Тақырыбы: «Мен ұнатқан кейіпкер…»
Білім беру саласы: Қатынас. Шығармашылық.
Бөлімі: Көркем әдебиет. Сурет.
Мақсаты:
1. Ертегілерді еске түсіру, сорғыш арқылы ертегі кейіпкерлерінің бейнесін қағаз бетіне түсіре білуге машықтандыру.
2. Танымдық қызығушылықтарын дамыту.
3. Тапқырлыққа, қайырымдылыққа, ұқыптылыққа, әдемілікті түсіне білуге, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын, сергіту сәті.
Көрнекілігі: Ертегілер туралы слайд, сергіту сәтінің бейненұсқасы, ақ қағаздар, сорғыш, гуашь, қылқалам.
Қостілдік компонент: Ертегі-сказка, сорғыш-губка, бауырсақ-колобок, қызыл телпек-красная шапочка, жеті лақ-семеро козлята.
Шаттық шеңбер:
Армысың алтын күн,
Армысың асыл жер.
Армысың көк аспан,
Армысың жан досым.
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым.
-Балалар, амандасып алайық! Бүгінгі сабағымыз күнделікті сабағымыздан ерекше. Өйткені, бізге көп қонақтар келіп отыр.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем.
-Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Қар ериді, құстар қайтып ұшып келеді, ағаштар гүлдей бастайды, күн жылынады.
-Балалар, көктемнің тамаша табиғатына, көк шалғынды жайлауға, саяхатқа шығуға қалай қарайсыңдар? Өйткені, бізді Шопан ата қонаққа шақырып отыр.
-Әрине, барамыз.
-Алдымен Шопан атамен амандасып алайық. Амансыз ба, ата!
-Амансыңдар ма!? Менің шалғынды жайлауыма қош келдіңдер! Мен сендердің маған қонаққа келгендеріңе қуанып қалдым. Балалар, жұмбақ шешуге қалай қарайсыңдар?
- Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі жүні бөрте де,
Қырғауылы қызыл екен,
Құйрық жүні ұзын екен-жолдары ненің бастамасы?
-Ертегінің.
-Олай болса, балалар, қандай ертегілерді білетінімізді есімізге түсірейік? «Ертегілер еліне» шолу. Барлығымыз назарымызды бейнеэкранға аударайық.
-Ертегі сендерге ұнады ма?
-Иә.
-Жыл басы болуға қандай хайуанаттар таласты?
-Түйе, тышқан, жылқы, сиыр, ит, жылан, доңыз тағы басқалары.
-Таңның атып, күннің шыққанын кім бірінші көрді?
-Түйе неге жыл басынан қалып қойды?
-Сендерге осы ертегіден қайсы кейіпкер ұнады?
Шопан ата:
-Балалар, сендер хайуанаттар туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
- Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір.
Қойдың сүті-қорғасын.
Қасқырды ойлағаны-арамдық,
Қойдың ойлағаны-амандық.
Егіздетіп төл өседі,
Еңбек етіп ер өседі.
Төлге төл қосылса-егіз,
Көлге көл қосылса-теңіз.
Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.
Жайлау жайлай білмеген,
Малды айдай білмейді.
Елдің көркі-мал,
Өзен көркі-тал.
Сергіту сәті
-Балалар, бойымызды сергітіп алайық. Ол үшін назарымызды теледидардағы бейнебаянға аударып, бірге қайталайық.
-Енді сендерді үстел басына шақырамын. Ертегілердегі ұнатқан кейіпкерлеріңді, сорғыш арқылы ақ қағаз бетіне бейнелерін түсіріп, Шопан атаға сыйға тартайық. Олай болса, іске сәт! Сурет салу тәсілдерін айтып өту.
Балалардың жеке жұмыстарын, бақылап, талдау.
- Жұмыстарын аяқтаған балалар өздері бейнелеген кейіпкердің іс-әрекетін көрсету.
Ойын: «Кім қайда жасайды?»
Шарты: Берілген үй жануарлары мен жабайы аңдар суреттерін ажыратып, дұрыс орналастыру.
Балалар, Шопан атамен қоштасып, топқа оралады.
Қорытынды
-Біздер бүгін қайда саяхат жасап қайттық?
-Қандай ертегі туралы әңгімеледік?
-Балалар, сендерге қай кейіпкер ұнады?
-Бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма?
Балаларды мақтап мадақтау.