде қандай түсті болады? (жасыл)
Ал күзде қандай түске айналады? (Сары)
-Балалар кәне ойын ойнап жіберейікші
Ойын «Жапырақтар жинау»
Ойын шарты: сары және жасыл жапырақтарды екі себекке жинау
Балалар сендер жұмбақты да шештіңдер, биде биледіңдар тақпақта айттыңдар, енді түстер туралы ән айтайықшы
Ән «Түстер»
(Есік қағылады)
-Балалар естіп тұрмысыңдар біреулер есік қағып тұрған сияқт
Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
-Балалар мен сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім
Жүргізуші: балалар күз ханшайымға өз өнерімізді көрсетіп тақпақтарымызды айтайық
Қамба толды астыққа Жаннель
Алғыс саған алтын күз
Бір уыс дән шаштың да
Қап-қап қауын алдық
Берекесін сыйлауға Олжас
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Құстар қайтты ән салып Ясмин
Бұлт шарлады аспанды
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды
Жемісі мол теретін Милана
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Анель
Көк аспаның мөлдіреп
Алтын күзім елжіреп
Асыр салып жүре бер
Сары көйлегің желбіреп
-Балалар күзде жие-жие не жауады (Жаңбыр)
Сергіту сәт: «Жаңбыр дауысы»
Би «Қолшатыр»
Тақпақ: Тамина
Алтын, сары қызыл көк
Алуан, алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жапырақ
Алихан
Өрік, алма, шие ,алша.
Қауын, қарбыз көбейді
Қауын, қарбызү қияр, сәбіз.
Дүкендерге түседі
Набира
Өрік шие балы бар
Қауын, қарбыз көбейді
Жегің келсе бәрін ал
Неге аласың демеймін
Адина.Қ
Қандай өзі береген
Алмасын –ай, алмасын
Жемісі көп не деген
Жеп тауыса алмайсың
Нәсіп
Сары ала тон жамылған
Күз атамыз секілді
Қойны толы тәтті нан
Жеп тауыса алмайсың
Гүлсара
Алма пісіп ,алмұрт түсіп
Күзде бақтар жайнайды
Құстар қайтып, қош айтысып
Қимас үнмен сайрайды.
Айша
Күз айы басталды
Құстар қайта бастады
Жапырақтар сарғайып
Жерге түсе бастады.
Күз ханшайымы: Балалар тамаша мен сендерге тамаша ойынымды ала келдім
Ойын: «Күн мен жаңбыр»
Тақпақ : Жұлдыз
Алтын, алтын сары алтын
Алтын күзде нұр жатыр
Біз мектепке баратын
Алақай-ау күн жатыр
Айдар
Мейірлі күз ,мырза күз
Сыйлығыңа ырзамыз
Аппақ арай таңында
Шомыламыз нұрға біз
Нұржан
Жайдарлы күз ,жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр
Дінмұхаммбет
Көктемде егін егетін
Күзде жинап беретін
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
Айзере.Қ
Ой балалар, балалар
Қоңырат күз болыпты
Қурап жапырақ солыпты
Ел егінін орыпты
Аяулым
Күзім-ау, күзім-ау
Мінезің бұзық ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызығау
Заңғар
Ой алақай тамаша
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаша
Аунар ма едім жатып ап
Ғарифолла
Күз сыны бәрі де
Табиғат дәулетті
Туған жер бәрі де
Күзбенен сәулетті
Жүргізуші: Күз ханшайымы! Біздің қыздарымыз, аналары тіккен күздік киім үлгілерін көрсетпекші. Ендеше «Алтын күз-2015» топтамасын ортаға шақырамыз!
Қарсы алайық!
Мода: Алтынай, Амина, Айзере,Аяулым.
Күз: Тамаша
-Енді біздің балаларымыз шет тіліндеде тақпақтары бар
Таңшолпан
Фал из фан
Ай лайк ту ран
Ай си зэ сан
Фан из фан
Жаннель
Даун,даун
Уэлоу анд браун
Зэ ливес а фалинг
Овеэ зэ даун
Фатима
Оф ту скул
Уи го тугезэ
Ин Сентембеэ-из
Санни уэзэ
-Алтын күз балалардығ жаңбыр биін тамашалаңыз
Би «Жаңбыр»
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын!
Жүргізуші: Күз ханшайымының сыйы-жемістерден дәм тататын кез келген сияқты, тобымызға баруға жиналайық.
Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Армысың , Алтын күз» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты мол болсын демекпіз.
« Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып
Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып.»