Ашық сабақ Бала тілі бал

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




«Бала тілі – бал»

Топтын іші әсем безендірілген. Ортадағы қабырғада жазулар бар:
«Тілге құрмет –елге құрмет», «Тіл жоқ жерде ұлт жоқ»
(Ә. Науаи) (Ш. Айтматов)

«Тілден артық қазына жоқ,
Тілден артық қасиет жоқ»
(Н. Назарбаев)
1. Жүргізуші: Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ- деп біздің қазақ халқының
Белгілі жазушы Ғабит Мұсрепов ағамыз айтқан.
Қазақ халқының тілі-өте бай тіл. Поэзияда ұлы Абай, Ілияс сияқты, прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл.
Халық тілінің мол байлығын жазба әдебиетімізде бірінші рет мазмұнынбайыта отырып, молынан пайдаланған адам – Абай Құнанбаев.
Абай қазақ тілін мәдениеттің биік сатысына шығарып кетті. Абай мен Ыбырай халық тілін пайдалана отырып, қазақ тілін жаңа сатыға көтеруге әрекет етті.
Балалар, бабаларымыз қалдырған мұраны біз, жас ұрпақтар, жалғастырамыз. Балабақшада біз қазақша сөйлесеміз, тақпақ, өлең айтамыз. Сол өнерімізді қазір көрсетейік.

1-бала:
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

2-бала:
Тілім барда мақтанам,
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған
3-бала:
Ана тілім менің
Әлдилеген әнім
Ана тілім демім
Ана тілім жаным.

4- бала:
Ақыл ойын дананың
Ана тілден аламын
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөзін.

5-бала:
Ана тілім ерлігім
Ана тілім елдігім
Ана тілім болмаса
Бүтінделмес кемдігім.

6-бала:
Ана тілін біліп қой
Бостандығың теңдігің
Ана тілін біліп қой
Мақтанышың елдігің.

7-бала:
Ақыл ойын дараның
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның



8- бала:
Ана тілім ұраным
Ана тілім құраным
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым.

9-бала:
Өсірген ой-білімді
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөзін Мәнін терең білуді.

10-бала:
Ана тілім – ұраным, Ана тілім – құралым Ана тілім – болмаса Мықты болмас тұрағым.


Жүргізуші: Бөбектер «Әні».
Жүргізуші: Тіл туралы мақал-мәтел айтып көрейік.
1-бала.
Ана тілі бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді.

2- бала.

Піл көтермегенді
Тіл көтереді.

3-бала.

Ақыл көркі-тіл
Тілдің көркі- сөз

4-бала.
Өнер алды қызыл тіл

5-бала.
Тілден биік асқар жоқ
Тілден терең теңіз жоқ.

6-бала.

Көз жетпеген жерге, сөз жетеді.

7-бала.
Тіл тас жарады
Тас жармаса, бас жарады.
Жүргізуші: Қазақ халқы баланың дұрыс сөйлеуіне көңіл бөлген, өтірік айту арқылы баланың сөйлеу қабілетін дамытуға және өтірік пен шындықты ажырата білуге үйреткен.
Даярлық топқа сөз беріледі.

Жүргізуші: Жұмбақтар жасыру бала ойының зерек, ұшқыр болуына себепші болады. Баланың дүние танымы кеңейді.

Аппақ дала, қара дән, Сепкен дәні түсінуге жараған. (Әріптер)

Мен-ақ қалам, ақ қалам, Жазған сайын жоқ болам. (Бор)

Үйреткен ілімді, Қырық екі білімді. (Алфавит)

Қыздардың орындауында «Шығыс» биі.

Ақыл-ойын адамның
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.
Өсірген ой білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.
Көңіл қойып тыңдағандарынызға көп рахмет.







Қызылтаң орта мектебі











«Балапан» шағын орталығы

«Бала тілі - бал»

(ертеңгілік)

















Өткізген: Бабаеве А.











2015-2016 оқу жылы