№50 «Заңғар» бөбекжайы.
«Айналайын, анашым!»
8-наурыз аналар мерекесіне арналған
ертеңгілік
Шұғыла ортаңғы тобы.
Тәрбиеші: Есенова В. Б.
Орал 2016ж
Зал іші әуенді шарлармен безендіріліп, музыка әуені ойнап тұрады.
Музыкамен барлық балалар залға кіреді. Екі қатар жасап тұрады.
Жүргізуші: Құрметті аналар! Әжелер! Апалар! Қарындастар!
Барлығы: Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз.
Хормен: Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге, бас иеміз біз!
Жүргізуші: ия, біздер аналарымызды өмір бойы сыйлап, қамқор болып өтуге міндеттіміз. Балалар бүгін аналардың мерекесі ғой!
Қайырлы күн қымбаттыда, ақ жаулықты әжелер, аяулы аналар, қыздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.
Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз аналар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз. Әрқашан дендеріңіз сау, көңілдеріңіз жайдары бола берсін!
Көктем келді-Ана күні,Әлем күні,
Әлемді тебірендірер Ана үні.
Анасыз жан туған жоқ,жер бетінде,
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны - Аналар мерекелерің құтты болсын!
Әлемдегі әндердің көбі ана туралы жазылады. Ендеше сол әндердің бірі ана туралы әнмен бастайық. балалардың аналарына арнаған тамаша бір әнін қабыл алыңыздар!
Ән: «Ана туралы ән»
Тақпақтар: 3 тілде құттықтау.
Нұрай: Фо май мазэ
Хё афлаурс
Фо э вери спэшл дэй
Джаст фо ю он мазес дэй.
Ернар: Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден,
Аналарға сыйлаймыз.
Диляра: Пусть любовь вас согревает,
Вы здоровья даст и сил.
Дети вас не забывают,
И чтоб каждый день, Счастливый был.
Нұрислам: Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы,
Анамыздан тарайды.
Берік: Мы долго решали:
Что нашим мамам подарить.
Ведь подарок, мы сказали
Самым лучшим должен быть.
Ләйла: Үн қатасын бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен,
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен.
Айтжан: Құрметтейік о адамдар аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі Ана деген асыл жан гой,
Ойлауменен істелік әр қадамды
Жүргізуші: ендігі кезекте ұл-қыздарымыздың биін тамашалайық.
Би: Вальс биленеді.
Музыка әуенімен залға билеп үйшік кіреді.
Билеп жүріп ораулы қағаз тастап кетеді.
Жүргізуші: Бұл не деген керемет. Қарандаршы бізге бір нәрсе тастап кетті .
(Ораулы қағазды ашады.
Биік тау, алып жылан, ғажайып сандық, кедергі, бақыт, ұзақ өмір деген жазу шығады.)
-Қызық бұл не болды екен? Не болсада оны бізге үйшік тегін әкелген жоқ. Бір нәрсеге белгі беріп кетті немесе бізден көмек керек. Енді қайтеміз кімнен сұрасақ екен?
Залға коляска сүйреп әже келеді.
Балалар амандасады.
Әже: Мен .....әжесімін. -Мереке болады әжетай келіңіз! - дегесін немеремнің және достарының өнерлерін тамашалайын деп кіші немереммен келгенім айналайындар.
Жүргізуші: Қош келдіңіз әжетай. Дұрыс жасадыңыз. Төрлеңіз! Әже сен отырып демал мына немерелеріңнің өнерін тамашала.
Әжемізді мейрамымен құттықтаймыз,
Айтатын ән,беретін гүлім дайын.
Әжетайым сені жақсы көремін деп,
Бар әлемге қуанып айқалаймын – деп немерелеріңіздің мына гүл шоғын қабыл алыңыз әже.
Ән: «Әжетайым»
Кәне балалар әжемізге арнап керемет тақпақтарымызды жолдайық. Тақпақтар:
Бекет: Здравствуйте, мамочки!
Здравствуйте, бабушки!
Вам говарим не тая,
Вы наши лучшие.
Самые добрые,
Самые близкие в мире друзья.
Нұрхат: Асыл әжем, мақтанышым менің де
Қонақ болып отыр міне төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен
Ән салатын кезім келді менің де.
Рамазан: Уан, Уан, Уан – Ай лав з сан
Ту,ту, Ту – Ай лав май мамми ту
Сри, Сри, Сри-Май мамми лавс ми
Фо, Фо, Фо-Ай лав хе мо энд мо.
Әділет: Сеннен өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейрамымен,
Құрметті біздің аналар!
Мерхат: Ақ жаулықты әжемді
Ай-нұрына теңедім
Әр ісінен үлгі алып
Еркін өсіп келемін.
Али: Әже біздің күніміз,
Әженің біз гүліміз.
Немереңді қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Қадыржан: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
Әжетай сені жақсы көремін деп,
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
Жүргізуші: Әже біздің кішкентай қыздарымыз аналарына қолғанат. кішкентай бауырларын өздері жұбата алады. Қараңызшы Әже бізге бір үйшік билеп келіп мына қағазды тастап кетті. Не екенін біле алмай отырмыз. Бәлкім сіз білерсіз?
Әже: Айналайындар сендердей бала кезімде биік таудың басындағы ғажайып сандық туралы естіген едім. Онда кез-келген жан бара алмайды екен. Өйткені оны алып жылан күзетуде екен. Онда жеткенше көп кедергілерден өтіп, жыланның тапсырмасын орындау керек екен. Мен барып көрген емеспін. Бірақ ұмытпасам күннің шыққан жағына қарай жүре беру керек деген сияқты. Анығын білмедім, тек естігенім жыланның күзеткеніне жүз жылдан асқан екен. Осы күнге дейін еш адам сандықты аша алмай не бар екенін біле алмай кеткен екен.
Жүргізуші: Алғаш естуіміз. Бізге баруға бола ма екен? Өйткені біздің балалар өте өнерлі, білімді әрі ақылды. Мен балаларыма сенемін. Барлық кедергілерден өтіп жыланнын тапсырмасын тауып сандықты ашады деп.
Әже: Олай болса балапандарым жол болсын. Аман барып,сау қайтыңдар! Бердім ақ батамды.!
Әже шығып кетеді. Балалар шеңбер боп бір айналады.
Көктем гүл шашып жүреді. Балалармен амандасады.
Көктем: Қой кері қайтыңдар. Онда кез келген адам бара алмайды. Босқа әуре болмаңдар.
Жүргізуші: О не дегеніңіз. Біздің балалар білімді өнерлі. Оданда тапсырмаңды айт.
Көктем: Жарайды, олай болса мұқият тыңдаңдар! Бір қолымен әлемді тербеп, бір қолымен бесік тербейтін кім?
Балалар: Ана.
Көктем: Ой қалай тез тауып алдыңдар? Мен тапсырмамды қиындатайын. Олай болса ән шырқап беріңдерші.
Ән: «Көктем»
Көктем: Әрі қарай жолға шықпас бұрын сергіп алайық ойын ойнап.
Ойын шарты: жерде алты жұп із жатады, 7 бала шығып іздерді айналып билейді музыка тоқтағанда аяқтарымен іздерге тұрып қалады, артық бір бала ойыннан шығады. Ойын жалғаса береді.
Көктем: Ғажап не деген білімді, өнерлі балалар. Ризамын сендерге. Сендермен бірге жолға шығайын, жол серік болайын.
Балалар: Рахмет! Балалар шеңбер боп бір айналады.
Аю шығады тісін байлап алған.
Балалармен амандасады. Шаруаларын айтады.
Аю: Қой кері қайтыңдар. Онда кез келген адам бара алмайды. Босқа әуре болмаңдар.
Жүргізуші: О не дегеніңіз. Біздің балалар білімді өнерлі. Оданда тапсырмаңды айт.
Аю: Мен білем олардың өте өнерлі, білімді екенін. Бірақ олардың қолынан ем-дом жасау келе ме екен көрейін.
Жүргізуші: Әрине біледі. Қайда біздің дәрігер қыздар ортаға келіңдер.
Би: «Дәрігер»
Аю: Жарайсыңдар! Рахмет! Тісімнің ауырғаны басылды. Көңілім көтеріліп қалды,
Тақпақтар: Малика: Сегодня мамин праздник
Послушайте ребят
Всех мамочек поздравит
Сегодня детский сад.
Аружан: Анаң болса қасында.
Басқа бақыт не керек,
Аналардың жүрегі.
Мейірімді ғой керемет.
Арай: Аялаған, саялаған,
Бар бақытым, берекем,
Апатайым, Құттықтаймын
Бүгін сенің мерекең.
Санжар: Я маму милую свою,
Поздравлю чуть волнуясь.
Я даже песенку спою,
Чтоб мама улыбнулась.
Рамис: Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
Қ. Гауһар: Ай лав ю мамми
Май диаст мамми
Ю мейк ми хаппи
Уен Айм Сэд.
Ойын: «Аналарды мерекеге дайындау»
Ойын шарты: ортаға балалардың 3 мамасы шығады, мамаларын сәндейтін 3-әке шығады.
(керекті заттар газет, пакет, гүлдер, салфеткалар аналарды киіндіреді
Аю: Анау тауды көрдіңдер ме соның ең басына шығасыңдар. Ал балақайлар жол болсын. Сау болыңдар!
Балалар бір айналады.
Ортаға сандықты қоршап жатқан жылан шығады.
Жылан: Сссс кімсіңдер? Неғып журген жансыңдар? Аман тұрғандарыңда кері қайтыңдар!
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе алып жылан! Біз Заңғар бөбекжайынан келген бүлдіршіндерміз. Сонау алыс жерден, кездескен кедергілерден өтіп келдік.
Жылан: Не үшін келдіңдер!
Жүргізуші: Біз ғажайып сандықша туралы естіген едік. Мүмкін болса ішінде не құпия бар екенін білгіміз келеді.
Жылан: Сссс тілімді алсаңдар кері қайтыңдар. Кіп-кішкентай сендер тұрмақ мықтымын деген небір адамдар тапсырмамды орындай алмады. Сандықты 100 жыл қорғап келдім. Бірақ шын иесі келгенде табыс етемін. Алдамақ болғандарды улы тістеріммен тістеп аламын.
Жүргізуші: Мен балаларыма сенемін. Олар өте батыл, ақылды әрі білімді. Тапсырмаңыз болса айтыңыз.
Жылан: Ха-ха-ха! Жарайды мақтануларын-ай! Көрейін қаншалықты мықты екендеріңді. Мен әбден қартайдым. Осы жасқа келгенше ешкім менің көңілімді көтерген емес. Алдымен мені бір қуантыңдаршы.
Жүргізуші: Ия әбден картайған екенсің. Уайымдама қазір сіздің көңіліңізді көктемнің шуағындай жадыратып, гүлдей жайнап, жүзіңіз күлкі ойнайды.
Би: «Гүлдер»
Жылан: Керемет! Бір қуанып қалдым! Сендер шынында да талантты екенсіңдер.
Олай болса тапсырмамды тыңдаңдар.
-Әлемде не жұмсақ?- Ананың алақаны!
-Не ыстық? –Ананың махаббаты!
-Не қымбат? –Ананың әлдиі!
-Не тәтті? –Ананың ақ сүті!
Жылан: Тамаша! Олай болса осы ана туралы өзге тілде тақпақтар мен әндер айтып беріңдер
Ән: «Мамин праздник»
Тақпақтар.
М. Гауһар: Сегодня солнце светит,
Для наших милых мам.
Поет весенний ветер,
Для наших милых мам.
Жанель: Ана өмірдің қуанышы тірегі,
Бала оның жұбанышы жүрегі.
Ана алдында ел жауы да бас иген,
Олар әрдайым тыныштықты тілеген.
Шыңғыс: И решили сделать мы,
Для всех мамочек цветы.
Да такие, чтоб могли,
Исполнить маме все мечты.
Айкөркем: Май диа диа мамми,
Ай лав ю вери мач
Ай уонт ю ту би хаппи
Он з ейс оф мач
Ақнұр: О, анашым
Таянышым, тірегім.
Бар бақытты бір басыңа тіледім.
Мен жақсы болса екен деп қашанда,
Лүпілдейді сенің қамқор.
Жылан: Балалар мен сендерге қатты риза болдым. шынымды айтам күтпеген едім. Ал енді мына ғажайып сандықшаның иесі сендерсіңдер. Қанша уақыт қорғап нағыз иесін күткен едім. Міне бүгін сендерге табыстап, өз ордама оралатын күн туды. Сандықтың ашылатын сәті туды. Кәне не тұрыс?
Жүргізуші ашып ішінен открыткаларды балаларға таратып береді.
Жылан: бұлар жай сыйлықтар емес осыны аналарыңа табыстасаңдар аналарыңның жүрегі ешқашанда ауырмай ұзақ өмір сүретін болады. Сендер де мәңгі бақытты боласыңдар.
Кәне көздеріңді жұмып беске шейін санаңдаршы.
Балалар беске дейін санайды жылан шығып кетеді.
Балалар ашса балабақшаларына оралған екен.
Жүргізуші: Балалар жылан бізді балабақшамызға қалай тез жеткізіп тастады. Керемет емеспе ?
Жарайсыңдар балалар сендерді мақтан тұтатын боламын. Бар кедергіні жеңіп аналарыңа арналған ғажайып сыйлыққа ие болдыңдар.
Баласы үшін анасы,
Күндері аз ғой көз ілген.
Аяулы ана қарыздармын өзіңе,
Жүрегіңнен күн мейірімі төгілген –дей отырып аяулы аналарымызға тамаша бір ән жолдайық!
Ән: «Анашым қартаймашы!»
Рамазан мен Айкөркемнің орындауында қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Қараңдаршы біздің аналарымызбен әжелерімізде келіп қалыпты.
Құрметті аналар, біздің балалар аналарына арнаған сыйлықтарын табыс еткісі келіп отыр қабыл алыңыздар. (сыйлық таратылады)
Балалар сыйлықтарын табыстайды. Жүргізуші мерекені қортындылайды.
Соңы.
[pic]
[pic]
[pic]
[pic] [pic]
[pic]