«Бастауыш сыныптарда суицидтік мінез-құлықтардың алдын-алу»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Бастауыш сыныптарда суицидтік мінез-құлықтардың алдын-алу»

Бір күнгі тіршілікке кішкене бір өмір деп қарау керек

М. Горький

Қазіргі кезде оқушы тұлғасының қалыптасу жағдайларына тән езгерістер жүріп жатыр. Әлеуметтік-бағдарлы мінез-құлық сипаттары негізінен мектепте қалыптасады. Мектепте бала қоршаган орта жайлы білім алумен қатар, өмірдің аса маңызды компоненттері хақында: әзге адамдар туралы, сол адамдар арасында қалай өмір сүріп, ондагы зорлық-зомбылық, жауыздық секілді күштермен қалай күресу керек екендігін біле бастайды. Сонымен қатар ол өз іс-әрекеттерін өзге адамдардың мүдделерімен қайтіп ұштастыруға болатынын, адамгершілік тәртіп құндылықтарына сәйкес өзін қалай ұстау керектігін хал-қадерінше үйренеді.

Тұлғаның қалыптасуына көмектесөтін мінез-құлық сипаттары бала бойында дәл осы төмөнгі сыныптарда орныға бастайды.

Адамзаттың даму барысы адам жалпы өмірге емес, белгілі бір әлеуметтік жағдайда тіршілік етуге даярланатынын анық көрсетеді. Бүгінгі күні Қазақстанда өз Отанын жан-тәнімен сүйетін, өздігінше әрі творчестволық түрғыдан ойланатын, ел тағдырына, өз тағдырына жауаптылықты сезінетін, өмірді шынайы қалпында керіп, түсінуге, мәдениеті мен ұлттық бейнесі сан алуан ортада қолайлы өмір сүруге, қоғамды дағдарыстан дамудың өркениетті жолына шығаруға қабілетті жаңа типтегі азаматтарға деген зәрулік сезіліп отыр.

Төменгі сынып оқушыларын коммуникативтік тұрғыдан дамытудың мән-маңызы арта түсуде. Қазіргі заманғы мұғалім конфликтологияның, әлеуметтік педагогиканың, психологиялық-педагогикалық ілім-білімнің негіздерін игеруі тиіс. Бұл оған оқушылар тап болған әр түрлі қиындықтар себебін дер кезінде анықтап, тиісті көмөк көрсетіп отыруына жол ашады. Бүгінгі мұғалімге оқу процесін сапалы түрде жүзеге асырып, әр түрлі жастағы, қабілет-бейімі әр түрлі ұлдармен, қыздармен нәтижелі жұмыс жүргізу үшін енді бағдарламалық материалдардың мазмұнын жақсы игеріп қана қою жеткіліксіз.

Бала дамуында оны өсіріп, жетілдіретін отбасының рөлі айрықша. Ондағы қалыптасқан жағдайлардың, психологиялық атмосфераның бала мінез-құлқына тигізетін ықпалы зор. Отбасындағы қайшылықтар, ата-ананың жеткілікті көңіл бөлмеуі, үлкендөрдің тым қатал қарауы балалардың әлсіз де нәзік, әлі қалыптаспаған психикасына өте жаман әсер өтеді. Оның салдары кейде тіпті өзін өзі өлтіру жағдайына дейін жеткізеді.

Соңғы жылдары ұлт салауаттылығын сақтауға байланысты проблемалар бойынша бұқаралық ақпарат құралдары мен жалпы қауым ерекше назар аударып отырған жәйт жастар арасындағы суицид мәселесі.

Соңғы он жылда өз ата-аналарынан, оқу-тәрбие мекемелерінен қашып шыққан, хабарсыз кеткен балалардың саны үш есөге өскөн; олардың көпшілігі қылмыстық топтарға қосылып, баз біреулері сол қылмысты орталардың құрбандығына айналған.

Суицид - психологиялық құбылыс, оны түсіну үшін өзіне өзі қол жұмсағысы келөтін адамның жан-дүниесіндегі жағдайларды түсіну керек. Өзін өзі өлтіру адам жанын түгел қара толқындар басып, үміт сәулелері түгел сөнген айрықша бір күрделі сәттерде жасалатын үрейлі жәйт.

Суицидке баратындар, әдеттө, жаны қатты күйзелген, стресс жағдайында жүрген, өз проблемасын шешуге мұрша, мүмкіндігім жоқ деп ойлайтындар. Олардың кепшілігі психикалық аурулармен ауыратын, эмоциональдық тұрғыдан дертті, әсірессе депрессияға көп берілөтін, болашаққа үмітсіздікпен қа-райтындар болып келеді.

Өзіне өзі қол жұмсау психологиясы, бәрінен бұрын, үмітсіздікке тән психология. Үміт барда адам ең қиын, ең қатерлі жәйттерді де бастан өткереді. Үмітсіздік құрдымға бастайды. Адам өмірінде бұлт үйрілген қауіпті кезөңдер болады. Содан аман өтсе, оның құтылғаны. Міне, адамдардың бірін-бірі түсінуі, бір-біріне көмектесуі осындай сәттерде өте-мөте қажет. Мұндай кезде оның мына жарық дүниеде жалғыз еместігін сезіндіретін орнымен айтылған бір сөз немесе тіпті жай ғана көзқарастың өзі адамды ажал аузынан аман алып қалуы мүмкін. Өзін өзі өлтіру психологиясы адамның өз түнегіне өзі қамалуына тән психология.

Өзіне өзі қол жұмсау жәйттеріне себеп болатын нәрселер көп. Отбасы дұрыс қалыптаспаса да, махаббатта жолы болмаса да; байлығынан ажырап қалып, мұқтаждыққа түссе де; жазылмайтын ауруға ұшырап, оның азабынан ертерек құтылғысы келсе де; сатқындық жасаудан қорықса да өзін өлімге қиятындар болады. Өзіне өзі қол жұмсау жәйті мүлдем әлсіз боп қалу немесе күштің асып-тасу жағдайларына байланысты да орын алуы мүмкін. Ондай жандардың психологиясы түсініксіз келеді.

Суицидке бел буған адам өз өміріне тек өзі ғана қожа секілді сезінеді, ол жарық дүниеге алып келген, асырап, өсірген жандарды да ойламайды, адамның тіршілігі де, ажалы да қандай қандай да бір құдіретке байланысты екендігімен де ісі болмайды.

Бірақ бұл жалған түсініктің, жеңіл ойдың жетегі. Менің өмірім тек менікі ғана емес. Оған абсолюттік құқығым болғанмен, мендік өмір менің туыс, бауыр, жақындарымның да, достарымның да, елімнің де, мен өмір сүретін қоғамның да, қала берді өзім бір кішкене бөлшегі болып табылатын күллі әлемнің де өмірі.

Сондықтан отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен үйлесімді түрде ұштастырылуы өте-мөте маңызды нәрсе. Бұл орайда педагогика мен психология маманы ретінде мұғалім ата-аналардың отбасылық тәрбиеге байланысты қайшылықтарын шешуге көмектесіп отыруы қажет.

Профилактикалық шаралар

  • Балалардың мектепте қамқорлық, қолайлылықты, жан жылуын сезінуі
    үшін психологиялық салауатты орта жасауға байланысты жалпы мектептік бағдарлама әзірлеу.

  • Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

  • Мектеп пен отбасының, сондай-ақ мектеп пен барша қауымның өзара тиімді әрекет етуін қамтамасыз ететін модель жасау.

Мұғалімдердің өзіне әділдікпен қарайтынын, мектепте өзіне жақын жандар бар екенін сезетін, өзін мектептің бір бөлшегімін деп есептейтін бала өзіне өзі қол жұмсау жайлы ойлай қоймайды.

Суицидтік жәйттерді көптің көзінше ашық түрде талқылауға жол беру дұрыс болмайды. Мұндай шаралар (ата-аналар жиналысы, сынып сағаттары) жас өспірімдердің кейбіреуі үшін еліктеу нысанасына айналуы ықтимал. Біреуге ұқсау, жаман әдетті жұқтыру, қарсылық реакциясы секілді түрлі механизмдер әсерінен оның да өзіне өзі қол жұмсау әрекетіне баруы мүмкін.

Суицидтің алдын алу үшін әр түрлі сыныптан тыс шаралар өткізіп, онда өмірдің мәнін, оның құнын терең түсінетіндей талқылаулар ұйымдастыру қажет.

Бірінші сынып оқушылары арасында «Біз өмірді жақтаймыз» деген тақы-рыппен сынып сағатын өткізген кезімізде бірқатар қиындықтарға тап болдық. Оның ең бастысы: оқушылардың жас ерекшелігі еді (әлі кішкентай баланың санасына өмірдің мәні мен құндылығын қалай жеткізуге болады?). Бұл орайда бізге Е. М. Лосеваның өзін өзі тану жөніндегі жұмыс тәжірибелеріне байла-нысты материалдары көмекке келді. Сынып сағатының кішкентайлар ұғымына жеңіл, неғұрлым түсінікті болуы үшін біз интерактивті тақтаны пайдаландық. Онда «Менің бір күнім» деген тақырып бойынша түсау кесер өткізіліп, онда мынадай тараулар бойынша фотосурет-картиналар пайдаланылды:

  • Таңертеңгі ұйқыдан ояну

  • Жаңа жоспарлар

  • Әр түрлі оқиғалар

  • Қызықты кездесулер

  • Үлкен және кішкентай жаңалықтар

  • Сүйсіну сәттері

  • Көңіл-күй көріністері

  • Үлкен армандар

  • Мен өмірді таңдаймын

  • Бақыт жолы

Балалар әрбір слайд бойынша көргендері мен көңілге түйгендері жайлы өз ой-пікірлерін еркін түрде ортаға салып жатты. Өмір қандай тамаша! Өмір қандай қызық! Кішкентайлардың көтеріңкі көңіл-күйлері мен қуанышты әңгімелерінен осындай ойларды ұғуға болар еді. Өмір туралы әңгімеден кейін балалар оның бес қүндылығын ерекшелеп таңдап алды (баз бір балалар оны тағы да бірнеше құндылыққа көбейткісі келді, бірақ міндет нақты қойылған еді). Баяу әуенді музыка фонында балалар өмір құндылықтарын «бәйтерек бұтақтарына» желімдеп жатты. Бұл қағазға бейнеленген көрініс еді. Ол алдын ала әзірленіп балалардың әрқайсысына жеке-жеке берілген болатын. Балалар кейін өз бәйтеректерін түрлі түсті бояулармен бояп шықты.

Сіздердің назарларыңызға осындай бір сынып сағатының әзірлемесін ұсын-бақпыз.

Сынып сағаты: «Мен өмірді қалаймын»(бастауыш мектепте суицидтік мінез құлықтардың алдын алу)

Мақсаты: «ӨМІР» ұғымын құндылық ретінде қалыптастыру.Оқушылар бойында өмір құндылықтарын қалыптастыру,өмір сүруге құштарлыққа,жат қылық,оғаш мінездерден аулақ болуға тәрбиелеу.Ата-ана,бала,мектеп қарым-қатынас қалыптастыру,қатігездікке,жол бермеу,оқушылар арасында достықты нығайту.

Қажетті жабдықтар:қаламсаптар, А4 форматты парақтар, «Менің бір күнім» атты тұсау кесер, бәйтерек ағашы бейнеленген парақтар,құндылық сөздер жазылған карточкалар, желім, түрлі-түсті қарындаштар, қайшы, моншақтар, түрлі түсті бор, музыка.

Сынып сағатының барысы: Тақырыпқа кіріспе

1. жүргізуші:Маған бүкіл қала әлі де тәтті ұйқыда жатқанда, күн нұры көрінбеген кезде ерте ояну ұнайды. 6-7 лердің кезінде терезені айқара ашып, суық ауамен құшырлана дем алсаң, бірден бойың сергіп қалады. Айналаң тып-тыныш, жан адам көрінбейтін бұл мезгілде тек алыста машиналардың зуылдап бара жатқан даусы естіледі. Мұндайда сұрғылт аспанға, алдымдағы көп пәтерлі қабатты үйдің ш атырына, араның ұяшығындай орналасқан терезелерге қарап тұру ұнайды. Біраздан соң әр үйдің шатыр-шатырларын жалынымен жалап күн де шығады. Алғашқы күн сәулесіне шомылу қандай керемет десеңші...

2. жүргізуші Таңды әркім әр түрлі қарсы алады:біреу ширақ тұрып, тез жиналып жатады,ал біреулер жамылғының астынан керіліп-созылып, біраз жата тұрғанды ұнатады,енді біреулері тіпті де тұрғысы келмейді.

Әр күннің қалай өтуі біздің оны қалай қарсы алуымызға байланысты.Сендер осыған келісесіңдер ме?

Біздің бұл күндеріміз қалай өтіп жатыр?... Енді соны сырттан бақылап көрейік.

Слайдтар: «Менің бір күнім атты»тұсау кесер(жаңа күн-таңертеңгі ұйқыдан ояну-жаңа жоспарлар-қызықты кездесулер-үлкен және кішкентай жаңалықтар-бұл өмір) [pic]

Шаттық шеңбері:Ризамын әні.

1 жүргізуші Мұның бәрін бір сөзге жинақтап ӨМІР деп атауға болады.

Біз бүгін осы ұғым туралы әңгімелейміз және оның құндылықтарын анықтаймыз.

  • 2 жүргізуші Қалай ойлайсындар:адамдар өз өмірін өз қолымен жасайма,әлде оның ағысымен ығып жүзе бере ме?

  • 1 жүргізуші «Өмірде жолы болу» немесе «Жолы болмау» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

Адам өмірді ізгілік деп ұқса да,сынақ деп білсе де,оның мақсаты-бақытқа,

аңсаған арманға қол жеткізу.Өмірдегі барлық табыс оның өз мүмкіндігіне,санасы мен қуат күшіне байланысты.Демек,өмір-адамға берілген аса маңызды құндылық.Ең қызығы,әр адамның қайталанбас өз өмірі болады.Ол бір-біріне ұқсамайды. Біз қазір осыны дәлелдейміз.

Жаттығу-тренинг

Оқушылардың бәріне бір-бір парақ қағаз беріледі.Не істеу керек екендігін

айтып тұрамын.Балалар үнсіз орындауы керек. Бұл кезде сұрақ қоюға болмайды. [pic]

2 жүргізуші Парақты ортасынан бүктеңдер

  • Оны тағыда ортасынан бүктеңдер

  • Оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып алыңдар

  • Парақты жазып бір бірлеріңе көрсетіңдер

  • Сендер бірдей парақ алдыңдар ма?

-Иә

  • Бәріңе бірдей нұсқаулық берілді ме?

- Иә

  • Ал нәтижесі неге әр түрлі болды?.....

Бұл жаттығу біздің әрбіріміз әртүрлі екендігімізді,әрқайсысымыздың көз қарасымыз, мақсат, мүдделеріміз бір–бірінен өзгеше екендігін көрсететін нақты мысал болып табылады;бәріміз бірдей жұмыс атқарсақ та, оның нәтижелері әр қилы болып шығады.

1 жүргізуші Қане, енді балалар бізді осы өмірге әкелген кім айтыңдаршы!

Әрине АНАмыз. Олай болса аналарымызға арнап ән шырқайық

ӘН: Ақ мамам

Шығармашылық жұмыс(статистика жайлы бірер сөз) [pic]

2жүргізуші:Адамның орташа өмірі---76жас.Бұл бар болғаны 3952 апта.Оның 1317 аптасын сендер ұйқымен өткізесіңдер. Сонда, ояу өмірге 2635 апта ғана қалады.Өмір қысқа әрі қымбат.Оны босқа өткізбей мәнді мағыналы өткізе білейік.

1 жүргізуші Қалай босқа өткізбеуге болады. Сендер істеймін десеңдер қолдарыңнан келмейтін нәрсе жоқ. Тек кішкене жалқаулық басып кетеді. Жалқаулыққа жол бермей талпынуымыз керек.Сонда бәрі ойлағанымыздай болып шығады;Мысалы, біреуің сурет саласың, біреуің тоқыма тоқисың. Біреуің ағаштан, біреуің матадан ою оясыңдар, ал біреуің моншақтан неше түрлі әшекей бұйымдар, ыдыс аяқтар жасайсыңдар.Не жасасаңдарда көңілді жасасаңдар әдемі, сүйкімді, көрнекті болып шығады. Істеген ісіңе қарап көңілің көтеріліп қалады. Қуанышты көңіл күйде жүру адамның өмірін ұзартады.

Олай болса,өмірдің көп қызығын көрген, бармағынан бал тамған өнерлі әжеміздің ақыл өсиетін тыңдайық.

Әже әңгімесі:Әрбір адамның арманы болады. Арман таусылмайды, бір арманыңа қол жеткізген соң,екінші арманыңның орындалуы үшін талпынасың, үшінші, төртінші.....солай жалғасып кете береді. Өйткені бұл өмір!!!! Ал өмір армансыз болмайды. Арманға жету үшін көп күш жұмсалады. Арманның орындалуы жақсы ниеттілікті, төзімділікті, уақытты, табандылықты, қайырымдылықты, еңбектенуді, білімді, ақылды қажет етеді. Адам арманының орындалғаны қандай жақсы!!!!!! Себебі сол шақта үлкен бақытқа кенеледі.

Ән: Әжемнің шәйі


Арман:

Шіркін ай, күйші болсам,

Бал тамған бармағынан!

Шіркін ай ,биші болсам,

Шығып бір арманымнан!

Шіркін ай әнші болсам, [pic]

Кәдімгі күміс таңдай!

Шіркін ай, батыр болсам,

Тілдескен даналықпен!

Әлемге мәлім болсам,

Ашқан көп жаңалықпен!

Ақыл:

Алдымен

Білім деген

Бәйгеден озып келсең.

Актёрдің, ақынның да

Жанына ғылым қорек.

Бүгінде батырдың да

Өзіне білім керек

Оқудың озатына

Арман да таяу болар.

Білімнің боз атына

Мінбеген жаяу қалар. [pic]

1-ж үргізуші :Кімнің қандай өнері бар көрсетейік.

Оқушылар шығармашылық жұмыспен айналысады.

Ән: Бала тілегі

Шығармашылық жұмыстарын бағалап болған соң әр оқушыға тапсырма беремін.

(Бәріне бәйтеректің суреті салынған бір-бір парақ және өмір құндылықтары жазылған карточкалар үлестіремін)

  1. жүргізуші Өздерің үшін өмірдің ең маңызды деген құндылықтарыңа байланысты 5сөзді таңдап алып, бәйтерекке жазыңдар.

  2. жүргізуші Байқасаңдар, құндылықтар жазылған сөздер әр түрлі. Сендер қалай ойлайсындар, неге олай? Сөздерді дұрыс жазып шықсаңдар,әр қайсың өз өмірлерің үшін ең қымбат құндылықтарды айқындайсыңдар.

1 жүргізуші Енді бәйтеректі өздерің ұнатқан түстер мен бояп шығыңдар.Сендер бояп шыққанша тағы да бір ән тыңдайық.

ӘН:Дос болайық бәріміз [pic]

2-жүргізуші Бояп болған соң «Өмір» картасына жапсырады.

Ән: Біз бақытты баламыз.

  1. жүргізуші Жақсы өмір сүруіміз үшін бізге не керек екен?—Жақсы көңіл күй т.б. Соларға қоса бізге ең керегі ДЕНСАУЛЫҚ!!!

  2. Деніміз сау болу үшін, барлық уақытта денемізді шынықтырып жүруіміз керек. [pic]

  3. Олай болса қане бірінші сынып оқушылары екі топқа бөлініп жарысады.



















Бәріміз бірге « Болайықшы осындай» әнін орындау.

[pic]