Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Біз дүкендеміз»
Мақсаты: Балаларға үлкендердің еңбегін бағалауға үйрету. Сатушының міндетімен таныстыру. Міндеттері:
Білімділік: Жаман, жақсы әдеттерді ажыратуға үйрету.
Дамытушылық: Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, тілдік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Сатушы, дүкен.
Керекті құралдар: Сурет, дүкенге керекті заттар, қуыршақ.
Қостілдік компонент: Сатушы-продавец, дүкен-магазин.
Мотивациялық- қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Дос болам десең,
Досыңды сыйла, қымбаттым!
Досыма сонда,
Досымен ғана қымбатпын.
Қонаққа қуыршақ келеді. Балалардың көңілін қуыршаққа аудартады.
Жарты шеңбер құрып отырады.
Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Қуыршаққа көңіл бөліп қарайды.
Көмектесетіндерін айтады.
Ұйымдастыру– іздестіру
Әңгімелесу
Қуыршақтың таза жүруіне қандай заттар керек?
Осы заттарды бір сөзбен не деп атаймыз?
Оларды қалай пайдаланамыз?
Ал қазір біздің қолымызда бұл заттар жоқ.
Балалар, сендердің аналарың бұл заттарды қайдан алады?
Дұрыс айтасыңдар, ендеше дұкенге барып әкеп берейік.
Дүкенге бару үшін бізге қандай заттар қажет?
«Дүкен» сюжетті-рөлдік ойыны:
Балалар дүкеннен жуынатын құралдарды сатып алады және сатушының міндетімен танысады.
Қостілдік компонент: сатушы-продавец,
Сабын, су сабын, тарақ, орамал, щетка, тіс щеткасы тіс пастасы т.б.
Жуынатын құралдар.
Өз ойларын айтып сұрақтарға жауап береді.
Дүкеннен.
Келісетіндерін айтады.
Сатып алуға ақша керектігін айтады. Дүкенге баруға дайындалады.
Қызыға ойнайды.
дүкен-магазин.
Бір бала дүкенде сатушы болып сайланады. Қалған балалар сатып алушы болады. Сатып алушы балалар, жуынатын құралдар сатып алуға барады.
Дүкеннен сатып әкелген заттарымен таныстырады және қалай пайдаланатыны туралы айтып өтеді.
Сөздік жұмыс: сатушы, дүкен.
Сергіту сәті
Күн аязды, боранды,
Жер ақ қарға оранды.
Жылы жақтан келген құс,
Жылы жаққа оралды.
Дидактикалық ойын: «Кім не істейді?»
Мақсаты: мамандық иелерін ажырата алуға үйрету.
Тақтаға мамандық иелерінің суреті ілінеді, ал балалардың алдарында әр түрлі суреттер жатады, сол суреттерді сәйкесінше тақтаға жабыстырады.
Сөздерді орыс, қазақ тілдерінде бірнеше рет қайталайды.
Білетін өлең жолдарын, жұмбақтарын айтады.
Бұдан кір қорқады,
Судан бұл қорқады.
(сабын)
Әшейінде жекесің,
Қарай қалсаң екеусің.
(айна)
Сөздерді жекелеме, хормен қайталайды.
Қимылдарын көрсете отырып, сергіп алады.
Ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Ұстазға кітап, дәрігерге дәрілердің суреттерін іледі.
Рефлексивті– түзетушілік
Қорытынды
Қонаққа не келді?
Қайда бардық?
Дүкеннен не сатып алдық?
Қуыршақ рахметін айтып қоштасады.
Рефлексия:
Бүгінгі іс-әрекетіміз қызықты болса, тақтаға қызыл шарды, ал қызықсыз болса, көк шарды іліңдер.
Қуыршақ.
Дүкенге.
Жуынатын құралдар.
Қуыршақпен қоштасады.
Өз қалаулары бойынша іледі.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Тәрбиешінің мұқият тыңдай білуді, өлең, жұмбақтар айтуды.
Болу керек: Жуынатын құралдар туралы мағлұмат.
Істей білу керек: Қойылған сұрақтарға толық жауап бере білу.