Халық ауыз әдебиеті арқылы баланың тіл байлығын дамыту
Дана бабаларымыз: «Тіл-халықтың игілігі» деген екен. Халық ауыз әдебиетінің негізінде тілдің қасиетін жоғалтпау әр баланың болашағына тікелей байланысты болмақ. «Ата көрген оқ жонар» демекші, бұл істің бастауы ғасырлар қойнауында жатса керек және де ұрпағымыз одан әрі жалғастырады деген сенім бар...
Ауыз әдебиетінің асыл үлгілеріндегі өзекті ойлар өз ұрпақтарын Отаның, елін, жерін жаудан қорғауға, патриотизмге баулу болмақ.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өткізілетін ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті барысында жаңа технология элементтерін пайдалану тиімді. Бұл орайда, баланы жалықтырып алмаудың жолдарын қарастырып, мына тәсілдерді тиімді қолдану қажет:
Бала қабілетін ашуда тіл шеберлігіне көңіл бөлу;
Білімін қосымша әдебиеттермен толықтыру;
Жылы сөздер арқылы «сенің қолыңнан келеді», «сенің болашағын зор»-деп, үнемі балаға шабыт беріп отыру керек.
Баланың тілін дамыту кезінде барлық сөздермен дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, артикуляциялық аппараттарын дамыту және де тілдің грамматикасын дұрыс сақтауды қалыптастыру. 3-4 жас ерекшелігі аларлығындағы балалар үшін жеңіл, әрі қысқа жумақтарды қолдану қажет. Мысалы: Жайлауға, көш көшті, Жайлауда біл жылғышы,
Көш кеш көшті. Жылқышы –әнші жыл құсы.
Балаларға қысқа ертегіні оқып, түсіндіетін болсақ,қортындылау кезінде оларға ертегідегі кейіпкерлер сөздерін, дыбыс ырғағын дұрыс келтіріп, айта білу дағдысын орнатуға жағдай жасау. Балалар үшін театрландырылған әрекеттер өте қызықты болып келеді.
Шығармашылық сөйлеу әрекетін орындау да көңілді: Мәселең, шағын тақпақты жатқа айту кезінде, соған сәйкес қимылдарды орындау. Мысалы келтірейік:
Күн мен түнде теңелді, Алашаның жердегі,
Жер шуаққа кеңелді, Ашық екен өрнегі,
Соны тойлар ел енді Текеметте төрдегі.
Осы жұмысты орындай келе, баланың тілдік қоры молайып, ата-бабамызға деген құрметті жоғалтпай, қазақ ауыз әдебиетін қолдануды одан әрі жалғастыра түсеміз.