«Біз - өмірдің гүліміз!»- атты 1 маусым балаларды қорғау күніне арналған мерекелік ертеңгілік
(Әдемілеп безендірілген бала бақшаның ауласы, фанфар әуені орындалады, ортаға жүргізушілер Ханшайым мен Періште шығады)
Ханшайым:
Қандай ғажайып әлем! (таң қалып қарайды)
Біз қандай елге келдік,ақылшы періштем?
Періште: Бұл «Балауса» балдырғандар елі.
Бұл елде өте әдемі,ақылды,білімпаз,өнерпаз балалар тұрады.
(осы сәтте бір топ бала шығады)
1-ші бала
Балалар бақшасында бүгін той!
Балаларды қорғау күні біліп қой
Алақай-ау,алақай
Той тойлайық,балақай
Қызырғанша алақан
Кел,соғайық балақай.
2-ші бала
Бейбітшілік әніміз
өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында
Жадырайды жанымыз
3-ші бала
Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
өмір қандай тамаша
4-ші бала
Гүлмен келсін келер күн
Бала-бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.
Ханша:Ой,қандай керемет балалар,қандай өнерлі балалар,қандай әдемі балалар.
Періште:Көрдің бе сүйікті ханша менің сізге жаңа ғана айтқаным шындыққа айналғандай.Мен сізге уәде беріп едім ғой,егер сіз тек әділдік пен адалдық жолында жүрсеңіз мен сіздің тілегіңіздің бәрін орындаймын деп.
Міне мен өз уәдемде тұрдым.
(Осы кезде Шайтан келеді)
Шайтан: О-О мен сендерді іздеп бар әлемді шарладым ғой. Неге маған айтпай кетіп қалдыңдар а? Неге айтшы Ханша, мен де сенің досың едім ғой.
Періште: Сен Ханшаны азғырма.Ол тек әділдік пен адалдықты сүйеді.Сенімен дос болғысы келмейді,сен тек жаманшылыққа бастайсың.
Шайтан: Иә,саған мен де Ханшаның досымын.
Өткенде өзеннен алтын балық ұстап алғанда Ханша оны аяп қайтадан өзенге жібере салғысы келді. Ал,мен болсам Ханшаны үгіттеп 3 тілегіңді орындат дедім.
1-ші тілегің «Мен әлемдегі ең әдемі ханша болсам»деп айт дедім.Ол тілегі орындалды.
2-тілегің «Мен әлемдегі ең бай Ханша болсам»деп айт дедім. Ол тілегі де орындалды.
3-ші тілекті айтқалы жатқанда сен келіп киліктің Періште білесің бе, есіңе түсті ме?
Періште:Иә, мен кешігіп қалдым.Әйтпесе 3 тілегін де әділдікпен адалдық тек ғана жақсылыққа арнатар едім.Тек соңғы тілекте ғана «Мен әлемдегі өте адал,мейрімді,өнерлі,білімпаз балалардың өмірін көріп өзім де солардан өнеге алғым келеді»деген тілек еді.Міне,сол тілек орындалып біз Ханша екеуміз «Балауса» балдырғандар еліне келіп тұрмыз.
Ханша: Сендерге не болған,қойыңдар енді.Маған сөз беретін түрлерің жоқ ғой.Маған Періштенің ақылы ұнады.Өйткені мен осы жасқа келгенше мынадай ғажайып елде болған емеспін.Сондықтан Шайтан сен бұл ғажайыпты бізбен бірге тамашала! Ойыңды сосын айтарсың.
Шайтан: Құп!Мәртебелі Ханшам Құзырыңа құлдық.
Жүргізуші: Бүгін бізде мереке,қуанышта балалар, хош келдіңдер,хош келдіңдер ата-ана,қонақтар!
Құрметті «Айналайын» балабақшамыздың көркі де,сәні болған бүлдіршіндеріміз! Бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын! Болашақтарыңыз жарқын,аспандарың ашық,елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңдар демекпін.
Бүгінгі 1-маусым Балалар күніне арналған «Біз - өмірдің гүліміз» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру үшін және мерекелік лебізін білдіру үшін сөзді балабақша меңгерушісі Айткүл Жеңісқызына береміз.
Жүргізуші:Бүгінгі ертеңгілігімізге «Ертегі әлемінің қонақтары да келіпті,хош келдіңіздер!Төрден орын алыңыздар.Құрметті Ханша
менімен бірге бүлдіршіндер өнерін жүргізуге басшылық жасауға қалайсыз? Келісесіз бе?
Ханша:Жарайды,келісемін мен де соны қалап тұр едім
Жүргізуші: Өте,тамаша келіңіз менің қасыма.Біздің балаларға қандай тартуыңыз бар .Мүмкін ән айтып не би билеп берерсіз.
Ханша: Әрине менде құр қол келген жоқпын. Менің қасымда кішкентай ханшайымдарымда бар казір біз сіздерге өзіміздің адемі биімізді билеп береміз
( ханшайым 1 топтың қыздарымен қосылып би билейді )
1-топ: «Орамал» биі
Жүргізуші: Өте тамаша, рахмет өнерлеріңе.Кезекті біздің әнші балаларға берейік.Өздерінің керемет төлдер әнімен 2 ші Ботақан тобының әншілерін ортаға шақырайық!
Ән: «Төлдер әні» 2-топ Назерке мен Нұрсезім (Ән орындалады)
Жүргізуші:
Өнер десе өрілген
Биіктерден көрінген
Бишілерді шақырсақ
«Тарту» атты биімен
6- топ : «Тарту»биі.
Жүргізуші: Жарайсындар балалар керемет! Айта кетейік құрметті ата-аналармен, қонақтар біздің осы кішкентай бүлдіршіндеріміз Наурыз айында Алматы қаласында өткен Республикалық «Ақ көгершін» фестивалінің 1-орын жүлдегерлері.
Жүргізуші:
Қанаттары әдемі,
Қызыл-жасыл көбелек.
Гүлге қонып қалыпты
Бір ғажайып керемет.
Бар даланы жайнатып,
Гүлден-гүлге қонады.
Көбелектің қанаты
Гүлдей әсем болады.
Ендігі кезекті айдай сұлу Аруназдың «Көбелек» әніне береміз
Ән: «Көбелек әні» Аруназ
Жүргізуші:
Би билейді дөңгелеп
Кіп кішкентай жұлдыздар
Тамашалап көрейік
Кімдер екен бұл қыздар
Жұлдыз тобының биші қыздарының «Чунга-чанга» биін тамашалаңыздар!
3 - топ «Чунга-чанга» биі
Жүргізуші: Балдырған тобының әншісі Серікбек Темірланның «Бұл шақта» әнің қабыл алыңыздар!
5-топ «Бұл шақта»
Жүргізуші: Ал балалар енді мен сендерге бір жұмбақ жасырайын мұқият тыңдаңдар.
Әкеміз ала баспақ асырады,
Күз келсе соямын деп асығыды.
Баспағым бойын шөпке жасырады.
Еті қызыл, терісі жасыл әлі. (Қарбыз)
Дұрыс айтасындар балалар енді Күншуақ тобы «Ширин дарбыз» өзбек биін тарту етеді.
4-топ «Ширин дарбыз» биі
Жүргізуші:
Балалардың бақшасында бүгін той -
Балаларды қорғау күні, біліп қой!
Тақпақ айттық, кезектесіп, бір-бірлеп,
Шапалақтап ән шырқадық, би билеп!
Теріп алып тәрбиеші тәтелер,
Гүл жинайық елімізде мәпелер! Енді барлық бүлдіршіндерімізді «Біз-өмірдің гүліміз» әнін орындауға шақырамыз.
Біз-өмірдің гүліміз
Зеңгір көктен
Нұрын төккен,
Ортақ біздің күніміз.
Жайнап өскен,
Жайдары өскен
Біз – өмірдің гүліміз.
Бал достыққа,
Жолдастыққа
Шақырады әніміз.
Тыныштықта,
Нұр құшақта
Бақыттымыз бәріміз
Жүргізуші: Құрметті балалар ата-аналар және қонақтар осымен 1 маусым балалрды қорғау күніне арналған «Біз-өмірдің гүліміз» атты мерекелік шағын концертімізді аяқтаймыз. Ар біріңіздің от бастарыңыздан сыңғырлаған балаларыңыздың шат күлкісі кетпесін, дендеріңіз сау, еліміз тыныш болсын! Қош сау болыңыздар!