Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Сарыөмір ауылы «Өркен» бөбекжай «Ақжелкен»II кіші Гарифуллина Фариза Радикқызы Күз мерекесіне арналған ертеңгілік: «Қош келдің алтын күз» Топ бөлмесі күз мерекесіне орай әдемі безендірілген. Балалар музыка ырғағыме

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы Сарыөмір ауылы

«Өркен» бөбекжай

«Ақжелкен»II кіші
Гарифуллина Фариза Радикқызы

Күз мерекесіне арналған ертеңгілік: «Қош келдің алтын күз»
Топ бөлмесі күз мерекесіне орай әдемі безендірілген. Балалар музыка ырғағымен залға кіріп, жарты шеңбер құрып тұрады.


1.Жүргізуші:      Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен

Таңдандырып халқын күз.

Армысыздар ағайын!

Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.

               
Тоңазып отырып
Көп жеміс піседі
Сарғайып жапырақ
Судырап түседі.
Үстінде егінжай
Салқын жел соғады.
Гүл,жапырақ шөптер де
Қурап солады.
Айтындаршы балалар
Бұл қай кезде болады?
Балалардың жауабы. /Күзде/
Балалар орындарына отырады.


2.Залға сазды әуенімен Күз кіреді.
  Амансыңдар ма балалар,
Ерінбестен еңбек етіп келетін.
Еңбекшіге бар жемісін беретін,
Мен –Алтын күз
Ынтымақты еліме
Берекелі ырыс болып енетін.
Қонаққа келдім сендерге.

Сәбіз, картоп, тәтті алма!

Оған достым таң қалма!

Жапырақ та сиқырлы,

Ойын ойнар түр-түрлі!


Ж: Рахмет, саған Алтын күз! Қабыл алдық сыйды біз! Отырыңыз жайғасып!

Ал, ендеше, балалар, бекер қарап тұрмаңдар.

Жапырақпен сиқырлы, би билейік балалар

Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар!

Тағы қандай өнер бар?


Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңіз бе, Алтын күз, біздің балалар қандай өнерлі.

Алтын күз: Өте жақсы биледіңдер, рахмет, балалар!

Жүргізуші: Ән саламыз,би билеп,

Тақпақтыда жаттаймыз.

Үйренеміз бір-бірлеп,

Текке қарап жатпаймыз,-дей келе ортаға бүлдіршіндеріміздің күз тақпағын тамашалайық.


Жаннұр: Күзім,күзім,күзім

Пісті алма,жүзім

Тұрғанда бәрін күз беріп

Кел алайық біз теріп.

Сайлаубек: Соққанда кейде дауылы

Береке күздің жауыны

Сол жауыннан өсіпті

Бақшаның қарбыз-қауыны.

Ақгүл: Тамсандырып таңдайды

Жеміс-жидек піседі

Жапырақтар сарғайып

Жер бетіне түседі.

Қыдырәлі: Күз жомарт қой қашанда

Мол жемісін беретін

Піскен қарбыз,тәтті алма

Балаларға керек қой.

Мағжан: Күн шуаққа маужырап

Жатыр еді атырап

Ағаштарда жамырап

Ұшты кенет жапырақ.

Сабина : О,алақай,тамаша!

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша

Аунар ма еді жатып ап.

Айбибі: Алтын,сары,қызыл көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

Думан: Күздің қазан айында

Алма,алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр-сыбдыр түседі.

Азалия: Көктемде егін егетін

Күзде жиып беретін

Біздің дала-бай дала

Алтын астық айнала

Ернұр: Жапырақ ұшты

Суық та түсті

Сонда да бізге

Қызық көп күзде

Айару: Соққанда кейде дауылы,

Береке күздің жауыны.

Сол жауыннан өсіпті,

Бақшаның қарбаз,қауыны.

Балнұр: Шаттанды балақай,

Күз түсті,күз түсті.

Береке-салты күз,

Мереке-алтын күз.

Алмас: Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін.


Жүргізуші:Мың бұралған бишіміз,

Күміс көмей әншіміз.

Заманына қызы сай,

Ақжелкен тобы міне біз,-дей келе ортаға бүлдіршіндерімізді шақырайық.
Ал енді күз ханшайымына арнап балалар кішкене балапандар болып ән айтып береміз дейді.
Ән:     

Жүргізуші: Балалар қане бәріміз тыңдайықшы біздің топқа біреу келе жатқан секілді. 
Осы кезде қонаққа қолында үлкен сәбізі бар қоян келеді.

Қоян: Сәлем балалар! Бүгін сендер қандай әдемісіңдер. Мен сендердің күз мерекесін тойлап жатқандарыңды естіп келіп қалдым. Өзім құр келмедім сендерге ойын ала келдім. Ол ойынды ойнау үшін маған жеміс жидектермен көкөністердің пайдасын айтып беріңдерші.


Қоян: Жарайсыңдар балалар! Енді бәріміз «Сәбіз жинау» ойынын ойнайық.
Ойынның шарты: Жерде жатқан жемістердің ішінен себетке тек қана сәбіздерді жинап салу керек.


Алтын күз: Керемет! Қандай әдемі! Балақайлар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше!

Ж: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! (Балалар Алтын күзбен қоштасады. Музыка ойнап Алтын күз шығып кетеді).

Ж: Алтын күздің сыйы- жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. Тобымызға баруға жиналайық. Ал, келген қонақтарымызға « Сау болыңыздар!» дей отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.