Күні.
Пәні: Сурет
Тақырыбы: Құмған.
Мақсаты:
1) Құмған туралы білімдерін жетілдіру,құмғанды сала білуге үйрету.
2)Сурет салу дағдыларын дамыту.
3) Өз халқының қолөнерінедеген сүйіспенілік сезімін тәрбиелеу.
Түрі : жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: суреттер ,
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері:
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, жылы тілектерін айтқызу.
ІІ.Мақсат қою.
Құманды салуға уйрету .
III Жаңа сабақ
-Балалар, суретте не көріп тұрсындар?
-Бұл ыдыстықай уақыта қолданамыз?
Енді құмған туралы мәліметті мұқият тыңдап алайық. Ол үшін Дымбілместен келген мына хатты оқйық. «Сәлеметсіңдер ме балалар! Маған сендердің көмектерің керек. Достарым менен қолға су құятын ыдыс қалай аталады деп сұрады, ал мен жауабын білмеймін. Сендер маған сол ыдыстың суретін салып баре аласы дар ма?»
-Балалар көмектесеміз бе?
-Қолымыздан келе ме?
Онда құмғанның суретін салып көрейік. Мойны жіңішке, ұстайтын сабы болады екен, ретімен салайық әйтпесе Дымбілмес түсінбей қалып жүрер. Алдымен қағаздың ортаңғы бөлігіне дөңгелек салып аламыз, ал оның астыңғы бөлігіне салынған көлемі екі есе кіші жарты дөңгелекті үлкен дөңгелек жаққа қаратып сабақтастырамыз енді құмғанның мойнын жасау үшін ұзын тік төртбұрышты үлкен дөңгелектің үстіндегі бөлігіне орналастырамыз. Құмғанды ұстайтын сабын саламыз. Пішіндерді орналастырып алғаннан кейін, үлгіге қарап , жоғарғы су құйылатын бьөлікті сүйірлейміз құмғанды салып болғаннан кейін бояуды бастаймыз құмғанды ою – өрнекпен әшекелейміз.
Сергіту сәті.
Жарға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болса дағы сақалы,
Секеңдеуді қоймайды.
ІV Түсінгендерін зертеу кезеңі.
-Балалар біз ненің суретін салдық?
-Құмған не үшін керек екен?
-Дымбілмеске ненің суретін салып бердік?
V Бекіту кезеңі
-Балалардың суреттері тақтаға ілінеді – балалар суреттерің өте әдемі, сабақтан кейін пошта арқылы Дымбілмеске салып жібереміз.
VI Балаларды мадақтау