1. Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар ән- күй залына марш ырғағымен кіреді, шеңберге тұрады,
Ән- күй жетекшісі: «Сәлем - сөздің анасы» демекші, келген қонақтармен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіздер ме !
Дауыс жаттығуын жасау. : Балалар бүгін бізде ерекше күн. Бүгінгі оқу іс - әрекетімізді ойынмен бастаймыз. Ол үшін біз шеңберге тұрамыз. Менің қолымда төртбұрыш бар. Осы төртбұрышты мен қозғалтып тұрамын ал сендер шеңбермен жүріп суретті дыбыс, қимыл қозғалыс арқылы көрсетесіңдер.
Ал, балалар, өте күшті қимылдадыңдар,жақсы дыбыс жасадыңдар, орынымызға жайғасайық.
Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «ойлайық та, ойнайық»
Ендеше барлығымыз тақтадағы суреттерге назар салайық
- Балалар, мына адамдарды өнердің қай саласынан көреміз? Бұлар кім /тақтада: Күләш, Шара, Құрманғазы /
Ендеше біз үш топқа бөлінейік: 1. Әншілер 2. Бишілер. 3. Күйшілер.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Балалар, біз бүгін қазақ халқының ұлттық ойыны «Теңге алу» ойынын ойнаймыз.
Атқа мініп, шауып барып, ақ шүберекке түйілген затты еңкейе іліп алып кетулерің керек. Бүгінгі біздің «Теңге алу » ойын жылдамдық пен алғырлықты талап ететін ойын.
Шарты:
Теңгелер – 5тг; 10тг; 20тг; Теңгенің құны өскен сайын сұрақтар да күрделене түседі. Дұрыс жауап бергені теңгені алады.
І бөлім: 5тг сұрақтар:
1. Құрманғазы кім?
2. Қобыз аспабында ойнаған күйшіні ата
3. Құрманғазының шәкірті.
Күйтабақтағы музыкаларды тыңдап оның мінездерін ажыратып беріңдер;
Тыңдап қараймыз ба балалар? Балалар: - ия, қане онда біріншісі (көңілді әуен), екіншісі (көңілсіз әуен ) балалар әуендерді дұрыс ажыратады.
Музыка жетекшісі: Балалар, дұрыс айтасыңдар!, ендеше балалар осы көңілді бір музыкаға барлығымыз қосылып, І бөлімнің қорытындысы ретінде «Би,билейік» әнін орындайық
ІІ бөлім: 10 тг сұрақтар:
1. Мынау қандай аспап (Қобыз, ысқыш арқылы ойналады)
2. Мынау қандай аспап (Домбыра, шертіп ойналады)
3. Мынау қандай аспап (Сыбызғы, Үрлеп ойналады)
СЕРГІТУ: барлығымыз би қимылдарын жасайық.
ІІІ бөлім: 20тг сұрақтар
1. Қобыз аспабының құрылымы.
2. Домбыра аспабының құрылымы
3. Сыбызғы неден жасалынады?
4. Қазақ халқының қандай ұлттық билерін білесің? халық биi «Қамажай», «Маусымжан», «Қаражорға», «Келiншек», «Айжан қыз»
5. Құрманғазының қандай күйін білесің
6. Сіздерге жұмбақ жасырылған. Оның жауабын тапсаңдар музыка тыңдайсыңдар.
Қар, мұз еріп, су көбейіп, Сай - салада ағады, Бүршік шашып, жапырақ ашып Жер гүл шашақ тағады. Бөбектерім, айтыңдаршы Бұл қай кезде болады?
Ендеше біз«Көктемгі дыбыстар» ойын ойнайық. Апайларың сендердің жинаған ұпайларыңды санай берсін. Мен сөйлем оқимын, ал сендер сол сөйлем мазмұнын түрлі - түрлі дыбыстармен көркемдейсіңдер.
Күн жылына бастады, көктем келді (балалар қолды жоғары көтереді, өзіңе ыңғайлы бір дыбыс айтады)
Тау төбелерден бұлақ көзі ақты (тілді тез - тез жан жаққа қозғалтады)
Ұнатамын бетімнен өпкен желді («ш - ш - ш» дыбысты созады)
Күн жылына бастады, жаңбыр жауды (ауызды ашып жабады)
Қоңыздар шықты («ж - ж - ж» төмен регистрде)
Шыбындар ұшты («з - з - з» жоғары регистрде)
Әрбір жаққа ұшып кетті («тр - тр - тр» сыбырлап, түрлі биіктерде)
Жапырақтардың астында бірдеңе қозғалды («шұр - шұр - шұр»)
Ол кірпі екен (мұрынмен тез демалу, тыныс алу)
Келіп көктем құстары ән салды («қар - қар», «ку - ку» т. б).
Ой, балалар жарайсыңдар !
Ендеше бүгін біздің Бишілер, күйшілер, әншілер тобы өте жоғары деңгейде өздерін көрсетті.
Теңгені көп жинаған топтың ұпайы жарияланады.
Қорытынды:
- Сендерге музыка сабағы ұнады ма?
- Қандай ұлттық өнерлерді музыкамен байланыстырдық?
Бағалау.
Үйге тапсырма. Өткенді қайталау.
Мақсаты: Музыка дыбыстарын ажырату .
Міндеті:
1) Аспаптарды тембірлік үнінен ажырату.
2) Музыканың динамикалық және қарқындық өзгерістерін сезініп салыстырып, сәйкес қимылдар жасау.
3) Музыканың жоғары, орташа, төменділігін сезіне білу.
4) Әнді қуанышты екпінді орындауға, әнге сәйкес би қимылдарын үйлестіріп қозғалуға талпындыру.
Ұйымдастыру кезеңі :
Балалар ән- күй залына марш ырғағымен кіреді, шеңберге тұрады.
Ән- күй жетекшісі : Сәлеметсіздерме балалар!
Балалар:Сәлеметсіз бе!
Амандасқаннан кейін балалар орындыққ барып отырады.
Ән- күй жетекшісі :Сауболыңдар балалар!
Балалар :Сауболыңыз !
1.Шара Жиенқұлова 1912 жылдың 18 тамызында Алматы қаласында дүниеге келген
Күләш Бәйсейітова 1912жылы туған Туып-өскен жері – [link]
Балалар музыкамен кіреді, музыкамен амандасады.
Музыка жетекшісі: Балалар бүгін бізде ерекше күн. Бүгінгі оқу іс - әрекетімізді ойынмен бастаймыз. Ол үшін біз шеңберге тұрамыз. Менің қолымда төртбұрыш бар. Осы төртбұрышты мен қозғалтып тұрамын ал сендер шеңбермен жүріп түскен суретті қимыл қозғалыс арқылы көрсетесіңдер.
Қимыл - қозғалысты ойын «Төртбұрыш»
Ал, балалар, өте күшті қимылдадыңдар, қараңдаршы енді бүгінгі іс - әрекетімізге күн де қонаққа келген. Бірақ күн біртүрлі мұңайып тұрған сияқты. Балалар күн неге мұңайып түр.
Балалар: Күн сәулелері жоқ.
М. Ж: Дұрыс айтасыңдар, күнде күн сәулелері жоқ, сосын ол мұңайып тұр екен. Кәнеки біздер күнге көмектесейік. Қараңдаршы мына сәулелер тек әншейін сәулелер емес олар музыкалық сәулелер. Осы музыкалық сәулелерде неше түрлі ойындар бар. Осы ойындарды ойнап біз музыкалық сәулелерді күнге сыйлаймыз. Дайынсыңдар ма?
Б: Иә, дайынбыз.
М. Ж: Мына музыкалық сәуледе «Күншуақ» ойыны жасырылған екен. Қазір «Күншуақ» ойынды ойнаймыз. Сендер суреттегі күншуақтың мінез - құлқын ым арқылы көрсетесіңдер
«Күншуақ» ойыны. Музыка ойнайды. Балалар суреттегі күншуақтың күлімсіреп тұрғаны, ренжіп тұрғаны, қөңілсіз, қорқып кеткендегі, қуанып тұрғандағы және жылап тұрғандағысын салады.
М. Ж: Күнге бірінші музыкалық сәулесін сыйлайық. Екінші музыкалық сәуледе жұмбақ жасырылған. Оның жауабын тапсаңдар музыка тыңдайсыңдар.
Қар, мұз еріп, су көбейіп, Сай - салада ағады, Бүршік шашып, жапырақ ашып Жер гүл шашақ тағады. Бөбектерім, айтыңдаршы Бұл қай кезде болады?
Б: Көктемде.
М. Ж: Дұрыс, күн жылына бастады, көктем келді. Композитор Б. Ерзакович балаларға арнап музыкалық сюита шығарған. Сюита деген кішкене музыкалық шығарма. Сол сюитанын бір бөлігін қазір біздер тыңдаймыз. Ол «Көктем».
Музыка тыңдау «Көктем»
М. Ж: «Көктем» шығармада қандай дыбыстар естідіңдер?
Б: Құстардың дауысы, бұлақ аққан дыбысы.
М. Ж: Ал шығарманың көңіл - күйі қандай екен: мұңлы, аянышты немесе қуанышты, көңілді?
Б: Қуанышты, көңілді
М. Ж: Осы музыкалық шуақты да тыңдадық оны да күнге сыйлайық.
«Көктем» шығармада біздер құстың дауысын, бұлақ аққан дыбысын да естідік. Ендеше келесі музыкалық шуақ бізге «Көктемгі дыбыстар» ойын ойнатады. Мен сөйлем оқимын, ал сендер сол сөйлем мазмұның түрлі - түрлі дыбыстармен көркемдейсіңдер.
Фонопедиялық ойын «Көктемгі дыбыстар»
Күн жылына бастады, көктем келді (балалар қолды жоғары көтереді, өзіңе ыңғайлы бір дыбыс айтады)
Тау төбелерден бұлақ көзі ақты (тілді тез - тез жан жаққа қозғалтады)
Ұнатамын бетімнен өпкен желді («ш - ш - ш» дыбысты созады)
Күн жылына бастады, жаңбыр жауды (ауызды ашып жабады)
Қоңыздар шықты («ж - ж - ж» төмен регистрде)
Шыбындар ұшты («з - з - з» жоғары регистрде)
Әрбір жаққа ұшып кетті («тр - тр - тр» сыбырлап, түрлі биіктерде)
Жапырақтардың астында бірдеңе қозғалды («шұр - шұр - шұр»)
Ол кірпі екен (мұрынмен тез демалу, тыныс алу)
Келіп көктем құстары ән салды («қар - қар», «ку - ку» т. б).
М. Ж: Балалар айтыңдаршы торғай балаларын іздегенде қалай дыбыс береді
Б: «Шік - ші - рік, шік - ші - рік» (бірінші октава до нотамен әндетеді)
М. Ж: Ал торғай - балапандарышы
Б: «Шік - ші - рік, шік - ші - рік» (екінші октава до нотамен әндетеді)
М. Ж: Өте жақсы көктемгі дm