Конспект по казахскому языку на тему Сиқырлы дәрумен

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Айналайын » бөбекжайы












[pic]


[pic]











Мақсаты: Балалардың қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, достыққа, ұйымшылдыққа, шапшандыққа баулу, спортқа деген қызығушылығын қалыптастыру, жанашырлық сезімін ояту.

Жүргізуші: Кане балалар, шаттық шенберін құрайық.

Шаттық шенбері:

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз.

Ортамызға қоршаған,

Тек мейірім сыйлаймыз!

(Бір дыбыс естіледі).

Жүргізуші: Балалар, тыңдаңдаршы, бұл нешу? Көмекке шақырған дыбыс сияқты. Ортаға Әтеш жылап кіреді.

-Балалар, бұл Әтеш қой! Неге жылайсың? Не болып қалды?

Әтеш: Менің тамағым қатты ауырады. Енді ешқашан ән айта алмаймын.Сендерді кім оятады?

Жүргізуші: Әтеш, сен жылама. Мүмкін біз саған көмек бере алармыз. Не қалайсың?

Әтеш: Маған сиқырлы дәрумен ғана көмектеседі, сол дәруменді тапсаңдар, мен жазыламын.

Жүргізуші: Балалар, Әтешке көмектесеміз бе? Ол дәруменді қайдан табамыз?

Әтеш: Ол дәрумен тек қана Тоты құста бар. Тоты құсқа жету үшін көптеген кедергілерден өтулерің керек.

Жүргізуші: Балалар! Біз кедергілерден қорықпаймыз ғой! Ал балалар, сапарға шығу алдында күш жинап алайық.

Жаттығу жасау.

Бір – екі – үш,

Жинаймыз біз күш!

Иілеміз оңға,

Иілеміз солға.

Бір отырып, бір тұрып,

Жинаймыз біз күш!

(Жүргізуші балалармен бірге сапарға аттанады).

Алдынан көпір кездеседі.

-Балалар, алдымызда көпір тұр, сол көпірден өтейік. (Балалар гимнастикалық орындықтың үстімен өтеді).

Алдарынан Түлкі шығады.

Түлкі: Сәлеметсіңдерме, балалар. Сендер кімсіндер? Қайда бара жатырсыңдар?

-Біз балабақшадан келе жатырмыз. Тоты құсты іздеп жүрміз.

Түлкі: Сендерге Тоты құс не үшін керек?

-Біздің Әтешіміз ауырып қалды, Тоты құстан сиқырлы дәрумен сұрайық деп едік.

Түлкі: Маған мына ойыншықтарды жинауға көмектесіндер, сонда мен сендерге жолды көрсетемін.

Ойын-эстафета «Кім жылдам»

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлініп, ойыншықтарды тасу арқылы жарысады.

Түлкі: Рахмет балалар, алдарыңнан үңгір шығады, сол үңгілден сүрінбей өтулерің керек.

(Балалар үңгірден өтеді)

Сапар ары қарай жалғасады. Алдарынан Кірпі шығады.(Керіледі)

Кірпі: Кім мені оятты?

Жүргізуші: Кешіріңіз, біз Тоты құсты іздеп жүрміз, жолын көрсетесіз бе?

Кірпі: Жарайды маған алма жинап берсеңдер, жолды көрсетемін.

Ойын «Секіріп жет»

Ойын шарты: Балалар қос аяқпен секіріп, шығыршыққа ілінген алмаларды жұлып алуы керек.

(Балалар алманы жинап кірпіге береді).

Кірпі: Рахмет балалар, Тоты құс анау бақтың ішінде тұрады, бірақ абайландар. Ол жолды Жарқанат бақылайды, оны оятып алмандар.

Жүргізуші: Кірпі саған көп рахмет. Балалар сапқа тұрып мына жолмен жүрейік. Жарқанат түнде ұшады, күндіз ұйықтайды. Сондықтан біз түнде демалып, күндіз жол жүруіміз керек.

Ойын «Күн мен Түн»

Жүргізуші: Балалар, Жарқанаттан құтылып баққа да жеттік. Міне алдарыңда Тоты құс! Сәлеметсіңбе? Балалардың саған өтініші бар.

-Тоты құс! Біздің әтешіміз ауырып, дауысы шықпай қалды. Сізден сиқырлы дәрумен сұрауға келдік.

Тоты құс: Жарайсындар, балалар! Сендер достықтың, ұйымшылдықтың, шапшандықтың арқасында көп кедергілерден сүрінбей өтіп, маған жеттіңдер. Дәруменді алып, тезірек Әтеш достарыңа жетіңдер. Үнемі көмек беруге дайын болындар.

Жүргізуші: Сиқырлы дәрумен енді бізде тездетіп балабақшамызға барайық.

(Көздерін жұмып, жаттығу орындайды).

Жалықпаста қайта біз,

Достық сөзін айтамыз.

Сүйеміз барлық әлемді,

Әлемдегі бар елді.

Бақыттымыз осы біз,

Қасымызда досымыз.

Жүргізуші: Әтеш, міне біз келдік. Балалар саған сиқырлы дәрумен алып келді.

(Әтеш дәруменді жеп, ауруынан жазылады).

Әтеш: Рахмет, балалар! Енді мен...

Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлаймын таң атпай

КУ-КА-РЕ-КУ!

КУ-КА-РЕ-КУ!

Мен енді ешқашан ауйырмаймын. Сендер де ауырмандар.

Жүргізуші: Азаматсыңдар, балалар! Бүгін сендер Әтешке көмек көрсеттіңдер. Әрдайым мейірімді болып, қиын сәттерде бір-біріңе жәрдем бере біліңдер.