Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттінің технологиялық картасы
Тәрбиеші :Мауленова К. А .
Білім беру саласы: «Қатынас» , «Таным », «Шығармашылық »
Бөлімдері : Көркем әдебиет .Құрастыру , Мүсіндеу .
Тақырыбы: «Ертегілер әлеміне саяхат » .
Мақсаты:Балаларға ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез –құлқын жеткізе білуге үйрету . Суретке көңіл қойып мазмұнын түсіне білуге үйрету.
Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл – қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету . Сөздерді анық айтуға дағдыландыру, есте сақтау қабілетін дамыту .
Көрнекілік құралы : Ертегі мазмұнына сәйкес суреттер . Үй , ойншщықтар .
Іс әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
І кезең
Мотивациялық- қозғаушылық
Шаттық шеңберінен басталады :
Күн шығыпты , алақай ,
Қуанатын күн бүгін .
Қайырлы таң! Қайырлы таң !
Күліп шықты күн бүгін .
Сәлеметсіз бе ?
Бәріміз күндей жарқырайық ,
Бәріміз тату болайық!
Достығымыз жарассын, - деп келген қонақтармен амандасайық .
ІІ кезең
Ұйымдастырушылық-ізденушілік .
Бүгін бізде өзгеше сабақ болады , Біз сыйқырлы поезға отырып барлығымыз Ертегілер еліне аттанайық .
І- аялдамаға келдік – қане , мына аялдамадағы суреттерге қарап аялдаманың атын тауып көрейікші ?
Қане , балалар, біз «Шалқан » ертегісін есімізге түсірейік .
Ал, енді саяхатымызды жалғастырайық .
ІІ- аялдама – мына жерде қызық суреттер ілініп тұр , балалар . Қане, қарайықшы , бұл қандай ертегі ? Суретте не бейнеленген?
Сұрақ – жауап : - Үйшікке бірінші болып кім келді ? Тағы кімдер келді ? Үйшікте барлығы нешеу болып тұра бастады ? Соңынан кім келді ? Аю не деді?
Ғажайып сәт : Есік қағылып , аю келеді , жылап тұр .
Аю саған не болды ? Неге жылап тұрсың ?
Аюға көмектесеміз бе балалар ?
Олай болса , алдымен аюды көңілдендіріп алайық , иә , балалар?
Сергіту сәті :
Қорбаңдаған аюдың ,
Құлпынайы көп екен
Теріп - еріп алайық ,
Қалтамызға салайық
Аю сен бізбен бірге саяхатқа жүр . Біз саған келесі аялдамаға барғанда үйшігінді құрастыруға көмектесеміз .
ІІІ –аялдама Магнитті тақта орналасқан «Шұбар » тауықтың суретін көрсету .?
Балалар мынау не ?
Қандай тауық ?
Олай болса , бұл қандай ертегі
Енді сендерге өтініш : менің балапандарымның қарындары ашып қалыпты ,Соларға арнап тары дайындап бересіңдер ме ?
Қане, балалар ,бәріміз бірігіп аюға үйшік құрастыруға , шұбар тауықтың балапандврына тары дайындауға көмектесеміз бе ?
Риза болған аю мен тауық балаларға алғыстарын айтады .
Балалар поездарына мініп , көңілді әуенмен топтарына қайтады .
Балалар бір бірінің иығынан ұстап , А Қалаубаеваның орындауындағы «Ертегілер»
Әнінің ырғағымен поезд болып қозғалады.
Магнитті тақтаға бекітілгенертегі кейіпкерлерінің суреттеріне қарап отырып балалар «Шалқан» ертегісі деп жауап береді .
Балалар жарты шеңбер құрып отырады .Ертегі кейіпкерлерінің маскісін киген балалар ертегіні сахналайды .
Қабырғадағы суреттерге қарап ,балалар бұл «Үйшік» ертегісі екенін айтады .
Тышқан , бақа , түлкі ең соңында аю келеді .үй құлап қалады .
Аю үйшіктің құлап қалғанын айтып, балалардан үйшікті құрастыруға көмектесуді сұрайды .
Балалар «иә » деп жауап береді
Балалар тиісті қимылдар жасайды .
Тауық.
Балалар шұбар тауық деп жауап береді
Шұбар тауық ертегісі .
Балалар жарыса иә деп жауап береді .
Балалар екі топқа бөлініп, ұлдар құрастырмалы ойыншықтардан аюдың үйшігін құрастыруға, қыздар ермексаздан шұбар тауықтың балапандарына тары дайындауға көмектеседі .
ІІІ кезең
Рефлексивті – реттеушілік .
Балалар , біз қайда бардық ? Не көрдік? Не істедік?
Саяхатымыз ұнады ма ?
Жақсы жауап берген балаларды мадақтау .
Біз сыйқырлы позға мініп, ертегілер еліне бардық , «Шалқан», «Үйшік» , «Шұбар тауық» ертегілерінің кейіпкерлерімен кездесіп, ертегілерді еске түсірдік ,
Күтілетін нәтиже:
Біледі : Суретке қарап мазмұнын айтуға үйрету .
Түсінеді : Ермексазбен , конструктордан өз еріктерімен жұмыс дағдыларын көрсетті Сөздерді анық айтып, есте сақтау қабілеттерін дамытту.
Қолбанады : ертегіге еніп, қиялдауды үйренеді .