[pic]
[pic]
Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынсқа арналған тренинг.
Өткізген: Утегенова А.К
Калмагамбетова Т.А
[pic]
«Ата-ана махаббаты»
Мектеп өміріндегі ең маңызды, жауапкершілікті талап ететін жұмыстардың бірі-ата-аналар жиналысын өткізу.Жиналысты қалай қызықты, әрі пайдалы өткізуге болады? Осының барлығы жаңадан класс жетекші болған мұғалімге пайдалы болуы мүмкін.
Мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынстың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Көрнекіліктері: Тақырып, қағаздар, шам, теледидар, сиқырлы таяқша,альбом, газет, шар.
Тренинг бағдарламасы:
1.Баяндама. «Ата-ана махаббаты».
2. «Біз біргеміз!» сауалнама.
3. «Өтінемін!» ойыны.
4. «Сиқырлы таяқша» жаттығу
5. «Тілек шамы».
6. Ой- толғаныс.
Тренинг барысы:
І. Баяндама. «Ата-ана махаббаты».
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынстарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.
Адам өмірінің мәне мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.
Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.
Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.
Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.
ІІ. « Біз біргеміз!»
Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.
Талдау:
1. Өз баланыздың суретін қалай таптыңыз?
2. Өз баланыздың суретін табу қиын болды ма?
3.Баланыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?.
Екі топқа бөлінеді әр топтың срңғы адамы бір суретті келесі адамның арқасына салады..Солай барлықтары бір біріне суретті салып бірінші адам қанда й сурет екенің дұрыс табу керек.
Талдау:
1. Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма?
2. Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма?
3.Бір-біріңізді қалай түсіндіңіз?
4.Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ болса неге?
[pic]
\
ІІІ. «Өтінемін» ойыны.
Мақсаты: Ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.
-Құрметті ата-аналар, балалар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?
-Рахмет, өтінемін, т,б
-Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
-секіріңдер
-оң аяқтарын көтеріңдер
-өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар
-өтінемін, бір-біріңді құшақтаңдар.
- оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар
ІV. «Сиқырлы таяқша» жаттығу.
Сиқырлы таяқшаны бір-біріңе ұсына отырып, адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді айтып шығайық
Әр жағымсыз қасиеттің өзінің жақсы жағы болады. Мысалы: сараң адам ол – үнемшіл. Төбелесу – біреуге қол ұшын бері. Енді осы жағымсыз қасиеттердің де өзіндік жақсы жақтары болады, соны айтайық.
V. «Тілек шамы».
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
-Құрметті ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
VІ. Ой-толғаныс.
- [pic] Тренингтіңбасталуында сіздерге бағдарлама берілді. Сол бағдарламаның артында гүл, жапырақ бейнесіндегі жапсырмалар бар.
[pic] [pic]
-Осы белгілер бойынша ата-ана балаға, тәрбиешіге өз ұсыныстарыңызды немесе ой-пікірлеріңізді жазуыңызға болады. (Жазған пікірлерін оқи отырып, көктем бейнесін шығару.)
[pic]