ЛАДА» балабақшасы» ЖШС «Балдәурен» тобы
ТОО «Детский сад «ЛАДА» гр. «Балдәурен». [pic]
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Технологическая карта организованной учебной деятельности
Күні/Дата: «6» Қазан 2016 ж
Білім беру саласы/Образовательная область:«Таным»
Оқу іс-әрекеті/Организованная учебная деятельность;
Бөлімі/Раздел: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы/Тема: «Саңырауқұлақтарды жинау» Сан мен санау
Міндеттер/Задачи:
1 санының таңбасымен таныстыру. Дөңгелек шаршы; Заттарды бір қатарға солдан оңға қарай оң қолымен орналастыруға үйрету;
Математикаға қызығушылықтарын тәрбиелеу;
Өзіне жақын кеңістіктегі бағыттарды оң жақта, сол жақта, ортасында және геометриялық пішіндерді дөңгелек, шаршы ажырата білуге жаттықтыру.
Полингвальды компонент/Полингвальный компоненті: саңырауқұлақ-гриб-mushroom, жинау-собирать-gather, оң жақ-правая сторона-, сол жақ –левая сторона, ортасында –в середине-.
Сөздік жұмыс/Словарная работа:
Технологиялық қамтамасыз ету/Технологическое обеспечение: Геометриялық пішіндер, дөңгелек, шаршы, санауға арналған суреттер.
Іс-әрекет сатылары
Этапы
деятельности
Тәрбиешінің басқару әрекеті
Действия воспитателя
Балалардың іс-әрекеті
Действия детей
Мотивациялық -оятушылық
Мотивационно
побудительный
«Шаттық шеңбері» ойыны
Жаңа тақырыпқа кіріспе
Кірпі келеді. Амандасады. Балаларды орманға қонаққа шақырады.
Балалармен бірге айтады:
1,2,3,4,5,
Алға қадам басайық.
1,2,3,4,5,
Алақанда соғайық.
1,2,3,4,5,
Жан-жағымызға қарамай,
1,2,3,4,5,
Жолға бірге шығайық.
Жаңа тақырып
«Ормандағы күз» бейнеролигі
Тәрбиеші «Ормандағы күз» бейнеролигін қосады. Орманның сұлулығына назарларын аударып, кірпіге жинап беру үшін саңырауқұлақтар мен жаңғақтарды санатады.
Шеңберде тұрып, тәрбиешіні тыңдайды.
Тәрбиешімен бірге қимылдарды қайталайды.
Бейнероликті тамашалап, тапсырмаларды орындайды.
Ұйымдастырушылықізденушілік
организацинно-поисковый
«Тоқылдақты тыңдаймыз» ойыны
Унтаспа қосылып, тоқылдақтың даусы естіледі. Тоқылдақ неше рет тоқылдатса, сонша саңырауқұлақты жолақшаға тізіп қоюды ұсынады.
Кірпіге сыйлық
Жинаған саңырауқұлақтар мен жаңғақтың қыста керек болатынын айтып, кірпіге сыйлатады.
«Бір затты көрсетіп ата» дидактикалық жаттығуы
Үстел үстіне ойыншықтар қуыршақ, пирамида, сандық, доп және екі-екіден ұсақ ойыншықтар үйрек, тауық, текшелер қойылған. Балалардан қай ойыншықтың бір-бірден, қайсысының екі-екіден тұрғанын сұрайды.
Санамақ айтамыз
Ал санайық, санайық,
Сан сырына қанайық!
Бір саусақты жұмайық,
«1 саны»,- деп ұғайық!
Балаларға 1 санының таңбасы әрқашан алда тұратынын, 1-ден бастап санау керектігін түсіндіреді. 1 санының таңбасын тауып, көрсетулерін сұрайды.
«Сан таңбасының үстін басып сыз, боя» дидактикалық жаттығуы
Әр баланың алдында сан таңбаларының жиыны тұрады, соның ішінен тәрбиеші айтқан санның таңбасын тауып көрсетеді.
«Сызықпен қос» дидактикалық жаттығуы
Дөңгелекке салынған заттарды санап, сәйкес келетін таңбамен сызып қосуға тапсырма береді.
Сергіту сәті
Ал, балалар, тұрмайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
Жұмбақ шешеміз
Кеңістікті бағдарлауға байланысты жұмбақтар жасырады. Жұмбақтың шешуі болатын ойыншықтарды топтың әр жеріне қояды.
Пырылдар көкте инелік,
Инелік емес үй делік.
Тікұшақ
Кеудесінде жаны жоқ,
Тамырында қаны жоқ.
Май жейді,
Су ішеді.
Мәшине
Туа сала мұрт өсірген мырза,
Пеш түбінде жатқанына ырза.
Мысық
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Түйе
Әр жұмбақты шешкен сайын сол ойыншықтың өздерінің қай жағында оң жақ, сол жақ тұрғанын сұрайды.
-Ал, балалар, балабақшаға да қайтатын уақыт келді.
1,2,3,4,5
Алға қадам басайық.
1,2,3,4,5
Алақанды соғайық.
1,2,3,4,5
Жан-жағымызға қарамай
1,2,3,4,5
Жолға бірге шығайық.
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі тапсырмаларды орындатады.
Тоқылдақ қанша рет тоқылдатса, жолақшаға сонша санырауқұлақты салады.
Саңырауқұлақ пен жаңғақтарды кірпіге сыйлайды.
Қандай ойыншықтар бір-бірден, қайсысының екі-екіден тұрғанын көрсетіп, айтады.
Санамақты қайталайды.
Бір санының таңбасын тауып, көрсетеді.
Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.
Аталған сан таңбасын қарындашпен сызып, бояйды.
Сөздерді бірге қайталап
айтады.
Жұмбақтарды шешеді.
Ойыншықтардың қайда тұрғанын айтады.
Бірге айтады.
Тапсырмаларды орындайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Рефлексивно-коррегирующий
Қорытыу
Сұрақтар қойып, тақырыпты қорытады. Балаларда мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:
Білу керек/Знать: 1 снының таңбасын танып, дұрыс жазуды.
Болу керек/Иметь: Заттарды солдан оңға қарай оң қолымен бір қатарға орналастыруды; орналасу реттілігін сақтауды.
Үйрену керек/Уметь: Берілген тапсырмаларды дербес орындауды.