Занятие по экологии на тему Ауа (ДО)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ересектер тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс әрекеті

Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.

Тақырыбы: Ауа

Білім көздері: Экология негіздері.

Мақсаты: Балаларды ауаның қасиеттерімен таныстыру, таза ауаның денсаулыққа пайдасы жайлы және ауаның улануының себептері туралы білімдерін бекіту. Ойлау қабілеттерін, сөз қорларын дамыту. тапсырмаларды бірлесіп орындауға қызығушылықтарын арттыру. Қоршаған ортаны аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Алдын ала атқарылған жұмыстар: ауа туралы әңгіме сабақтар өткізу, әртүрлі тәжірибелер жасау арқылы ауаның қасиеттерімен таныстыру.

Қолданылған әдіс тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын, ізденіс тәсілдері, мақал мәтелдер.

- Балалар, бүгін таңертең бізге мынандай хат келді. Оны бізге бір саяхатшы жіберіпті, бірақ өзінің аты жөнін жазбапты. Кім біледі, саяхатшы дегеніміз кім? Бұл сөзді қалай түсінесіңдер? Дұрыс айтасыңдар,балалар,саяхатшы дегеніміз- саяхатты көп жасайтын адам. Қане қарайық, ол кісі бізге не жібергенін. Міне қызық,хаттың ішінде екі сурет және бізге хаты бар. «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен мына суреттегі жерлерде саяхатта болдым. Бірінші барған жерім өте әдемі, ал екінші жерім өте лас, ауасы уланған. Осы жердің балалары сендерден көмек сұрайды. Олар өздерінің жерлерінің ауасын тазарту үшін не істерлерін білмейді. Құрметті, балалар, олар таза ауа туралы, ауа қайда болатыны және ауаны қалай тазарту керектігі жайлы сендердің айтып берулеріңді сұрайды. Сендер осы балаларға көмек бере аласыңдар деген үмітпен, хат жолдаушы саяхатшы.»

- Мінекей, балалар, осындай көңілсіз хат келді бізге. Біз осы балаларға көмектесе аламыз ба? Ал ендеше мына суреттерге қараңдары, саяхатшы осы жерлердің қайсысында жақсы дем алған? Мына жерде ме, әлде мына жерде ме? Неліктен олай ойлайсыңдар? Балалар, мына жерде неліктен ауа таза деп ойлайсыңдар? Ал мына жерде неліктен ауасы уланған? Ауаны тазарту үшін не істеу қажет? Неге ағаштарды көп отырғызу керек? Дұрыс, өйткені ағаштардың жапырақтары уланған ауаны өзіне жұтып, таза ауа шығарады.Адамдар, құстар, аңдар осы таза ауамен дем алады.Сондықтан бізге табиғатты аялап, сақтауымыз керек. «Табиғатты сақтау керек» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- Балалар, егер біз сендермен таза ауаға шықпасақ не болады? Дұрыс, сондықтан таза ауаға серуенге шыққан өте пайдалы, біздің денсаулығымызды шынықтырады, көңіл-күйімізді көтереді. А таза ауа тағы кімдерге керек?

Дидактикалық ойын «Кімге ауа қажет?» Сергіту сәті.

- Балалар, қазір біз сендермен ауаның қайда, неде болатынын қарастырайық. Ауа әртүрлі заттарда бар екеніне көзімізді жеткізу үшін, біз сендермен тәжірибелер жасаймыз.

1. Ыдыстағы суға ішінде майлығы бар стақанды аударып саламыз. Майлық құрғақ күйінде қалады, өйткені стақанның ішіндегі ауа суды кіргізбейді.

2. Целлофан дрбасын балаларға бұратамын. Дорба томпайып, үрленіп қалады, өйткені ішінде ауа бар.

3. Ыдыстағы суға әртүрлі заттарды саламыз, судың бетінде көпіршіктер пайда болады, бұл көпіршіктер-ауа.

- Міне, балалар, ауа затта және барлық жерде бар екен. Солай ма? Енді тағы мына суреттерге қараңдаршы, сендер қай жерде өмір сүргілерің келеді? неге? Ал енді мына суреттегі жағдайды кім жасайды деп ойлайсыңдар? Осының бәріне кім кінәлі? Айналамыздағы ауамыз, тұратын жеріміз таза болу үшін бізге не істеу керек? Қазір балалар өздерінің білетін мақал мәтелдерін айтып беріңдер.

- Өте жақсы,балалар, тауып айттыңдар. Біз бүгін саяхатшының өтінішін орындадық деп ойлаймын. Тәжірибемізден ауаның барлық жерде бар екенін дәлелдедік. Енді біз білеміз ауа неліктен уланатынын, ауа таза болу үшін не істеу керектігін де білеміз. Солай ма, балалар?

Керегінше әрқайсың

Сіміресің қанбайсың

Онсыз жерде он минут

Өмір сүре алмайсың.

- Жарайсыңдар,балалар, бәрлерің белсенді жұмыс істедіңдер. Мен сендерге мына бір әдемі кітапты сыйлыққа тартқым келіп тұр. Осы кітапты оқып, білімімізді одан ары толықтырайық.


Автор: Жансейтова Клара Апеновна