Технологическая карта Почему мы должны чистить зубы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Ақ бота» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі А.Қ Секен

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Валеология»

Тақырыбы: «Почему мы должны чистить зубы»

Мақсаты: Баланың жеке басының тазалығын сақтаудың жолдарын айту қол жуу мен тіс тазалау туралы түсініктерін кеңейту.Ұқыпты және жүйелі түрде тіс тазалау және қолды жуу дағдыларын қалыптастыру.

Қолданатын көрнекіліктер: түрлі-түсті суреттер,тіс щеткасы,тістің макеті

Мотивациялық қозғаушылық












Ұйымдастыру-

шылық-ізденушілік



































































Рефлексиялық түзетушілік

Балалар шеңберге тұрамыз

Денсаулық – ол шыныққан,

Барлық дене мүшесі.

Денсаулық – ол тыныққан,

Жүйке,тамыр жүйесі.

Денсаулық ол – күлуің,

Көңіл-күйің жадырай.

Денсаулық – ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

Балалар бәріміз бірге қонақтармен амандасайық

Топқа қонақ келеді Негеш(тісі ауырып)

-Балалар Негешке не болған,неге ауырады?

-Жарайсыңдар балалар сендер көп біліеді екенсіңдер,ал балалар сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ма?

-Ал ендіше мұқият тыңдайық

Өзі аппақ маржандай,

Тамақ өтпес шайналмай.

осы жерде Негеш тісті алып шығып менің тісім осындай ауырмайтын,ақ маржандай сау болған,енді не істеуге болады?

Негеш сен мына жерге отыр біздің балалар саған қазір түсіндіріп береді қалай тісті күту керектігін.

Балалар үлкен адамда отыз екі тіс бар.Осы тістердің көмегімен тамақ шайнаймыз.Адамдарда тіс болмаса?Онда не болар еді?Тіс не үшін қажет?Дұрыс айтасыңдар тіс бізге шайнау үшін керек.Онсыз біз тамақты шайнап жей алмаймыз.Тамақ аузымызда сілекеймен шыланып,тіс арқылы ұсақтатылады. Балалар сендерде тістерің бар ма?Кәне ол тістерің көрсетіңдерші?Үлкен адамдарда отыз екі тіс болады дедік,оның алғашқылары сүт тістер болады,он жасқа келгенге дейін ол сүт тістеріміз түсіп,орнына тұрақты тістер өседі.Осы отыз екі тістерді сақтау үшін не істеу керекпіз?Дұрыс айтасыңдар тістерімізді тазалау керек.Тістерді күніне екі рет тазалау керек.Тамақта үнемі орамжапырақты қолдану керек.Оның құрамында тісті және қызыл етін сақтауға көмегін тигізетін «С»дәрумені бар.

-Ал сендер сүт ішесіңдер ме?

Неғұрлым сүтті көп ішсеңдер,соғұрлым тіс мықты болады.Сәбізді міндетті түрде жеу керек,себебі оның құрамында адам ағзасына пайдалы – темір, «В,С»дәрумендері өте көп.

Ал тіспен қатты заттышағып жеу,тістеп көру тіс эмаліне зиян келтіреді.Тіс эмалі –дегеніміз тістердің сыртқы қабаты.

Сергіту сәті

Жаттығуды бастаймыз

Денемізді жазып біз

Әдемі болып шығайық

Біз аяқпен топылдаймыз

Біз қолмен шапалақтаймыз

Баспен біз шайқаймыз

Қолымызды көтереміз

Одан кейін төмен түсіреміз

Одан кейін ақырын

Орнымызда жүгіреміз

Б алалар естеріңде болсын тамақ ішіп болған соң аузыңды шаюды ұмытпа.Бұл ережелерді орындама саңдар сендердің тістеріңде тесі(кариес)пайда бола- ды.Ондай жағдайда тезірек дәрігерге көріну керек.Тіс емдейтін дәрігерді – стамотолог дейміз.Жылына екі – үш рет дәрігерге қаралу керек. Балалар тістеріміз сау болу үшін не істеу керекпіз? Тісті күту ережесін мұқият орындап отыру керек.


Балаларға жаттығуды орындауға ұсыну

«Тіс тазалау»

Тістің сыртқы жоғарғы жағын тазалау.Тіс щеткасы қызыл ет бойымен (жоғары,төмен)қозғалады.Қозғалыс жоғарыдан төмен, кейін төменнен жоғары қайталанады.Әр тістің шайнау бетін тазалау Щетканы алға және артқа қозғалту.Щетканың ұшымен тістердің ішкі жағын дөңгелете қозғалту арқылы тазалау.


Балаларға тістерінің сау,күлкілерінің әдемі болу үшін тісті күтіп,айтылған ережелерді есте сақтау керектігін айту.Балалар күніне неше рет тісті тазалау керек?

Тісті біз немен тазалаймыз?

Тіс емдейтін дәрігерді қалай атайды?

Ал енді балалар Негешке арнап тілегімізді айтайықшы:

-Тісті күніне екі рет тазалау

-Тамақтан кейін аузыңды шаю

-Ыстық тамақтан кейін суық нәрсе ішуге болмайды

-Жаңғақты тісіңмен шақпа

-Тәттіні көп қолданба

-Тіс дәрігеріне көрін

-Әркімнің өзінің жеке тіс щеткасы болсын

-Барлығыңызға денсаулық,бақыт тілейміз

Қонақтармен қоштасу -Сау болыңыздар

Балалар тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталайды






-Сәлеметсіздерме!

-Тісі ауырады,тәттіні көп жеуге болмайды


-Иә


[pic]






























Балалар тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталап қимыл-қозғалыстарды көрсетеді









Әдет қыл бұл ісіңді;

Тазалап тұр тісіңді.


Тазазлаған таңертең,

Кешке жатар алдында.

Ауырмасын күні ертең,

Десең,жүрсің жадыңда.


Ішсең де айран,жалғыз шай,

Тамақтан соң ауыз шай.


Кішкене де ыңғайлы

Тіс ысқышты пайдалан.

Тазалауға болмайды,

Ысқышымен басқа адам.


Ауру тістер жүрекке,

Асқазан,бауыр,бүйрекке

Тигізеді залалын.

Сондықтан бар тілек те:

Жылына екі-үш реттен

Дәрігерге қаралғын.


Күтілетін нәтижесі:.

Біледі: тістің не екенін біледі

Білді: тіс дәрігерінің кім екенін,тісті қалай күту керектігін білді

Білу керек: тісті тазалау жолдарын білді