Сабақ жоспары Қасқыр, түлкі, әтеш ертегісі тіл дамыту сабағы (мектепалды даярлық)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

_МАД 0 «А» сыныбы


Күні:


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлім: Тіл дамыту

___________________________________

Тақырыбы : «Қасқыр, түлкі және » ертегісі.

Мақсаты : ертегі мазмұнын баяндап әңгімелеуге, берілген сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Сөздік қорын молайту, сөйлеу мәдениетін, ойлау қыбілеттерін дамыту. Қоршаған ортаға мейірімді болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік:Суреттер, әліппе- дәптер.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті (дәлелді)- ықпалды


Жылулық шеңберіне тұру.


Бүлдіршіңдер, сендерге артар міндет көп

Көтеріндер мектептің атын құрметтеп

Білімнің көзін аша білсең тереңнен

Жетелейді армандарға бұл мектеп


Шеңберге тұрып,тілек тілеу.



Ұйымдастыру- барлау

  • Ертегі деген не?

  • Ертегі тыңдауды ұнатасыңдар ма?

  • Жабайы жануарларға не жатады?


«Қасқыр, түлкі және әтеш» ертегісі оқылады.


Сөздік жұмысын жүргізу.

Шаһар – қала,

Мұржа – пештің, ошақтың түтін шығатын мойны, түтіндік.

Күлтеле – шоқтау, шоғырлау. Түлкінің күлтеленген құйрығы.


Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Көбелекке ұқсап біз,

Қанатымызды қағайық.

Қағып-қағып алайық,

Орнымызға қонайық.



. жауаптары тыңдалады.


Қасқыр, жолбарыс, қоян, т.б.


Мұқият тыңдайды.











Бірге орындайды.




Ұйымдастыру- барлау

  • Ертегі кейіпкерлерін атаңдар.

  • Олар не салмақ болды?

  • Түлкі қасқыр мен әтешке қандай тапсырма

берді?

  • Түлкі өзі не істеді?

  • Ертегі қалай аяқталды?

  • Балалар, ертегідегі қай кейіпкер сендерге

көбірек ұнады?

  • Шаһар салу үшін не істеу керек еді?




  • Ертегіні кім мазмұндап береді?

  • Қасқыр, түлкі, әтеш

  • Шаһар

Балаардың пікірлерін тыңдау.




Үшеуі де тату-тәтті болу керек еді. Бірігіп еңбектенсе шаһарды салып шығатын еді.



Жауаптары тыңдалады.

Рефлексифтік- қорытындылау


  • Балалар, бұл ертегі бізді өтірік айтпауға, әділ, адал болуға үйретті. Бірлік болған жерде кез келген жұмысты да аяқтауға болады.

Бағаланады.




Күтілетін нәтиже:

Білу керек: бірлік, әділдік туралы түсінігі болу.

Істей алу керек: ертегіден басты кейіпкерді ажырата білу, мазмұндай алу.


Тәрбиеші_Кегенбаева Ж.Қ.


Тексердім____________________