Біз мектепке барамыз бағдарлама

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ»

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ








«БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ»

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК ЖАСТАҒЫ

(5 жастан 6 жасқа дейінгі)

БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ

БАҒДАРЛАМАCЫ


























Астана — 2016

«Біз мектепке барамыз» мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы.- Астана, 2016. - 106 б.

Рецензенттер:

Б. Ердембеков, ф.ғ.д., СМПИ психологиялық-педагогикалық факультетінің деканы

С. Нұрсейітова, Семей қаласы, № 9 «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі

Авторлық ұжым: Т.А. Дрыгина, Г.Г. Корчевская, Н.Л. Татаурова, И.А. Тирская, С.И. Шелипова





Бағдарлама 5-6 жастағы балалардың тұлғалық дамуын қамтамасыз етіп және оны мектепте оқуға дайындауға бағытталған білім берудің базистік мазмұнын анықтайды. Бағдарламада бала дамуының негізгі заңдылықтары мен оның психикалық, физиологиялық өсуіне жағдай жасау мәселелері қарастырылған.

Бағдарламаның мазмұны мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың жеке жас ерекшелік қабілетінің ашылуына жағдай жасап, жалпыадамдық және ұлттық құндылықтарға негізделген баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін білім жүйесін қалыптастыру, әлеуметтік ортада жағымды қатынас жасауға қабілетті шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуге негізделген оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған.

Бағдарламаның мазмұны бір-бірімен тығыз байланысты, әрқайсысы өзіндік бөлімдерден тұратын, белгілі бір мақсат көздейтін негізгі білім беру салаларының жұмысын іске асыру мәселелерін көздейді.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің қызметкерлеріне, педагогикалық ЖОО мен колледждердің стденттеріне ұсынылады.












ББК

ISBN

© «Мектепке дейінгі балалық шақ»

Республикалық орталық, 2016


ТҮСІНІК ХАТ

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала — біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол – үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.

Еліміздің 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшуіне байланысты жаңа мемлекеттік стандартты енгізу, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық үдерістерін жаңа бағдарламалармен, оны жүргізудің тиімді әдістерімен қамтамасыз ету қажеттілігі туды. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды (5-6 жас) тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларын дайындау — уақыт сұранысына айналды. Ұсынылып отырған «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы мектепке дейінгі 5-6 жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудың психологиялық-педагогикалық және мазмұндық аспектілерін ашады және негізгі құзіреттіліктерді қалыптастырудың міндеттерін жүзеге асырады.

Бағдарламаның мазмұны баланың жеке жас ерекшелігінің мүмкіншіліктерін ашуға, бала тұлғасын жан-жақты дамытуға, жалпыадамдық, ұлттық құндылықтарға негізделген білім жүйесін қалыптастыруға, әлеуметтік ортада оң қатынастарға қабілетті шығармашыл тұлғаны дайындауға бағытталған мектепке дейінгі ересек жас балаларын тәрбиелеу мен оқытудың мақсаттарын шешуді көздейді.

Негізгі міндеттері:

- бала бойында маңызды, шешуші құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын қолайлы пәндік-даму ортасын құру;

- тәжірибелік, танымдық, шығармашылық іскерлігі мен басқа да бала әрекеті түрлерін қалыптастыру;

- ұлтжандылық пен халқымыздың мәдени-тарихи дәстүрлері негізінде тәрбиелеу арқылы бала бойына жалпыадамдық, мәдени және адамгершілік құндылықтарды дарыту;

- полиэтникалық және полимәдени мегаполисте ұлтаралық қатынастардың үйлесімділігін сақтауға негіз болатын ұлтаралық қатынас мәдениеті негіздерін қалыптастыру;

- баланы дүниежүзілік және жалпыұлттық құндылықтар рухында тәрбиелеу мақсатында отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның бірлескен мүмкіншіліктерін пайдалану;

- әр баланың тұлғалық қасиеті және оны ауыспалы өмір жағдайында әрі қарай сәтті дамыту мақсатында өзін-өзі тану, өз ойын еркін білдіру және оны іске асыру дағдыларын жетілдіру;

- салауатты өмір салты негіздерін қалыптастыру мақсатында баланың толыққанды физиологиялық дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы кеңістік құру;

- әр баланың интеллектуалдық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамыту;

- мектепте білім алуға жан-жақты дайындау.

Мектепке дейінгі 5-6 жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру мынадай негізгі педагогикалық ұстанымдарға сүйенеді:

- мәдени сәйкестілік ұстанымыаймақтық, ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарды пайдалану арқылы балалар ұйымының жұмысын мәдени орталық қатынас жасау арқылы ұйымдастыру;

- тәрбиелей отырып оқыту – баланың нақты ақыл-ойы мен тәжірибелік әрекетін іске асыра отырып, оның бойына ұйымшылдық, тәртіптілік, ұқыптылық, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру;

- жас ерекшелігі мен жеке ерекшеліктеріне байланысты қатынас жасау – балалардың жасы мен субъективті тәжірибесіне сәйкес тақырып мазмұны мен жұмыс тәсілдерін таңдау;

- жүйелілік – оқу материалын таңдау мен оны дұрыс жеткізу, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын байыту;

- түйсіну мен белсенділік ұстанымы – балалардың оқу материалын дұрыс түсінуі, қабылдауы мен ақыл-ойының, танымдық үдерісінің даму мәселелерін қарастырады;

- қызметтік қатынас ұстанымы – оқыту мен тәрбиелеу үдерісін бала әрекетін ұйымдастырудың түрлері мен формаларына танымдық компоненттерді кірістіре отырып жүргізуді көздейді;

- адамгершілік ұстанымы – педагогтің бала пікірімен санасып, оның сезімі мен көңіл күйін ескеріп, өзіне тең құқылы серіктес ретінде қабылдай отырып, бойына жоғары адами құндылықтар – отаншылдық, туған жерге деген махаббат сезімін дарыту;

- көрнекілік ұстанымы – оқытудың эмоционалдық және көрнекілік технологияларын үйлесімді қолдану арқылы қоршаған әлемді қабылдау мен тануға мүмкіншілік туғызу;

- креативтілік ұстанымы – мектепке дейінгі балалардың бойында бұрын қалыптасқан дағдыларын өзіндік іс-әрекет жағдайларында қолдану мүмкіндіктерін арттыру арқылы шығармашылыққа тәрбиелеу. Сол арқылы қалыптан тыс міндеттер мен проблемалық жағдайлардың шешімін өздігінен таба білу қажеттіліктерін қолдап, одан әрі жетілдіруге ынталандыру.

Мектепке дейінгі ересек жастағы баланы тәрбиелеу мен дамытудың қорытынды нәтижесі - үлкендермен және құрдастарымен қалыпты қарым-қатынаста бола алатын, негізгі құзыреттілікті және дене тәрбиесі, салауатты өмір салты негіздерін меңгерген, мектепте оқуға дайын тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Бағдарлама бес білім беру саласын қамтиды және мектепте білім алуға бағытталған баланың әлеуеттік мүмкіндігін ашуды көздейді.

Әр саланың мазмұны төмендегідей құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған:

- денсаулық сақтау;

- коммуникативтік-тілдік;

- танымдық;

- шығармашылық;

- әлеуметтік.

Бағдарламаның мазмұнын іске асыру – белгілі бір мақсатқа бағытталған, бір-бірімен тығыз байланысты дербес бөлімдерден тұратын білім беру салаларының жұмысын жүргізу болып табылады.

«Денсаулық» білім беру саласында балалардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтының ережелерін саналы түрде сақтауын қалыптастыруға, бала ағзасы мен маңызды қозғалыс дағдыларының функционалды мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған педагогикалық жұмыстардың шарттары мен мазмұны, міндеттері белгіленген.

«Қатынас» білім беру саласында байланыстырып сөйлеуін, мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілдік әрекетке жеке қабілеттерін, мазмұнды диалог пен монолог құра білу іскерлігін, сауат ашу және жазуды меңгеруге дайындау мақсатында тілдік шығармашылығын көрсетуге бағытталған жұмыстардың мазмұны мен міндеттері қарастырылады.

«Таным» білім беру саласында баланың қоршаған ортада бағдарын кеңейтіп, толықтыру, салыстыру, талдау, жалпылау, байқау, үлгілеу, қарапайым іздеу әрекеттерін меңгеру, табиғатты қорғау тәсілдерін меңгеруі, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық жұмыстардың міндеттерін, мазмұны мен шарттарын айқындап көрсетеді.

«Шығармашылық» білім беру саласында баланың әлемге деген эстетикалық қатынасы мен ұлттық, классикалық және заманауи көркем құралдарының дамуымен бірге қалыптасуы қарастырылады. Балалар шығармашылығы мен әрекеттерін біріктіру арқылы балалардың көркемдік қабілеттерін қалыптастырады.

«Әлеуметтік» білім беру саласында - әлеуметтендіруді қоғамдық қатынастар жүйесіне енуге қажетті балалардың әлеуметтік-мәдени тәжірибелерінің дамуы ретінде қарастырып, еңбек және білім-білік дағдыларын, қағидалар, құндылықтар, салт-дәстүрлер, ережелер, тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру мәселелері қарастырылады.

Сонымен қатар, бұл сала кіріктірілген сипатта жұмыс атқарып, төрт білім беру саласының мазмұнын іске асырады. Балалардың әрекеттерін түрлендіруді ұйымдастыру негізінде олардың үлкендермен, құрбыларымен қарым-қатынас жасауда қарапайым өзін-өзі бақылау мен реттеу дағдыларын қалыптастырады.

Бағдарламада балалардың мәдени дағдылары, білімділігі, тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің дамуы және бірлесіп жұмыс жасау, қоршаған ортаға қамқорлық, бәсекелестік және ынталылық, дербестік пен тәуелсіздік, әлеуметтік ортаға бейімделушілік, ашықтық, икемділік сияқты мінез-құлық негіздерінің төселуіне ерекше көңіл бөлінген.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК ЖАСТАҒЫ

БАЛАЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру барысында жүргізілетін ойындар мен сабақтар балаларды дербестікке тәрбиелеуге негізделеді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрлеріндегі режимдік кезеңінің үдерісінде үлкендермен, құрдастарымен мәдениетті қарым-қатынас жасауға әдеттендіру әрі қарай жалғаса береді.

Баланың денсаулығын нығайтуға, дене және ақыл-ой қызметінің жұмысын жақсартуға, жүйке жүйесін сақтауға бағытталған іс-шараларды балалар шаршап-шалдықпайтындай, жарақаттанып қалмайтындай, жалықпайтындай етіп ұйымдастыру керек. Сонымен қатар, осы кезеңде күн тәртібін сақтауды қамтамасыз ететін шаралар кешенін жүргізу, жеке бас гигиенасын сақтау, қоғамдық орында өзін-өзі ұстау тәртібі мен өз-өзіне қызмет жасау дағдыларын меңгерту өте маңызды.

Әртүрлі қозғалыс түрлеріне жаттықтыра отырып, балалардың оны түсініп, дұрыс, дәл орындауын қадағалау керек. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін арнайы ережелері бар қозғалыс ойындары ойнатылады.

Балалардың күнделікті өмір тұрмысын ұйымдастыру барысында өсіп келе жатқан балалардың дербестігінің, өзінің және құрбыларының өзін-өзі ұстау қабілеттерінің артқандығын сезіне білуі, яғни үлкендер жағынан қамқорлыққа мұқтаждығының азайғандығын ескеру қажет. Киініп-шешіну, тамақтану, жуыну уақытының қысқаруы есебінен бала еңбегі мен ойынына, қимыл-қозғалыс қызметін дамытуға, өз бетінше көркемдік шығармашылықпен айналысуға бөлінетін уақыт мөлшері артады. Осыған орай ересек топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің түрлерін жүргізу уақытының көлемі артып, берілетін бағдарламалық материалдар күрделене түседі. Күрделі мазмұнды материалдарды меңгерту барысындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (сауат ашу, математика, тіл дамыту) күннің бірінші жартысында жүргізіледі. Себебі, бала бұл уақытта мейлінше сергек, әрі белсенді болады. Оқу материалын балаға ойын арқылы жеткізіп, оны жалықтырып алмас үшін дер кезінде сергіту жаттығуларын жасату керек. Сонымен қатар, баланың жас ерекшелігіне сай, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану керек.

Баланың эстетикалық танымын дамыту мақсатында көркем шығармашылық әрекеттерді (драмалық ойындар, әртүрлі көріністерді сахналау, бейнелеу өнері) түрлендіріп ұйымдастыру қажет.

Оқу мен ойын әрекеттерін де баланы жалықтырмайтындай тартымды, мейлінше түрлендіріп ұйымдастырған жөн. Өйткені осы әрекеттер арқылы бала жаңа ұғымдармен танысады, өзіне таныс емес заттардың қызметі мен оларды қолдану тәсілдерін меңгереді. Сондықтан да тәрбиешінің алдында баланың шығармашылығын, дербестігін, ерік-жігерін шыңдауға бағытталған түрлі ойындарды ұйымдастырып, оны дұрыс, тиімді тәсілдермен жүргізу міндеті тұр.

Ересектер тобынан бала үстел ойындарын ойнау, түрлі суреттерді қарап, суретті ойындардағы тапсырмаларды орындау, құрастыру мен мүсіндеу сияқты келешек оқушыға қажетті әрекет түрлерімен айналысуға деген қызығушылықпен шығуы қажет.

Бала әрекетінің жүйелі даму үлгісін көрсететін, бағдарлау мен әрекет кеңістігін ашатын, вариативтілігімен және баланың тікелей қатысуымен ерекшеленетін дамытушы орта құру — оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде өте маңызды рөл атқарады.

Пәндік дамыту ортасы балалардың бір-бірімен, үлкендермен қарым-қатынасын дамытуға бейімделіп жасалады. Сондықтан ол балалардың физиологиялық, әлеуметтік, эстетикалық және танымдық дамуын қамтамасыз етуге қолайлы, әрі ыңғайлы болуы қажет.

Топта еңбек әрекетінің әр түрін жүргізуге қолайлы жағдай жасалуы керек. Еңбек әрекеті арқылы баланың өз-өзіне қызмет ету дағдылары қалыптасады. Осы мақсатта әр түрлі еңбек әрекеттерін ұйымдастыруға болады. Мәселен, шаруашылық-тұрмыстық еңбек пен табиғат аясындағы еңбек түрлерін жеке және ұжымдық тапсырмалар мен кезекшілік түрінде ұйымдастырған жөн. Еңбек ету барысында балалардың жұмысын мадақтап отыру арқылы оны жігерлендіріп, еңбек етуге қызығушылығын арттырып отыру қажет.

Балаларды дамыту мен тәрбиелеуде нәтижеге жету үшін педагог пен ата-аналардың бірлесіп жұмыс жасауы маңызды рөл атқарады. Тәрбиеші балаға қатысты мәселелерді бірігіп шешу мақсатында ата-аналармен ынтымақтастық қатынас орнатып, оларды топтың өмірі мен қызметін ұйымдастыруға белсенді қатыстырып отыруы керек.


5-6 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА

БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК МҮМКІНДІГІНЕ

СИПАТТАМА

Бес-алты жасқа қараған балалардың дамуында елеулі өзгерістер болады. Баланың денесінің салмағы шамамен айына 200 г, бойының ұзындығы 0,5 см артады. 5-6 жасында баланың бойы - 116 см, денесінің самағы - 21,5 кг жетіп, кеуде қуысының көлемі 67 см жетеді.

Баланың мінез-құлық әрекетін реттеуде ми қабының рөлі артады. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі жетіледі. Балалардың қимыл белсенділігі артып, негізгі қимыл әрекеттерін жетік меңгереді. 5-6 жастағы балалардың қозғалысы көбіне жігерлі, әрі нақты болып, әсемдік пен жеңілдікке ие болады. Балалар жүгіріп келіп биіктік пен ұзындыққа тоқтамай секіруді, заттарды кезеніп жігерлі лақтыруды беріліп орындайды. Олар допты бір қолымен қағып ала алады, бір орында тұрып, аяқтарын кезектестіріп секіре алады.

Бес-алты жасында саусақтарының жетілгені соншалық, бала өз бетімен қағаздан түрлі пішіндерді (дөңгелек, сопақша, тіктөртбұрыш, т.б.) қиып ала алады, адам мен жануарлар мүсіндерін жасап, қарындашпен, бояумен еркін сурет сала алады.

Бұл кезең баланың психикалық дамуында елеулі өзгерістермен ерекшеленеді. Сондықтан, баланың психологиялық даму жағдайы күрделеніп, қарым-қатынас жасау әдістері де өзіндік сипатқа ие болады. Мысалы: дамудың әлеуметтік жағдайы 5-6 жастағы баланың үлкендермен қалыпты жағдайдан тыс - тұлғалық қарым-қатынас жасау түрінің пайда болуымен ерекшеленеді.

Бес жасар бала үшін үлкен адам тек білімнің көзі ғана емес, сонымен қатар айнала қоршаған әлемнің қыр-сырын білетін, әлеуметтік қатынастардың үлгісі, адами әрекеттердің қағидалары мен білімдерінің көзі болып табылады. Бала үшін өзін мазалаған мәселелерімен, қызықтырған сұрақтарымен, пікірімен үлкендермен бөлісу өте маңызды. Сондықтан ол адами қарым-қатынастар мен адамгершілік қағидалар туралы сұрақтарды көп қоя бастайды. Мұның себебі баланың күнделікті өмірде кездесетін жағдайлардан туындаған алаңдаушылығымен байланысты.

Бұл кезеңде баланың айналаны танып-білуге құштарлығы артқаны соншалық, ол үлкендерге қоршаған әлем туралы өзін қызықтырған сан алуан сұрақтар қоя алады.

Егер 4-5 жастағы балалар үлкендермен жан-жануарлар, машиналар, табиғат құбылыстары жайлы әңгімелессе, ал мектепке дейінгі ересек жастағы балалар өзін-өзі ұстау ережелері, өзі және ата-аналары жайлы әңгімелескісі келеді.

Бес-алты жастағы бала мектеп жасына дейінгі балалардың (бұл әсіресе балабақшаға баратын балаларға тән) құрдастарына бағытталған барлық құбылыстарының «ошағы» болып табылады. Өзінің тартымдылығымен құрдастары үлкендерді басып озып бала өмірінде ерекше орынға ие болады. Қарым-қатынастың негізгі мазмұны — іскерлік ынтымақтастығы мен біріккен ойын әрекеті арқылы ашылады. Балалардың қарым-қатынасы әсіресе, сабақ және ойын әрекеті үстінде айқын көрінеді. Бала құрдастарының әрекетіне сынай қарап, іштей қызғанады, оларды өзінше бағалайды және үлкендердің бағалауын өзіндік әсермен қабылдайды. Кейбір жағдайда құрдасының сәтсіздіктеріне онымен бірге қамығады. Бірақ мұндай қатынас тұрақты бола бермейді. Ол өз мүмкіншіліктері мен жетістігіне мақтанып, өзін басқадан биік ұстайды, өзгені қызғанады, оны өзіне бәсекелес санайды. Қарым-қатынасында жиі жанжалдасып қалу сипат алады. Ызақорлық пен қымсыну сезімінің пайда болуы әсерінен қарым-қатынас шиеленісе түседі. Әрдайым өзінің артықшылығын дәлелдеу мақсатында басқа балаларды өзімен салыстырып отырады. Қарым-қатынаста үлкендердің де, құрдастарының да оның пікірімен санасқанын, өзіне сыйластықпен қарағанын қалайды. Сонымен қатар, өзара қарым-қатынасында түсініспеушілік пен жанжалдарды болдырмаудың жолын табуды меңгеру арқылы баланың қатынас құзіреттілігі қалыптасады.

5-6 жаста сюжеттік-рөлдік ойындар ойнату арқылы тәрбиелеу мен оқыту одан әрі жетіле түседі. Балалар сомдауы арқылы жасалған адамдар арасындағы қарым-қатынас ойынның негізгі мазмұнын құрайды. Балалар 3-4 адамнан құралған тұрақты ойын бірлестігін құрады. Рөлдік ойындарда бала сомдап тұрған кейіпкерінің атынан басқа кейіпкерлермен сөйлеседі. Осылайша баланың мазмұнды сөйлеу тілі қалыптасады, рөлдік қарым-қатынастардың мәні ашылады. Қойылымда көрсетілетін әрекеттер ықшамдалып, баланы жалықтырмайтындай қысқа, рет-ретімен, орынды қойылып, сюжеттің мазмұны ашылатындай болуы керек.

Осы кезеңде баланың жаңа дағдылары мен білімдері, қалыптасқан тәртіп ережелері мен психикалық үдерістері, қиялы, қарым-қатынас жасау дағдылары мектепке дейінгі жастағы жетекші іс-әрекет — сюжеттік рөлдік ойындар арқылы қалыптасып, дамиды. Басқа әрекет үстіндегі баланың мінез-құлқы бұл әрекет кезінде мүлдем басқаша болады. Қойылым кезінде бала өз-өзін тез жинап, өзін байсалды ұстайды, сюжеттің мазмұнын есінде тез сақтап қалады. Ойын үстінде басқалардың пікірімен санаса отырып, өз талаптарын да орындата алады. Осылайша түсініспеушіліктерді шешіп, бірлесіп жұмыс жасайды. Басқаша айтқанда, қарым-қатынас іскерлігіне үйренеді.

Осы кезеңдегі маңызды құрылымдардың бірі — өзін-өзі ұстау ережелері болып табылады. Бала бұрын өзінің эмоцианалдық көңіл күйін кез келген ортада еркін көрсетсе, енді өзінің іс-әрекетінде тәртіп нормалары мен қағидаларын сақтайды. Дегенмен де, бұл кезеңде өзін-өзі ұстай білу дағдысы енді қалыптасу сатысында болады. Алғаш рет өзін қалай ұстау керек деген сұрақ туады. Бала санасында өз әрекетін реттеп отыратын өзін-өзі ұстау тәртібінің үлгісі құрылады. Сол үлгі арқылы бала өз әрекетін реттеп отырады. Өз мүмкіншіліктерін, нені істей алатындығы мен істей алмайтындығын сезеді, өзгелермен қарым-қатынаста өз орнын біледі, өз әрекетін ғана емес, ішкі жан күйінің тербелістерін (қуаныш, реніш, қобалжу, толқу, т.б.) де сезінеді, үлкендердің талаптарын түсініп, өз пікіріне сай келсе саналы түрде орындай алады. Психологтердің пайымдауынша, бес жастан кейін олармен «келісуге», тапсырмалар беруге, жаңа іспен қызықтыруға болады.

Дәл осы кезеңде өзін-өзі ұстау еркіндігі — бала психикасының дамуы мен жан дүниесінің қалыптасуының көзі болып табылады. Бала нені қаласа, соған жетуге тырысады. Оның өзін-өзі ұстауы айналасындағы жағдайға байланысты емес, өз шешіміне қарай болады. Осы құбылыстар бала дамуының бар саласында көрініс табады және бекітіледі.

Дүниетанымдық түсініктері. 5-6 жастағы балалар қоршаған әлем мен өзі туралы тұрмыстық түсініктерді біледі. Тұрмыстық түсініктер бұл күнделікті сөйлеу тілімен байланысты ұғымдар. Осыған орай мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың түрлі дүниетанымдық мәселелер туралы өзіндік түсініктері бар. Жағдайдан тыс-тұлғалық қарым-қатынас пен сюжеттік-рөлдік ойындардың нәтижесінде баланың үлкендердің өзара қарым-қатынасы мен әлеуметтік жағдайы туралы түсініктері қарқынды дамиды. Сөздік-қисынды ойлау қабілеттерінің дамуы кейбір түсініктердің нақты-бейнелі мазмұнының абстрактілі, ерікті салыстырмалы түрін жасайды. Өзін ерекше бағалап, өзінің «мен»-ін жақындарынан да, достарынан да оқшау қояды.

Бұл кезеңде бала жаны тез жараланғыш келеді. Сонымен қатар көптеген балаларда ашуланшақтық, ұялшақтық, ызақорлық, өзін-өзі көрсетуге құмарлық сияқты қасиеттер пайда болады. Үлкендер бұл өзгерістерді дер кезінде байқап, тиісті шаралар қолданбаса, ол бала бойында өмір бойы сақталып қалуы мүмкін.

Баланың ойлау қабілеті. Ішкі психологиялық өмірі мен өзін-өзі реттеуінің қалыптасуы – танымдық салада бірқатар жаңа құрылымдардың пайда болуымен байланысты. Ең алдымен, бала ортақ түсініктер бойынша әрекет ету қабілетін меңгереді, оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық қарым-қатынасын құра алады.

Бұл кезеңде баланың қоршаған әлемді түсінуге талпынысы артады және әлем туралы алғашқы түсінігінің кескіні пайда болады. Алайда, бұл қисынды түсінік емес, небары көрнекі-бейнелі ойлау ғана.

Көрнекі-бейнелік ойлау — ойлау қабілетінің кең тараған түрі. Ол тікелей затқа емес, сол заттың бейнесі мен баланың зат туралы түсінігіне бағытталған. Ойлау қабілетінің бұл түрінің маңызды шарттарының бірі — ойын. Ойын арқылы балада бір затты екінші заттан айыра білу дағдысы қалыптасады. Жаңа бейне жасау мүмкіншілігі туады. Бұл мақсатты осы кезеңнің маңызды құрылымдарының бірі — елестету арқылы іске асырады.

5-6 жаста сөздік-қисынды ойлау қабілетінің күрт дамуы байқалады. Сол арқылы балада көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты түсіну қабілеті қалыптасады. Осылайша, өзі қолымен ұстап, көруге болмайтын заттар мен құбылыстардың байланысын бақылауына, түсінуіне мүмкіншілік береді. Нақты бейнелі ойлауға бағытталған түсініктен, қисынды шешім шығарып, оны сөз арқылы бейнелеуді меңгереді, оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық қатынасын белгілей алады.

Ең бастысы, бұл кезеңде бала психикасы қалыптасу мен даму үстінде екендігін естен шығармауымыз керек.



КҮН ТӘРТІБІНІҢ ҮЛГІСІ

Баланың мектепке дейінгі ұйымдағы күн тәртібінің уақыты 12 сағатқа шамаланған

Күн тәртібінің элементтері

Уақыты

(сағ., мин)

«Сәлеметсіңдер ме, балалар!»

Балаларды қабылдау, тексеру, ойындар, ертеңгілік гимнастика. Гигиеналық шаралар. Таңғы ас. Ойындар, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне дайындық.

7.30 – 9.10

«Ойнайық та, ойлайық» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.

9.10 – 10.10,

9.10 – 10.40

«Табиғат аясында»

Серуенге дайындық. Серуен. Табиғатпен таныстыру, ойындар, еңбек. Серуеннен оралу. Гигиеналық және шынықтыру шаралары.

10.10 – 12.50

«Ас — адамның арқауы»

Түскі ас

12.50 – 13.20

«Тәтті ұйқы»

Гигиеналық және шынықтыру шаралары. Күндізгі ұйқыға жатқызу.

13.20 – 15.10

«Ұйқымызды ашайық»

Ұйқыдан ояну, шынықтыру шаралары.

Бесін ас.

15.10 – 16.00

«Алақай, ойын!»

Сюжеттік-рөлдік, шығармашылық және дидактикалық ойындар. Серуенге дайындық, серуен, қимылды ойындар. Гигиеналық және шынықтыру шаралары.

16.00 – 17.40

«Ас — адамның арқауы»

Кешкі ас

17.40 — 18.00

«Ертеңге дейін...»

Балалармен, ата-аналармен қарым-қатынас. Балалардың үйге қайтуы.

18.00 – 19.00


ЕРЕСЕКТЕР ТОБЫНЫҢ

(5 жастан 6 жасқа дейін)

БАЗИСТІК ОҚУ ЖОСПАРЫ



Білім беру саласы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

1

«Денсаулық»

3

2

«Қатынас» «Коммуникация»

3

3

«Таным»

3,5

4

«Шығармашылық»

5

5

«Әлеумет»

2

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жалпы көлемі

20

Вариативтік компанент

4

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығы

25-30 минут






«Денсаулық» білім беру саласыНЫҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

Мақсаты: денсаулық сақтау құзіреттілігін қалыптастыру. Өз денсаулығына саналы көзқарасын тәрбиелеу, денсаулықтың адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін түсіну, қозғалыс белсенділігін дамыту және физиологиялық қасиетін қалыптастыру.

Мектепке дейінгі ересек жастағы «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асады:

- дене шынықтыру;

- валеология.

Дене шынықтыру

Мақсаты: баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызғушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету.

Міндеттері:

- денсаулығын нығайту, балалардың жалпы физиологиялық жетілуін жақсарту, қимыл-қозғалыс арқылы биологиялық қажеттілігін қанағаттандыру, жағымды эмоционалды көңіл күй ортасын жасау;

- күнделікті өмірге қажетті қимыл түрлерін, оларды дұрыс орындау дағдыларын қалыптастыру;

- физиологиялық қасиеттері мен ептілік, үйлесімділік қабілеттерін дамыту, шыдамдылығын шыңдау;

- балаларды спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру арқылы ойын техникасын меңгерте отырып, жаңа машықтарды игерту;

- балаларды жинақылыққа тәрбиелеп, ынталы іскерлігін арттыру, құрдастарымен достық қарым-қатынасын қолдау;

- жас ерекшелігіне қарай толыққанды дамуына, ағзаның қоршаған ортаға бейімделу қабілетін, дене және ақыл-ойдың қабілеттілігін арттыруға жағдай жасау;

- белсенді қимыл іс-әрекеттеріне және оған қажеттілікке қызығушылықтарын арттырып, дене шынықтыру сабақтары мен ойындардың, негізгі гигиеналық талаптар мен ережелердің пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Мазмұны:

Негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары

Ортаңғы топта үйренген жаттығуларды қайталап, балалардың іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және бекіту.

Негізгі қимыл жаттығулары

Жүру:

- түрлі қарқында бір қатармен, екі қатармен, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру жаттығуларын белгі бойынша орындау;

- бүгілген тізені жоғары көтеріп, жартылай отырып;

- заттарды аттап, заттар арасынан;

- қолды түрлі қалыпта ұстап (жоғары, алға, жанына, желкеде);

- тәрбиешінің белгісімен тоқтап;

- қозғалыс бағытын өзгертіп, заттар арасымен;

- шашырап, заттар арасымен;

- жүгіруді алмастыра;

- адымдап алға қарай жүру;

- «жыланша» ирелеңдеп;

- сызық және шеңбер бойымен қол ұстасып, жіптен ұстап, жіпті басқа қолға ауыстырып қысқа және кең қадаммен;

- 3-4 м жерге дейін көзін жұмып жүріп өту.

Жүгіру:

- бір қатармен, шашырап, жұптасып, түрлі қарқында;

- шеңбер бойымен, қол ұстасып, келесі бетке бұрылыс жасап;

- заттарды аттап, тізені жоғары көтеріп майда және кең қадаммен заттар арасымен;

- заттар арасымен шашырап;

- «жыланша» ирелеңдеп, кедергілер арасымен;

- жұптасып, тізбектеліп, бастаушыны ауыстыра отырып сапқа қайта тұрып;

- кедергілерден өтіп;

- 1,5-2 мин түрлі жылдамдықпен — баяу, жылдам, орташа қарқынмен тоқтамай, орташа жылдамдықпен 60-100 м;

- ұстап және айламен тосып алып;

- баяу қарқынмен кедергілер арасымен 2 минут тоқтамай;

- қиылысқан жерге дейін 320 метрге;

- белгіленген жерге дейін жылдамдыққа, арақашықтыққа (ұзындығы 20 м) жүгіру;

- бірнеше рет сап түзеу арқылы жылдамдыққа жүгіруді баяу жүгірумен алмастыру;

- мейлінше тез 20-30 м арақашықтыққа (жылдың аяғында 5,5-5 секундта 20 метрге, 7,5-8,5 секундта 30 метрге);

- 120-200 метрге 2-3 рет жүрумен алмастырып;

- екі, үш қатарға сапқа қайта тұрып (жол бойында кеглиді алу);

- ирелеңдеп жүгіру (10 метрден 3 рет).

Секіру:

- бір орында, алға қарай;

- тізенің арасын қос аяқтап қаппен;

- қос аяқтап заттар арасымен (арақашықтығы 4 м), 5-6 заттар арқылы (биіктігі 15-20 м), оң және сол қырымен;

- жіптің үстінен;

- түзу бағытта (ара қашықтығы 6 м)

- оң және сол аяқтарымен кезектесіп заттар арасымен (арақашықтығы 3 м);

- оң және сол аяғын кезектесіп;

- 20 см-ге дейін жоғарыдан;

- алға қарай бір аяқтан екінші аяққа (арақашықтығы 3-4 м);

- бір орыннан ұзындыққа (80 см-ден кем емес);

- жүгіріп келіп ұзындыққа (100 см-ден кем емес);

- жүгіріп келіп биіктікке (биіктігі 30-40 см-ден кем емес);

- шахмат тәрізді қойылған қырлы бөрене арқылы (арақашықтығы 50 см), доптардан (5-6 дана) қос аяқтап секіру;

- зал ортасына қойылған жіптің оң және сол жағынан 4 м қашықтыққа алға жылжып;

- ұзын және қысқа секіртпемен қос аяқтап, ытқып-ытқып, бір аяқтан екінші аяққа алға айналдырып және қос аяқтап ытқып секіруді алмастырып алға, артқа секіру;

- теңселіп, айналып, бір орында тұрған секіртпемен;

- қысқа секіртпемен алға жүріп (арақашықтығы 8 м) қос аяқтап;

- арақашықтығы 40 см құрсаудан келесі құрсауға бір аяқтап және қос аяқтап;

- қос аяқтап, аяқтың оң және сол қырымен (3 рет), одан соң 180 градусқа бұрылып секіру.

Лақтыру, қағып алу, домалату:

- қос қолмен допты жоғары, жіптің үстінен лақтыру, допты еденнен ыршытып жоғары лақтырып қос қолмен қағып алу (10 реттен кем емес) допты қабырғаға ұрып және еденнен ыршытып қос қолмен қағып алу;

- допты заттар арасымен және түзу бағытта домалату;

- 3-4 м арақашықтықта допты, қапты, тасты, асықты нысанаға дәлдеп лақтыру;

- 3-4 м арақашықтықтан қапты тігінен иықтан асырып оң және сол жағымен лақтыру;

- қапшықтарды себетке, алысқа көздеп тастау, бір қолымен қапшықты, екі қолмен допты төменнен құрсауға лақтыру;

- допты екі қолымен бір-біріне (арақашықтығы 1,5-2 м) басынан асыра лақтыру;

- тізбектеліп және тізерлеп тұрып допты екі қолымен бір-біріне басынан асыра лақтыру;

- 3 м арақашықтықта тізбектеліп допты төменнен қос қолдап, кеудеден және төменнен лақтырып, тосар алдында қолды шапалақтау;

- допты қос қолдап заттар арасымен (4-5 м арақашықта) алға қарай алып жүру;

- алға қарай жылжып қос қолмен допты лақтырып қайта қағып алу (арақашықтығы 4-5 м);

- сақинаны лақтыру арқылы таяққа кигізу;

- допты қос қолмен себетке лақтыру;

- шағын допты бір қолымен лақтырып, қос қолдап тосып алу;

- допты бір қолмен еденге ыршытып, қос қолмен тосып алу, бір қолымен жоғары лақтырып, бір қолымен тосып алу.

Еңбектеу және өрмелеу:

- биіктігі 40 см болатын жіптің астынан қолды еденге тигізбей, жанымен еңбектеу;

- гимнастикалық орындық үстінде ішпен, арқаға қапшық қойып еңбектеу;

- еңкіш басқышпен өрмелеп гимнастикалық қабырғаға өтіп, одан қайта түсу, гимнастикалық орындық үстімен еңбектеу;

- биіктігі 50 см доға астымен қолына допты ұстап, қатарынан қойылған 3-4 доғаның астынан еңбектеу;

- қолды еденге, шеңбердің шетіне тигізбей топталып шеңбердің ішіне кіру (биіктігі 50 см);

- кеглилер арасымен допты басымен итеріп еңбектеу;

- арқаға қапшық қойып еңбектеу;

- гимнастикалық қабырғаның басына дейін бір және бірнеше тәсілмен өрмелеп, басқа аралыққа ауысып төменге түсу;

- доғаның астымен допты басымен итеріп еңбектеу;

- кедергілер арасынан және қолды еденге тигізбей доға астынан еңбектеу;

- шығыршықтарды айналдырып, олардың ішіне кіру;

- сатының қырына қойылған тақтайшалар арасынан өту.

Тепе-теңдікті сақтау:

- заттар арасымен аттап жүру;

- кедергісі бар тақтай үстімен адымдап, аяқ ұшымен жүру;

- орындық үстімен, текшелерді аттап, толтырылған доптармен, әр қадам сайын допты алға қойып, қолды арқаға немесе алдына ұстап, басына қапшық қойып жүру;

- арқан бойымен қырынан, қосымша қадаммен (өкшені арқанға, аяқ ұшын еденге);

- қабырғалы тақтай үстімен жүру;

- еңкіш тақтай үстінен сымбатын бұзбай жүру және жүгіру;

- еңкіш тақтай үстіне жүгіріп шығып төмен қарай адымдап түсу;

- еңкіш тақтай үстімен бір қырымен қосымша адымдап жүру;

- арқан бойымен басына қапшықты қойып, бір қырындап, қосымша адымдап жүру;

- гимнастикалық орындық үстімен арақашықтығы баладан екі қадам алыс қойылған толтырылған доптардан аттау арқылы жүру;

- көлденең және еңкіш бөрене бойымен жүру және жүгіру;

- бір-бірінің қолдарынан ұстап жұптасып айналу;

- «Қарлығаш» жаттығуын орындау.

Сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру:

- сапқа бір қатармен тұру;

- сап түзеп жүруден бір және екі қатармен қайта тұру;

- бір орында және қимыл үстінде оңға, солға бұрылу;

- қатарда – қолды алға, сап түзеп жүргенде және шеңбер жасағанда – қолды жан-жаққа созып тік тұру;

- секіріп және аттап оңға, солға, айналып бұрылу;

- қатардан сапқа тізбектеліп шеңбер бойымен және үш қатарға тұру;

- шаңғымен сапқа тізбектеліп тұру, адымдап қадам басу, бұрылу;

- жүру барысында жұптасып және қайтадан бір қатарға тұру;

- педагогтің тапсырмаларын орындай отырып саптағы бір қатардан үш қатарға жүру, жүгіру кезінде ауысу, қимылдар жасай отырып екі қатардан бір қатарға сапқа тұру;

- саптағы бір қатардан үш, төрт қатарға қайта сап түзеп тұру.

Музыкалық-ырғақты жаттығулар:

Музыка ырғағына сәйкес түрлі қарқында қимылдар жасау. Өздеріне таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем де, ырғақты етіп орындау. Аяқты өкшеге кезектестіріп қойып, топылдату. Адымдап жүрелеп (тізесін бүгіп) жүру. Қарапайым музыка ырғағына сай қолды шапалақтау. Жұптасып шеңбер бойымен қозғалу. Музыка ырғағына қарай ойдан қимылдар ойластырып, шығармашылық таныту.

Жалпы дамыту жаттығулары

Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар. Кеуденің алдында тұрған қолды жан-жаққа созу, желкені ұстап тұрған қолды жоғары көтеріп, жан-жаққа созу. Қолдың «құлып» болып ұстасқан саусақтарын жоғары алға көтеру (алақанды сыртқа қарай айналдыру). Қолды жоғары артқа бір мезгілде және кезектесіп көтеру. Бір қолдан екінші қолға затты алға, арқаға, басына қайта қою. Қолды алға шапалақтау және арқаға қою. Қолды буыннан айналдыру. Қолдың саусақтарын ашып, жұму.

Аяққа арналған жаттығулар. Аяқтың ұшымен тұру. Аяқтың ұшын жерден алмай, өкшені жоғары көтеріп, түсіру. 2-3 рет қатарынан жартылай отырып-тұру. Қолды алға созып, қолмен тізеге сүйеніп, қолмен тізені құшақтап және басты иіп жүрелеп жүру. Алға және жан-жаққа ұмтылу. Ұсақ заттарды аяқтың саусақтарымен қысып алып, орнын ауыстыру. Аяқтың ұшын тірей отырып өкшемен таяқпен арқан үстімен бір жағымен аттап жүру. Таяқ, білікше бойымен (диаметрі 6-8 см) табанның ортасына сүйене отырып бір қырындап өкшені өкшеге қойып жылжу. Табанды майыстырып, түзеп, айналдыру.

Кеудеге арналған жаттығулар. Допты басынан асыра (алға және артқа) бір-біріне беру. Қолды алға созып оңға, солға бұрылу. Гимнастикалық қабырғаға бетімен қарап тұрып белінің тұсына сай қолына рейка ұстап алға еңкейіп, иілу. Гимнастикалық қабырғаға арқасымен тіреп тұрып қолын белінің тұсына сай рейкадан ұстап аяқты кезектестіре бүгіп және тіке көтеру. Арқасына ұстасқан қолдарын көтеріп алақанын еденге тигізіп, алға еңкею. Тізерлеп тұрып, алға еңкейіп отыру. Отыру, бұрылып затты артына қою, қайтадан артқа бұрылып затты алу. Арқасымен жерде жатып аяқты жоғары көтеру, велосипед айдағандай аяқты қимылдату. Бір аяқпен тіреуішке сүйеніп, тіреуіштен тіреуішке өту. Ішпен жатып, аяқты майыстырып, қайта жазу (алдымен бір аяқпен, содан соң екі аяқпен бірге). Арқамен жату, одан кейін ішпен жатып ауысу және керісінше. Ішпен жатып қолды жан-жаққа созып майыстыру және иығын аздап жоғары көтеру.

Дене күшін арттыратын жаттығулар. Қолды орындыққа сүйеп, аяқты бірге керіп тартылу 5-10 рет 5-6 метрге дейін қолмен жүру (екінші бала бірінші баланың аяғынан ұстап жүреді).

Денені нығайтуға (пресс) арналған жаттығулар. Жұптасып жасайды: қол желкеде, арқамен жату, екінші бала бірінші баланың аяғына отырады (5-10 рет), гимнастикалық қабырғада қолымен ілініп тұрып, аяқтарын қосып, бұрау (5-10 рет).

Арқаға арналған жаттығулар. Топтасып алға, артқа «әткеншек» жасап домалау (5-10 рет), 5 метрге дейін қолдың көмегімен ішпен жорғалау.

Спорттық жаттығулар

Шанамен сырғанау. Төбешіктен бір-бірлеп және екі-екіден шанамен сырғанау. Шанамен төбешікке көтерілу. Төмен түсіп келе жатып тежеу. Бірін-бірі сырғанату.

Сырғанау. Мұз айдынында екпіндеп келіп өз еркімен сырғанау. Сырғанау кезінде тізені бүгіп және орнынан тұру. Сырғанау кезінде тапсырмалар орындау.

Шаңғымен жүру. Бірінің артынан бірі сырғанай кезектескен адыммен алға жылжу. Қиылысқан бос жерлермен жүру. Байыпты қарқынмен 0,5-1 км жерге шаңғымен жүріп өту. Бір орында тұрып айналып оңға, солға аттау, екі жаққа шеңбер жасап тұру. Тіке аяқты алға шырша, жартылай шырша сияқты тастап төбешікке шығу. Аласа тіреу бойымен төмен түсу. Өз еріктерімен шаңғы алып, орнына қою, киіп, қайта шешу, қолдың астына алып жүру.

Велосипед және самокатпен жүру. Шеңбер бойымен және тура жолмен қос дөңгелекті велосипедпен жүру. Оңға және солға бұрылыс жасау. Оң және сол аяқпен итеріп самокатпен жүру.

Жүзу. Судың таяз жерінде отырып және жатып аяқпен қимыл жасау (жоғары, төмен). Судың түбінде қолын алға, артқа сермеп жүру (аяғын көлденеңінен созып). Иекке, көзге дейін суға батырып отыру, суға бетті түгел батырып, суға үрлеу. Суға басын батырып отыру. Хауыздың қабырғасын екі аяқтап күшпен итеру жаттығуын жасау. Арқамен және кеудемен сырғанап, суға демін жіберу. Баланың өзіне ыңғайлы кез-келген тәсілімен жүзу.

Гидроаэробика. Ернеуде тұрып суда бұрылыс жасап секіру және басқа да жалпы дамыту жаттығуларын жасау.

Спорттық ойындар элементі

Қалашық. Бастапқы қалыпты дұрыс ұстап тұрып бір қырынан таяқты лақтыру. 3-4 пішіндерді білу. Қалашықты 2-3 м және 5-6 м аралықтан таяқ лақтыру арқылы ұшырып құлату.

Баскетбол. Кеуде тұсынан қос қолдап допты бір-біріне лақтыру. Допты оң және сол қолмен алып жүру. Кеуде тұсынан екі қолмен допты лақтыру. Ойынды топпен игеру.

Бадминтон. Белгіленген жаққа ракетканың воланын тойтару. Тәрбиешімен жұптасып ойнау.

Футбол. Берілген бағытқа допты оң және сол аяқпен домалату. Заттың айналасына допты айналдыру. Допты шұңқырға, қақпаға домалату. Допты қатарынан бірнеше рет қабырғаға соғу. Жұптасып тұрып допты аяқпен қатарынан бірнеше рет қабырғаға соғып аяқпен бір-біріне беру.

Хоккей. Берілген бағытқа, қақпаға доптаяқпен шайбаны домалату. Жұптасып тұрып шайбаны бір-біріне домалату.

Өзіндік қозғалыс іс-әрекетінің белсенділігін арттыру

Ойынды түрлендіріп, қызықты өткізуге мүмкіндік беретіндей түрлі құрал-саймандармен, спорттық керек-жарақтармен жабдықталған қозғалыс әрекетін дамытатын қозғаушы орта құру. Заводтық спорт құрал-жабдықтармен қатар жүйелі түрде массажерлар, жүру мен жүгіруге арналған, ептілікті, үйлесімділікті дамытуға бағытталған жасанды құрылғыларды пайдаланған жөн.

Ойын алаңын басқа да ойындарды ойнауға ыңғайлы болатындай етіп ұйымдастыру керек. Ойындардың, қимыл-қозғалыстардың, жаттығулар түрі жазылған карточкалар жиынтығы болуы қажет.

Балаларды құрдастарымен жарыс ұйымдастыру барысында ережеге бағынуға үйрету.

Балалардың қалауы бойынша қимылды ойындар ұйымдастыруға жағдай жасау. Серуен кезінде меңгерген қимыл-қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын жетілдіру. Серуендеу орынын дұрыс жабдықтау.

Қыс мезгілінде мұз жолдарымен сырғанау, шаңғымен жүру, хоккей ойнау, шанамен сырғанау, ал жылдың жылы мезгілінде велосипедпен жүру, футбол, бадминтон, баскетбол ойындарын ойнауға қолайлы жағдай туғызу керек. Ойын алаңдарында кедергі жолдары болғаны дұрыс.

Айына бір рет дене шынықтыру ойын-сауығын, жылына 2 рет – қыста және жазда дене шынықтыру мерекелерін ұйымдастыру.

Валеология

Мақсаты: денсаулықты нығайту, бала ағзасы мен табиғи-әлеуметтік орта арасындағы тепе-теңдігін сақтауға тиімді жағдай жасау. Балаларды салауатты өмір салтының құндылықтарына бейімдей отырып, дене және сезім мәдениетіне тәрбиелеу.

Міндеттері:

- балаларды валеология негіздерімен таныстырып, денсаулық туралы ғылым - «Валеология» туралы түсінік беру;

- өзінің денесі, оны сезіну туралы түсініктерін қалыптастыру;

- өзіне, өзінің ағзасы мен денсаулығына құндылықпен қарауға тәрбиелеу;

- салауатты өмір салты: өзіне күтім жасау, дұрыс тамақтану, аурудың алдын-алу, табиғаттағы еңбек пен демалысты алмастыру іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту;

- қиын жағдайда көмек көрсету тәсілдерін үйрету;

- тұрмыста, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру.

Мазмұны:

Сауықтыру және шынықтыру жұмыстары

Топ бөлмесінің ауасын жүйелі түрде тазартып отыру арқылы қалыпты температура ұстап отыру. Балаларды ауа райына байланысты киіндіріп, күн сайын жеткілікті мөлшерде таза ауаға шығару.

Балалармен қарапайым су процедураларын өткізу. Біртіндеп судың температурасын төмендету арқылы дене шынықтыру.

Аяққа дене температурасына қарсы су құю жаттығуларын жүргізу. Баланың денесіне түгел су құю кезінде судың бастапқы температурасы 34-35°С, ақырғы температурасы 22-24°С болады.

Балаларды гигиеналық талаптарға сай ашық өзен, көлдерде шомылдыру. Шомылу уақытының ұзақтығын біртіндеп ұзартып, 8-10 минутке жеткізу. Судың температурасын біртіндеп төмендетіп отыру.

Шынықтыру өткізу барысында дене шынықтыру құралдарын пайдалану - баланың денсаулық жағдайын ескере отырып жүргізілуі керек.

Ертеңгілік жаттығуларды (10-12 мин) орындауға қызықтыру. Балаларға жаттығуларды реттілікпен орындауға үйрету: бастапқы қалыпқа сәйкес тұру, жәй қарқынмен қол, аяқ, кеудеге арналған жаттығуларды орындау, белгіленген тәртіп бойынша дем шығару жүйесі жаттығуларын жасау.

Жақсы дене сымбатын қалыптастыру мен аяқ табанының дұрыс қалыптасуына көңіл бөлу.

Серуен кезінде жиналған іскерлік пен дағдыларды қолданып қимылды ойындар мен дене шынықтыру жаттығуларын өз еріктерімен ұйымдастыра білуге үйрету, бірлесіп, ережелерді сақтай отырып ойнау дағдыларын қалыптастыру.

Балаларды күнделікті өмірде жыл мезгілдеріне сай табиғат ерекшеліктерін қолданып ойнауға үйрету.

Балаларды баскетбол, бадминтон, хоккей ойындарын ойнауға үйрету.

Шаңғымен, велосипедпен жүру және т.б. дағдыларын жетілдіру.

Қажет жағдайда сабақтарда ұзақтығы 3 минут болатын сергіту сәттерін ұйымдастыру: жүру, жүгіру, бір орында секіру жаттығулары, тартылу, бұрылу, еңкею, отырып-тұру, қолдың саусақтарын ашып-жұму және т.б. қиын емес жаттығулар.

Дене шынықтыру сабағында құрдастарымен әсерлі қарым-қатынас жағдайында өзінің қимылдау тәжірибесін қолдану, әртүрлі іс-әрекеттерінде шығармашылық таныту.

Дене шынықтыру мерекелеріне, мереке кезінде ұжымдық ойындарға, сауықтарға, жарыстарға белсенді қатысуға қызықтыру.

Өзінің жетістіктерін, меңгерген қимыл түрлерін, ептілігін, шыдамдылығын, батылдығын, тапқырлығын керек жерде көрсете білуге, жолдасының сәтсіздігіне жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.

Жетістігіне қуануға, достық қарым-қатынасын нығайтуға, кішкентай бөбектерге қамқор болуға тәрбиелеу.

Мәдени-гигиеналық дағдылар

Ұқыпты тамақтану мен үстел басында өзін-өзі ұстау дағдыларын жетілдіру.

Өзінің жеке бас гигиенасы дағдылары мен ережелерін сақтауы мен оны орындауын қадағалап отыруға дағдыландыру.

Дене тазалығын сақтауға, қолын, аяғын жууға, тісін ұқыпты тазалауға, ешкімнің ескертуінсіз-ақ тамақтанар алдында қолын жуып және тамақтанып болған соң ауыз қуысын шаюға, бет орамалын уақытылы ауыстырып, үстін, шашын ретке келтіріп отыруға, беліне дейін ылғалды сүртінуге дағдыландыру.

Өз-өзіне қызмет көрсету дағдылары мен киіміне күтім жасауға дағдыландыру.

Гигиеналық шараларды орындау кезінде балалардың бір-біріне көмек көрсетуін мадақтау.

Баланың шамасына қарай жұмыс түрлеріне (асханада, оқу бөлмесінде кезекші, тәрбиешіге көмектесу, т.б.) тарту арқылы еңбек етуге қызығушылығын арттыру.

Өзіңді таны. Адамдардың сезім мүшелері мен дене бөліктері жайлы түсінік беру. Олардың көмегімен қимылдай алады, айналадағы қоршаған ортаны таниды. Адамдардың әр дене бөлігі белгілі тәртіпте жұмыс істейді. Олардың қызметі үйлесімде болғанда ғана адам өз саулығын сезінеді. Адамның дене құрылымы күрделі. Олардың әрқайсысы өз қызметін атқарады. Біз оларға күтім жасап, әрдайым шынықтыруымыз қажет.

Жүрек, асқазан, тіл, өкпе, бүйрек адамның маңызды мүшелері болып табылады.

Сезім мүшелері. Олардың жұмысы. Сезім мүшелерінің жұмысы мен оларға күтім жасау.

Түрлі дене бөлігі мен оның қызметін сезіне білу. Не сезінеді? Қандай ықылас пайда болады? Әр уақытта біз әр түрлі жағдайда боламыз: мейірімді, ашулы, көңілді, мұңлы. Көңілді, мейірімді болған кезде, біз өзімізді жақсы сезінеміз.

Тамақтану. Аштықтың белгісі. Аштық сезімін, шөлді қалай жеңуге болады? Тәттіні көп жеуге болмайды, олар денсаулыққа зиянды.

Тамақтану мәдениеті мен ережесі. Азық-түлік сапасын түсіне, иісіне, пішініне қарай ажырата білу. Дәрумендер - табиғи қорғаушылар. Су. Суды пайдалану қауіпсіздігі.

Тамақтану түрлері. Жемістер, жидектер, тәттілер, жаңғақтар, шекілдеуік, ет, балық. Олардың пайдасы мен зияны. Азық-түліктерді қолдануға дайындау ережелері: жуып-тазалау, қайнату.

Жеке тазалықты сақтау. Қолды жуу. Тісті тазалау. Ауыз қуысын шаю. Осы шаралардың маңыздылығын түсіндіру.

Киімдерін күтіп, тазалап ұстай білу. Жеке заттарын ұқыпты ұстаудың қажеттіліктері мен ережелерін түсіну. Жеке гигиеналық заттарды білу және дұрыс қолдану (сүлгі, бет орамал, тарақ).

Қоғамдық тазалық. Бөлмеде өзін-өзі ұстау тәртібін сақтау. Бөлменің ішін ұқыпты ұстау (қабырғаларды шимайламау, жарық беретін аспаптарды, баспалдақ сүйеніштерін бүлдірмеу). Үлкендерден бүлінген заттарды жөндеуге көмек сұрау.

Дала және бөлме өсімдіктерін күтіп қараудың қажеттіліктері мен ережелері. Өсімдіктердің пайдасы.

Қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстай білу және қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жалпыға ортақ құрал-саймандарды ұқыпты және дұрыс қолдана білу (жеделсатылар, телефон-автоматтар).

Аурудың алдын алу. Күн тәртібі туралы білімдерін кеңейту, оны жүйелі орындаудың денсаулықты нығайтудағы маңызын түсіндіру.

Сымбат. Әдемі сымбат денсаулықты сақтайды. Дұрыс қалыпты сақтай білу ережелерін меңгерту.

Күн, ауа және су — біздің нағыз досымыз. Табиғи факторлар көмегімен шынығудың маңызы мен ережесі. Ұйқы және оның адам өміріндегі маңызы. Пайдалы және зиянды әдеттер. Темекі мен арақтың зияны.

Өзіңе және басқаға көмектес. Науқастанып, ауырған кезде дереу үлкендерге хабарлау. Науқас адамға мүмкіндігінше көмектесу.

Дененің ауырғанын жеңілдететін тәсілдер. Дененің ауырғанын жеңілдете білу: ауыртып алған жерін сипау (уқалау), салқын затты басу (су орамал), зейінін басқа жаққа аудару, жұбату, қорқынышын сейілту.

Азын-аулақ жарақаттанғанда алғашқы көмек көрсету ережесі. Дене шынықтыру жаттығулары арқылы әлсіреу кезінде 1-2 тыныштандыратын кешенді меңгеру. Оларды қай кезде қолданатынын білу.

Басқаларды ренжітпеу. Дау-дамайларды шеше білу. Ұрып-соғу — жанжалды шешудің тиімді тәсілі емес екендігін есте сақтаған жөн. Бірлесіп жұмыс істеу – қарсыласудан жақсы. Дөрекілер мен бұзақылардан алыс жүру қажет.

Өзінен кішілерге, әлсіздерге қамқорлық көрсету. Басқа біреудің көмектесуін күтпей-ақ, көмек керек сәтте басқаларға көмектесу.

Табиғат. Жемістер. Жидектер. Олардың пайдасы мен зияны.

Үй жануарлары. Жанауарларды күтіп-баққанда қауіпсіздік шараларын білу (мысық, ит, атжалман, құстар және т.б.).

Жабайы аңдар. Жәндіктер. Жәндіктердің келтіретін зиянын білу (шыбын, маса, тарақандар, басқа да құрт-құмырсқалар). Олардан қалай сақтанатынын білу. Көшеде және бөтен үйде жануарлармен қарым-қатынас жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Ауа райы. Ауа райы өзгерген жағдайда өзін қалай ұстау керектігін білу (қар жауғанда, жаңбыр жауғанда, күн ысығанда, суығанда).

Қурап қалған ағаштар мен бұталардың қауіпі. Оларға өрмелеп шығуға, айналасында ойнауға болмайды. Дәрілік шөптер. Улы өсімдіктер.

Әлеуметтік өмір. Көшеде жүру ережелерін сақтау. Жол белгілерімен таныстыру: «Балалар», «Жаяу кісі өтетін өткел». Қиын жағдайда өзін-өзі ұстау тәртібі. Егер адасып қалсаң немесе бейтаныс жерге тап болсаң, полиция қызметкерлерінен, кассирден, сатушыдан және басқа да қызметкерлерден көмек сұра. Полиция көлігін ажырата біл. Үйдің есігі қағылған сәтте, есікті ашпастан бұрын кішкене тесігіне қара. Егер есіктің кішкене тесігі сыртынан жабық болса, тіпті ашпа. Пәтерден танымайтын адамға шықпа. Есікті тек құлыппен жауып қана қоймай, ысырмамен, шынжырмен жап. Бейтаныс адамның көлігіне отырма. Егер, көшеде немесе есік алдында бейтаныс адам сені алып кетпекші болса, «Мен сені танымаймын» деп дауыстап, қашып шығудың амалын жаса. Жедел сатыға (лифт) танымайтын адаммен бірге кірме.

Жаяу кісі өтетін жол. Жаяу кісілер тек белгі қойылған жерден ғана өтеді. Екіжақты қозғалыста алдымен сол жаққа, жолдың ортасына жеткенде — оң жаққа қарау. Көше және жол белгілері. Мөлтек ауданның көліктерімен танысу. Жүріп бара жатқан кез-келген көлік адамға қауіп төндіруі мүмкін.

Үйдегі қауіпсіздік ережесі. Үйде балалар немен ойнамау керек? Бәлеге ұшырамас үшін қандай заттарды ұстамау керек? Біздің үйде не қауіпті? Электраспабын, газды, суды қалай дұрыс қолдану керек? Үйде қандай қауіп төнуі мүмкін? Шұғыл қызмет телефондары.

Балабақша ауласы. Сенің үйіңнің ауласынан айырмашылығы қандай? Әр түрлі құрал-саймандарды қолдана білу ережелерімен таныстыру. Ауладағы қауіпті жерлер: өсіп кеткен бұталар, қурап кеткен ағаштар, көлік жүретін жолдар, қоқыс тастайтын жәшік. Ұқыпты және абай болу керек. Аулада өзін-өзі ұстау ережесі: ластамау, шуламау, терезеге және балкон жанына жақын ойнамау, шыны сындырмау. Жақын жердегі айналаны, балабақша орналасқан шағын ауданды, өзі тұратын үйді бағдарлай білу. Ненің қай жерде орналасқанын білу. Үйге және балабақшаға баратын мейлінше қауіпсіз жолды білу. Нақты жол бағытын білу.


«Қатынас» білім беру саласының

базалық мазмұны

Мақсаты: ана тілінің базалық құндылықтарын меңгерген, мемлекеттік және басқа да тілдерде мәдени-әлеуметтік өзара қатынасқа дайын, айналасындағылармен тілдесу арқылы қарым-қатынас жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу.

Мектепке дейінгі ересек жаста «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны төмендегідей ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрлері арқылы жүзеге асады:

- тіл дамыту;

- көркем әдебиет;

- сауат ашу және жазу негіздері;

- мемлекеттік, орыс және басқа тілдерді үйрету.

Тіл дамыту

Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың жас ерекшелігіне байланысты ана тілінің ережелері мен базалық нормаларын игеруі, оларды нақты жағдайларда қолдана білу іскерлігін қалыптастыру, негізгі коммуникативті қабілеттерді меңгерту.

Міндеттері:

- мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың активті және пассивті сөздік қорын қалыптастыру (тілді түсіну және сөйлеу);

- дыбыстарды дыбысталу, тілдік естілу артикуляциясын сақтап айту мен сөздерге дыбыстық талдау жасау біліктілігін дамыту;

- сөйлеу барысында тілдің грамматикасын сақтауға үйрету;

- әңгімелеу (монологтік тіл) және сөйлеу (диалогтік) тілін қалыптастыру;

- дыбыстың айтылуын дұрыс есту қабілетін дамыту мен дыбысты айту барысында дұрыс тыныс алу тәртібін сақтау;

- тілдің мәнерлілігін арттыратын ырғақтық құралдарын қолдану іскерлігін арттыру;

- көркем әдебиетпен таныстыру;

- балаларды сауат ашуға және жазуға дайындау.

Мазмұны:

Тілдің дыбысталу мәдениетін тәрбиелеу. Тілдің дыбысталу мәдениетінің барлық қырын жетілдіру. Дыбыстардың айқын артикуляциясын әзірлеу. Дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Тілдік естуін дамыту (тілдегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білу іскерлігі, дыбыстың сөздегі орнын анықтау, сөздегі дауысты дыбыстарды ажырату, сөздегі буын саны мен сөйлемдегі сөздер санын анықтау). Берілген дыбысқа сай сөздерді айтылуына қарай салыстыру іскерлігін жаттықтыру. Сөзге дыбыстық талдау жасау дағдыларына үйрету.

Сөздік жұмыс. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың сөздік қорын қоршаған орта туралы білімдерін қалыптастыру барысында дамыту. Тілін зат есім, етістік, сын есім, сан есім, есімдіктер, үстеулер, демеуліктер, салалас және бағыныңқылы шылаулармен толықтыру.

Үйрету. Жалпылауыш сөздерді қолдана білуге үйрету (киімдер, аяқ киімдер, бас киімдер, ыдыс-аяқ, жиһаз, электр құралдары, спорт жабдықтары, музыкалық аспаптар, көкөністер, жемістер, жидектер, гүлдер, ағаштар, саңырауқұлақтар, құстар, балықтар, жануарлар, жәндіктер және т.б.). Түрлі заттарды атай білу, синоним, антоним сөздерін таба білу, белгілі бір заттың белгілерін білу іскерлігі. Қажетті сөздерді дұрыс түсіну және қолдануын қалыптастыру, оларды өз тәжірибесінде белсенді қолдану. Сөзге қызығушылығы мен зейінін арттыру.

Тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру. Тілдің грамматикалық дұрыстығын қалыптастыру. Жай, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолдана білуге жаттықтыру. Дауыс ырғағына қарай сөйлем түрлерін ажырата білу іскерлігін дамыту (хабарлы, сұраулы, лепті), оларды тілінде қолдану.

Бала тілін морфологиялық қырынан қалыптастыру. Етістіктерді дұрыс қолдана білу, сөздерді септіктер мен шақтарда үйлестіріп, кеңістіккеі қатынасын білдіретін cөздерді дұрыс қолдана білу іскерліктерін бекіту. Балаларды зат есім, сын есім, етістіктердің күрделі түрлерін жасауға жаттықтыру.

Түбірлес сөздерді (бақша, бақшашы, бақшада), етістіктерден (бардым, барамын, барғым келеді) жасауға және қолдануға жаттықтыру.

Сөздердегі дұрыс емес дауыс ырғағы мен дауыссыздардың кезектесуіндегі қателерді байқауға үйрету.

Жаңа сөз түрлерінің пайда болуына, қызығушылығы мен сыни қатынасына, дұрыс сөйлеуге талпынысын арттыру, қателерін жөндеу іскерлігі мен грамматикалық нормаларын білу қажеттілігіне тәрбиелеу.

Әңгімелеуге үйрету (монологтік тіл). Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологтік мәтіндерді байланыстырып айту, мәтін мазмұнын дұрыс, рет-ретімен айту, белгілі бір түсінікті сипаттап, хабарлы сөйлем түрінде жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру.

Сөйлеу мәдениетіне үйрету. Таныс емес ортада, көпшілік алдында сөйлей білуге, өнер көрсетуге үйрету (мерекелерде, өзге топ балаларының және ата-аналардың алдында).

Сөйлеу тілінің қалыптасуы (диалогтік). Өзіне қаратылып айтылған сөздерді тыңдап түсінуге, әңгімені қолдауға, сұрақтарға жауап беруге және сұрауға, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті, әдепті, байсалды ұстау іскерліктерін дамыту. Өзге балалардың әңгімесінің маңыздылығына әсер етіп, бір-бірінен жаңалықты білуге ықыласын арттыру.

Шығармашылықпен әңгімелеу. Тәрбиешінің ұсынған «Күз», «Менің досым» тақырыптары бойынша әңгіменің жалғасы мен аяғын ойлап табу іскерліктерін үйрету.

Тәрбиешінің ұсынған тақырыптарын («Қыс қызығы», «Менің сүйікті күшігім», «Қыс келбеті», «Менің атам», «Жарқын жаз» және т.б.) бір-бірімен байланысқан сюжет бойынша суреттеу мен әңгімелер ойлап табуға, сөйлемдеріне бейнелеу сөздерін, эпитеттер, салыстырулар қолдануға үйрету.

Өмірден («Менің анам», «Наурыз – көктем мерекесі», бақылау бойынша («Көңілді тамшылар»), сурет бойынша (Ә. Қастеевтің «Дала») әңгімелер құрастыру іскерліктеріне үйрету.


Көркем әдебиет

Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың әдебиетке өнердің бір саласы ретінде қызығушылығын қалыптастырып, сауатты оқырман тәрбиелеу.

Міндеттері:

- балаларды көркем әдебиетінің халық ауыз әдебиеті жанрымен және шығармаларымен таныстыру;

- баланың шығарма мазмұнын меңгеріп, оларды дұрыс түсінуін қамтамасыз ету;

- көркем сөздерді дамытудың негізгі тәсілдерін үйрету.

Мазмұны:

Балаға жеткілікті деңгейде мәтінді талдау, шығарманың ерекшелігі туралы түсінік беру арқылы әдебиет теориясының кейбір қарапайым ұғымдарын жеткізе отырып, әдебиетке қызығушылығын ояту.

Көркем шығармаларды қалай қабылдайтынын, оларға қалай әсер ететіндігін байқап, шығарма туралы балалардың пікірін ескеріп, қажет болғанда түзетулер енгізіп, баланың адамгершілік әлеуетін қалыптастыру.

Шығармалардың жанрларын анықтай білуге (өлең, әңгіме, ертегі), тілдің көрнекті бейнелілігінің үлгілерін (айқындау, теңеу және т.б.) байқауға үйрету.

Бағдарламада берілген шығармалардан үзінділер жаттау (өлеңдер, шағын ауыз әдебиетінің жанрлары), тақырыпқа сай шығарманы таңдай білуге (түсінік айту) үйрету.

Заманауи көркем шығармаларды енгізу есебінен балалар оқуының шеңберін кеңейту.

Ұлттық әдеби шығармалармен, жазушылардың, ұлттық тілді жақтаушылардың немесе нақты аймақтың жазушыларының шығармаларымен таныстыру.

Бірігіп тыңдау дағдыларын, сұрақтарға ұйымдасқан түрде жауап беруге және оқығаны туралы сұрауға, талқылауға, суреттерді мұқият қарап, таныс мәтіндермен сәйкестендіруге тәрбиелеу.

Көркем тілдік және театрландырылған ойын әрекеттері арқылы балалардың дербестігін қалыптастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Әдеби сюжеттер бойынша драмалық-ойындарын сахналаудағы рөлдерді орындау тәсілдеріне үйрету.

Көркем әдебиеттің күнделікті өмірге қажеттілігін сезіндіріп, көркем шығармаларды іріктеуге, кітаптар әлемінде өзіне қажет көркем шығарманы таңдай білуге дағдыландыру.

Кітапқа ұқыптылықпен және құнттылықпен қарауға дағдыландыру. Кітапты құрметтеуге үйретіп, оның адам өміріндегі рөлін түсіндіру.

Сауат ашу және жазу негіздері

Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға сауат ашу негіздері мен алғашқы оқу дағдыларын меңгерту, жазуға дайындау.

Міндеттері:

- тілдің негізгі бірліктері туралы түсінік беру (дыбыс, буын, сөз, сөйлем);

- қоршаған ортадағы дыбыстардың түрлілігін айтылған сөз арқылы таныстыру;

- қатаң, ұяң дауыссыз дыбыстарды есту арқылы ажырата білуге жаттықтыру;

- баспа әріптерімен таныстыру.


Мазмұны:

Алғашқы оқу дағдыларын қалыптастыру. «Сөз» және «дыбыс» «буын», «жуан және жіңішке дауысты дыбыс» туралы алғашқы түсінік беру.

Тілдегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың негізгі ерекшеліктерімен таныстыру.

Балаларға сөздегі дыбыстардың бірізділігін құра білуге үйрету.

Қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстарды ажырата білу іскерліктерін жаттықтыру.

Дыбыстық құрылымы әртүрлі үш-төрт сөзге дыбыстық талдау жасауға үйрету, дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін (еріннің, тіл мен жақтың қатысына қарай) талдау.

Әріптердің таңбалануымен (баспа әріп) таныстыру.

Буындарды оқудың негізгі механизмі туралы практикалық түсінік беру, яғни, оқу барысында буындағы дауысты дыбысқа сүйену арқылы жаттықтыру.

Жай сөйлемдерден буындарды және жеке сөздерді оқуға жаттықтыру.

Сөйлем туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру (жалаң және жайылма сөйлемдер құру, оларды дұрыс әрі нақты айта білуге, сөйлесу барысында жеке сөйлемдерді ажырата білу, сөйлемді сөздерге бөліп, олардың санын анықтай білуге жаттықтыру).

Жазуға дайындық. Дәптерді, қолды, қарындашты үстел үстіне қою және жазу кезіндегі ережелермен таныстыру.

Қарындашты дұрыс ұстауға үйрету.

Ұзын-қысқа таяқшалар мен ирек сызықтарды сызу арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту.

Сызбалар (штрих) жасауға үйрету.

Кеңістікті анықтай білу және қағаз бетінің жазықтығын бағдарлай білу іскерліктерін (графикалық диктант) үйрету.

Сурет салу арқылы әріп элементтерін құрайтын ырғақты қарапайым жиектерді сала білуге үйрету.

Жазу барысында қол қозғалысының ырғақтылығын сақтай білуге жаттықтыру.

Әріптердің таңбалары туралы білімдерін қалыптастыруды жалғастыру, дыбыстарды әріптермен сәйкестендіру іскерліктерін дамыту.


«ТАНЫМ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ

БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

Мақсаты: жас ерекшелігіне сай танымдық іс-әрекет дағдыларын меңгерген, әлемнің тұтас бейнесін түсінуге, ақпаратты күнделікті өмірлік мәселелерді шешуде қолдануға қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

Мектепке дейінгі ересек жаста «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны төмендегідей ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрлері арқылы жүзеге асады:

- қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;

- қоршаған ортамен таныстыру;

- экология негіздері;

- құрастыру.

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың көңілін заттардың саны мен қоршаған орта құбылыстарына аударту негізінде математикалық ойлауын қалыптастыру.

Міндеттері:

- зейін, ес, түйсік, шығармашылық қабілеттерін, қиялын, ойлау вариативтілігі сияқты танымдық үдерістерін дамыту;

- танымдық қызығушылықтарын дамыту барысында белсенді оқу іс-әрекеттерін қалыптастыру;

- ақыл-ой әрекетінің (талдау, жинақтау, салыстыру, қорыту, топтастыру, үлгі жасау, құрастыру, байланыстың себеп-салдарын орнату) тәсілдерін үйрету;

- мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қорына математикалық атауларды енгізу, сабақта алған білімдері мен іскерліктерін күнделікті өмірде қолдану;

- заттардың әр түрлі топтарын санау, оның саны мен сапасын анықтау дағдысын үйрету, олардың бір-бірімен арақатынасын анықтау;

- кеңістікті, уақытты қағаз бетінде бағдарлау дағдыларын дамыту;

- геометриялық пішіндер мен денелер, өлшемдер туралы түсініктерін қалыптастыру.

Мазмұны:

Көп. Санның белгілі бір заттың өлшемін көрсететін көрсеткіш екендігі жайлы түсінігін қалыптастыру.

Көп элемент бір заттан, сонымен қатар, тұтас топтан құралатыны туралы түсініктерін дамыту.

«Көп», «аз», «біреу» деген ұғымдармен таныстыру. «Бір» деген ұғымның бір ғана заттың санын ғана емес, сонымен қатар бүтін бір топтың жиынтығын да білдіретіндігін ұғындыру.

Көп заттың ішінен белгілі бір ерекшеліктеріне қарай заттарды іріктеп алып топтастыру қабілетін дамыту.

Көп және оның құрамы арасындағы қатынастарды орнату іскерліктерін жаттықтыру. Бүтін өзінің бөліктерінен үлкен екендігін, бірдей сандардың өзара бірыңғай сәйкес екендігі туралы түсінік беру.

Сан және санау. 10 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын қалыптастыру. Оларды танып және атау іскерліктеріне үйрету.

Көрнекі негізінде 10 санының пайда болуымен таныстыру.

10 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету.

Сөздік қорына математикалық атауларды енгізіп, «Қанша?», «Қандай?», «Нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беру іскерліктерін қалыптастыру.

10 көлеміндегі сандарды қасында тұрған сандармен салыстыруға, теңсіздіктен теңдік алуға (теңдіктен теңсіздік алуға), саны азға бір затты қосу, ал көп заттан бір затты шегеру арқылы («6 саны 7-ден кіші, егер 6-ға 1 затты қосса, онда екеуі тең болады», «7 саны 6-дан артық, егер 7-ден – затты шегерсе, онда екеуі тең болады») үйрету.

Қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды орындауға жаттықтыру.

Теңдік туралы ұғымдарын қалыптастыру. Топтағы әр түрлі заттардың тең мөлшерін анықтау іскерліктеріне үйрету. Санау мен салыстыру арқылы санның мағынасын дұрыс қорыту («Мұнда барлық ойыншыққа теңдей алты сәбіз, алты қоян, алты тәрелке»).

Сан заттың көлеміне, ара қашықтығына, орналасу кеңістігіне және санау бағытына (оңнан солға, солдан оңға) байланысты емес екендігін түсіндіру.

Заттарды (алма, парақ қағаз, дөңгелек және т.б.) бірнеше бірдей бөлікке бөлуге болатыны туралы түсінік беру, бұл бөліктерді атап, бүтін мен бөліктерді салыстыруға үйрету. Бөліктен бүтін үлкен, ал бөлік бүтіннен кіші.

Қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды орындауға жаттықтыру.

Көлем. Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын белгілеу іскерлігіне үйрету. Заттарды көлеміне қарай өсу және кему ретімен орналастыру.

Заттардың көлемдерінің бір-бірінен айырмашылықтарын математикалық терминдерді қолдана отырып анықтап айту шеберлігін қалыптастыру. Мысалы, («Жасыл матрешка – ең биігі, қызыл – аласалау, сары одан аласа, бірақ көктен биігірек, ал қызғылт сары бәрінен де аласа және т.б.).

Шартты өлшемнің көмегімен екі заттың көлемін (ұзындығы, ені, биіктігі) салыстыруға үйрету.

Шартты өлшеммен өлшеуде заттың бөлігін бөліп көрсетуге үйрету, өлшенетін нысанда шартты өлшем қанша рет орналасатынын анықтау.

Шартты өлшеуіштің көмегімен заттың көлемін (ұзындығын, енін, биіктігін) салыстыру дағдыларын бекіту.

Арнайы ұйымдастырылған жағдайда заттардың ұзынырақ (қысқа), жоғары (төмен), кең (тар), қалың (жұқа) үлгісінде және оларға тең екендігін табу іскерлігіне үйрету. Баланың көзбен өлшеуін дамыту.

Геометриялық пішіндер. Геометриялық денелер – куб, шар туралы білімдерін кеңейту. Пирамида мен көпбұрыштарпен таныстыру.

Геометриялық пішіндер (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш, төртбұрыш) мен денелерді (шар, куб, цилиндр, пирамида) дұрыс атап оларды бір-бірінен ажырату іскерліктеріне жаттықтыру.

Шаршы мен тіктөртбұрыш төртбұрыштың түріне жататындығы туралы түсіндіру.

Айналасына қарап геометриялық пішіндерді табу, олардың пішіндеріне талдау жасау іскерліктерін қалыптастыру. Геометриялық пішіндер мен денелерді атап, ажыратуға жаттықтыру.

Кеңістікті бағдарлау. Кеңістікті бағдарлау (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, алдында, артында, алыс, жақын, арасында, қасында) туралы білімдерін бекіту.

Қағаз бетінде (ортасында, оң жақтағы жоғарғы бұрышта, сол жақтағы жоғарғы бұрышта, оң жақтағы төмен бұрыш, сол жақтағы төменгі бұрыш, төменде, жоғарыда, оң жақта, сол жақта) бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру.

Заттың қай жерде, қалай, өзіне немесе қай затқа жақын орналасқандығын ауызша жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру.

Белгілі бір бағытта келе жатып, белгі бойынша бағытын өзгерте білуге жаттықтыру.

Уақытты бағдарлау. Уақытты бағдарлау (күн, таңертең, сәске түс, бесін, ақшам, ымырт, бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні) туралы білімдерін бекіту.

Таңертең, күн, кеш, түн мезгілдері тәулікті құрайтыны туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Кеше қай күн болғаны, бүгін қай күн екенін, ертең қай күн болатынын анықтап, бұрын не болғанын, одан кейін не болатыны, аптаның қай күні екені туралы түрлі жағдайларды ретімен орналастыра білуге үйрету.

Жыл 12 айдан тұратынын, оларды ретімен дұрыс айта білу шеберлігін қалыптастыру.

Заттың салмағын анықтау. Зат өлшемін анықтай білу сезімдерін дамыту («салмақ сезімі»).

Заттардың салмағын өлшеміне қарай тең және тең еместігін алақанына салып өлшеп, анықтауға үйрету.

Заттың салмағы оның көлеміне байланысты емес екендігін түсіндіру.

Заттарды салмағына қарай анықтай білу, оларды өлшемдеріне қарай орналастыру шеберлігін дамыту.

Заттың салмағын таразының көмегімен өлшеу дәлірек болатынын түсіндіру.

Дүкенде қолданылатын таразы туралы ұғымдарын қалыптастыру. Заттың салмағын өлшеуге қызықтыру.

Құрастыру

Мақсаты: қағаздан, құрастыру бөлшектерінен, құрылыс және табиғи материалдардан әртүрлі заттарды құрастыру дағдыларын қалыптастыру арқылы мектепке дейінгі ересек балалардың қисынды ойлауын дамыту.

Міндеттері:

- құрылыс материалдарынан, конструктор бөліктерінен, табиғи және қалдық материалдардан құрастыруға үйрету;

- өзі жоспарлаған құрылыстың құрастыру кезеңдерін жоспарлап, құрастырушылық шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру;

- қажетті бөлшекті таңдап алу, оларды тиісті орнына дұрыс қою, бір бөлшекті екінші бөлшекпен ауыстыру шеберліктерін қалыптастыру (тығыз, қасына, қашығырақ);

- желіммен, қайшымен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру;

- құрастырған затын безендіруге үйрету арқылы ұқыптылыққа, әдемілікке баулу;

- шығармашылық қиялы мен көркемдік талғамын дамыту.

Мазмұны:

Құрылыс материалдары мен конструктор бөлшектерінен құрастыру. Әр түрлі пішіні мен көлемі бойынша пластинаның, қырлы бөрененің, цилиндрдің (ұзын, қысқа, жалпақ, жіңішке, шаршы және үшбұрыш) жаңа бөлшектерімен, олардың ерекшеліктерімен таныстыру.

Құрылыс жиынтығының элементтерін атау, олардың міндеттері мен құрастыру қасиеттері бойынша бір бөлігін басқа бөліктермен ауыстыру іскерліктеріне үйрету.

Конструктордың бөлшектеріне тән және негізгі бөліктерін атауға, оларға талдау жасауға, оның құрастыру нысанының реттілігін сақтауға үйрету.

Үлкен емес жазықтықты үлкен етіп біріктіру, кірпіштердің, қырлы бөренелердің араларын бірін-біріне жиі қойып құрылысты берік ету, биіктігі қиын құрылысты бөлу сияқты құрастырудың жаңа әдістерін меңгерту.

Құрастырудың жаңа әдістерін меңгерте отырып, үлкен емес жазықтықты үлкен бір майда бөліктерді біріктіріп үлкен және берік етіп жасау шеберлігін қалыптастыру.

Ұйымшылдықпен жұмыс істеу, құрылыстарын ортақ оймен біріктіру, құрбыларымен жұмысты бөліп алып орындау іскерліктерін бекіту.

Ойдан шығарып, шығармашылық ынта білдіру, ауызша суреттеу, берілген тақырып бойынша, талапқа байланысты, сурет, фотосурет бойынша құрылыс салуға үйрету.

Қағаздан құрастыру. Қағазды ортасынан, төртке бөліп бүктеу, түрлі бағытта, тегістеп бүктеу іскерліктеріне үйрету.

16 бірдей бөлікке қиғаштай бөлінген (бұрыштарының басын дәл қосу) ұсақ-түйектерді дайындауда шаршы қағазын бүктеу іскерліктерін қалыптастыру.

Қағазды қатпарлап бүктеуге және симметриялық пішіндерді кесуге, қағаздан құрастыру әдістерін (конусты жартылай айналдырып бұрау, тіктөрбұрышты цилиндрге, шаршыны кубке өзгерту, шырмау) қолданып көлемді формадағы жазық материалды өзгерту іскерліктерін бекіту.

Ұжымдық сюжеттік құрастыру сезімдерін ояту.

Дайын пішілген кескіндермен жұмыс жасау, күрделі емес сызба сызу, қайшымен нұсқаны тілік етіп кесу мен ойып алу іскерліктерін қалыптастыру.

Шығармашылық ойлау мен қиялын дамыту.

Табиғи және қалдық материалдардан құрастыру. Табиғи және қалдық материалдардың түрлерімен және пенопласт, поролон, сым темір, пластиканың қасиеттерімен таныстыру.

Ұсақ-түйек заттар мен сіріңкенің қораптарынан әртүрлі үйлестіру жолдары арқылы құрастыру іскерліктерін қалыптастыру.

Желімнің, сіріңкенің, ермексаздың көмегімен жеке бөлшектерді жалғау дағдыларын қалыптастыру.

Түрлі ұсақ-түйектер дайындауда табиғи материалдарды орынды қолдану іскерліктерін қалыптастыру.

Шығармашылық қиялын, ұсақ-түйек заттар жасауды көрнекіліктерді қолдану арқылы және ойдан шығару, өзінің көз алдына елестету арқылы жасау іскерлігін дамыту.

Экология

Мақсаты: бала санасына экологиялық түсініктер мен адам – табиғаттың бір бөлігі екендігін жеткізу. Адамның өмірі оның жеке басының жағдайы мен қоршаған әлеммен үйлесімді байланысында екендігін түсінетіндей құндылықтар жүйесін қалыптастыру.

Міндеттері:

- мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауына сай келетін қарапайым экологиялық білім беру;

- табиғат әлеміне танымдық қызығушылығын арттыру;

- табиғи нысаналар мен құбылыстарды бақылау дағдыларын қалыптастыру;

- табиғат аясында өзін-өзі ұстаудың қарапайым жолдары мен күнделікті өмірде табиғатты жүйелі түрде пайдалану дағдыларын дамыту;

- өзінің табиғатқа қарсы жасаған іс-әрекетінің аяғы немен аяқталатынын көру, сезіну дағдыларын қалыптастыру;

- табиғат әлеміне адамгершілікпен және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Мазмұны:

Өлі табиғат заттары мен құбылыстары. «Өлі және тірі табиғат» туралы түсінік беру.

Өлі табиғат заттарын адам қолымен жасалған заттардан ажырата білуге үйрету.

Тұман, найзағай, бұршақ, шық, қырау, тамшы, кемпірқосақ және т.б. табиғи құбылыстар туралы білімдерін кеңейту.

Судың қатты, сұйық, газ тәрізді үш күйде болатындығымен таныстыру.

Өлі табиғаттың түрлері: көмір, құм, балшық, мұнай, гранит туралы және олардың қасиеттері мен қажеттіліктері туралы білім беру. Оларды ажыратып, атай білуге үйрету.

Табиғаттағы маусымдық өзгерістер. Табиғаттағы маусымдық күз мезгіліндегі өзгерістерді (күн қысқарды, түн ұзарды, жапырақтар түсу, тұман, қырау, жаңбыр, жел, шыбын-шіркейлердің біртіндеп жоғалуы, жыл құстарының жылы жаққа ұшып кетуі, кейбір жануарлардың ұйқыға кетуі, астық жинау, қысқа жеміс-жидектерді дайындау), қыс мезгіліндегі маусымдық өзгерістерді (күн қысқарып, түн ұзарады, аяз, қар жауу, өзендер мен су қоймаларына мұз қату, қарлы жер, жапырақсыз ағаштар мен бұталар, қалалар мен елді мекендер көшелерін қардан тазалау, жабайы аңдар мен қыстап қалған құстарды қоректендіру), көктемдегі маусымдық өзгерістерді (күн ұзарып, түн қысқара бастайды, ағаштар бүршік жарады, алғашқы шөптер, бәйшешек шығады, жыл құстары ұшып келеді, жәндіктер пайда бола бастайды, кейбір жабайы аңдар қысқы ұйқыдан оянады, жан-жануарлар төлдейді, дәнді дақылдар мен көкөністерді сеуіп, көшеттерін отырғызады), жаздағы маусымдық өзгерістерді (күн өте ұзын, түн қысқа, күннің ысуы, өсімдіктердің қаптап өсуі, жануарлардың, жәндіктердің, құстардың белсенді тіршілігі, бақшадағы мәдени өсімдіктерді күтіп-баптау) бақылап, ерекшеліктерін ажыратып айта білу дағдыларын қалыптастыру.

Өсімдіктер әлемі. Ағаштар, бұталар, шөптер туралы ұғымдарын қалыптастыру. Қыс мезгіліндегі өсімдіктер тіршілігімен таныстыру.

Ағаштар мен бұталардың бірнеше түрін ерекшеліктеріне қарай (жапырағына, жемістеріне, діңіне) ажыратып, атай білуге үйрету.

Жемістер мен көкөністер туралы түсініктерін кеңейту. Оларды ажыратып, жемістерді бөлек, көкөністерді бөлек топтастыруға, аттарын дұрыс атай білуге үйрету.

Өсімдіктердің тірі табиғатқа жататындығын, оған да басқа тірі денелер сияқты өсіп-жетілуі үшін арнайы жағдайлар (топырақ, жарық, жылу, су) керек екендігін түсіндіру. Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

Бөлме өсімдіктері туралы білімдерін кеңейту. Оларды ерекшеліктеріне қарай ажыратып, атауларын дұрыс айтуға үйрету.

Өсімдіктің көбею жолдарымен (тұқым, қиынды бұтақшалары, түйін, т.б.), өсімдіктердің дұрыс жетілуіне кері әсер ететін жағдайлармен (жарықтың, жылудың, ылғалдылықтың, тыңайтқыштардың жетіспеушілігі, т.б.) таныстыру. Өсімдіктердің өсіп-жетілу жолдарымен (тұқым, бүршік жару, жапырақтары мен сабағы, гүл), өсіру тәсілдерімен және оларды күтіп-баптау (жерге отырғызу, суару, жерді қопсыту, отау, құнарландыру) түрлерімен таныстыру.

Өсімдіктердің әр алуан жерлерде (айдала, шалғын, орман, бау-бақ және т.б.) өсетіні туралы түсініктерін қалыптастыру. Кейбір дәрілік өсімдіктер түрлерімен (жолжелкен, өгей шөп, мыңжылдық, түймедақ) және олардың емдік қасиеттерімен таныстыру. Аймақтың табиғат ерекшеліктеріне тән өсімдіктері (түйетабан, сексеуіл, бетеге, құмды қараған, ебелек (қаңбақ), жүзгін) туралы түсініктерін қалыптастыру.

Қызыл кітапқа енген өсімдіктермен таныстыру, олардың қандай жерде өсетіндігі жайлы түсінік беру.

Жеуге жарайтын (қозықұйрық, опята, ақ саңырауқұлақ, қайыққұлақ, қызғылт сары саңырауқұлақ, вешенка) және улы (мухомор, поганка) саңырауқұлақтардың кейбір түрлері туралы түсінік беру.

Өсімдіктер әлеміне ұқыпты қарауға, өсімдіктерсіз тірі тіршілік атаулы өмір сүре алмайтындығы туралы түсінік беру.

Жануарлар әлемі. Жабайы аңдардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.

Күз-қыс, көктем-жаз мезгілдерінде аңдардың сыртқы келбеті мен тіршілігінің ерекшеліктерін сипаттап (мекендейтін жері, түсі, азығы, қысқа дайындығы, кейбір аңдардың қысқы ұйқыдан тұруы, түлеуі, ұя салу, көбеюі), атай білуге үйрету.

Қазақстанда мекендейтін жабайы аңдармен (құлақты кірпі, саршұнақ, қарсақ, даладағы тасбақа, қосаяқ, құлан), олардың сыртқы келбетімен, мекендейтін жерімен, Қазақстандағы Қызыл кітапқа енген жануарлармен (арқар, киік, барыс, қарақұйрық) таныстыру, оларды сыртқы келбетіне қарап ажырата білуге үйрету.

Қазақстанда қыстап қалатын (бозторғай, сауысқан, қарға, сары шымшық, кептер) және жыл құстары (көкек, қаратамақ, қарлығаш, қараторғай, ұзақ) туралы ұғымдарын қалыптастыру. Оларды белгілеріне қарай ажыратып, атай білуге үйрету.

Тірі табиғат бұрышындағы жануарлар тіршілігімен, ондағы тірі объектілерге қажетті құралдармен таныстыру.

Балалармен бірге табиғатты бақылау күнделігін толтыру.

Үй жануарлары мен үй құстарының негізгі түрлерімен, олардың ерекшеліктерімен таныстыру. Мысалы, түйе, қой, жылқы, сиыр, ешкі, тауық, қаз, күрке тауық және т.б. Үй жануарларының адам өміріне қажеттілігін, оларды өсірудің маңыздылығын түсіндіру.

Қазақстанның өзен-көлдері, ондағы балықтар (жайын, тыран, алабұға, көксерке, сазан) туралы түсініктерін қалыптастыру, оларды ерекшеліктеріне, тіршілігіне қарай ажырата білуге үйрету.

Кейбір жәндіктердің түрлері мен тіршілігі, олардың мекендейтін жерлері туралы түсініктерін қалыптастыру.

Бүкіл тіршілік атаулының бір-бірімен тығыз байланысы мен «азық тізбегі» туралы түсінік беру.

Жануарлар әлемінің адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

Балалармен бірге табиғатты бақылау күнделігін жүргізу.

Табиғат аясында өзін-өзі ұстау ережесі. Жануарлар мен өсімдіктердің барлық түрлерін сақтаудың қажеттілігінің себептерін түсіндіру.

Тірі табиғат бұрышындағы жануарлар мен өсімдіктерді күту ережелерімен таныстыру. Оларға қамқорлықпен ұқыпты қарауға дағдыландыру.

Саңырауқұлақ теру ережесі мен кейбір жеміс түрлерімен таныстыру.

Табиғат аясында өзін-өзі ұстаудың қарапайым ережелерін (ағаштардың жапырақтарын, гүлді жұлмау, гүлзарларды таптамау, ұяларды бұзбау, қоқыс тастамау және т.б.) сақтауды үйрету.

Табиғатты шамасы келгенше (табиғат аясындағы демалыстан кейін қоқыстарды жинау, бұлақтың көзін ашу, өсімдіктер мен жануарларға қамқорлықпен қарау, тірі табиғат бұрышындағы тірі объектілерді күтіп-баптау, қыстап қалатын құстарға көмек беру және т.б.) қорғау, оны сүю сезімдерін ояту.

Табиғат аясындағы демалыста, еңбек ету барысында қоршаған ортаға өзінің іс-әрекеті арқылы әсер ететіндігі туралы түсінік беру.

Қоршаған ортамен танысу

Мақсаты: коммуникативті-танымдық қызметін дамыту, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарға қызығушылығын арттыру.

Міндеттері:

- балалардың қоршаған заттар, олардың сапасы мен қасиеті, қолданылуы туралы түсініктерін жүйелеу және қорытындылау;

- адамдардың қоғамдық өмірі мен қоршаған әлемнің тұтастығы туралы түсінігін, заттардың, оқиғалар мен құбылыстардың бір-бірімен байланысы мен тәуелділігін анықтай білу іскерлігін, эксперимент жасау дағдыларын қалыптастыру;

- балалардың танымдық белсенділігін, ақыл-ой қабілеттері мен білуге құштарлықтарын арттыру;

- өмірдегі қауіпсіздік ережелерінің негіздерімен таныстыру.

Мазмұны:

Бала, оның отбасы, үйі. Туыстық байланыс туралы түсінігін қалыптастыру, өз жасын, өзінің, ата-анасының толық аты-жөнін білу, басқа отбасы мүшелерін, балабақшасының (нөмері) және тобының атын, үйден балабақшаға келетін жолды айыру қабілеттерін қалыптастыру.

Отбасылық мерекелер, дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, туып өскен жеріне деген құштарлығын қалыптастыру. Балаларды отбасылық мерекелер мен салтанаттарды ұйымдастыруға қатыстыру.

Өзінің ата тегін, ата-баба шежіресін білуге қызығушылығын арттыру. Ата-аналарымен, туысқандарымен сырт келбетіндегі ортақ ұқсастықтарын айыра білуге үйрету (көз, мұрын, шашының түсі, т.б.).

Жақындарына деген мейірімділік пен сыйластық сезіміне тәрбиелеу. Отбасындағы ерекше құрмет пен қамқорлық ата-әжелер мен отбасының ең кенжелеріне тиесілі екендігін ұғындыру.

Халықтық дәстүрге негізделген үлкендерді сыйлау адамгершілік тәрбиесін сақтауға үйрету.

Өзінің балалық шағының оқиғаларына, болашағына, осы шаққа бағасы, өзінің сезімін сөзбен жеткізу мен мәнін түсіну қызығушылықтарына ынталандыру.

Баланың сана-сезімін «мен және менің сенімім, әдептілік әліппесі туралы ұғым, мен және менің қоршаған ортаға қатысым (құқық және міндет) бағыттары бойынша қалыптастыру.

Заттар әлемін меңгеру, кеңістікті бағдарлау. Заттар, олардың белгілері мен ерекшеліктері туралы ұғымдарын қалыптастыру. Балаға таныс әртүрлі заттардың атауларын қайталау және қорытындылау, таныс емес заттар мен олардың атқаратын қызметін түсіндіру. Заттардың қандай материалдан жасалғандығын (қағаз, шыны, металл, тері, ағаш) анықтап, сипаттама беріп (мөлдір, қатты, жұмсақ, тегіс), оның сапасы мен ерекшелігін дұрыс анықтай білуге үйрету.

Айналадағы заттар, құрылыс материалдары арасындағы міндет пен байланысты, оның неден жасалғандығы туралы түсінік беру.

Заттарды түсіне, көлеміне, пішініне, міндетіне қарай салыстырып, топтастыра білуге үйрету.

Тұрмыстық техника, оның қызметі, қолдану ережесі туралы түсінік беру.

Бөлменің сәнді әрі қолайлы жабдықталғандығын көре, сезіне білуге, заттар мен олардың безендірілуіне талғаммен қарауға үйрету.

Кез-келген зат адамдардың еңбегімен келетіндігі туралы түсіндіріп, оларға ұқыптылықпен қарауға үйрету (ойыншықтар, жиһаздар және т.б.).

Балабақша жақын орналасқан шағын ауданда, балабақша ауласында (балабақша, дүкен, емхана, пошта, мектептің қайда орналасқанын) еркін бағыт-бағдар ұстай білу іскерліктерін жетілдіру.

Көлік, байланыс құралы. Көлік құралдарының көп түрлілігі жайлы түсінік беру (суару көлігі, жедел жәрдем, өрт сөндіретін көлік, қар тазалайтын көлік).

Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде, суда, ауада), атқаратын қызмет аясына қарай (арнайы, жүк таситын, адам таситын) салыстыра білуге үйрету.

Үйден балабақшаға, кинотеатрға, дүкенге қандай көлікпен баруға болатынын, ата-аналары қандай көлік түрін жүргізетіні туралы білімдерін бекіту.

Көлік құралдары, олардың қызметінің маңыздылығы, негізгі бөлшектерінің атқаратын қызметі (рулі, дөңгелегі, кузові) туралы ұғымдарын кеңейту.

Телефон, компьютер, теледидар, радионың қызметтерімен, оларды қолданудың бірнеше қарапайым ережесі туралы білімдерін бекіту.

Поштаның байланыс мекемесі екендігі, оның маңыздылығы (хат, телеграмма, бандерольдарды салып жіберу, оларды қабылдау, жеткізу), пошта қызметкерлерінің еңбегі, хабарларды жылдам жеткізуге арналған көлік туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Адам өмірінде байланыс құралдарының қажеттілігін түсіндіру.

Үлкендердің еңбегі. Әр түрлі мамандық иелері мен олардың еңбегінің ерекшеліктері, маңызы туралы түсініктерін кеңейту.

Балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы (меңгеруші, шаруашылық меңгерушісі, тәрбиеші, бала күтуші, аспаз, аула сыпырушы, медбике, жүргізуші) ұғымдарын қалыптастыру. Адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстарды (жүргізуші азық-түлікті балабақшаға әкелді, шараушылық меңгерушісі оны қабылдап алып, асханаға берді, аспаз түскі асты дайындады, көмекші тамақты топқа әкеліп балаларды тамақтандырды) байқауға үйрету. Балабақша қызметкерлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Айнала қоршаған заттар, ойыншықтар адамдардың еңбегімен жасалғандығы туралы, оған ұқыпты қарау керек екендігін түсіндіру.

Республикамыздағы өнеркәсіп орындарының жұмысы мен жұмысшылырының атқаратын жұмысы жайлы түсініктерін қалыптастыру (мысалы: шахтер, металлург, т.б.). Олардың еңбегін құрметтеуге үйрету.

Құрылыс және түрлі құрылыс мамандықтары (суретші-әрлеуші, ағаш шебері, кранда жұмыс істеуші, балташы) және құрылыс көліктерінің міндеттері туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Ауылшаруашылық саласы мамандары (диқан, егінші, тракторшы, комбайншы, бағбан, қойшы, малшы, сауыншы және т.б.) еңбегімен таныстыру. Ауылшаруашылығына арналған көліктердің маңызы туралы түсінік беру.

Нанды дайындау сатыларымен таныстыру. Азық-түлік тағамдарын, нанды қадірлеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.

Қала тұрғындары үшін ауылшаруашылық мамандары еңбегінің маңызды екендігін жеткізу (қала мен ауыл арасындағы байланыс).

Менің Отаным – Қазақстан, еліміздің рәміздері. Отан туралы, мемлекеттік және халықтық мерекелер туралы білімдерін кеңейту. Елбасы мен оның қызметі туралы түсінігін қалыптастыру.

Мемлекеттік рәміздер (Елтаңба, Ту, Әнұран) туралы білімдерін кеңейту. Оларды танып, құрметтеуге тәрбиелеу. Маңыздылығын түсіндіру. Әнұранды орындау барысында ережені (Әнұранды орындарынан тұрып, сол қолды жүректің тұсына қойып, ер кісілер бас киімін шешіп) сақтауға үйрету. Республика күні мерекесін тойлауға белсенді (әндер мен өлең-тақпақтар жаттау арқылы) қатысу.

Мемлекеттік және қоғамдық мерекелерге (Қазақстан Республикасы күні, Тәуелсіздік күні, 8 Наурыз, Наурыз, Қарулы күштер күні, Балаларды қорғау күні) ертеңгіліктер мен ойын-сауықтарда өлең-тақпақтар жаттату, би билеу арқылы белсенді араластыру.

Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен таныстыру. Туған елінің, қазақ халқының (орыс, татар, т.б.) тарихы, мәдениеті, тұрмысы туралы алған білімдерін байыту, тереңдету.

Қазақтан Республикасында тұратын басқа ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Елордамыз Астана қаласы, ондағы – Бәйтерек, Ақ Орда, Пирамида, океанариум, т.б. сияқты негізгі мәдени орындары туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Өзі тұратын қала, елді мекен, аймақтарындағы мәдени орындар мен ескерткіштерді таныстыра отырып, туған жеріне деген мақтаныш сезімін ояту.

Қазақстанмен шекаралас жатқан мемлекеттермен, халқымен, олардың мәдениеті, әдет-ғұрпы, дәстүрімен таныстыру.

Республикамыздың табиғат байлықтары мен жеткен жетістіктері (тыңайған жерлерді игеру, табиғи тас көмір мен мұнай, темір кенінің көздері, Байқоңыр ғарыш айлағы және т.б.) туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Қазақстан Республикасы әскері. Ел қорғаудың қиын да, ардақты міндет екендігін түсіндіру арқылы Қазақстан Республикасы әскері туралы мәлімет беру. Әскер өмірінен, қызметінен түсінік беретін суреттер, альбомдар, басқа да материалдар көрсету.

Әскер сарбаздарының ержүрек, тапқыр, күшті, ақылды болатындығы туралы ұғым беру.

Сарбаздың, басқа да әскерилердің сырт бейнесі, киім үлгілері мен әскери техника туралы түсінік беру.

Ұлы Отан соғысы жылдарында ел қорғаған қазақстандық қаhарман батырларымыз – Б. Момышұлы, Ә. Молдағұлова, М. Мәметовалардың жасаған ерлігі жайлы түсінік беру.

Ұлттық әскерінің маңызын (Отан қорғау) түсіндіру.

Әскерлерге айбынды ерлігіне құрметпен қарау қызығушылықтарын дамыту.

Жолда жүру ережелері мен өмір қауіпсіздігі негіздері. Жолда жүру ережелері туралы алған білімдерін бекіту.

Қиылыс жол мен «Жолаушылар өтетін жол», «Қиылыс жол», «Тамақтану пункті», «Телефон», «Автомобиль тоқтайтын жер», «Медициналық көмек пункті» көрсетілген жол белгілерімен таныстыру.

Жолаушылар өтетін жол белгілерімен, көлікте өзін-өзі ұстау ережелерімен таныстыру:

- жолаушылар тек бір аяқ жолмен жүруге рұқсат етіледі; бір аяқ жолдың оң жағымен жүру, жолаушылар көшеден тек ала жолақ бар жерден немесе белгі қойылған жерден ғана өтуі тиіс;

- екі жақты жолдан өтетін кезде алдымен солға, жолдың ортасына жеткенде солға қарау керек, жолаушылар көлікті арнайы аялдамаларда күтеді;

- балалы жолаушылар көлікке алдыңғы алаңнан кіруіне болады, көлікте әркім өзін сабырлы ұстап, басқа жолаушыларға кедергі жасамау керек.

Қауіпсіздік ережелердің маңыздылығын түсінуін қалыптастыру. Техника қауіпсіздік ережелерін сақтау (үлкендердің рұқсатынсыз кесетін және үшкір заттарды ұстамау, электр құралдарын қолданбау, отпен ойнамау, таныс емес адамдарға есікті ашпау), қажет жағдайда «Жедел жәрдем», өрт сөндіру қызметі мен полиция телефондарының нөмерін тере білу іскерліктерін үйрету.

Серуен кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау. Таныс емес адамдармен қарым-қатынас жасамау, бұралқы иттерден сақтану, суға шомылу ережелерін сақтау (үлкендердің рұқсатынсыз суға түспеуге, жағада шомылуға), орманда (үлкендерден алыс кетпеу, таныс емес жемістер мен саңырауқұлақтар термеу).

«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды өнер әлеміне баулу, эстетикалық талғамын, шығармашылық құзыреттілігі мен қиялдау қабілетін дамыту, жан құбылысын, сезімі мен ойын көркем түрде жеткізе білу талпынысын жетілдіру.

«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны төмендегідей ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрлері арқылы жүзеге асады:

- сурет салу;

- мүсіндеу;

- жапсыру;

- музыка.

Сурет салу

Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың шығармашылық құзыреттілігінің қалыптастыру міндеттеріне сәйкес бейнелеу өнерінің мазмұнын толықтыру, сурет салудың барлық түрлеріндегі іскерліктерін жетілдіру, бейнеленетін бейнелерді түсіну қабілеттерін тәрбиелеу мен эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.

Міндеттері:

- заттар мен қоршаған ортадағы құбылыстарды түсінуі мен затқа қарап, пішінін, заттардың қатынасын, бөліктерінің орналасуы мен түсін бейнелу тәсілдеріне үйретуді жалғастыру;

- қиялын, байқағыштығы мен әлемді бейнелі қабылдауын дамыту;

- бейнелеу өнерінің техникаларын, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырып, сурет салу барысында дұрыс отыру, қылқаламмен және қарындашпен жұмыс істеу дағдыларын бекіту;

- бейнелеу өнерінің материалдары мен құралдарының қасиеттерімен таныстыру: гуашь және су бояулар, жай, түсті, көмір қарындаштары, ақ, түсті және боялған қағаздар;

- іс-әрекет мәдениетіне тәрбиелеу, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру, ұжыммен жұмыс істеуге үйрету;

- балалардың аналитикалық-синтетикалық қабілеттері дамыту: қойылған міндеттерге сәйкес өз жұмысының нәтижесін бағалай білу іскерлігі.

Мазмұны:

Затқа қарап сурет салу

Балаларды елестету және заттарға қарап гүлдер, көкөністер, күрделі емес ойыншықтар сұлбасын өздеріне тән ерекшеліктерін сақтай отырып салуға үйрету.

Пішіндер (шеңбер, сопақша, тіктөртбұрыш) туралы білімдеріне сүйене отырып негізгі пішінін, заттар мен олардың бөліктерінің үйлесімділігін нақты беруге, бөліктердің салыстырмалы көлемі мен орналасуына, түстер туралы біліміне (қызыл, қызылсары, сары, жасыл, көк, күлгін, қоңыр, қара, ақ және олардың реңктері) сүйене отырып заттардың түстеріне, өз талғамымен түстерді таңдауға

үйрету. Акварельмен жұмыс істеу тәртібімен, бояудың қажетті қоюлығын алу үшін акварель бояуын су тақтайшасында сумен араластыра білуге үйрету, бояуларды араластыруға, колоритті беру үшін бояулардың үйлесімділігі мен қағаздың түсін таңдаумен таныстыру, заттардың шынайы түстері мен бейнелетін затқа өзінің қарым-қатынасын қолдана білуге үйрету.

Бірнеше біркелкі заттардың мөлшеріндегі ерекшеліктерін (үлкен және кішкентай үйлер, ағаштар, көкөністер, жануарлар мен олардың төлдері және т.б.) жеткізе білу іскерліктерін қалыптастыру.

Түрлі жануарларға тән ерекшеліктерді байқау және олардың суреттерін сала білу іскерліктерін қалыптастыру. Жануарлардың бейнелерін жеңіл қозғалыстар мен қалыптарды бейнелеу арқылы мәнерлі бере білуге үйрету. Балаларға жүн мен қауырсынға тән бейнелерді келесі тәсілдер: түрлі штрихтар, түрлі басулар, қатты қылқаламмен, тушь арқылы сала білуге үйрету. Қажетті түсті алу үшін қарындашты әртүрлі басып қолдануға, қарындашпен жеңіл контурларды салуға үйрету.

Құстардың сыртқы бейнесі, барлық құстардың сыртқы ерекшеліктеріне қарамастан құрылымы жағынан ұқсастығы, пішіні мен бөліктерінің шамаларынан жалпы түсініктерін қалыптастыру. Суретте түрлі құстарға тән ерекшеліктерін бере білуге үйрету.

Суретте адамның қарапайым қимылдарын, қозғалу барысындағы қол мен аяқтарының қалыптарын бере білуге үйрету.

Серуен кезінде байқағандары бойынша ағаштарды, үйлерді, трамвай мен автобустарды және мереке күндерінен, қарапайым табиғат суреттерінен алған әсерлерін салғызу.

Ағаштардың бұтақтары (қызыл тал, шырша, мимоза, терек), жапырақты немесе гүлдеген бұталарға, кейбір дала және бақша гүлдеріне (түймедақ, бақбақ, қызғалдақ, лалагүл) қарап сурет салу.

Сәндік сурет салу

Қарапайым пішіндерде (шеңбер, сопақша, шаршы) өрнектерді құрастыра білу іскерліктерін бекіту. Дөңгелектерде, розеталарда, үшбұрыштар мен алтыбұрыштарда ортасы мен жиектерін көрсете отырып сәнді өрнектерді құрастыру. Пішіндері мен түстері әртүрлі 2-3 элементті алмастырып, ақ және түрлі-түсті фондарды қалауынша қолдану. Геометриялық пішіндер мен өсімдік элементтерінен өрнектерді ырғақпен орналастыруға үйрету (шеңберлер, үшбұрыштар, ирек сызықтар, жуан және жіңішке сызықтар, жағыстар, нүктелер, гүлдер, жидектер, жапырақтар және т.б.).

Балаларға түрлі материалдар: қарындаштарды (графитті және түсті), бояуларды (гуашь, акварель) қолдануды үйрету.

Қарындаштармен сурет салу барысында саусақтарға күш түсірмей, көлбеу ұстау қажет, штрихтарды біркелкі жеңіл қимылмен бір бағытта әрі-бері сызу. Сызықты контурдың сыртына шығаруға болмайды.

Бояумен сурет салу барысында қылқаламды бояуға жақсы сіңіру қажет. Қағазға жуан сызықтарды сызарда қылқаламды көлденең, ал жіңішке сызықтар мен нүктелерді сызу үшін тігінен ұстап, суреттерді бояғанда бір бағытта солдан оңға қарай, жоғарыдан төмен қарай, қиғашынан жүргізіледі, қылқаламмен қағазға басып салу тәсілдерін қолдануда (жапырақтар мен гүлдерді салу), қағаздың ортасын, бұрыштарын, жоғарғы, төменгі, оң және сол жақтарын ажыратуға үйрету.

Түрлі халықтардың қолданбалы өнеріне тән өрнектердің элементтерімен және түстердің үйлесімділіктерімен таныстыру. Қазақ мәдениетіндегі зергерлік, ағашты ойып, өрнектеу, киімге кестелеп және алтынмен тігу өнерлері туралы түсінік беру. Табиғат күйлері, гүлдер, қауыздар, төселіп жатқан өркендер мен дәндердің қазақтың әшекей өнеріндегі киіз басу, кілем тоқу, тоқыма заттарында кездесетінін атап өту.

Түзу сызықтардың түрлі байланыстарымен құрылған қазақтың «Ілгек», «Жұлдыз» өрнектерінің суретін салу. Элементтерді пішіндер мен сұлбалардың ортасы мен шеттеріне орналастыра білуге үйрету. Қазақтың оюларының көптүрлілігі туралы түсініктерін кеңейту, ерекшеліктері мен оларға тән элементтерін қолдана отырып құрастыра білу іскерліктерін дамыту. Қазақ оюларының элементтерін құрастыру: имек және доға пішіндерінен құрастырылған «Қызғалдақ гүлі», «Қойдың ізі», «Құс қанаты» өрнектерін сұлбаларға орналастыру. Қазақ оюларына тән түрлі түстердің үйлесіміне құрылған тапсырмаларды орындау, таныс элементтерден композициялар құрастыру, ұжымдық жұмыстарды орындау.

Орамалдарды, сулықтарды, сүлгілерді ұлттық сәнді маталардың желісімен суреттерді салу барысында іскерліктері мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндіктер туғызу. Элементтерді кезектестіру арқылы маталарға өрнектер құрастыру (жолақша, торлы өрнек, ірі және кіші пішіндерді 2-3 элементті кезектестіру арқылы бүкіл парақты толықтыру) іскерліктерін дамыту.

Қазақ ою-өрнектерінің сипаты (арқар мүйіз, сонымен қатар, бес бейнелік пішіндер, қиықтар) мен оның үйлесімділігін бере отырып, жапсырылған және қатырма қағаздан жасалынған көлемді пішіндерді (қораптар, бокалдар және т.б.) безендіру. Заттарды балалардың ойынша безендіру.

Гжель ыдыстарымен таныстыру. Гжель суреттеріне тән жиектемелермен, гүлдермен және жапырақтармен шыны аяқтарды, табақтарды, шәйнектерді, қант салғыштарды (жапсырылған заттар немесе қағаздан қиылған сұлбалар) әшекейлеу.

Дымков ойыншықтарымен (аттар, лақтар, шелектер), ағаштағы ас тақтайшалары, панно, сәнді табақтарды городец көркем суретімен таныстыру. Ұжымда жұмыс істеуге, халық шеберлерінің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сюжетті сурет салу

Бір мазмұнға біріктіре отырып бірнеше заттардың суреттерін (табиғат суреттері, қоршаған ортадағы оқиғалар, мерекелер, адамдардың еңбегі, ертегі, әңгіме, өлең, әндер мен мазақтамалардың сюжеттері) бейнелей білуге үйрету.

Қазақ халқының өмірін, тұрмысын, еңбегін білдіретін қазақтың ертегілері мен аңыздарының желісімен суреттер салу («Қаңбақ шал», «Ақсақ құлан» және т.б.). Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынастарын бейнелеуге үйрету. Кейіпкерлердің әрекеттерін бейнелеу. Қарапайым психологиялық сипаттамаларын құру, заттардың кеңістікте бір-біріне жақын, бірге және т.б. орналасуын бере білу.

Суреттегі түстік қатынастарды жеке шешуге: табиғат пен ұлттық өнердің орнын қарама-қарсы және үйлесімді байланыстарына еліктеп бояуларын таңдауға, жыл мезгілдерін, тәулік уақытын, әрекеттердің орнын түстермен бейнелеуде өзінің қатынасын бере білуге, бұлыңғыр немесе шуақты күнді, мерекелік от шашу, кешкі өзендегі жарығы жанған кеме және т.б. қағаздың түсіне сәйкес бояуларды таңдауға үйрету, түстердің қарама-қарсы және пастелді гаммаларын қолдану.

Бейнелерді бүкіл параққа, бір сызықтың бойына, жалпақ жолақшаға (жақын, алыс) орналастыру іскерліктерін қалыптастыру. Қағаздың төменгі жолақшасына жердегі заттарды, жоғарғы бөлігіне жоғарыдағы заттарды орналастырып кеңістіктік қатынасын бере білуге үйрету.

Ойдан салу және ұжымдық жұмыстарды қолдану.

Балаларды өнермен таныстыру

Балаларды бейнелеу өнер түрлерімен (кескіндеме, графика, мүсіндеу, сәнді-қолданбалы өнер) таныстыруды жалғастыру. Кескіндеме өнері туындыларымен (суреттер мен қазақ, орыс және кеңес дәуірі суретшілерінің өңдеген суреттері), портреттермен, пейзаждармен таныстыру. Суретшінің әр жыл мезгілінде (алтын күздің көп түстілігі мен көктемнің тұнықтығын) табиғат сұлулығын қалай көрсеткенін сезіне білуге үйрету. Шығарманың мазмұнын көріп, түсінумен қатар, суретшінің табиғатты суреттей отырып, нені жеткізгісі келгендігін (қуаныш, қайғы) қандай әсерлендіргіш құралдар пайдаланғандығын түсіне білуге үйрету. Портреттік кескіндемемен танысу барысында суретші адамның көңіл күйін қалай беріп тұрғандығына назар аудару. Балалардың шығармаларды қарау барысында бейнеленген құбылыстарды сезіну, суретшінің жеткізбек ойын түсіне білу қабілеттерін қалыптастыру. Мысалы, жазғы таңның сұлулығынан қуанышты көңіл күй сезіну (И. Шишкиннің «Қарағайлы ормандағы таң»), қоршаған орта мен жасампаз еңбек туралы (Ә. Қастеевтің «Қызыл үй»), қыздың ерке көңіл күйі (И. Репиннің «Инелік»), бұлтты аспан мен қураған шөптің мұңды көңіл күйі (В. Серовтың «Қазан»).

Аңдар бейнесін мейіріммен жылы қабылдауға үйрету (Е. Чарушиннің «Бұғының бұзауы», «Сәбізі бар қоян»). Бөлме ішінде өнер туындыларын орналастыру әсемдігіне көңіл бөлуге үйрету.

Қазақ халқының ұлттық өнер туындыларымен, әшекей бұйымдарымен, тұрмыстық заттарымен, ат әбзелдерімен, киім-кешегімен таныстыру. Ұлттық ойыншықтар мен әшекейлер туралы (тәрбиешінің қалауымен) түсінік беру. Шағын бейнелерді мүсіндеу (құстардың, балықтардың, жануарлар мен адамдардың) туралы түсініктерін кеңейтуді жалғастыру. Бейнені жасауда суретшінің қандай әсерлендіргіш құралдарын қолданғандығын көре білуге, бейненің мінез-құлқын анықтай білуге үйрету. Мүсінді тұғырда айналдырып, жан-жағынан анықтап қарауға үйрету. Әр түрлі материалдардан (фарфор, сүйек, керамика, ағаш, шойын, шыны, т.б.) жасалған мүсіндермен таныстырып, бұл мүсіншінің қолынан шыққан туынды екендігін әңгімелеу. Жұмыс үстіндегі мүсіншінің суретін көрсету. Мысалы: М.В. Нестеровтің «Мүсінші Вера Игнатьевна Мухинаның портреті». Мүсіндеу құралдарымен таныстыру: «Бүркіт» (ағаш), «Көжек» (фарфор). Көлемдік пішініне, қалыбына, ырғағы мен материалына көңіл аудару. Суретшінің мүсіндік портрет құралдарын қолдана отырып кейіпкердің мінез-құлқын түсінуге үйрету (даналық, ерлік, ананың қайсарлылығы). Ұлы Отан соғысының батыры Н. Әбдіровтың анасының бейнесімен таныстыру (Ю. Гуммельдің «Батыр анасы»). Ұлттық музыка аспаптары: домбыра, қобыз, жетіген, шаңқобыз, қылқобыз, т.б. таныстыру. Балаларды балаларға арналған кітаптарын безендіру құралдарымен таныстыру. (В. Конашевичтің балаларға арналған кітабына А.С.Пушкиннің «Балықшы мен балық туралы ертегісі», С.А. Михалковтың «Сізде не бар?» шығармасына А. Пахомованың иллюстрациялары. Балалар кітаптарының қазақстандық суретшілері: график К. Пак, суретші К. Каметов, қазақтың ұлттық эпосы мен ертегілерінің суретшісі Е. Сидоркин.)

Қауырсынмен, қарындашпен, акварельмен орындалған суреттердің айқындылығы мен кітапты безендірудің ерекшеліктерін (суреттердің мәтінге сәйкестілігі, мұқаба, титул парағы, басы, соңы) ескеруге үйрету.

Жапсыру

Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың эстетикалық талғамдарын, жапсырма бейнелерінің мәнерлілігін құру іскерліктеріне тәрбиелеу, балаларды безендіру және ою-өрнек қызметіне дайындау, қию тәсілдерін меңгеру барысында көру – қимыл үйлестірулерін дамыту.

Міндеттері:

- түрлі қию тәсілдерді қолданып, бірнеше бөліктерден заттар құрастыру және түрлі пішіндегі геометриялық және өсімдік элементтерінен құралған өрнектерді құрастыру іскерліктерін дамыту;

- көз алдына елестету арқылы бейнелерді құра білуді жалғастыру, затқа қарап жапсыру дағдыларын қалыптастыру;

- таныс техникаларды өз еріктерімен үйлестіру, өзінің бастамасымен бейнелеудегі түрлі тәсілдерді біріктіруде жаңа техникаларды меңгеру талаптарын қолдау;

- көркем қолөнер туралы түсініктерін қалыптастыру (ағашты ою және әшекейлеу, қыш-құмыра кәсібі, тоқымашылық, қол шеберлігі және т.б.), шеберлердің қандай материалдармен және құралдарды қолданатыны туралы түсінік беру;

- жапсыру барысында түсті мәнерлілік құралы ретінде қолдану іскерліктеріне тәрбиелеу, қағаздың түсі мен оның реңктерін жеке таңдау үдерісінде түстерді сезе білуін жетілдіру;

- ұлттық сәндік қолданбалы өнердің салдарын жапсыру барысында қолдануға үйрету, балаларды қазақтың ұлттық өнерімен, оның түрлерімен, ерекшеліктерімен, түс және композициялық құрылымымен таныстыру.

Мазмұны:

Заттық жапсыру

Заттың құрылымының негіздері туралы балалардың білімдерін жүйелеп тереңдету (барлық заттар бөліктерден құралады, тағайындалуына қарай бөлшектер бөлініп, төменгі бөлігінде әрқашан қомақты және ірі, қалғандар – ұсақ бөліктер болады), балалардың қайшыны қолдану іскерліктерін бекіту: жолақшаларды төртбұрыштарға, шаршыларды үшбұрыштарға, шаршы немесе төртбұрыштардың шеттерін қию арқылы дөңгелек пен сопақша пішіндерді қию. Симметриялық емес сұлбаларға салынған немесе ойдағы контурларымен қию дағдыларын қалыптастыру.

Қағазды қатпарлап екіге бүктеп түрлі бейнелерді қиюға үйрету (жапырақтар, гүлдердің күлтежапырақшаларын, көліктердің дөңгелектері).

Балаларды жырту тәсілімен жапсыруға, ғажайып құс, алтын балық, қызыл гүл бейнелерін жасауға үйрету.

Түзу сызықты және дөңгелек пішіндерден тұтас ойыншықтардың бейнелерін, қисық жыртылған қағаздардың бөліктерінен жұмсақ ойыншықтардың бейнелерін құрастыруға үйрету.

Қағаз бетіне әуелі ірі бөлшектерді өзіне тән ұсақ бөлшектермен толықтыра отырып жапсыру дағдыларын қалыптастыру.

Сәндік жапсыру

Ұлттық өнердің желісімен түрлі қағазда геометриялық элементтерден (шеңберлер, шаршылар, сопақшалар) өрнектер құрастыра білуге үйрету. Композиция заңдылықтарын түсінуге, өрнекті құрастырудың негізгі ұстанымдары: симметриялығы, бұрылыстар, ырғақ, кезектесу, ою элементтерін орналастыруда заттың пішініне көңіл аударуды есепке ала отырып сәнді жапсыруларды құрастыруға үйрету.

Аналар мен әжелерге сыйлықтарды, қуыршақтарға арналған киімдерді (бас киімдер, мойын орағыштар, көйлектер, жейделер, іш киімдер), ұлттық әшекейлерді, табақтарды, құмыралар мен вазаларды балалардың өз ойынша безендіруде жапырақтар мен гүлдерден өрнектер құрастыру.

Балаларға қағазды бірнеше бүктеп, геометриялық сәнді элементтер мен пішіндерді, шаршыларды, төртбұрыштарды, дөңгелектер мен сопақшаларды тең бөлуге, шаршылар мен т.б. қиғаштап қиюға үйрету.

Ортасы мен бұрыштары безендірілетін симметриялық пішіндерді екіге бүктелген қағаздардан қиюға, қатпарлап бүктелген қағаздардан қол ұстасып жүріп айтылатын әндерге, жиектемелерді, үйдің маңдайшасын безендіруге арналған шілтерлерді, топ бөлмесін мерекелік безендіруге фризалық әшекейлерді қиюға үйрету.

Ұлттық кілемдерді (сырмақ, тұскиіз, текеметтерді), ас тақтайшаларын, сүлгілерді, ыдыс-аяқ сақтайтын сөмкелерді (аяқ қап), тері белдіктерін, қымыз құятын ыдыстарды (торсық), кеселерге арналған қаптарды әшекейлеуге үйрету. Қойдың екі мүйізі — қос мүйізді «төрт айшық» өрнегі негізінде қолдану.

«Қошқар мүйіз» өрнегін түрлендіріп қолдану: жиектеме өрнек (белдік, кілемнің жиектемелері, киіз үйдің баулары), қоймүйізді жұп шиыршықтар (кілемнің ортасы, жапқыштар, сандықтың тыстары, сөмкелер), геометриялық өрнектер (кілемдер, алашалар). Қазақ өрнектеріне тән ашық түстерді қолдану: қызыл күрең, жасыл, қара, ақ, сұр, қызыл.

Бейнелерді айқын беру үшін сұлбаны қию және жыртып жапсыру тәсілдері бойынша үйрету. Жұқа бұйымдарды (сулық, шымылдықтар, қуыршақтарға арналған киімдер) әзірлеу үшін күрделі ойық (шеңберлер, жарты шеңберлер, қиықтар, шыршалар) өрнектерін қолдану. Бұйымдарды, шырша әшекейлері мен ойыншықтарын, жаңа жылдық құттықтау ашықхаттарын, топ бөлмесін безендіруге, қыс тақырыбындағы ұжымдық панно жасауға үйрету.

Сюжетті жапсыру

Балаларға жапсыруда сюжетті композиция құру іскерлігін дамытуды жалғастыру. Балаларға қағазға заттарды орналастыру дағдыларын үйрету. Ұжымдық жапсыруда ортақ композиция құрып, қағаздың бетін толықтыруға, заттарды бір сызықтың бойымен жалпақ жолақшаға (жоғары, төмен, 2-3 жоспар), бүкіл параққа орналастыруға үйрету. Аспанды, жерді немесе өзен мен көлді (теңізді) бөлуге, жердің (аспанның) түсін таңдауға үйрету. Жаңа Жылдық мерекеге залды безендіруге қатыстыру.

Жапсыруларды құрастыру барысында нысандардың көлемі бойынша қатынасын, заттардың бөліктерінің пішінін, құрылымын, қатынастарын көре білу іскерліктерін меңгерту. Сол арқылы тұрақты ойларын сақтау, өз әрекетін жоспарлау, ісін соңына дейін жеткізу іскерліктерін қалыптастыру.

Жапсыруларда әлеуметтік жағдайлар мен балалар өміріндегі оқиғаларды бейнелеуге, Қазақстанның табиғаты мен жерлестердің еңбегін бейнелейтін ұжымдық композицияларды орындауға үйрету.

Мүсіндеу

Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балаларда мүсіндеудің көмегімен бейнелердің пішіні мен мазмұны бойынша байқағыштығы мен эстетикалық қабылдауын, қиялын, бейнелеудің тақырыбы мен тәсілдерін іріктеудегі дербестігін, бастамашылығын, тапқырлығын қалыптастыру.

Міндеттері:

- балаларды затқа қарап немесе көз алдарына елестету арқылы мүсіндеу дағдыларын дамыту, пішіндердің ерекшеліктеріне мән бере отырып үйлесімін, құрылуын, қозғалысын бейнелеу;

- мүсіндеудің тәсілдері мен пластикалық түрлері арасындағы байланыстарды құрып, балаларға заттардың түрін талдауға үйрету;

- заттардың пішіндері, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтары, кеңістіктегі орналасуы, өзіне тән белгілері туралы түсініктерін анықтау;

- өз еріктері бойынша заттарды мүсіндеуге, оларды бейнелеудегі тәсілдері мен құралдарын дербес іріктеуге үйрету, баланың шығармашылық белсенділігін, қиялын, зейінін, байқағыштығын дамыту.

Мазмұны:

Заттық мүсіндеу

Балаларды затқа қарап немесе көз алдарына елестету арқылы көлемі мен пішіні әртүрлі таныс заттарды, көкөністер мен жемістерге тән ерекше бөліктерді бейнелеуде барлық қол буындары мен саусақтарын дұрыс қозғалту техникасын сақтай отырып мүсіндеуге үйрету.

Бір кездері өздері бақылаған заттарды бейнелеуге, заттарды түрлі қалыптарда мүсіндеу, бейненің жеке ерекшеліктерін өздері таба білуге, заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін бере білуге, бөліктердің салыстырмалық шамаларын сақтауға үйрету.

Заттардың қарапайым үйлесімін жеткізе білуге, бейненің қосымша бөлшектерін, оны сәнді бөлшектермен толықтыру іскерліктерін қалыптастыру.

Қарапайым қатынастарды сақтай отырып адам мен жануарлардың қозғалыстағы пішінін мүсіндеуге үйрету. Кеуде, бас және басқа да бөліктерді мүсіндей білуге, мүсіндеу тәсілдерін іріктеуде дербестікті білдіру, сазбалшықтарды бөлуге, өз жұмысын алдында тұрған үлгімен салыстыруға үйрету.

Адамның тік қалпын жасауға, бөліктердің салыстырмалы шамаларын сақтауға, мүсінделген пішіндердің бөліктерін мықтап бекітуге, оларды бір-біріне қосып, біріккен жерлерін арнайы кескіштің көмегімен тегістеуді үйрету.

Ермексаз бен балшықтың бүтін бөліктерінен ленталық тәсілмен ыдыстарды мүсіндеуге үйретуді жалғастыру. Пішіннің сыртқы жағын тегістеуге, бұйымдардың сыртын ылғал шүберектің көмегімен тазалауға, заттарды мықты етіп жасауға үйрету.

Өз бетінше тақырыптарды ойлап табу және ойын жүзеге асыру іскерліктерін дамыту. Адамның бейнесін, жануарларды, ойыншықтар мен ұлттық үлгідегі заттарды мүсіндеу дағдыларын дамыту.

Балаларға пластикалық тәсілдермен мүсіндеуге үйрету (балшықтың үлкен бөлігінен созып алу).

Заттың бір бөлігін басқа затқа терең орналастыру арқылы бекітудің жаңа тәсілдерін меңгеру.

Ортақ композиция үшін ұжымдық мүсіндеу дағдыларын дамыту.

Сәндік мүсіндеу

Балаларды халық шеберлігінен шыққан ойыншықтармен таныстырып, оларды мүсіндеуге үйрету. Халықтық ойыншықтар желісімен бейнелер жасауға үйрету. Мүсінді бейнені безендірудің тәсілдерін өз қалауы бойынша таңдауды ұсыну (рельеф, илеу, кескіштер арқылы жону, қыру).

Балаларды халық шеберлерінің еңбегімен таныстыруды жалғастыру, халықтық керамика мәнерінде ыдыс (тостағандар, табақшалар, құмандар, т.б.) жасауға үйрету, сыртын теп-тегіс етіп, күрделі рельефпен безендіріп, әшекейлеу («Оюланған кесе», «Тостаған», «Тегене», «Торсық», «Табақ» және т.б.) Түбі мен қабырғасына лента тәрізді пластиналарды орналастырып, бір-біріне іші-сыртын бекіту арқылы ыдыстар жасауды үйрету.

Затқа қарап, ұсынылған және өз ойлары бойынша сәнді мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.

Декоративті пластиналарды мүсіндеуге, жұмыстарында әртүрлі құралдарды қолдануға үйрету.

Сюжетті мүсіндеу

Балаларды мүсіндеудің үйреншікті әдістері мен біліктіліктерін жаттықтыру арқылы заттардың өлшемдік қатынастарын дұрыс бере білуге үйрету (қоян үлкен, ал көжек кішкентай). Бейненің ерекше қасиетін, адамның қимылын анық көрсетуге, сырт келбетін әдемі безендіруге үйрету, сюжеттерде түрлердің ерекшеліктерін, қимыл-қозғалысын, фактурасын (күрделі рельефтеу мен жапсыру арқылы) әртүрлі кескіштерді қолдана отырып жасай білу шеберлігін қалыптастыру. Кейіпкерлердің өзіне тән бөлшектерін (мұрын, ауыз, көз) жасай білу, композиция мазмұнын қосымша заттар мен элементтердің көмегімен (ағаш түбіртегінің, шөптің, гүлдің, мысықтың алдына тостаған, қыздың қолына себет) мейлінше көркемдеп жеткізе білу.

Кескіш арқылы тұтас бөліктен мүсін жасауға үйрету.

Затты тұғырға орналастыру техникасын қалыптастыру. Бірыңғай заттармен сюжеттер жасауды үйрету. Бірнеше денені бір тұғырға орналастыру, бірыңғай заттардың бейнесін жасаудан, мазмұнға сәйкес әр қилы бейнелерді жасауға көшу. Балаларға таныс күнделікті өмірде балабақша мен үйде, қыдыру мен саяхат кезінде кездесетін оқиғалар сюжет тақырыптары бола алады.

Қоршаған өмір, ертегілер мен әңгімелердің, халық әндерінің мазмұны бойынша сюжеттік композиция жасауды үйретуді жалғастыру, сюжеттерді өз бетінше ойластырып, мүсіндеуде іске асыруға үйрету.

Топтық жұмыстарды орындауға үйрету.

Музыка

Мақсаты: ұлттық музыкаға сүйіспеншілігі мен тұрақты қызығушылықтарына, ән айту мен билеудің шығармашылық элементтерін, адамгершілік-эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу, музыкалық шығарманың түрі мен мәнерлілігі туралы түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

- Қазақстан композиторларының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін қалыптастыру;

- ұлттық музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажырату;

- вокалды және аспапты музыкаға қызығушылығын арттыру, музыканың сипатын, музыкалық мәнерлілік құралдарын, олар туралы пікір айту дағдыларын дамыту;

- балаларды әнді еркін, жеңіл дауыспен, бірқалыпты мәнерлі айтуға үйрету;

- музыкалық шығарманың сипатына қимылдың үйлесімділігін музыкалық мәнерліліктің едәуір ашық құралдары арқылы үйрету және кеңістік пен уақытты бағдарлай білу іскерлігін дамыту.

Мазмұны:

Музыка тыңдау

Шығармалардың эмоционалдық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін, әсерлі реңктерін ажырату. Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, оның мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту. Музыка сипатын бейненің мазмұнымен, ондағы көрсетілген көңіл күйді байланыстыра білу дағдыларын қалыптастыру.

Балаларға өмірдің кейбір құбылыстарын бейнелейтін тәсіл ретінде музыкалық өнердің шығармаларымен таныстыру. Мектепке дейінгі жастағы балаларды музыканың дыбысталуын тыңдауға, кейбір музыкалық пішіндер мен мәнерліліктің құралдарын ажыратуға үйрету. Жаңа шығармаларды өздеріне таныс шығармаларымен салыстыру іскерліктерін дамыту, өзінің өмірлік тәжірибелерін қолдану. Қазақтың ұлттық аспабының өзіндік тембрлік дыбысталуымен таныстырып, жалпы сезімдік мәнерін ғана емес, сонымен қатар, мәнерлі дауыс ырғағын ажырату.

Ұлттық, домбырада және қобызда орындалатын «Күй» жанрымен таныстыру, күйші-композитор: Құрманғазы, қобызшы Қорқыт, күйшілер Тәттімбет, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей Шығаев, Ықылас Дүкеновтердің шығармашылығымен таныстыру.

Музыкалық мәнерліліктің құралдары мен сипатын егжей-тегжейлі ажырату қабілетін дамыту. Домбыраның дыбысталуы бейнеленген пьесаларды әсерлі реңкі мен музыкалық мәнерлілік құралдарын белгілей отырып тыңдау. Лирикалық, вальс ырғағындағы байсалды әуендерді қабылдап, пьесаның билеуге икемді сипатын сезініп, қарқындық өзгерісін белгілеу. Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерліліктің элементтерімен байланыстыру, шығарманы сипаттай білу. Қазақтың халық әндері мен би музыкаларының үздік үлгілерін тыңдауға тәрбиелеу.

Ән айту

Дауысы мен есту қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларда қиын емес әуендерді 2-3 жақын үндестікте дауысын дәл келтіріп орындауға үйрету, септима мен терция дыбыстарын ажырату, қолымен бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату. Фортепианоның сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз, жалғыз немесе топпен айту, оны металлофонда ойнау. Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажырату. Мерекелік әннің шаттық көңілін көңілді жеткізіп, жеңіл, ширақ дауыспен фразалардың соңын жұмсартып айту. Мерекелік әннің шаттық көңілін көңілді жеткізіп, жеңіл, ширақ дауыспен фразалардың соңын жұмсартып айту, музыкаға сәйкес түрлі қимылдарды орындау. Сезіммен, ырғаққа сәйкес, ырғақтық бейнесін сақтай отырып, сөздерді анық және фразалар арасында дұрыс дем алып, музыкалық кіріспеден соң бірден бастап айтуға үйрену. Қазақ халқының музыкасын әндерде қабылдау.

Музыкалық-ырғақты қозғалыстар

Жаттығулар

Музыка сипатының өзгеруіне сәйкес қозғалыстарды өзгерту, марш сипатын анық ырғақтық жүріспен, музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру, қозғалысты музыкамен сәйкестендіріп жартылай отыруларды («серіппені») анық, ырғақты орындау, қимылдарды музыкамен келістіріп, бөлшек адымды би қимылын меңгерту. Шапалақтаумен ырғақтық қимылдарды орындау, түрлі бағыттарда секіріп қозғалу іскерліктерін бекіту, тізені көтеріп жүгіруді орындау. Қазақтың би қимылдарының элементтерін орындау. Қазақтың «Бетеге» биінің элементтерімен таныстыру, қол, аяқ және бас қимылдарымен жұмысты жалғастыру, ауыспалы адымды жетілдіру, қазақ және орыс ұлттық билерінің элементтерін орындау, музыка сипатын би қимылдарында беру.

Ойындар мен қол ұстасып шеңберде айтылатын әндер

Әуеннің осы немесе басқа вариациясының сипатына сәйкес негізгі қозғалыстардың (жүру, жүгіру) түрлерін өзгерте отырып қозғалу, музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, қол ұстасып шеңберде айтылатын әндермен шеңберді айналып жүру, музыкалық фразаларға сәйкес қозғалыстарды өзгерту, жылдамдық пен ептілікті білдіру, пьесаның аяқталуын белгілеу, ұлттық ойындардың көңілді сипатын бере білу, дауыстардың биіктіктерін ажыратып, үлкен шеңберден кіші шеңберге қайта тұру, шашыраңқы қалыптан шеңберге жылдам ауысып кеңістікте еркін қозғалу, қол ұстасып шеңберде айтылатын әндер мен таныс би қимылдарын орындау (жеңіл секірулер, дененің бұрылысы, серіппелі отырулар). Түрлі сипаттағы музыкамен байланысты музыкалық-ойын бейнелерін: байсалды, асықпай және көңілді, шаттанған, би күйін мәнерлі жеткізу. Музыкаға сәйкес жалаушалармен немесе ленталармен қозғалу, саптағы орнын өзгерте отырып кеңістікте еркін бағдарлау: үш шеңбер, үлкен шеңбер. Сюжеттік ойындарды сахналау.

Билер

Қазақ биінің қимылдарын үйрену арқылы көркем мұраның кейбір элементтерімен таныстыру. Музыкалық фразаларға қозғалыс бағытын жеңіл және әдемі ауыстыра отырып қозғалу, қазақ биінің қозғалыстарын үйренуді жалғастыру, мәнерлі орындау дағдыларын жетілдіру. Би бейнелерін қолдана отырып әндерді сахналау, би қимылдарын бере білу.

Би шығармашылығы

Таныс би қимылдарын қолдана отырып, ойдан би шығару іскерліктерін мадақтау. Музыка сипатына сәйкес таныс би қимылдарын қолданып, би ойластыру. Мәтінге сәйкес әнді жеке сахналау мен шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйрету.

Балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау

Металлофонда, ықыласына қарай басқа да аспаптарда ойнау тәсілдерін меңгеру, триола, кларнет және сыбызғыда ойнау барысында дұрыс тыныс алуын сақтау, аккордеон мен баянда ойнауда ыңғайлы аппликатураны табу, тәрелкелер мен үшбұрыштың дыбысталуын бәсеңдету, дабыл мен барабанда, кастаньетаны, маракасыны, асатаяқтарды сілкіп ойнау барысында қолды дұрыс ұстау әдістерін меңгеру, аспаптардың аттарын біліп, олардың тембрлерін тану.

Жеңіл әуендерді кіші ансамбльмен уақытында қосылып ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнау, әуенді ойынмен бірге сүйемелдеу.

Қазақтың ұлттық ұрмалы аспаптары асатаяқ, тоқылдақ, қоңыраулы жыланбас аспаптарында анық және тәртіппен ойнау. Үлкендердің аккордеонда орындауында лирикалық, байсалды әуендерді тыңдау, олардың аттарын білу, қайта тыңдау барысында тану. Әуеннің ырғақтық бейнесін металлофонда жеке немесе кішігірім топпен ойнау. Жеңіл әуендерді кіші ансамбльмен уақытында қосылып ырғақтық бейнесін анық беру. Бірге ойнау. Үлкендердің орындауында халық әуендерін тыңдау, олардың сипаты мен қарқынын белгілеу.


«ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

Мақсаты: баланың қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіне енуге қажетті маңызды адамгершілік қасиеттерін дамыту, еңбек дағдыларын, жалпы адамдық құндылықтардың нормаларын білу, салт-дәстүрлер мен ережелер негізінде әлеуметтік-мәдени тәжірибесін қалыптастыру.

Мектепке дейінгі ересек жастағы «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны төмендегідей бағыттар бойынша жүзеге асады:

- қоршаған ортамен таныстыру;

- экология;

- көркем әдебиет.

Экология

Мақсаты: баланың тірі және өлі табиғат нысандарына қатысты оларға қызығушылық пен білуге құштарлық негізінде өзін-өзі дұрыс ұстау жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

- мектепке дейінгі ересек жастағы балаларда адамдардың мінез-құлқы мен қоршаған орта жағдайының арасындағы байланысты анықтау мақсатында түрлі ортадағы жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі жөніндегі түсініктерін қалыптастыру үшін жағдай жасау;

- табиғат құбылыстарын эмоционалды түрде қабылдауды, қоршаған ортаға жағымды қарым-қатынасты, табиғат сұлулығын көре білу іскерлігін қалыптастыру;

- балаларда табиғаттың бір бөлігі болып саналатын адамға және табиғатқа қамқорлықпен қарауды қалыптастыруды жалғастыру.

Мазмұны:

Табиғаттағы өзін-өзі ұстау мәдениетінің дағдылары

Табиғат құбылыстарын бақылау кезінде өз сезімдері жайлы айта білуге көмектесу, табиғат мекендеушілерін сақтап қалуда адамдардың дұрыс өзін-өзі ұстауының маңыздылығын түсінуді (егер өзенді ластаса, балықтар, балдырлар құрып кетеді, егер орманда қоқыс қалдырса, өрт шығуы мүмкін) қамтамасыз ету.

Балаларды тірі және өлі табиғатпен тереңдетіп таныстыруда олардың «тағдырының» адам әрекетімен байланысты екендігін көрсету. Жағымды мысалдар: орманды қайта қалпына келтіру, су көздерін тазарту, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғау. Жағымсыз мысалдар: өзендердің, көлдердің ластануы, орман ағаштарын кесу, сирек кездесетін өсімдіктерді, жануарларды, табиғат ескерткіштерін жою.

Үлкендермен және құрдастармен өзара қатынасы

Балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету, табиғаттағы еңбек, тұрмыстық-шаруашылық қызмет дағдыларын меңгерту. Баланың қоғамда, ұжымда, мектепке бейімдеу мен өмірдің тез өзгеретін жағдайына ойдағыдай әлеуметтендіру үшін жеке басының қасиеттерін дамыту.

Балалардың үлкендермен бірлесе отырып өсімдіктердің өсіп-жетілуі мен жануарлардың мінез-құлықтарына бақылау және күтім жасау үдерістеріне жауапкершілікпен қарау іскерліктерін қалыптастыру.

Адамның биоәлеуметтік жан ретінде және оның тіршілік ету ортасы туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру.

Табиғаттағы адамгершілік мінез-құлық қағидалары

жөніндегі ұғымдар

Балаларда табиғатта өзін-өзі ұстау қағидалары мен ережелерін «болады, қажет, болмайды, жаман» түсініктерімен меңгеруге мүмкіндік туғызу.

Балаларды өсімдіктер мен жануарларды күтіп-баптау жұмыстарының әр алуан түрлерін бірлесіп орындауларын қамтамасыз ету. Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінің адамның сауатты күтіміне байланыстылығы жөніндегі түсініктерін қалыптастыру. Тірі және өлі табиғатпен қарым-қатынаста өзін-өзі ұстау адамгершілік қағидаларын, үлкендер мен құрдастарының табиғат объектілеріне қатысты теріс қылықтарын бағалай білуге үйрету.

Экологиялық қауіпсіздіктің алғашқы дағдыларын және адам денсаулығы қоршаған орта мен өзін-өзі ұстауына байланысты екендігі жайлы қарапайым түсініктерін қалыптастыру.

Қоршаған ортаға қатысты өз іс-әрекетін болжау іскерлігі мен ниетін қалыптастыруды, шамасы келгенше оны сақтау мен жақсартуға қатысуды қамтамасыз ету.

Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты: қоғамдық өмірде қоршаған ортамен және құбылыстармен таныстыру негізінде балалардың әлеуметтік дағдыларын дамыту. Баланың ұжымда, қоғамда, мектепке бейімделуі ойдағыдай әлеуметтенуі үшін қажетті тұлғаның қасиетін қалыптастыру.

Міндеттері:

- қоршаған орта заттарына, адам қолымен жасалған заттарға қамқорлықпен қарау жөнінде қарапайым білім жүйесін қалыптастыру;

- қоршаған ортаның ақиқат құбылыстарына қызығушылық білдіруге тәрбиелеу, әлеуметтік байланыстарды жасауға, қазіргі өзгермелі дүниеге бірдей бейімделуге үйрету;

- заттық әлеммен және қоршаған әлеуметтік құбылыстармен байланысты адамгершілік қағидаларын, түсініктерін, өзін-өзі ұстау мәдени дағдыларын қалыптастыру.

Мазмұны:

Өзін-өзі ұстау мәдени дағдылары

Балаларды түрлі әлеуметтік жағдайларда тиісті шешім қабылдауға, өзінің және жолдастарының қылығы бойынша пікір айтуға болатынын және қажеттілігін түсінуді үйрету.

Үлкен адамдарды құрметтеу халықтық дәстүріне негізделген өзін-өзі ұстау адамгершілік қағидаларын сақтауға үйрету.

Үлкендермен немесе құрдастарымен келіспей қалған жағдайда балаларды «өзара келісуге» ниеттендіру, басқаларды тыңдай білу, олардың тілектерін, қажеттіліктерін, қиындықтарын түсіне білу, өз тілегі мен мәселесін айтуға мүмкіндік жасау, дау-жанжалдарды бірге шешуге, татуласуға үйрету.

Қоршаған ортамен таныстыру үдерісінде әдептіліктің қарапайым дағдыларын бекіту (сәлемдесу, қоштаса білу, кешірім сұрау, өз көмегін ұсыну).

Адамдардың мінез-құлықтары мен кәсіби әрекеттерін, этникалық мәдениетке ұқыптылықпен қарау, құқықтық білімдерін құрметтеу әрекеттерін балаға түсінікті болатындай гендерлік тәсілмен жеткізе отырып әлеуметтік-мәдениет негіздерін қалыптастыру.

Балалардың мінез-құлқында қарапайым этикет ережелерін бекіту, үлкендердің сөзін бөлмеу, орын беру, ойыншықтармен бөлісу, қоғамдық орындарда өзін ұстай білу сияқты этикалық құнды өзара әрекет үлгілерін қолдау.

Үлкендермен және құрдастарымен өзара қатынасы

Балаларда өз ата-тегін (Жеті атасын) білуге деген қызығушылықты дамыту. Баланың өзінің әке-шешесіне, туысқандарына сыртқы ұқсастықтары (көзі, мұрны, шашының түсі, т.б.) бар екенін көре білуге үйрету. Өзара сыйластық негізінде отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасай білуді бекіту.

Туыстарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Отбасы мүшелеріндегі үлкендер (ата мен әже) мен кішілерге қамқорлық көрсету.

Өзін-өзі дұрыс бағалап өзіне сенімінің бекуіне мүмкіндік туғызу, өзін қадірлеп дербестігін дамытуға, түрлі әрекеттерде (ойын, бейнелеу, музыкалық және т.б.) өзінің жетістіктерін нақты бағалауын дамытудағы қажеттіліктерін қолдау.

Бала санасын «Мен және менің сенімдерім, этикалық нормалар жөнінде түсініктер», «Мен және қоршаған ортаға менің қарым-қатынасым (құқықтар және міндеттер)» бағыттары бойынша қалыптастыру.

Балаларда өзін құрметтеу, әлеуметтік мәнділік сезімін, өзін таныту, өзінің қайталанбастығын, құрдастарының алдында жеке даралығын сезінуді тәрбиелеу.

Туыстық байланыс түсінігін, өзінің жасын, толық аты-жөнін, тегін, ата-анасының, отбасы мүшелерінің аты-жөнін, балабақша, топ атауын, нөмерін айта білу, үйден балабақшаға дейінгі жолды анықтау туралы түсініктерін қалыптастыру.

Отбасындағы атаулы күндер, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, туып-өскен жерін жақсы көру жөніндегі ұғымдарын қалыптастыру. Балаларды отбасы мерекелері мен салтанаттарына дайындық жасауға қатыстыру.

Айналасындағы үлкен адамдармен және құрдастарымен өзара әрекеттестік және қарым-қатынастың түрлі жағдайларында әлеуметтік бейімделу, ашықтық, әлеуметтік икемділік дағдыларын қалыптастыру. Балалардың төзімділіктерін (басқалардың өмір салтына, пікірге, мінез-құлыққа, құндылыққа, өзінен ерекшелентін қасындағы әңгімелесушінің көзқарасын қабылдау, шыдамдылық таныту) дамыту.

Құрдастарымен және үлкендермен бірлесіп әрекет жасай білуді қалыптастыру. Топтағы балалар, олардың бір-бірімен қарым-қатынасы жөнінде түсініктерін молайту: кім кіммен көбірек қатынаста болады, ойнайды, суретті не үшін салады, кім кіммен жолдас.

Үлкендердің еңбегіне және оның нәтижесіне қызығушылықты қалыптастыру, балаларды үлкендермен бірге еңбектенуге кірістіру.

Қатынас жасау үшін әр түрлі тәсілдер мен құралдарды қолдануға жағдайлар жасау: үлкендерді аты және әкесінің атымен атау, құрдасын атын айтып шақыру, рөлдерге бөлгенде олардың атын білу («жүргізуші», «дәрігер»), тілдік және тілдік емес тәсілдерді қолданып басқа адамның көңілін өзіне аудару: «мұнда қара ...», «тыңдаңызшы, өтінем ...» деп, көзіне тіке қарау, ашық жүзбен өтінішке үн қату, басқа баланың жауабын тыңдау.

Жақын туыстары мен құрдастарына сенімі мен тілектестік қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Балаға қандай ойыншықтар, фломастерлер, қарындаштар тигенін, рөльдер, тапсырмалар, міндеттер қалай бөлінгенін «Сен келісесің бе?», «Саған жете ме?», «Сен ренжімейсің бе?» деген сұрақтардың көмегімен анықтауды ұсыну.

Қоршаған ортаға, үлкендер мен балаларға зейіндері мен қызығушылықтарын (соның ішінде өзінің отбасы мүшелеріне) арттыру, басқа адамдарға қамқор болып мейірімділіктерін білдіру, басқа балалармен қатар және бірлесіп, бір-біріне кедергі жасамай әртүрлі әрекет түрлеріне қатысу.

Игілікке жету барысындағы топтың барлық мүшелерінің теңдігін білдіретін, ойындағы біріншілік құқығы мен серіктесті таңдау құқығы бар балалардың өздері белгілеген ережелерді меңгеруге көмектесу.

Әртүрлі балалармен (үлкен, кіші, құрбы, ұл бала, қыз бала, дамуында ерекшіліктері бар балалармен, балабақшаға жаңадан келген балалармен) қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

Үлкендердің еңбегіне және олардың еңбектерінің нәтижесіне құндылықпен қарауға, балалардың үлкендермен бірге еңбек әрекеттеріне қосылуға қызығушылықтарын қалыптастыру.

Баланың үлкендермен және балалардың бір-бірімен түрлі әрекеттер түрлерінде мазмұнды қатынасына жағдай жасау, ондағы баланың рөлдерді, ойыншықтарды, материалдарды таңдап алуына, еркімен шешім қабылдауына мүмкіндік туғызу.

Балаларды бақылау, салыстыру, теңестіру, өзінің және өзгенің әрекетін бағалап, ерекшеліктерін айта білу іскерлігіне, өз әрекетінің салдары өзге адамдардың эмоционалдық жағдайына әсер ететінін түсінуге тәрбиелеу.

Баланы өзін балалар қауымының мүшесі («біздің топ», «біз») ретінде сезінуге, ортақ игіліктері үшін балалардың өздері орнатқан топтың барлық мүшелеріне тең ережелерді (ортақ жұмысқа қатысуы, ойыншықтармен ойнағанда, заттар мен материалдарды қолданғанда) меңгерулеріне көмектесу. Ойын кезінде жекеленуге, серіктесін таңдауға, ойыншықты бірінші болып пайдалануға («Бұл кубиктерді мен бірінші алдым»), меншігіне құқылы екенін («Бұл менің қуыршағым - мен оны үйден алып келдім») және сыйға тартудың қайталанбайтын заңын түсіндіру, өзге балалардың кеңесі мен ұсыныстарын тыңдауға, оларға жол бере білуге үйрету.

Ұлдар мен қыздар сюжеттік-рөлдерге, театрландырылған және басқа ойын түрлеріне бірге қатысып, тапсырмаларды орындауларына мүмкіндік туғызу.

Қоршаған ортаға, үлкендер мен балаларға зейіндері мен қызығушылықтарын арттырып, басқа адамдарға қамқор болу мейірімділіктерін білдіру.

Адамгершілік қағидасы туралы түсініктер

Балаларды әлеуметтік құзіреттілігі мен мінез-құлқын көрсететін тәртіп нормаларымен, салт-дәстүрлермен, ережелермен таныстыру арқылы тәрбиелеу. Оларды алуан түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауға жаппай қатыстыру.

Ұлтжандылық сезімдерін – өз отбасына, балабақшасына, туған жеріне, еліне, Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдеріне сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Балаға өзіне құрметпен қарап, мейірімді, қайырымды және басқа да ізгі қасиеттерді бойына сіңіруіне мүмкіндік туғызу, үлкендер балаларының жетістіктеріне қуанатынын, сәтсіздігіне қамығып, аяныш білдіріп, көмек беретінін түсіндіру.

Көркем әдебиет

Мақсаты: халық ауыз әдебиеті және көркем әдебиет шығармаларының мазмұнын меңгеру негізінде әлеуметтік дағдыларды, кейіпкерлердің қылықтарын талдауды дамыту.

Міндеттері:

- балаларды шығарма мазмұнын дұрыс қабылдауға, кейіпкерлерге жаны ашуға, бәсекелесуге үйрету;

- әдеби шығармаларға қызығушылықтарын арттыру, әдебиеттегі жағымды мысалдар негізінде қоршаған ортамен қарым-қатынасты құру іскерліктеріне тәрбиелеу.

Мазмұны:

Өзін-өзі ұстау мәдениетінің дағдылары

Көркем әдебиет шығармаларымен таныстыру үдерісінде сыпайылық, мінез-құлық этикеті мен мәдениетінің дағдыларын бекіту. Әдеби шығарма кейіпкерлерінің қылықтарын олардың мінез-құлқы тұрғысынан, адамгершілік нормаларға сәйкестігі жағынан талдау.

Үлкендермен және құрдастарымен өзара қатынасы

Балаларды топтағы жағдайларға байланысты адамның эмоционалдық жай-күйі мен оның себебі арасындағы байланысты, сонымен бірге көркем әдебиетті, ертегі желісі бойынша ойындарды, ән айту, сурет салу, адамдардың қарым-қатынасын және сезімдерін бейнелейтін үлкендер мен балалардың қатысуымен театрдың әр түрін анықтауға ниеттендіру.

Балалармен ұл бала (күшті, батыл, еңбексүйгіш, қамқоршы) мен қыз баланың (нәзік, қарапайым, әдемі, кішіпейіл) мінез-құлықтарына тән ерекшеліктерді талқылай отырып, көркем әдебиетті қолдану.

Адамгершілік қағидалары туралы түсінік

Әдеби шығарма кейіпкерінің іс-әрекетіне өзінің қатынасы жөнінде әңгімелей отырып, оны адамгершілік қағидалар мен түсініктер тұрғысынан бағалауға ниеттендіру.

Балаларға кейіпкерлер мінез-құлқындағы жасырын себептерді түсінуге көмектесу. Шығармалар кейіпкерлеріне жанашырлықпен, аяушылықпен қарауға тәрбиелеу.

Көркем әдебиет шығармаларымен танысу үдерісінде адамдар, олардың эмоционалдық жай-күйі, іскер және жеке қасиеттері, мүмкіндіктері, қарым-қатынас сипаты жөнінде балалардың түсініктерін молайту. Осы мақсатта шығармалар желісімен драмалау ойындарын қолдану, эмоцияларын көрсете білуді дамыту, үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасай білу, өзара түсіністікке қол жеткізу.

ОЙЫН

Мақсаты: әлеуметтік белсенді жеке дара баланы қалыптастыру және жетілдіру, балалардың ойын бірлестіктерін нығайту, өз әрекетін серіктесінің іс-әрекетімен үйлестіре білуді дамыту.

Міндеттері:

- бірлескен ойын әрекетінде жақсы әдеттер мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, білуге құмарлық пен танымдық қабілеттілікті дамыту, қимылдарды жетілдіру;

- әр баланың шығармашылық бастамасын, ойынды өз бетінше құру және ойлаған ойын іске асыру, өзін ойын желісі мен ережесіне сәйкес ұстауды дамыту;

- түрлі ойындарға ойын топтарын құруға көмектесу;

- ойын үдерісінде жолдастарына тілектестік қарым-қатынасын, олармен санаса білуді, қиын жағдайларда көмекке келуді, ойын материалын қолдануда келісім жасауды, дауларды әділ шешуді қалыптастыру;

- бірлескен ойында өзін-өзі ұстау ережелері мен нормаларын орындауға үйрету;

- ойыншықтар мен ойын материалдарына қамқорлықпен қарауға, өз бетімен ойыншықтарды ретке келтіруге тәрбиелеу;

- балалардың қоршаған тіршіліктің жағымды жақтарын бақылау және ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінен алған білімдері негізінде ойын мазмұнын дамыту және молайту;

- отбасы және балабақша тұрмысын, түрлі саяхатты, адам еңбегін, қоғам өміріндегі айрықша оқиғаларды бейнелейтін ойындарды қолдау.

Мазмұны:

Cюжеттік-рөлдік ойындар

Балалардың өзіндік өмірлік тәжірибесін, олардың ой-өрісін, әлеуметтік өмірге қызығушылығын, өмір жайлы түрлі білімдерді кеңейту негізінде сюжеттік-рөлдік ойындардың мазмұны, сюжеттің ауқымы және рөлдермен байыта отырып, жағдай жасау.

Балаларды ұжымдық ойындарда басқарушылық іскерліктерін қалыптастыру, бірлестікке, ынтымақтастыққа көмектесу: шағын топтарға бірігу, әрекет мазмұнын бірлесіп ойластыру, рөлдерді бөлу, мақсатқа жету құралдарын табу. Белсенді балалардың басқа балаларды басынбауын қадағалау, жасық, ұялшақ балалардың ойынға қатысуына көмектесу.

Рөлдерді орындауда икемді болуды дамыту, ойында ортақ мүддеге сай ойынды дамыта білу және өзінің жеке тілектестігін көрсету.

Заттық-ойын ортасын үнемі өзгерту, ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Ойындағы бала бастамасын дамыту, ойындағы шығармашылыққа еркіндік беру, ойын желісіндегі тәрбиелік мәні қажетсіз жақтарын түзеу. Ойнаушылардың арасындағы жолдастық қарым-қатынасты тәрбиелеу.

Балалар шартты түрде дайын бейнелерді, ауыстырғыш заттарды қолданатын, өзіне жақсы таныс оқиғаларды (ертегіден, фильмдерден, тұрмыстан) бейнелейтін жеке және бірлескен режиссерлік ойындарды қолдау.



Балалардың ойындағы бастамасын, ұжымдық ойында жеке дара көрінуін мадақтау.

Балалардың дене, әлеуметтік, этномәдениет жағынан дамуына көмектесетін дәстүрлі ережелі халық ойындарын қолдану.

Сахналанған және мерекелік-шеру ойындарын ұйымдастыру.

Драмалау ойындары

Мектепке дейінгі ересек жас балаларының балалар әдебиетінен (ертегілер, өлеңдер) таныс көркем шығармалары бойынша көріністерді сахналай білуін дамыту. Ол үшін арнайы атрибуттар (қуыршақ, ойыншық, костюм және көркем безендіру элементтері) қолдануға үйрету.

Тәрбиеші-режиссердің ойлаған ойына бағына білу, сонымен бірге драмалау ойынында өзінің рөлін мәнерлі орындау.

Орындаушылық біліктерді жетілдіру.

Музыкалық драмалау ойындары

Балаларға қимылы, сөзі, ән айтуы, балалардың музыкалық аспаптарында ойнауы сияқты рөлдік бояуы бар драмалау ойынын ұсыну.

Музыкалық ойынды музыкалық-қимыл жүйесімен дайындау.

Балаларды түрлі кейіпкерлердің ұжымдық әрекетінен жеке әрекетке көшуін бейнелей білуге үйрету.

Балаларды ойын кейіпкерлерінің ерекшеліктерін, бейнелі, пантомимикалық, мимикалық және интонациялық сипаттамаларын өз бетінше таба білуге үйрету, шығармашылық қабілеттілікті дамыту.

Ойында орын ауыстырғыш заттарды, қиялдағы заттарды, «бейнеге ене білуді», сол бейнеде ойын аяғына дейін қала білуді дамыту.

Құрылыс материалдарымен ойындар

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алынған түрлі ғимараттардың суреттерін, фотосуреттерін құрастыру іскерліктерін пайдалануға үйрету.

Мектеп жасына дейінгі балаларды ұжымдық құрылыс жасауға қатыстыру, жұмысты бірлесіп жоспарлауға, көре білуге, мақсат қоюға, келісуге, ойлаған ойларын ортаға салуға үйрету.

Ойында табиғат материалын кеңінен қолдануға жағдай жасау: құм, саз балшық, су, қар, мұз.

Қимылды ойындар

Балалардың қалыптасқан қимыл дағдыларын жетілдіру және қимылдарды орындаудың тиімді жолдарын таңдау, жиі өзгермелі ойын жағдайларында қимыл үйлесімділігін дамыту.

Достық сезімге, шыдамдылық және ұйымдастырушылық дағдыларға, ойын ережесін орындауға, әділ болуға тәрбиелеу.

Балалардың негізгі қимылдарын жетілдіретін, дене қимылдарын қалыптастыратын өз еркімен ойнайтын қимылды ойындарын мадақтау.

Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды әртүрлі халықтардың ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарының ерекшеліктерімен таныстыратын ойындарды қосу.

Балаларды спорттық ойындарға және эстафета ойындарына қатыстыру.


Дидактикалық ойындар

Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды 2-4 адамнан шағын топ құрып, дидактикалық ойындарды дербес ұйымдастыруға үйрету.

Ойын ережелерін сақтай білуге үйрету.

Ойын әрекетінің әр түрін қамтитын және балалардың жалпы дамуына көмектесетін түрлі дидактикалық ойындарды қолдану.

Ойынды таңдауда балалардың жас ерекшеліктерін ескеру.

Жалпы ережелер негізінде бірлескен дидактикалық ойындарға қатыса білуді тәрбиелеу.




















ЕҢБЕК

Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды еңбек әрекетіне жүйелі қатыстыру, еңбек етуге ынтасын тәрбиелеу.

Міндеттер:

- мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың шамасы жететін еңбек түрлеріне дұрыс дағдыларын қалыптастыру;

- еңбек әрекеттерін, тапсырмаларды ыждағаттылықпен және ұқыпты орындауға үйрету;

- айналасындағы адамдар үшін маңызды еңбекте нәтижеге жетуге ұмтылуға тәрбиелеу;

- материалдар мен еңбек құралдарына құнттап қарауды дағдыландыру;

- балаларға жұмысты дұрыс және жақсы бағалауға көмектесу (өзінің және жолдастарының). Жолдастық өзара қарым-қатынастарды тәрбиелеуді жетілдіру;

- өзінің, үлкендердің, жолдастарының еңбегін бағалай және сақтай білуді тәрбиелеу;

- ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптастыру.

- еңбекке қызығушылық пен сүйіспеншілікті дамыту.

Мазмұны:

Өзіне-өзі қызмет көрсету

Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, тазалық пен тәртіп әдетін қалыптастыру.

Өзінің сыртқы кейпін қадағалау қажеттілігін дамыту (өз бетінше киіну және шешіну, киімді шкафқа дұрыс және ұқыпты жинау, аяқ қиімді орнына қою, су киімдерді уақытында кептіру).

Өзінің сырт кейпіндегі кейбір олқылықтарды байқауға және жөндеуге үйрету.

Өзара көмек сезімін, құрдасының киімі, аяқ киімі, сыртқы кейпіндегі олқылықтарды жөндеуге көмектесу ықыласын тәрбиелеу.

Үйде және мектепке дейінгі балалар ұйымында кейбір міндеттерді үнемі орындап отыруға үйрету: өзінің төсек-орнын, ойыншықтарды, кітаптарды, сурет салу құралдарын жинау, өсімдіктерді суару, үлкендерге дастархан мәзірін дайындауға көмектесу және т.б.

Тұрмыстық-шаруашылық еңбек

Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды топ бөлмесін (ұйқыдан кейін төсек-орынды жинау, ойыннан кейін ойыншықтарды жинап, ұқыптап орнына қою, тәрбиешімен бірге кітаптар мен ойыншықтарды жөндеу) және балабақша ауласын (жолды сыпыру, құмға су құю, қыста жолды қардан тазалау) ретке келтіріп ұстауға үйрету.

Өз бетімен және жауапкершілікпен дастархан мәзірін әзірлеуге, түскі ас кезінде үшінші тағам түрін таратып беруге, тәрбиеші көмекшісіне үстел үстін жинауға көмектесуге үйрету.

Сабаққа қажетті материалдар мен құралдарды таратуға, сабақтан кейін орнына қоюға, жапсыруда, сурет салуда қолданған қылқалам, стақан, шүберекті жууға, жұмыстан кейін үстел үстін сүртуге үйрету.

Балаларды апта сайын топ бөлмесін жинауға қатыстыру (жиһаздың, ойыншықтардың шаңын сүрту, өсімдіктердің жапырақтарын жуу).


Табиғаттағы еңбек

Табиғат бұрышындағы кезекшілік міндеттерін өз бетімен және жауапкершілікпен орындай білуді қалыптастыру (гүлдерді суару, топырақ қопсыту, қураған жапырақтарды алып тастау, тірі табиғат бұрышының мекендеушілеріне жем дайындау). Тірі табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға өз бетінше қамқорлық жасауға үйрету.

Балаларды төмендегі жұмыс түрлеріне қатыстыру:

- күзде үлкендерге балабақша ауласын (жапырақтарды бір жерге жинауға), көкөністерді, тұқымдарды жинауға;

- қыста тәрбиешімен бірге құстарға жем салғыш жасауға, жолдағы, алаңдағы қарды күреуге, ағаштар мен бұталардың түбіне қарды үюге;

- көктемде гүлдер мен көкөністердің тұқымдарын себуге, олардың өсуін бақылауға, ауланы жинауға;

- жазда гүлзардағы топырақты қопсытуға, арам шөптерді жұлуға, өсімдіктерді шабықтауға, оларды суаруға.

Бау-бақшада өнім жинауға; кезекшілерді күнделікті табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктерін суаруға, қажет болғанда топырақты қопсытып, тыңайтуға, өсімдікті басқа ыдысқа көшіріп отырғызуға, жәшіктерге қысқы-көктемгі көшеттерді отырғызуға (жасыл пияз, түбірлі көкөністер, жануарларға жасыл шөп: сұлы, кендір, салат), көшет өсіруге, табиғат бұрышындағы жануарларға жем беруге, аквариумды, құстардың торын тазалауға көмектесуге қатыстыру.

Балаларды жыл мезгіліне байланысты жұмыс түрлерінде күрек, тырма, су сепкішті пайдалануға үйрету.

Жұмыс үдерісінде өсімдіктердің өсуі мен дамуын бақылауға, өсімдіктерді, жануарларды дұрыс күтіп-бағу мен олардың жай-күйі арасындағы байланысты белгілеуге үйрету.

Қол еңбегі

Қол еңбегімен айналысу ынтасын тәрбиелеу.

Табиғат материалымен, қағазбен және қатырма қағазбен жұмыста құрастыру мен қол еңбегі бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі меңгерген дағдылар мен біліктерді қолдануға үйрету.

Сюжеттік-рөлдік ойындарға ойыншықтарды, ата-анасына, достарына, таныстарына базарлықтарды өзі дайындай білуін қалыптастыру. Еңбек үдерісінде материалдың қасиеттері жөніндегі білімдерді бекіту.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті үшін құрал әзірлеуге, кітап, ойыншықтарды жөндеуге қатыстыру. Материалдарды үнемді және орынды қолдануға үйрету.








МЕРЕКЕЛЕР ЖӘНЕ ОЙЫН-САУЫҚТАР

Мақсаты: шығармашыл белсенді тұлғаны, эстетикалық эмоцияларды, сезімдерді, қарым-қатынастар мен қызығушылықтарды қалыптастыру.

Міндеттер:

- қоршаған шындықты эстетикалық қабылдауды, эстетикалық бейнелер қорын қалыптастыру;

- мемлекеттік және қоғамдық мерекелерге, ойын-сауықтарға ортақтастық сезімін, эмоционалдық ықыластылық, ұлтжандылық және азаматтық сезімдерді дамыту.

Мазмұны:

Балалармен мемлекеттік және жалпыхалықтық мерекелерді атау: Конституция күні, Білім күні, Қазақстан халықтарының тілдері күні, Қазақстан Республикасының күні, Тәуелсіздік күні, 8 наурыз, Наурыз мерекесі, Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Жеңіс күні, Отан қорғаушылар күні, Балаларды қорғау күні. Осы мерекелерге белсенді қатысуға араластыру.

Мемлекеттік және жалпыхалықтық мерекелер жөнінде түсініктерін кеңейту.

Балаларды мерекеге дайындыққа белсенді қатыстыру (топтағы бұйымдар, әшекейлерді дайындау).

Ертеңгіліктерге белсенді қатысуға ниеттерін дамыту.

Түрлі ойын-сауықтарды аптаның басты ерекше оқиғасы ретінде қабылдауға, сипаты және көңіл-күйі бойынша ойын-сауықтарға эмоционалды үн қосуға үйрету.

Мектепке дейінгі ересек жас балаларымен спорттық мерекелер мен ойын-сауықтарды дайындауда және өткізуде дербестікті, дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде меңгерген дене машықтарын көрсете білуді тәрбиелеу.

Балалардың ойындардағы, ойын-сауықтардағы, жарыстардағы шығармашылық бастамасын көтермелеу.

Достық сезімдерді ояту, командадағы жолдастарына қолдау көрсету, өз жолдастарының жетістіктері мен сәтсіздіктеріне ортақтасу, бір-бірін сақтандыру.

Балалардың түрлі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білім, білік, дағдыларын ойын-сауық мазмұнына сәйкес белсенді қолдану.

Балалар үшін қуыршақ, көлеңке театрының көріністерін, балалар күшімен қойылған концерттер, бейнефильм, слайд көрсету, музыка, ертегі, аудиожазба тыңдауды ұйымдастыру.



ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 27.07. 2007 ж., № 319-III ҚРЗ Заңы. Астана. Ақорда

  2. ҚР МЖМБС 1.001-2009. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер.

  3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. «1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнының базалық минимумы». – Астана қ., 2004.

  4. «Балбөбек» бағдарламасы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының республикалық баспа бөлмесі. – Алматы қ., 1999.

  5. Е. Өтетілеуов, «Балақай» - Алматы қ.: Жалын баспасы, 1986 ж.

  6. Гризик Т.И., Аймагамбетова К.А., Майкова Г.Ж. «Познаю мир»: Метод. рекомендации для воспитателей. – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007.

  7. Грибовская А.А., Левченко Т.А. «Народное искусство и детское творчество»: Метод. пособие для воспитателей – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007 год.

  8. На пороге школы: Методические рекомендации для воспитателей. Т.Н. Доронова и др. – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007 год.

  9. Арушанова А.Г. «Речь и речевое общение детей». – М.: Мозаика-Синтез, 1999.

  10. Рунова М.Н. «Двигательная активность ребенка в детском саду». – М.: Мозаика-Синтез, 2003.

  11. Рыжова Н.А. «Экологическое образование в детском саду». М.: Карапуз-Дидактика, 2004.

  12. Терпугова Е.А. «Валеологическое воспитание детей дошкольного возраста: методич. пособие для педагогов. - Ростов н/Д: Феникс, 2007.

  13. Соловьева Е.В., Коренькова Л.Г., Копытова В.И. «Математика и логика для дошкольников»: Метод. рекомендации для воспитателей. – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007.

  14. Парамонова Л.А. «Теория и методика творческого конструирования».- М.: Академия, 2001.

  15. Шулешко Е.Е. «Наглядно-дидактическое пособие по обучению дошкольников чтению, письму, счету» - М.: Мозаика-Синтез, 2002.

ҚОСЫМША

ҚИМЫЛДЫ ОЙЫНДАР ТІЗІМІНІҢ ҮЛГІСІ

Жүгіруга арналған ойындар: «Мысық пен торғайлар», «Ұстап ал», «Жұбыңды тап», «Аттар», «Құстар мен мысық», «Ұшақтар», «Бұрыштар», «Жұптасып жүгіру», «Тышқан аулаушы», «Аққу-қаздар», «Пішін жаса», «Табан мен шортан», «Жүгіріс», «Бос орын», «Жасырынбақ», «Бәйге», «Ақ сүйек», «Көкпар», «Аюдың апаны».

Секіруге арналған ойындар: «Қасқыр мен қояндар», «Кім жақсы секіреді?», «Қоян мен қасқыр», «Түлкі тауық қорада», «Мысық пен тышқан», «Еденде қалма», «Төмпешіктен төмпешікке», «Сыныптар», «Маймылдар», «Торғай мен мысық», «Күміс алу», «Ақ қоян».

Еңбектеп және өрмелеуге арналған ойындар: «Мысықтар мен күшіктер», «Қойшы мен табын», «Құстардың келуі», «Мысық пен қаздар», «Жалауға дейін тез жүгір», «Өрт сөндірушілер», «Күрес».

Лақтыру, домалату, қағып алуға арналған ойындар: «Лақтырам, қағып ал», «Допты тордан өткіз», «Лақтырам, ұстап ал», «Қоян мен аңшылар», «Жалаушаға лақтыр», «Түйреуішті құлат», «Допты тордан өткіз», «Құрсауға дәлде», «Кеглиді құлат», «Ақ сүйек», «Асықтар», «Алысқа лақтыр», «Таяқ-тастау».

Кеңістікті бағдарлауға арналған ойындар: «Қай жерде тығылған, тап», «Тап та, үндеме», «Кім кетті?», «Жасырынбақ», «Лақ», «Өз орныңды тап», «Тығылмақ», «Тас кімде?».

Эстафета-ойындар: «Жұптасқан эстафета», «Кеглиге тиіп кетпей, допты әкел», «Допты сақинаға сал», «Кедергі жолдар».

Судағы ойындар: «Фонтан», «Қорапша», «Теңіз толқиды», «Туннелдегі поезд», «Суды ұста», «Теңіздегі толқын», «Өкшеңді көрсет», «Шеңбер ішіне кір», «Ау».

ҰСЫНЫЛАТЫН КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ШЫҒАРМАЛАРЫ

Оқу мен мазмұндауға арналған шығармалар

Халық ауыз шығармашылығы: мақал-мәтелдер, жұмбақтар.

Қазақ халық ертегілері: «Мақта қыз бен мысық», «Түлкі мен маймыл», «Құлақ», «Қасқыр мен жігіт», «Шал мен дәу», «Жақсы мен жаман», «Жігіт пен мыстан», «Төрт дос», «Тапқыр бала», «Алтыншашты Тотамбай», «Қара қылыш», «Мерген атқыш», «Ақылды қыз», «Әби мен Тәби», «Ақсақ құлан» (аңыз), «Болашақ батыр» (өсиет).

Орыс халық ертегілері: «Мысық, әтеш және түлкі», «Ақымақ қасқыр», «Қорыққанға қос көрінер», «Маша мен маймақ», «Аяз», «Түлкі мен тырна», «Аққу-қаздар», «Хаврошка», «Қарша қыз», «Түлкі мен сұр қасқыр», «Аленушка мен Иванушка», «Түлкі мен қоян», «Шаруа пен аю», «Шортанның бұйрығымен».

Әлем халық ертегілері: «Үш торай» (ағылшын халық ертегісі), «Айога» (нанай халық ертегісі), «Ағайынды үш қыз» (татар халық ертегісі), «Пых» (белорусь халық ертегісі), «Күшіңе емес, ақылыңа сен» (белорусь халық ертегісі), «Көкек» (ненец халық ертегісі), «Күнге қонаққа барғанда» (словак халық ертегісі), «Екі сараң аю» (венгр халық ертегісі), «Асығам деп, күлкіге қаласың» (поляк халық ертегісі), «Ескі әмиян» (латыш халық ертегісі), Ш. Перро «Перінің сыйлығы».

Қазақстан, Ресей және ТМД елдері

жазушыларының әңгімелері

Ыбырай Алтынсарин «Аурудан - аяған күштірек», «Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш», «Бір уыс мақта», Жәнібек Карбозин «Алша», Мәдіхат Төрежанов «Өмірдің қайнар көзі», «Бұзау», «Көмек», «Ақ лақ», «Бұлбұл»; Дүкенбай Досжанов «Жылқышының ұлы - Ардақ», Өтебай Тұрманжанов «Ақ бота», Лев Толстой «Құс», Эдуард Шим «Тас, Бұлақ, Сүңгі және Күн», «Күн шуағы»; Евгений Чарушин «Бөлтірік».

Өлеңдер: Мұзафар Әлімбаев «Менің ойыншықтарым», «Мысықтың әдеттері», «Әдептілік әліппесі»; Оразақын Асқаров «Біздің ит»; Қабдыкәрім Ыдрысов «Жайлауда»; Қадыр Мырзалиев «Өзім»; Әнуарбек Дүйсембиев «Жоғалған зат»; Жаркен Бодешев «Алма»; Қосжан Мүсірепов «Қырсық мысық»; Сергей Есенин «Ақ қайың»; Сергей Баруздин «Бөрене»; Расул Гамзатов «Менің атам»; Георгий Ладонщиков «Аю тұрды ұйқыдан»; Корней Чуковский «Айболит пен торғай».

Әңгімелеуге арналған шығармалар

Халық ауыз әдебиеті

Қазақ халық ертегілері: «Түлкі мен әтеш», «Қаңбақ шал», «Шықбермес Шығайбай» және т.б.

Орыс халық ертегілері: «Шалқан», «Кірпі», «Алтын жұмыртқа», «Зәулім үй», «Бауырсақ», «Түлкі мен шаян».

Қазақстан, Ресей және басқа ТМД елдері жазушыларының әңгімелері: Мәдіхат Төрежанов «Еңбегіне қарай», «Мен оны кешірдім», «Кішкентай бағбан»; Сафуан Шаймерденов «Ине»; Евгений Чарушин «Біздің аулада»; Лев Толстой «Екі жолдас», «Арыстан мен тышқан», «Әкесі мен балалары», «Өтірікші», «Оқымысты ұл»; Константин Ушинский «Дәрі-дәрмек», «Күшіңе сенбе», «Васька», «Көкек»; Валентина Осеева «Жаман», «Жақсырақ»; Евгений Чарушин «Торғай»; Наталья Калинина «Қар домалағы»; Евгений Пермяк «Қол не үшін керек?»; Виталий Бианки «Түлкі мен тышқан».

Жаттауға арналған шығармалар

Халық ауыз әдебиеті: жұмбақтар, мақал-мәтелдер, санамақтар, жаңылтпаштар.

Тақпақтар: Мұзафар Әлімбаев «Күздің белгілері», «Күшік мұны білмеген бе?», «Биші есек», «Асфальттағы суреттер»; Қастек Баянбаев «Киіз үй», «Қараторғайдың үйшігі», «Бүлдірген»; Әнуарбек Дүйсембиев «Жер ананың балалары», «Күн батарда», «Қыстың қамы», «Жаз»; Қәбдікәрім Ыдрысов «Менің елім»; Әбубәкір Қайранов «Әже»; Қадыр Мырзалиев «Ақ тас»; Алексей Плещеев «Күз», «Ауыл әні»; Ирина Токмакова «Емен»; Самуил Маршак «Шырша жыры»; Иван Суриков «Алғашқы қар»; Евгения Трутнева «Жаңа жылмен!»; Иван Никитин «Қош келдің, Қыс»; Ольга Высотская «Көктеммен тілдесу»; Евгения Трутнева «Аналар күні»; Платон Воронько «Шырша түбіндегі үй», «Тәтті нан»; Сергей Есенин «Мойыл».

СУРЕТ САЛУ САБАҒЫНЫҢ ТАҚЫРЫП ҮЛГІСІ

Заттық сурет салу

«Автобус пен жеңіл машина»

«Мен және менің анам»

«Күзетші жауынгер»

«Шекарашы мен ит»

«Аяз ата»

«Қарша қыз» оның ғажайып үйі, сүйікті жанауралары — бұғы, қоян, ит, аю және т.б.

Ертегі кейіпкерлерінің көлік құралдары — шана, машина, ұшақ және т.б.

«Қардағы жапырақсыз ағаш»

«Қазақ биі»

«Аю жаттығу жасайды»

«Биші Петрушка»

«Балалар дене шынықтырумен айналысады»

«Аяз ата шырша жанында»

Затқа қарап сурет салу

«Құмған»

«Үлкен-кіші табақтар»

«Торсық»

«Терек бұталары»

«Гүлдейтін ағаш»

«Бүршік жарған бұталар мен ағаштар»

«Гүл жамылған дала»

Сәндік бейнелеу

«Қоржынды сәндейміз»

«Қымыз құятын тостаған»

«Тостаған»

«Саздан жасалған табақ»

«Қар кесегі»

«Атама арналған тымақ»

«Сәукеле»

«Дастарқан»

«Жаулық» (қазақ өрнектері мен сәнді маталар қолданып)

«8 Наурыз ашық хаты»

«Анама арналған мата»

«Қолғап»

«Ертегідегі құстар»

«Мерекелік дастарқан»

«Сырмақты әшекейлейміз»

«Алашаны әшекейлеу»

«Қазақ ұлттық киімін киген қуыршақ»

«Кебежені өрнектеу»

«Ыдысқа әдемі сурет саламыз»

Сюжеттік сурет салу

«Бақшада алмалар пісіп тұр»

«Күздегі орман мен бақ»

«Жаңбырлы күн»

«Астық жинау»

«Үй құрылысы»

«Біздің әкеміз — шахтер»

«Гүлдене бер, Қазақстан»

«Каспиидің балықшылары»

«Байқоңырдан зымыранды ғарышқа ұшырамыз»

«Республика күніндегі от шашу»

«Көшедегі мереке»

«Менің сүйікті ертегім»

«Қызғаншақ екі қонжық»

«Қоян мен түлкі»

«Түлкі, қоян және әтеш»

«Қызыл Телпек»

«Аққу-қаздар»

«Қыстағы шуақты күн»

«Қыстағы бұлыңғыр күн»

«Жаңа жылдық мереке»

«Біздің әсем шыршамыз»

«Қыста балалар аулада ойнап жүр»

«Біздің көшедегі көліктер»

«Қысқы қала»

«Кешкі қала»

«Балалар жаттығу жасайды»

«Құрылысшылар жаңа үй салады»

«Анам (әкем) мені балабақшаға апарады»

«Балалар мерекеде билейді»

«Сең жүру»

«Құстардың қайтуы»

«Көрікті көктем»

«Гүлденген бақ, шалғын»

«Туған табиғатымды не үшін жақсы көремін?»

ЖАПСЫРУ САБАҒЫНА АРНАЛҒАН

ТАҚЫРЫПТАР ҮЛГІСІ

Заттық жапсыру

«Саңырауқұлақтар»

«Күзгі жапырақтар»

«Балапандар»

«Табақтағы қияр мен қызанақ»

«Бөлме өсімдіктері»

«Ойыншықтар»

«Көлік»

«Петрушка»

«Безендірілген шырша» (ұжымдық жұмыс)

«Қуыршаққа арналған көйлек»

«Кеме»

«Қар ұлпасы»

«Ағаштағы жапырақ»

«Бұлт»

«Үлпілдек жүнді балапандар, қояндар»

«Құмыра»

«Гүл салынған ваза»

«Ертегі құсы»

«Біздің жаңа қуыршақ»

«Поезд»

«1 Мамыр мерекесіне арналған шақыру қағазы»

«Әдемі гүлдер»

«Қайыңдағы қараторғай үйі»

«Алдар Көсенің тоны»

«Тазша балаға арналған костюм»

«Ғарыш зымыраны»

«Ұшақ»

Сәндік жапсыру

«Әжеме арналған камзол»

«Сырмаққа арналған өрнек»

«Табақшалар»

«Қазақстан Республикасының туы»

«Гүлдер»

«Жапырақтар»

«Күзгі кілем»

«Сәндік текемет»

«Бақ гүлдеді»

«Көктемгі кілем (гүл бақша)»

«Вазадағы әдемі гүлдер»

«Қуыршаққа арналған орамал мен кілемше»

«Мерекелік жалаушалар»

Сюжеттік жапсыру

«Ойыншықтар»

«Табақтағы жемістер»

«Біздің сүйікті аю»

«Көшедегі көліктер»

«Республик күні мерекесі»

«Күз»

«Жаңа жылдық мерекесі»

«Ұшақ парады»

«Қысқы орман»

«Қыс»

«Аквариумдағы балықтар»

«Көшедегі үйлер»

«Бұтақтағы құстар»

«Жайлаудағы жылқылар»

«Орман»

«Космос»

«Мен не үшін Республикамды жақсы көрем»

«Қаланың көшелері»

«Қазақстан темір жолы»

«1 Мамыр — халықтардың достығы мерекесі»

«Көктем»

МҮСІНДЕУ САБАҒЫНА АРНАЛҒАН

ТАҚЫРЫПТАР ҮЛГІСІ

Заттық мүсіндеу

«Қазақстанның сыйы — көкөністер, жемістер»

«Саңырауқұлақтар (ақ, қызғылт сары саңырауқұлақтар)»

«Ыдыс»

«Сүйікті ойыншық»

«Көкөніс (қияр, қызылша, сәбіз)»

«Жемістер» (алма, алмұрт)

«Құс»

«Үйрек»

«Әтеш»

«Ешкі»

«Қуыршақ» (дымков ойыншығының сарыны бойынша)

«Әдемі киім киген Айсұлу қуыршағы»

«Терезе алдында отырған мысық»

«Дән терген құс»

«Шанадағы бала»

«Көжек»

«Біздің аю»

«Тостаған»

«Түбек»

«Мысық баласы»

«Ит»

«Торғай»

«Шымшық»

«Ит пен күшік»

«Алтын айдарлы әтеш»

«Қыстық тон киген қарлығаш»

«Қарша қыз»

«Аяз ата сыйлығымен балаларға мерекеге келеді»

«Жайлауда»

«Петрушка билейді»

«Қонжық ойнайды»

«Мысық жіп орамымен ойнайды»

«Тиін жаңғақ кеміреді»

«Түйе жайылып жүр»

«Қоян мен сәбіз»

«Үйрек пен балапандар»

«Көңілді күшік»

«Биші Айсұлу»

«Қазақ биі» ұжымдық жұмыс

«Қуыршаққа арналған ыдыс»

«Құмыра»

Сәндік жапсыру

«Үйрек» (калинин ойыншығы сарыны бойынша)

«Дымков қуыршағы»

«Ешкі»

«Ат» (каргополь ойыншығы сарыны боынша)

«Әтеш» (дымков ойыншығы сарыны бойынша)

«Кесе»

«Тостаған»

«Тегене»

«Табақ»

«Торсықтар»

«Өрнекті кесе»

«Жемістерге арналған ыдыс»

«Кілем»

«Көктем гүлдеріне арналған ваза»

«Бұғы» (дымков ойыншығы сарыны бойынша)

«Ертегі құсы»

«8 Наурыз мерекесіне арналған сыйлықты әшекейлеу»

«Декоративтік пластинка»

«Топ бөлмесін әшекейлейтін заттар»

Сюжеттік жапсыру

«Айгерім билейді»

«Қанат жалау ұстап келеді»

«Балалпандар»

«Көжектер»

«Қоян көжектерімен»

«Мысық балаларымен»

«Ит күшіктерімен»

«Айнұр құстарға жем берді»

«Сәуле қуыршақпен қыдырып жүр»

«Қуаныш мысықпен ойнайды»

«Балалар «Наурыз» мерекесінде»

«Аю (қоян) бауырсақпен кездесті»

«Ғарышкерлер ғарыш айлағында»

«Зообақ»

«Ауыл»

БАЛАЛАРДЫ ӨНЕРМЕН ТАНЫСТЫРУ

Шығармалар үлгісі:

Суреттер: С. Маршак «Түрлі-түсті кітап», суретші В. Лебедев; қазақ халық ертегісі «Ғажайып тон», суретші М. Алин; Л. Толстой «Үш аю», суретші Ю. Васнецов.

Графика: «Шабандоз бала» Д. Досжанов, суретші Ю. Мингазитинов.

Живопись: Ю. Васнецов «Қасқыр мінген ханзада Иван»; И. Шишкин «Таңертең»; И. Репин «Инелік»; В. Серов «Бақташы»; Ю. Гуммель «Батырдың анасы».

МУЗЫКАҒА ҰСЫНЫЛҒАН РЕПЕРТУАРЛАР

Музыка тыңдау

«Самал» Е. Құсайынов, «Ақсақ кұлан» халық күйі, «Туған ел» Ә. Сәрсенбаев, «Еркем-ай» - халық әні, «Шағым» К. Орф, «Күлдіргіштер» Д. Кабалевский, «Пьеса» Б. Барток. «Домбыра сазы» И. Нүсіпбаев (СD-альбом «Айгөлек», №2 басылым), «Туған ел» Л. Хамиди (СD-альбом «Ақ желкен», №1 басылым); «Қосалқа» Ш Дәулеткерей, өңдеген Л.Хамиди, «Аққу» Ықылас Дүкенов, «Қамажай» қазақ халық әні, «Қараторғай» қазақ халық әні, «Кемпірқосақ» Е. Құсайынов, «Ақ қайың» И. Осокина (СD- альбом «Ақ желкен», №1 басылым). «Сылқылдақ» Тәттімбет; «Бұлбұл», «Әсем қоңыр» Д. Нүрпейісова, «Гүлдерайым» қазақ халық әні, «Вальс» К. Шілдебаев, «Бұл қай кезде болады?» Б. Ерзакович (СD-альбом «Ақ желкен», №1 басылым).

Ән салу

Дыбыс пен естуді дамытуға арналған жаттығулар: «Торғай» қазақ халық әні, «Әткеншек» Е. Тиличеева, «Көкек» Б. Аманжолов, «Ақ білек» Б. Жүсібәлиев, «Сағат» Б. Жүсібәлиев, «Қоғай көк» Б. Жүсібәлиев.

Әндер: «Күз» К. Шілдебаев; «Қазақстан» С. Мұхаметжанов; «Әнұран» Ә. Бейсеуов; «Біздің ту» Ә. Бейсеуов; «Бақыт жыры» К. Қуатбаев. «Жасыл шырша» К. Қуатбаев, «Анашым» Е. Хасанғалиев, «Отаным» К. Қуатбаев, «Сәнқой» халық әні (СD- альбом «Ақ желкен», №1 басылым), «Балдырғандар жыры» Е. Хасанғалиев, «Достық» И. Нүсіпбаев, «Көктем» К. Қуатбаев, «Наурыз біздің жаңа жыл» Ж. Қалжанов (СD- альбом «Айгөлек», №2 басылым), «Гүлдер» С. Бәйтереков (СD- альбом «Ақ желкен», №1 басылым).

Музыкалық-ырғақтық қимылдар

Жаттығулар: «Марш» К. Қуатбаев, «Марш» Т. Ломова, «Жарыс» К. Қуатбаев, қазақ халық әні «Айгөлек», «Құлыншақ» Ж. Тұрсынбаев, «Би» Қ. Тастанов, «Вальс» А. Бестібаев, «Сәби қуанышы» Е. Құсайынов.

Ойындар мен хороводтар: «Кім жылдам?» қазақ халық әуені, өңдеген Е. Андосов, «Кешікпе» орыс халық әуені, өңдеген М. Раухвергер, «Сақина салу», өңдеген Е. Брусиловский, «Көкпар» әні. К. Қуатбаев, «Айгөлек» әні Б. Қыдырбекова, «Қыс кызығы» әні И. Нүсіпбаев, «Жаңа жыл келді» әні И. Нүсіпбаев; «Түлкі мен қаздар» қазақ халық ойыны, «Соқыртеке» қазақ халық ойыны, «Жаттығу» А. Райымқұлов, «Қарлығаш» А. Жұбанов, «Би» Е. Брусиловский, «Тақия тастамақ» Б. Дәлденбаев.

Билер: «Полька» әні, «Кел. Билейік!» М. Әлімбаев (СD- альбом «Ақ желкен», №1 басылым), жігіттер биі «Қара жорға» әуеніне Ж.М.Акпаровтың қойылымымен, «Айгөлек» әуеніне Д. Әбиіровтің қойылымымен, «Қазақ биі» Д. Әбиіров, «Сарбаздар жыры» Б. Қыдырбеков, «Лағым» К. Қуатбаев, «Көңілді би» Е. Хасанғалиев, «Қара жорға» Л. Хамиди, «Жұптасып билеу» Е. Тиличеева, «Алма бұталарымен би» әні Б. Байқадамовтікі, «Домбырамен би» қазақ халық әні «Қыздар-ай» өңдеген Б. Дәлденбаев.


Балалар музыкалық аспаптарында ойнау

«Еркем-ай» қазақ халық әні, «Қазақ биі» қазақ халық әні, өңдеген Е. Өміров, «Бозторғай» Е. Құсайынов, «Сәулем-ай» қазақ халық әні, өңдеген О. Дәлдекбаев, «Құлыншақ» Т. Әбдіқадыров, «Қурай» Е. Құсайынов, «Батыр ұшқыш» Е. Құсайынов, «Илигай» қазақ халық әні, өңдеген Б. Дәлденбаев, «Ақ қала» Б. Дәлденбаев.ө


Музыкалық – дидактикалық ойын

Дыбыс биіктігін естуге арналған музыкалық – дидактикалық ойындар:

Менің балаларым қайда?

Сылдырмақ

Аю мен құс

Музыкалық лото

Кұстар мен балапандар

Тауықтар

Ырғақ сезімдерін дамытуға арналған ойындар:

Біздің саяхат

Ұзын және қысқа дыбыстар

Әнді орналастыру

Көңілді үрлегім

Кім қалай жүреді?

Диатоникалық естуге арналған ойындар:

Қатты және ақырын ән

Қатты – ақырын

Тембрлік естуге арналған ойындар:

Музыкалық жұмбақтар

Музыкалық үй

Бауырсақ

Есте сақтау және естуге арналған ойындар:

Ойлан да шеш

Әнді тыңдау

Қөңілді күйтабақ

Музыкалық бейнені, қиял мен шығармашылық қабілеттерін ажыратуға арналған ойындар:

Үш көңіл күй

Үш би

Музыкалық жанұя

Теңіз –көгілдір мұхит

Музыкалық кеме

Көңілді матрешкалар

Музыка не жайында айтады?

Мұқият тыңда




МАЗМҰНЫ


1

Түсінік хат

3

2

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру

6

5-6 жастағы балаларға арналған бағдарлама

3

Балалардың жас ерекшелік мүмкіндігіне

сипаттама

8

4

Күн тәртібінің үлгісі

12

5

Ересектер тобының (5 жастан 6 жасқа дейін) базистік оқу жоспары

13

6

«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны

14

7

«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны

25

8

«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны

30

9

«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны

41

10

«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны

53

11

Ойын

59

12

Еңбек

62

13

Мерекелер және ойын-сауықтар

65

14

Қолданылған әдебиеттер

66

15

Қосымша

67