Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу іс – әрекеті : Жапсыру
Тақырыбы: Алаңқайдағы балапандар.
Мақсаты:
1.Балаларды үй құстары туралы білімдерін кеңейту.
2. Бейненің жеке бөліктерін құрау арқылы композиция жасауға үйретуді жалғастыру.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұзақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
3.Балаларды үй құстарына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: тосын сәт, көрсету, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап,сергіту сәті, жеке жұмыс, қозғалмалы ойын.
Құрал- жабдықтар: жеке суреттер, үнтаспа , балапандар мен тауықтың бетперделері ,үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыстар: үй құстары, тауық, әтеш, балапан.
Билингвалдық компонент : үй құстары- домашний птицы, курица-тауық, балапан – цыпленок, әтеш –петух.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Жылулық шеңбері
Біз қандаймыз,қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді де білмейміз.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар орнымызға отырайық.
Тосын сәт. Үн таспадан балапанның дауысы естіліп, топқа балапан келеді.
Тәрбиеші: Балалар, бұл не ?
Балалар: Балапан
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, бұл балапан, балапан үй құсы, олай болса, бүгін оқу іс-әрекетіміз үй құстары туралы болмақ.
Суретпен жұмыс.
Ойын: «Кім жылдам?» (сурет бойынша үй құстарын ажыратады)
Тәрбиеші: Балалар балапанға қарайықшы, балапан мұңайып тұр. Балапан неге мұңайасың?
Балапан: Мен ағаларымнан адасып қалдым, ағаларымды табуға көмектесесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші: Олай болса балапанға ағаларын табуға көмектесейік.
Тақтамен жұмыс. Алаңқайдағы балапандарды қалай дұрыс жапсыру керек екенін көрсету.
Тәрбиеші: Міне, балалар алаңқайдағы балапандарды да құрадық. Қане, ені сендер өз балапандарыңды құрастырып көріңдер
Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
Өздік жұмыс.
Жұмыс барысында балалармен үй құстары туралы әңгімелер жүргізу
Тәрбиеші:Үй құстарының қандай пайдасы бар?
Балалар:Үй құстары бізге жұмыртқа,ет береді.Жүнінен жастық,көрпе жасауға болады.
Тәрбиеші: Үй құстарына қандай қамқорлық жасаймыз.
Балалар: Жем,шөп, су береміз. Балалардан балапанның түсін сұрау.
Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар.
Сергіту сәті. (қимылмен көрсету)
Балапан: Балалар сендерге көп рахмет. Келіңдер ойын ойнайық.
Қимылды ойын: «Тауық пен балапандар»
Шарты: Әуен ойналады.Тәрбиеші тауық болады, ал балалар балапан болады.Музыка әуенімен балапандар жайылып жүреді де,әуен тоқтағанда балапандар тауықтың қанатының астына келіп тығылады.
Балапан балалармен қоштасып топтан шығып кетеді.
Қорытынды.
- Бүгін бізге қонаққа не келді?
- Ненің суретін желімдедік?
Ойын «Дауысынан таны»
Мінеки, балалар бүгінгі оқу іс-әрекеті осымен аяқталды. Сендерге оқу іс-әрекетіне белсенділік танытқандарың үшін көп рахмет! Сау болыңдар!