Тақырыбы: «Шуағын ша
Мақсаты: 8 наурыз аналар мерекесін кеңінен насихаттау.
Көрнекілігі: түрлі түсті шарлар, аналар туралы мақал – мәтелдер т.б.
Өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Құттықтау сөзі
Жүргізушілер:
1. Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
2. Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
1.Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көркем мерекесін қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Осы мерекеге орай өткізіліп отырған «Шуағын шашқан - аялы алақан"» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
2,Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,
- деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне ұлдарымыздың биін қабыл алыңыздар (Қара жорға биі).
1.Енді алдарыңызда балаларыңыздың өнерлерін қабыл алыңыздар.
Мадияр
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір - бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Ермахан
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар.
Оқушы – ...
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Оқушы - ...
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.
1. Көктемде тіршілік атауы ұйқысынан оянады, құстар жылы жақтардан қайта оралады. Көктемде күн ұзарып, ауа райының жылуынан қар еріп, тоң жібиді, жауын - шашын мол жауады, соның салдарынан көбінесе су тасиды. Көктемде жалпы тіршілік иелерінің жандануы, тірілуі басталады, жәндіктер мен хайуанаттар қысқы ұйқысынан оянып, тіршілігін бастайды, мал төлдеп, жыл құстары оралады, жер бетіне көк шығады, жеміс ағаштары бүршік атып гүлдейді. Жер жырту, ағаш отырғызу, егін егу, т. б. ауыл шаруашылығы жұмыстары жүргізіледі. Әр көктем ерекше, бір керемет, сыры бітпес бір тылсым.
2. Ал қазір ата – аналармен ойын ойнаймыз (ойын)
Ойынның 2 шарты бар, олар:
1. Ата - аналардың сипап сезу мүшелеріне сүйеніп, өз балаларын тауып алсын. Яғни қазір ортаға ойынға қатысамын деген 5 ата-ана шықсын.
2. 5 ата - ананы шығарып 5 шарды жарып ішіндегі логикалық сұраққа жауап береді.
Сұрақтар:
1. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды.
Неше стакан қалды?
Жауабы: үш стакан
2. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр.
Көшеде неше адам жүр?
Жауабы: үшеу
3. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
Жауабы: шырпы
4. 5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше?
Жауабы: 12 минута, бәрін бірге саламыз.
5 Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?
Жауабы: 5
Қатысушыларды марапаттау.
1. Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «Қазақ биін».
Ортада қазақ биімен ____________ қыздарыңызды қабыл алыңыздар.
Ал енді балаларымыздың дайындаған шағын сыйлықтарын қабыл алыңыздар.
2. Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
1. Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасыншы жанарыңа
Осыменен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі аналар күніне арналған «Шуағын шашқан - аялы алақан» атты ертеңгілігімізді _________________________________ әнмен аяқтайымз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!
шқан - аялы алақан» .