(СТРЕТЧИНГ)СОЗЫЛУ
Стретчинг алғаш Швецияда пайда болып, 20 жыл ішінде бүкіл әлемге белсенді түрде таратылды. Стретчинпен айналысқанда сіз денеңіздің жоғары жұмыс істеу қабілеттігіне ие боласыз және жүрек жүйесінің жұмысын жақсартатынына көздеріңізді жеткізе аласыз. Ағылшын тілінен аударғанда«to stretch»етістігі «созылу» деген мағынаны білдіреді.
СТРЕТЧИНГ: :
адам қозғалмай жатады, ал екінші адам оған жаттығуларды жасап тұрады.
айналмалы әрекеттер
статикалық бір жаттығудың ұзақ уақыт бойы жасалуы.
Егер сіздер стретчингпен айналысатын болсаңыздар, мынаны ескерулеріңіз жөн – жаттығулардан шығатын қорытынды тек өзінің денесіне ғана тән болады.жаттығуларды тастамай уақытында жасап тұру және оған тырысу керек. Әрқашанда тек мүмкіндігінше ғана созылыңыз. Өзіңізді жағымды әрі еркін сезінуіңіз керек. Егер ауруды сезінсеңіз – онда жаттығулар жасағанда шектен тыс созып жібергеніңіз.
Ешқашан жиырылмаңыз, бірақ жаттығуды «кідіртіп» тұрыңыз.
Созылу жаттығуларына ең ыңғайлысы шаршаған кезде жасалады. Сонымен стретчинг бұлшықеттердің артық қысымын алып тастау үшін кез-келген уақытта жасауыңызға болады.
Созылмалы жаттығуларын жасап жатқанда дұрыс демалуды ұмытпаңыз. Ең бастысы – дем алуды және дем шығаруды көпке созбаңыз. Ең дұрыс әдісі қарапайым және еркін түрде дем алып, жаттығулар арасындағы үзілісте дем алу мен дем шығаруды терең жасауға болады.
[pic]
Қарындаш-массажы- саусақты және алақанды уқалай отырып қимыл мүмкіндіктерін жетілдіріп қана қоймай, қарындашпен ойнау барысында айтылатын әзіл-сқақ өлеңдер баланың тілдерін дамытуға өте қолайлы.
Әлбетте, баланың денсаулығы мен қимыл белсенділіктерін дамытуда дене тәрбие сабағы ерекше орын алады.
Ендеше, МДМ-дегі өткізілетін дене тәрбие сабақтарының түрлеріне нақтырақ тоқталып кетейік.Мынадай түрлерін қолануға болады:
Дәстүрлі сұлба бойынша
Өсімталдығы үлкен, орташа және баяу ойындар жиынтығынан құралған
Негізгі қимыл түрлерін үйрету
Ырғақты гимнастика
Жарыс (балалар екі топқа бөлініп әртүрлі жарыс арқылы жеңімпаздарды айқындайды)
Сынақ – сабағы(балалар дене тәрбие мөлшерін тапсырады)
Мазмұнды ойын немесе дәстүрден тыс сабақ
Баланың жас шамалық ерекешелігіне қарай дене тәрбие сабағының бағыттары да әртүрлі болады:
Сәби балаларына ол – рақаттанушылық туғызу, кеңістікті бағдарлай білу, құрал-жабдықтармен дұрыс жұмыс істеу, сақтану тәсілдерінің элементтерін үйрету
Ортаңғы жаста – Физиологиялық сапаны дамыту (ең бастысы төзімділік пен жігер)
Ересек топтарында – Қимылдың сұранысын қалыптастыру, қимыл және дербестік қабілеттерін дамыту және т.б.
Стречнингтің негізгі ережелері:
Барлық жаттығуларды дененің босаңсыған кезінде жасау;
Жаттығу бір дене мүшесін созып, ысуға бағытталады;
Демалыс бір қалып болуы керек;
Жаттығулар аптасына екі рет жасалып отыру керек;
Жаттығуларды үзбей жасап тұру керек;
[pic]
Стречнинг жаттығулары емдік денешынықтыру негізінде пайда болған. Ойын түріндегі стречнинг дегеніміз тек қана ойын түрінде жасалып балалардың бұлшықеттерін жаттықтыру жаттығулар жиынтығы. Ойын стречнингі аса шығармашылықты қажет етеді. Балалар қиялдап үйренеді. Стречнинг жаттығуларын жеке дара да топпен де жасауға болады. Топпен жұмыс жасағанда міндетті түрде балалардың жас ерекшеліктері ескеріледі. Әр топта 15 баладан астам болмауы шарт. Кіші топта жаттығуларды орындау ұқазтығы – 15-25 минут, естиярлар тобында -20-30 минут, ал мектепалды даярлық топтарында -25-35 минут. (А.И.Назарова)
[pic]
Ойын сречнингісінің ережелері:
Жаттығуларды істемес бұрын денесін қыздырып алу,
Жаттығуларды баяу орындау,
Денесін түзу ұстау,
Тыныс алу,
Қимылды симметриялы орындау;
[pic]
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
№9 «Радуга» бала бақша – гимназиясы
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған
СТРЕЧНИНГ (созылу)
жаттығулары
Құрастырған: тәрбиешілер
Оспанова Г.А.
[pic]