Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Сәби тобы. «04 » «Қазан» 2016 жыл.


Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы: Кеш. Үлкен-кіші. Біреу - көп.

Мақсаты:кеш –тәулік бөлігімен таныстыруды жалғастыру.Тәулік бөлігін ажырата білуін қалыптастыру.

Міндеттері: кеш –тәулік бөлігімен таныстыруды жалғастыру: үлкен –кіші түсініктерін бекіту: заттарды көлеміне қарай сәйкестендіру қабілеттерін пысықтау. Бір зат қайда, көп зат қайда тұратынын ажырата білуге үйрету және нәтижесін сөзбен баяндау.

Көрнекіліктер: кеш мезгілі, үлкен және кішкентай заттар бейнеленген суреттер;жұмыс дәптері, әр балаға жай қарындаштар.

Сөздік жұмыс: кеш, үлкен, кішкентай.


Педагогтің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Шаттық шеңбері.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте куаныштымын.Кәне, бәріміз шаттық шеңберіне тұрайық. Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, бәріміз бірге: қайырлы таң! дейік.

Әдібай Табылдиевтің Қайырлы таң, балалар! Тақпағынан үзінді оқу:

Арайланып таң атты,

Алтын шапақ таратты,

Қайырлы таң, балалар!

Аман Отан - панамыз,

Аман ата - анамыз,

Қайырлы таң, балалар!

- Өткен оқу іс-әрекетінде тәуліктің қай мезгілі туралы әңгімелегенімізді есімізге түсірейікші.

- Сендер бұдан басқа қандай тәулік мезгілін білесіңдер?

Шаттық шеңберіне тұрады.






Бәрі бірге Қайырлы таң!- дейді.


Тақпақты мұқият тыңдайды.



-Күндіз туралы әңгімеледік.



-Таңертең туралы білеміз.

Ұйымдастыру-ізденістік





Бұл қай кезде болады?ойыны.

Жұмыс дәптеріндегі 3- оқу іс-әрекеті, 1-тапсырма. Тәрбиеші балаларға кешкі мезгіл туралы өлең оқып, әңгімелеп беру

Сұрақтармен жұмыс:

-Біз қай мезгіл туралы әңгімеледік.

-Біз кешке не істейміз?

-Суреттен нені көріп тұрсындар?


-Бала не істеп жатыр?



-Бұл уақыттың қай мезгілінде болады.

Үлкен- кішкентай ойыны.

3-оқу іс-әрекеті, 2-тапсырма Балаларға жұмбақ жасыру.

Отқа қойсаң елпілдеп.

Быж-быж етіп тұншығар.

Тақиясы селкілдеп,

Танауынан су шығар.

-Балалар, жұмбақ не туралы?

Балалардың назарын бірнеше шәйнектің салынған суретіне аударады.

Балаларға сұрақтар қою.

-Шәйнектер бірдей ме, әлде әртүрлі ме ?

-Олар қандай ?

Тәрбиеші:

-Балалар , сол қолдарыңның үлкен саусағын бас бармақ үлкен шәйнекке, кішкентай саусақтарынды шынашақ кішкентай шәйнекке қойындар.

-Ал кеселер бірдей ме?


Енді балалардан оң қолдарының үлкен саусағын кішкентай кесеге қоюды сұрау.

Балаларға үлкен шәйнекті үлкен кесемен, ал кішкентай шәйнекті кішкентай кесемен сызық арқылы қосуды тапсыру.

Сөздік жұмыс: кеш, үлкен, кішкентай.

Үлкен –кіші. Сергіту минуты.

Тәрбиеші балаларға жаттығу жасап көрсетеді: алдымен мен кішкентай боламын деп, отырады Содан кейін өсіп үлкен боламын деп тұрып, қолын жоғары созады.

Бір –көп дидактикалық жаттығуы.

3-оқу іс-әрекеті, 3-тапсырма.

Тәрбиеші балалардан суретте бір-бірден тұрған ойыншықтарды атауын және қоршап сызуларын тапсырады.

Содан соң тәрбиеші балардан көп заттарды атап көрсетулерін өтінеді. Жеке жұмыс жүргізеді


Балалар өлеңді әңгімені тыңдайды.



-Кеш мезгілі туралы.

-Ұйықтауға дайындаламыз.


Суреттен көргендерін айтады.

-Ұйықтауға дайындалып жатыр.


-Кешке.



Балалар жұмбақты тыңдайды.

-Шәйнек туралы.


Балалар суретке мұқият қарайды.

-Шәйнектер әр түрлі.

-Үлкен және кішкентай шәйнектер.





-Олар да әртүрлі: үлкен кесе және кішкентай кесе.

Балалар тапсырманы орындайды.


Балалар сызық арқылы қосады.

Қайталайды: кеш, үлкен, кішкентай.


Тізелерін бүгіп отырады. Тұрып қолдарын жоғары көтереді.


Балалар бір-бірден салынған ойыншықтарды атайды және қоршап сызады:1ат, 1 піл, 1машина.

-Доп, текше, аю көп.

Рефлексиялық-түзетушілік





-Балалар, сендер тәуліктің қандай бөліктерін білесіңдер?

Балалар жауап береді; кеш, күндіз.


Күтілетін нәтиже:

Жасайды: тәулік мезгілдерін таң, күн, кеш, заттарды көлемі бойынша қалай салыстыру керектігін;

Түсінеді: қай жерде бір зат, қай жерде көп зат екендігін;

Қолданады: заттардың санын біреу, көп айқындау дағдысын.