Сценарий утренника КҮЛІМДЕ НАУРЫЗ, КҮЛІМДЕ!

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Күлімде, Наурыз күлімде»

Наурыз мерекесіне арналған даярлық тобының ертеңгілік сценариі

Музыка әуенімен балалар залға кіріп орындарына отырады.

Жүргізуші:

«Наурыз» әні орындалады.

Музыка әуенімен әже кіреді.

Әже: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, әже! Балалар қане әжемен амандасайық. Келіңіз әже төрлетіңіз, отырыңыз. Әже, байқаймын көңіл-күйіңіз болмай тұр ғой.

Әже: Наурыз мерекесіне дайындалып бауырсақ, тоқаш пысырып едім. Бір қарасам бауырсақтарым жоқ. Енді не істерімді білмей тұрғаным.

Жүргізуші: Әже, ендеше біз балалармен сізге көмектесейік. Алдымен балалар сіздің көңіл-күйіңізді көтеріп көңілді ән айтып берсін. Әжеге ән айтып берейік пе, балалар? (ия)

Балалар орындарынан тұрып жарты шеңбер жасап тұрады.

«Көктем келді» әні орындалады

Балалар орындарына отырады.

Әже: Балалар, көп рахмет! Көңіл-күйімде көтеріліп қалды.

Жүргізуші: Әже сіз уайымдамай ауылыңызға барыңыз. Біз балалармен бауырсақты тауып сізге апарып береміз.

Әже: Жарайды, балалар! Сендерді күтемін.

Музыка әуенімен әже шығып кетеді.

Жүргізуші: Балалар, әженің баурсағын қайдан іздесек болады?

Музыка әуенімен мыстан кемпір кіреді

Мыстан: Сендер мұнда барлығың жиналып алып қандай мерекені тойлап жатырсыңдар? Мені неге шақырмайсыңдар ааа?

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы бұл кім келген бізге? (Мыстан). Мыстан кемпір біз Наурыз мерекесін тойлауға дайындалып жатырмыз. Сен неге келдің? Әлде тағы бірдеңе бүлдіріп қойдың ба?

Мыстан: Осы сендер мені неге мерекелеріңе шақырмайсыңдар? Мені шақырмайды екенсіңдер менде сендерге кедергілер келтіретін боламын. Балалар осы сендер еш нәрсе жоғалтып алған жоқсыңдар ма?

Жүргізуші: Мыстан сен оны қайдан білдің? Балалар, әженің бауырсағын ұрлаған осы мыстан кемпір ғой деймін шамасы. Сендер қалай ойлайсыңдар? (ия)

Мыстан: Ха-ха-ха, соны және білдіңдер ме?

Жүргізуші: Мыстан, әжейдің бауырсақтарын қайтар.

Мыстан: Жоқ, қайтармаймын. Менің шарттарым бар соны орындауларың керек және мені өздеріңмен бірге әженің ауылына алып барыңдар.

Жүргізуші: Балалар, қалай қарайсыңдар? Келісейік пе? (ия). Жәрәйді мыстан біз келісеміз. Шарттарыңды айта бер.

  1. Ойын «Қамшы тастау»

  2. Би «Весенняя полянка»

  3. Ойын «Теңге алу»

Жүргізуші: Ал, мыстан шарттарыңды орындадық. Енді бауырсақты қайтар, әжемізде күтіп қалды. Тезірек ауылға барайық.

Мыстан бауырсақты алып шығады.

Мыстан: Міне, бауырсақтарың. Ал енді әжемізге жолға шығайық. Жолда көңілді болу үшін «Қара жорға» биін билейік.

«Қара жорға» биі

Осы кезде шторлар ашылады. Төрде дастархан жайылып тұрады. Дастархан басында әже отырады.

Жүргізуші: Балалар, міне көңілді бидің арқасында ауылға да жетіппіз.

Әже: Ой, балалар келгендерің жақсы болды ғой. Менің бауырсақтарымды да тауып әкеліпсіңдер.

Жүргізуші: Иә, әже сіздің бауырсақыңызды мыстан кемпір алып кетіпті. Ол, өзінің қателігін түсініп бізге қайтарып берді. Балаларда бауырсақты қайтару үшін мына мыстанның шарттарын орындауға көмектесті.

Мыстан: Кешіріңізші, мені әже. Менікі дұрыс болмапты.

Әже: Әрине, мыстан кемпір, кешіреміз. Наурыз – ақ түйенің қарны жарылған күн. Бұл күні ренжіскен адамдар бәрі татуласу керек.

Жүргізуші: Ал енді, бәріміз татуластық. Мерекемізді жалғастырайық. Әжемізге дайындаған ән, биімізді тарту етейік. Наурыз тойын тойлайық.

Тақпақ

«Әжеме» әні

«Наша бабушка» әні

Би «Қарлығашым»

Ойын «Арқан тарту»