Урок «Заттың санын цифрмен сәйкестендіру»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Білім беру саласы: Таным

Оқу іс – әрекет түрі: Математика

Тақырыбы: «Заттың санын цифрмен сәйкестендіру»


Мақсаты:

а) цифр мен заттың санын сәйкестендіруді жалғастыру;

ә) мамематикалық жұмбақтар шешу;

б) балалардың зейінін дамыту;


Мотивациялық - қозғаушылық: Амандасу
Амансың ба алтын күн!

Амансың ба көк аспан!

Амансың ба достарым!

Амансыздарма қонақтар!

Сабағымызды бастайық

Жамандықты тастайық.


Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет барысы: 

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Балалар, бүгін біз үшін ерекше сабақ. Бізге бүгін көп қонақтар келіпті.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем.

- Көктем мезгілінде неше ай бар?

- 3 ай

- Наурыз, сәуір, мамыр.


Қызықты сәт.
Ренжіп Дара кіреді.


Тәрбиеші: Дара, сәлеметсің бе, қайдан жүрсің?


Дара: Кеше мен Ботимен ренжісіп үйден шығып кетіп едім, енді жаңбырға әбден жаурап қалдым, оның үстіне қолшатырымда тесіліп қалды.
Дидактикалық ойын: «Тесік қолшатыр»


Тәрбиеші: Балалар, Дараның қолшатырын жөндеп, әдемілеп берейік. Ол үшін стол жанына жақындайық.
Балалар стол жанына жақындап түрлі - түсті қағаздардан жасалған «қолшатырға» үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш пішінді қағаз қиындыларын жапсырады.
Тәрбиеші: Балалар қандай пішіндер жапсырдыңдар?


Балалар: Үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш.


Дара: Ой, рахмет! Қолшатырым бүтінделіп, әдеміленіп қалыпты.


Дара: Ой балалар мен жолда келе жатып мына бір қорапша тауып алдым ішінде не бар екенін білмеймін.


Тәрбиеші: Қорапшада не бар, көрейік. Балалар, бұл математика ханшайымының қорапшасы екен, мұның ішінде бізге тапсырма берілген екен.


1 - тапсырма: «Математикалық жұмбақтар»
- Үш мысықтың құйрығы нешеу?

- Қоянның құйрығы нешеу?

- Екі балада неше құлақ бар?

- Бес сиырдың басы нешеу?


2 - тапсырма:

Дидактикалық ойын «Цифрды тап»

Мақсаты: Балалар атаған цифрларды табады да, оны айналдырып сызады.


3 - тапсырма: «Доптарды жинастыр»

Мақсаты: цифрларды айыра білу және дұрыс атау машығын бекіту, тура және кері санауға жаттықтыру.


Карточкамен жұмыс

- Суретте неше дөңгелек бар? Оны қандай цифрмен қостыңдар?

- Үшбұрыш нешеу? Оны қандай цифрмен қостыңдар?

- Сопақша нешеу? Оны қандай цифрмен қостыңдар?

- Шаршы нешеу? Оны қандай цифрмен қостыңдар?


Сергіту сәті: «Аңқайма, қайтала»
Қане, достым, аңқайма,

Менен кейін қайтала.

Барша қимыл үш – үштен:

Көзіңді қыс үш рет: 1,2,3

Басыңды еңкейт үш рет: 1,2,3

Иықты көтер үш рет: 1,2,3

Солға – оңға иіл үш рет: 1,2,3

Орныңда секір үш рет: 1,2,3

Ентігімізді басамыз және орнымызға отырамыз.


4 – тапсырма: «Көрші сандар»

Мақсаты: цифрларды қайталау, балаларға бір цифрды көрсету, ал балалар оның «Көршілерін» атайды.


Математика әлемінің есігі ашылып, алдарынан математика ханшайымы шығады.


Математика ханшайымы: Қош келдіңдер! Сендер менің жіберген тапсырмамды орындадыңдар. Көп нәрсе білетіндеріңді мен мына «сиқырлы таяқшам» арқылы біліп отырмын.
- Жарайсыңдар балалар, бәрің де тапсырманы орындап, тамаша жауап бердіңдер.
Балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже

Біледі: 1-ден 5-ке дейінгі цифрларда;

Меңгерді: цифрлар туралы түсініктерді;