Ересек тобына арналған ұйымдастырылған технологиялық картасы
Тақырыбы: Менің отбасымның дәстүрі
Мақсаты:
Жақын әрі туыс адамдарды біріктіретін салт-дәстүрді ұстану қажеттігі және отбасы құндылықтары туралы түсініктерін тереңдету.
Міндеттері:
*мерекелерді,демалыстарды отбасымен біргеөткізуге,қонақжай,еңбексүйгіш болып,жақындарына қамқорлық көрсетуге ынталандыру; «отбасылық дәстүрлер»түсінігінің мән-мағынасын ашу;
*отбасында тәртіп сақтау,жауапкершілікті сезіну дағдыларын дамыту;
*өз туыстарын,жақын адамдарын сыйлап,құрметтеу сезімін тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы:
дәстүр
Шаттық шеңберін өткізу Қайырлы таң,адамдар мен аң құстар!
Қайырлы таң,күлімсіреген нұрлы жүздер!
Тақырыпты хабарлайды:
-Адамның басты байлықтарының бірі-отбасы,сондықтан да бүгінгі әңгімемізді сол тақырыпқа арнаймыз,-Адамға отбасы не үшін қажет?
-Отбасы мүшелерін мақтан тұтасыңдар ма? Неге?
Бір-біріне күлімсірей қарап,сәлемдеседі.
Сұрақтарға жауап беріп, жауаптарын дәлелдейді.
Ұйымдастыру-іздестірутарды қарайды.
-Әр отбасының өзіндік дәстүрлері бар.
Отбасылық дәстүрлер «отбасы мүшелерімен мерекелерді бірге өткізу,шілдехана,бесік тойлар,демалыс күндерінде салтанатты қонақ асын беру,отбасы мүшелерінің бастары қосылып,қонақ күту,көктем сайын ағаш отырғызу,театрларға бірге бару,табиғат аясында қыдыру,отбасылық сурет альбомдарын жасау,т.б.)туралы әңгімелейді.
Өлеңдерді оқып беріп,қандай дәстүрлер жайында айтылатынын сұрайды.
Көптен күткен қонақты,
Қуанып қарсы аламыз,
Иіліп сәлем саламыз.
Ақ дастархан үстіне,
Дәмді асты қоямыз,
Табаққа ет саламыз
Қонақ күту дәстүрін
Біз әрдайым сыйлаймыз.
Дәстүрлерді сақтайық
Болашаққа керек қой
Әрқашанда ұмытпай
Жүректе біз ұстайық! (ауд.Г.Нурузова)
Бәріміз бас қосамыз,
Ақ дастархан жаямыз.
Апам,анам,әкем,мен,
Бәрімізде біргеміз.
Өйткені біз-татумыз,
Бір жүріп,бір күлеміз!
Жұмыс дәптеріндегі суреттерді қарап шығып, өз ойларымен бөлісуді ұсынады.
- отбасыларыңда қандай мерекелер бірге тойланады?
- Сендердің отбасыларыңда қандай мерекелер бірге тойланады?
-сендердің отбасыларыңда қандай дәстүрлерді ұстанады?
Сергіту сәті «Тау үстінде»
Тау үстіне қарайық,
Жайлауға біз барайық.
Дөнгеленіп,аппақ боп,
Киіз үй тұр ғажайып!
Атам,әжем сол жерді,
Мекен етіп тұрады.
Қонақтарын,достарын,
Балаларын күтеді
Өзеннен біз өтеміз,
Қонақ болып барамыз!!!
Гүл күлтелерін бояй отырып,өз отбасыларына арнап тілек тілеуді ұсынады.
Өз қалаулары бойынша тілеген тілектері туралы әңгімелеп берулерін сұрайды.
Әңгімеге қызығушылық танытып,мұқият тыңдайды.
Өлеңдерді тыңдап,мазмұнына мән береді.
Бірінші өлеңде қонақтарды салтанатты түрде қарсы алу,қонақжайлылық жайында айтылса,екінші өлеңде салтанатты қонағасын беру дәстүрі жырланғанын айтады.
Суреттерді қарастырып,әсерлерімен бөліседі.
Тапсырманы орындайды,қанша дәстүрді білсе,сонша шеңберді бояйды.
Өлең мазмұнына сәкес қимылдар жасайды.
Гүл күлтелерін бояп,өз отбасылары үшін тілек тілейді.
Рефлексивті - түзетушілік
-Егер жанұяда махаббат пен достық қатар жүрсе,отбасы мүшелерінің жүректерінде гүл шоқтары жайнайды.
Олардың қалай жайнайтындарын сезгілерің келе ме? Мені мұқият тыңдаңдар.Бұл үшін сендер ыңғайлы әрі тыныш отыруға тиіссіңдер,сол кезде ғажайып дүние куә боласыңдар. Жүректе гүл қауызы бүр жарады.Жылулық пен жүрегіміздегі жарықтан гүл күлтелері біртіндеп ашылады.Оның ғажайып нәзік әрі жұпар иісі аңқыған.Көз салыңдаршы бұл тамашаға.
-Әсем гүлдер жүректеріңнен орын алды ма? Сол гүлдерді әрқашан аялап,қорғайықшы!
Мұқият тыңдап,әңгімеге бар ынтасын аударады.
Оң қолдарын жүректерінің тұсына қойып гүлдерге қарайды,әуенді тыңдайды.
Күтілетің нәтеже:
Түснедіі: Отбасылық салт-дәстүрлерді ұстануды.
Қолданады:
Отбасы дәстүрлерін сақтап,оған құрметпен қарауды.