[pic]
Ақмола облысы, Ерейментау қаласы, «Болашақ» бөбекжай-бақшасы,
Серикова Арайлым Хамитқызы, музыка жетекшісі, І санат, телефон 87013133219
Музыка оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Тақырыбы: «Театр әлеміне саяхат»
Мақсаты: Театрланған өнерді қолдану арқылы, балалардың эмоциясын, қабілетін дамыту. Ойын жаттығуларын қолдану арқылы, балалардың тілін дамыту, дауыс ырғағын қалыптастыру, сөйлемді бір тыныста айтуға үйрету. Театр терминдерімен таныстыру.
Міндеттері:
Білімділік: Балаларды музыка тыңдауға, оның көркемдік ерекшеліктерін түсінуге баулу. Театр туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Есту, тыңдау, ойлау және эмоциялық қабілеттерін дамыту,
Тәрбиелелік: Әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Үн таспа, интерактивтік тақта, күйсандық, маскалар, қасықтар, паровоз макеті.
Сабақтың барысы
Балаларды көңілді әуенмен қарсы алу.
Сәлемдесу жаттығуы:
Музыка жетекшісі:
Сә – ле –мет – сің – дер – ме, ба –ла – лар
Балалар: Сә - ле - мет - сіз - бе
Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келді. Олай болса келген қонақтармен де амандасып, қайырлы күн тілейік.
Балалар:
Қайырлы күн, сіздерге,
Қош келдіңіз, біздерге.
Ашық аспан тілейміз,
Шын жүректен сіздерге.
Музыка жетекшісі:
Тамаша!
Балалар, мен сендерді бүгін театр әлеміне саяхатқа шақырғым келіп отыр. Бұл саяхатымызда сендерді небір қызықтар күтуде. Олай болса саяхатымызға шықпас бұрын, мен сендерге мынадай сұрақтар қойғым келіп отыр.
Қане кім айтады?
Театр дегеніміз не?
Балалар: Театр бұл көптеген спектакль, ертегілер қойылатын жер.
Ал сол ертегі, спектакльдердегі рөлдерде ойнайтын адамдарды біз қалай атаймыз?
Балалар: Актер
Музыка жетекшісі:
Актер болу үшін балалар, көп нәрсе үйрену керек, көп оқу керек.
Ал ендеше саяхатқа шығуға дайынбыз ба?
Балалар: Иә
Музыка жетекшісі:
Бүгін біз саяхатқа мына тұрған көңілді паровозбен аттанамыз.
(үнтаспадан паровоздың жүруін хабарлайды)
«Көңілді паровоз» әнімен жолға аттанады.
Ән: «Көңілді паровоз» авторы Серикова А.Х7
Паровозға мініп,
Барамыз біз зырғып.
Әйнектен қараймыз,
Табиғатқа қызығып.
Күннің көзі біздерге,
Шуағын шашады.
Біздің паровоз,
Зырылдап барады.
Қ- сы
Чух- чух - чух, ту- ту - ту
Деп ән салады
Біздерді қалаған,
Жерге апарады.
Чух- чух - чух, ту- ту - ту
Деп ән салады
Біздерді қалаған, 3 рет
Жерге апарады.
Келеміз біз бірге,
Көңілді біздерге.
Паровоз зырғиды,
Темір жол үстінде
Күннің көзі біздерге,
Шуағын шашады.
Біздің паровоз,
Зырылдап барады.
Музыка жетекшісі:
Қане балалар, паровоздан түсейік.
Көңілді паровоз қай жерге әкелгенін көрейік.
Мимика станциясы.
Қане балалар, мына суреттерге көз жүгіртейік. Балалардың түрлеріне мұқият қарайықшы. Не көріп тұрсыңдар?
Сонымен мимика дегеніміз не болды?
Балалар: Адамның түр- әлпеті. Біздің көңіл -күйімізді білдіреді.
Музыка жетекшісі:
Әр адамның көңіл- күйі әр түрлі болады екен.
Ал қазір мен сендерге әртүрлі көңіл- күйлерді айтамын, ал сендер маған сол көңіл- күйлерді мимика арқылы көрсетіп бересіңдер.
Маған әкелеріңнің қатты ашуланған кезін көрсетіңдерші.
Ал енді маған бір нәрсені бүлдіріп алып, нестерін білмей тұрған баланың кейпін көрсетіңдерші.
Ал егер де сендерді аналарың мен әкелерің қонаққа апармай тастап кетсе, сендердің көңіл- күйлерің қалай болады?
Ал енді аналарың сендерге көптен бері қызығып, армандап жүрген ойыншықтарыңды әперді не істейсіңдер?
Әрине қуанасыңдар. Қане, ендеше, қатты қуанған кезімізді көрсетейік.
Балалар, қазір мен сендерге Д. Ковалевскийдің «Үш құрбы» атты шығармасын тыңдатқызам. Бұл шығармада үш құрбының мінез- құлқы сипатталған.Сендер сол шығарманы тыңдап, қай әуен қай қыздың мінез- құлқына келетінін айтып бересіңдер.
Музыка тыңдау: «Үш құрбы»
Ал кім осы үш құрбының мінез- құлқын іс -қимыл арқылы көрсетіп бере алады? (үш қыз шығады)
Мен сендерге қайсың қай көңіл -күйді сомдайтындарыңды көрсетемін.
(үш көңіл күйді білдіретін смайликтерді көрсету)
Қойылым: «Үш құрбы»
Жабырқаулы қыз.
Көңілді қыз.
Ашуланшақ қыз.
(үш қыздың көңіл күйін көрсетуге тырысады)
Балалар, бізге осы көңіл -күйлерді ажырату үшін не көмектесті?
Балалар: Мимика, музыка.
Музыка жетекшісі:
Жарайсыңдар!
Балалар, қане кім айтады? Түлкіге, аюға т.б кейіпкерлердің кейпіне ену үшін, біз өзімізді қалай өзгерте аламыз?
Балалар: Костюмдер арқылы, іс – қимылдар арқылы, дауысын салу арқылы.
Музыка жетекшісі: Дұрыс айтасыңдар.
Олай болса, біз қазір әдемі қуыршақтарға айналайық. Қуыршақтардың кейпіне енейік. (бастарына қуыршақтардың түрлі бас киімдерін киеді)
Би: «Қуыршақтар»
Саяхатымызды жалғастырайық.
(паровозға отырады, паровоз әніне қосылып саяхатқа аттанады )
Қане балалар, паровоздан түсейік.
Көңілді паровоз қай жерге әкелгенін көрейік.
Ойын жаттығулары станциясы.
(тотықұс сөйлейді)
Тотықұс: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Біздің станцияға қош келдіңдер!
Музыка жетекшісі:
Балалар, қараңдаршы мынау тотықұс қалай анық сөйлейді.
Ия балалар, актер болу үшін дұрыс сөйлей білуіміз де өте қажет. Олай болса, бізде тілге арналған ойын жаттығуларымызды жасап жіберейік.
Ойын жаттығулары:
(Асықпай)
(Жылдам)
Ыз - ыз – ыз,
Қолымызды жуамыз.
За – за – за
Қолымыз тап таза.
Тазалықты сүйеміз,
Таза болып жүреміз.
Ал енді әуенмен мына жаттығуды орындайық.
Әуенмен.
Біз өнерлі баламыз,
Түрлі аспап тартамыз.
Балалар, енді біз бойымызды сергітіп қимылды ойын ойнасақ қалай қарайсыңдар?
Қимылды ойын: «Біз музыкант баламыз» авторы Серикова А.Х.
Біз музыкант баламыз,
Түрлі аспап тартамыз.
Айналамыз қоймаймыз,
Күйсандықта ойнаймыз.
Біз музыкант баламыз,
Түрлі аспап тартамыз.
Айналамыз қоймаймыз,
Аккардеонда ойнаймыз.
Біз музыкант баламыз,
Түрлі аспап тартамыз.
Айналамыз қоймаймыз,
Дауылпазда ойнаймыз.
Музыка жетекшісі:
Саяхатымызды жалғастырамыз.
(паровозға отырады, паровоз әніне қосылып саяхатқа аттанады )
Ырғақ станциясы
Балалар, бұл ырғақ станциясы екен. Нағыз актер, әртістер музыканың ырғағында сезіне білулері керек.
Сендер менімен келісесіңдер ме?
Қане ендеше, мына қасықтарды ала қойыңдар.
Біз бұл қасықтармен,
Тамақ ішіп қана қоймаймыз.
Музыкаға қосылып,
Түрлі әуен ойнаймыз.
Әуенге қосылып ойнамас бұрын, менің қағысымды қайталап көріңдер.
Ойын: «Ырғақты тап» (қасықтармен әр түрлі қағыстарды ойнап көрсету, балалар қайталап ойнап береді)
Оркестр: «Көңілді қасықтар»
Саяхатымызды жалғастырамыз.
(паровозға отырады, паровоз әніне қосылып саяхатқа аттанады )
Театр станциясы
Музыка жеткшісі:
Балалар, міне біз театр станциясына да келіп жеттік.
Бұл біздің Астана қаласындағы «Астана опера» атты опера және балет театры. Ал сендер театрдың ішін көргілерің келе ме?
Балалар: Иә
Музыка жетекшісі: Бұл сахна, мына кісілер актерлер. Ал мынау отырған адамдар көреремендер. (суреттерін көрсету)
Олай болса бізде қазір актерлер мен көрермендер болып екіге бөлінейік.
Қойылым: «Сыпайы сөз»
(балалар актерлер және көрермендер болып екіге бөлінеді, қойылымға қатысады)
Музыка жетекшісі:
Актерлер де, көрермендер де дайын.
Театрдың есігі бүгін айқара ашық.
Бірақ билеттер сатылмайды.
Билеттер сыпайы сөздер айта білетіндерге ғана беріледі.
Аяғын тез – тез басып, ең бірінші билет алуға кірпі келеді.
Кірпі: Сәлеметсіз бе! Өтінемін маған бір билет беріңізші. Рахмет сізге.
Майысып, үзіліп, түлкі келет сызылып.
Түлкі: Сәлеметсіз бе! Ренжімесеіңіз маған да бір билет беріңізші. Рахмет
Жанталасып, секіріп,
Қояндар келеді ентігіп.
Қоян: Сәлеметсіз бе, маған да билет беріңізші. Рахмет сізге.
Қабағы қатулы,
Аю келеді ашулы.
Аю: Маған билет бер.
Қыз: Жоқ мен саған билет бермеймін. Мен билетті тек қана сыпайы сөйлегендерге ғана беремін.
Музыка жетекшісі:
Балалар, аюдың көңілі түсіп кетті. Мүмкін аюға көмектесерміз?
Ендеше мына ыдысты сыпайы сөздерге толтырып берейік. Аю өзіне билет алсын.
Ал аюжан, енді сен көптеген сыпайы сөздер білесің. Барып енді билетіңді ала ғой.
Жақсы балалар, сендер өте тамаша ойнадыңдар. Қане қолымызды соғып өзімізге қошемет көрсетейік.
Достар деген әрқашан осылай бір бірінен көмектерін аямау керек.
Ал ендеше, бүгінгі саяхатымызды әдемі достық әнімен аяқтайық.
Ән: «Достық» авторы Серикова А.Х
Егер досың күлмесе,
Жабырқауды білмесе,
Секіріп билемесе,
Бұл не өзі?
Мен оны күлдіремін,
Қуануды үйретемін,
Секіртіп билетемін,
Міне былай.
Қ - сы
Достық біздің әніміз,
Достармыз біз бәріміз.
Балабақшаның сәніміз.
Жадырап жүзіміз,
Жарқырасын мәңгі күніміз.
Жайқалып өсетін,
Балабақшамыздың гүліміз.
Егер досың болмаса,
Сенімен ойнамаса,
Достықты ойламаса,
Сен мұңайма!
Мен санағ дос боламын,
Досың болып қаламын,
Көңілді ойнатамын,
Міне былай.
Қортындылау:
Музыка жетекшісі:
Балалар, біз бүгін сендермен жалпы театр әлемімен таныстық. Мүмкін сендер де өскенде нағыз әртіс, актер болатын шығарсыңдар. Сонда біз сендерді теледидардан көретін боламыз.
Балалар, ал нағыз әртістер, актерлер қойылымдары аяқталғанда көрермендерден не күтеді.
Әрине шапалақ.
Балалар енді бақшамызға қайтайық.
(паровозға отырады, балабақшаға аттанады )