Открытый урок Түрлі түсті мұздар

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


БЕКІТІЛДІ

КМҚК «Айналайын»

бөбекжайының директоры

______А.Ж. Кульмаганбетова .

«____»______________ж









Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы:Түрлі түсті мұздар. [pic]























Тәрбиеші:Р.Алинбаева









Приозерск қаласы

«Жұлдыз» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 30.12.15ж

Білім беру саласы: «Таным». «Әлеуметтік орта»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі «Қоршаған орта» «Экология».

Тақырыбы: «Түрлі түсті мұздар».

Мақсаты:

Білімділік: Судың сұйық және қатты күйде болатындығын түсіндіру

Дамытушылық: Тәжірибе жасау арқылы судың түрлі түсті мұзға қалай айналатындығын көрсету .

Тәрбиелік: Жансыз табиғат туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: су,мұз,құтыдағы мұз,киіпкер Аққала,түрлі түсті бояулар,қылқалам,қол сүрткіш,ыдыстар.

Сөздік жұмыс: Мұз

Билингвальды компонент: су-вода, мұз-лед қар ұшқындары-снежинки.


Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешініңіс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық



Балалар, бізге ғажайып қонақ Аққала келді. Бір қолында қар жинағы, ал екінші қолында мұз салынған құтысы бар.

Шаттық шеңбері «Танысу»

-Сәлеметсізбе Аққала !

-Амансыздарма балалар мені танисыңдарма?

-Менің атым Аққала.

Ал сенің атың кім?..............(қар кесегін балаларға беріп аттарын сұрайды,қонақтарға әдемі көңіл күй сыйлайды)балалар орындарына отырады. Мұзды балаларға ұстатып мұз қатты,сырғанақ және суық екенін айтады.





Балалар Аққаламен амандасады, қызығушылық көрсетеді.



Балалар аттарын айтады.Менің атым Алинұр.............

Балалар қолдарымен ұстап қатты, сырғанақ, суық екенін айтады


Ұйымдастыру

шылық-ізденістік






Балалар қолдарымен мұзды ұстап көреді.

-Қолдарымыз тоңды саусақтарымызға жаттығу жасайық.

Қарды қолмен жинайық, Саусақтарымыз шаршады.

Алақанды ысқылаймыз

Ал енді жылытамыз.

Тәрбиеші:Балалар Аққаламыз алып келген мұзы еріп кетіпті,су болыпты. ----Балалар, банкілерге не құйылған?

Су қандай?Мөлдірлігі соншалық, оның іші жақсы көрінеді. Кім мөлдір суды жақсы көреді? Барлығың жақсы көреді екенсіңдер.

Суды қайда қолданамыз?

Таза суды ішеміз,тамақ дайындаймыз, ыдыстарды жуамыз,өзіміз жуынамыз.

Суда нелер тіршілік етеді?

Енді біз түрлі-түсті бояу қосып суды араластырамыз. Енді түрлі түсті судан түрлі түсті мұз жасаймыз

-Суды мұзға айналдыруға бізге Аққала көмектеседі. Өйткені Аққала суықты жақсы көреді.Мына қалыптарға суды құйып, Аққалаға берейік (Аққала суды қатыруға шығып кетеді).

Су қатты суықта және де тоңазытқышта да қатады.

Билингвальды компонент: су-вода, мұз-лед,қар ұшқындары-снежинки.

Сергіту жаттығуы.

Музыка қойылады.

-Қазір біз «Қар ұшқыны» биін билейміз.

Аққала келіп,судың мұз болып қатқанын айтады.Тәрбиеші мұзды шыны ыдысқа салып балаларға көрсетеді.

Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?» Шарты:төрт топқа бөлініп, әр топтүрлі-түсті мұзды қасықпен алып, тәрелкелерге салады.

-Мұз қандай?(суық,қатты,түсі сары,қызыл,көк және жасыл)

Мұзды Аққалаға орманға беріп жіберейік, ол ормандағы шыршаларды безендірсін.Аққала балалармен қоштасып кетеді





Қолымен қар жинайды,

саусағын ашып жұмады.

Екі алақанды бір-біріне ысқылап, аузымен үрлейді.


-Су

-Мөлдір, таза.

Мен жақсы көремін.

Менде жақсы көремін...........

-Таза суды ішеміз, қолымызды жуамыз, жуынамыз.

-Таза суда балықтар тіршілік етеді.

Бақылайды.









Қайталайды.




Музыка әуеніне сай би билейді.






Балалар ойынды қызыға ойнады.

Балалар мұздың суық,қатты екенін түсі сары,қызыл,көк,жасыл екенін айтады.

Балалар қоштасады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытындылау.

-Жарайсыңдар, балалар! -Балалар, бізге қонаққа кім келді?

-Біз не істедік?

Судың неге айналғанын көрдік.

Бізге Аққала көмектесті,ол кісіге көп рақметдеп айтайық.Балалар суды Аққала мұз етіп қатырады екен және суды тоңазытқышқа қойсақ та қатады екен.



-Аққала келді.

-Бірнеше түрлі түсті мұз жасадық.

-Мұзға.

Балалар су сұйық және қатты күйде болатындығын тұжырымдайды және суды аязға қатырса, мұз шығатындығына көздері жетеді.


Күтілетін нәтиже:

Орындайды: суды түрлі түсті етіп бояуға болатындығын.

Түсінеді: су және оның күйлері туралы ұғымды.

Қолданады: тәжірибе жұмыстарын бақылай отырып, іс- тәжірибе дағдыларын.




Тексерілді: ______________Хизирова Д.М.