Бала бақша балаларына арналған Жіктеу әдісіәдістемесі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Жіктеу» әдістемесі

Мақсаты:5-7 жастағы балалардың ауызша логикалық ойлауын зерттеу.

«Жіктеу» әдістемесі 2 нұсқадан тұрады. 1-нұсқасы 25 карточкадан,5 топтан тұрады. Әр топқа 5 карточкадан ретімен таратылып беріледі.

  • Бірінші топ –дөңгелекше.

  • Екінші топ – киімдер.

  • Үшінші топ – жемістер.

  • Төртінші топ – көкөністер.

  • Бесінші топ – мектеп құралдары.

Әр топқа ортақ сипаттамалары бар ,5 бұйымның 1-ден 5-ке дейін айырмашылығы бар карточка таратылып беріледі.

Мысалы:екінші топтағыларды киім деген сөз топтастырады.

1-карточка – 1 бұйым-шапка;

2-карточка – 2 бұйым-шапка және шарф;

3-карточка – 3 бұйым –шапка,шарф,кофта;

4-карточка -3 бұйым – шапка,шарф,кофта,қолғап;

5-карточка-4 бұйым- шапка,шарф,кофта,қолғап,шалбар;

Әдістеменің 2-нұсқасы 16 карточкадан,4 топтан тұрады. Әр топқа 4 карточкадан ретімен таратылады.

  • Бірінші топ – ағаш.

1-карточка –ағаш;2-карточка-бөрене; 3-карточка –орындық; 4-карточка- ағаш текшелер; Ағаштан –бөрене,бөренеден орындық және ойыншықтар жасайды;

  • Екінші топ – бидай және оның өнімі;

1-карточка – бидай масағы; 2-карточка-ұн салынған пакет; 3-карточка-батон нан; 4-карточка-гамбургер; Бидайдан ұн жасаймыз,ұннан гамбургер үшін бөлке нан жасаймыз.

  • Үшінші топ – тауық еті және азықтар;

1-карточка-тауық; 2-карточка- жұмыртқа; 3-карточка- қуырылған жұмыртқа; 4-карточка-торт;Тауық жұмыртқа береді,жұмыртқаны қуырамыз және торт дайындағанда пайдаланамыз;

  • Төртінші топ-қой және қой жүнінен жасалатын бұйымдар;

1-карточка-қой; 2-карточка- жүннен иірілген жіп орамы; 3-карточка-жүннен тоқылған кеудеше; 4-карточка-жүннен тоқылған қолғаптар;

  • Бесінші топ-сиыр және құрт-май;

1-карточка-сиыр; 2-карточка-сүт пакеті және стакан; 3-карточка-ірімшік; 4-карточка-балмұздақ;

Сиыр сүт береді.Сүттен ірімшік және балмұздақ дайындалады.

Зерттеу жүргізу техникасы.

Нұсқау:Алдымен,суретке бар ықыласыңмен мұқият қара.Олардың арасынан өзара ұқсас суреттерді жеке топтарға бөліп қой.Әр топта өзара ұқсас,біркелкі суреттер жинақталады.

Тестің жүргізілуі.

Суреттерді таратып беріп,балаларды үнсіз бақылаңыз. Баланың өз ойын жүзеге асыруына мүмкіндік беріңіз.Өз топшылауымен жіктеп көрсін.Жұмысын аяқтағаннан кейін ғана суреттерді неге олай топтастырғанын және оны қалай атауға болатынын сұраңыз.Бала өз шешімін дәлелдей алса, онда оны бірге талқылаңыз.Бала қателескен жағдайда оған кішкене көмек беріңіз.

Нәтижелерді талдау,сараптау.

Бұл тест баланың көрнекіліктен логикалық ойлау процесіне өту ерекшеліктерін анықтайды.Сондықтан да бұл әдістемеде баланың өз ойы,топшылауы жіктеу қағидаларын сипаттауы маңызды болып саналады.Жұмыс уақыты іс жүзінде шектелмейді,әйтсе де тапсырманы орындауға 10-15 минут уақыт кетеді. Уақыттың өтуіне емес,баланың іс-әрекетіне көңіл аудару керек.

Тестілеу кезінде егер бала тапсырманы дұрыс орындай алмаса,оны қателік деп есептеуге асықпаңыз.Оның көбі тапсырманы түсінбеуіне байланысты,оны тез түзеуге талпындыру керек.Балаға тағы да мүмкіндік беріп, түсіндіріп, оған көмек бере отырып,дұрыс орындауына жол көрсетуіміз керек.

Баланың сөздік-логикалық ойлауы психологтың түсіндіруінен кейін де дұрыс қалыптаспай,тапсырманы орындай алмаса,басқа нұсқасын ұсынып көруіміз тиіс.

Әдістемені өту барысында психолог балалардың қойған сұрақтарын,көңіл-күйлерін,жетістікке жетудегі қимыл-қозғалыстарын бақылап, зерттей отырып,хаттамалап қоюына болады. Баламен жұмыс жүргізу барысындағы әдістеменің жетістіктерін,пайдалы жақтарын айтуға болады.

Қорытынды.

Бұл әдістеменің жетістігі – оның санында емес сапасында. Ауызша – логикалық ойлауды дәлелді түсіндірмемен былай тұжырымдай аламыз:төмен,орта және жоғары деңгей.