Модулдік оқыту технологиясын балалардың тілдік белсенділіктерін арттыру мақсатында қолдану.
Бала бақшада оқу тәрбие үрдісіне бағдарламалық барлық ұйымдастырылған іс-әрекет мазмұнына модулдік оқыту технологиясын еңгізу жүргізілуде. Себебі бұл технологияның білім берудегі балалар мен педагогтарға берері мол. Педагогтың шеберлігі арқылы баланың сөздік қорын, тілін, байланыстырып сөйлеуін, жалпы тілдік құзіреттілігін дамыта білуге жол ашады. Орыс ғалымы С.И.Ожегов «Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұйымның анық-талатын, біршама дербес бөлігі» деген.
Балалардың байланыстыра сөйлеуде интелектуалдық дамуында, оның шығармашылық мүмкіндіктерін байыта түсуде-оқу барысында «Модулдік оқыту» - технологиясын қолдану үлкен орын алады. Себебі, сәбилер топ балаларының сөздік қоры аз, ата-аналарымен бақшадан тыс жерлерде өзге тілде сөйлеседі, ал, естияр, ересек тобында балалардың тіл байлығы нашар, сөздік қоры аз болғандықтан, өз беттерінше әңгіме құрастыра алмайды. «Модулдік оқыту» технологиясының әдістері.
Модулдік технологиялардың ерекшелігі: тек білімді меңгерту емес, баланың танымдық қабілетін және танымдық процестер; жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттырады.
Модулдік технология педагогтың алдында тұрған көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі:
жалпы білім сапасын жоғарылату;
сабақтың тиімділігін жоғарылату;
жеке тұлғаның өзін-өзі реттеуі, өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі дамытуы.
Модулдік технология алға қойған мақсатқа балалармен бірлесе отырып проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.
1. Модульдік оқыту технологиясының бір әдісі ол тірек – сызба әдісі.
Тірек-сызбалар дегеніміз – тілді меңгерту барысында тәрбиеші мен баланың уақытын үнемдеуге, баланың тілдік құзіреттілігін дамытуға аз күш жұмсай отырып, терең де көп білім меңгертуге жағдай жасайтын белгілер
Сонымен, қатар мұнда тілмен қатар зейін де, еске сақтау, сөздік қорды, логикалық ойлаулары да дамиды десек біз қателеспейміз. Тірек-сызбаны әр түрлі тақырыпта қолдануға болады.
Тірек-сызба тек ертегіні әңгімелеуде ғана емес, сонымен қатар ойыншықтың, ыдыс-аяқтың, құстардың айырмашылығын, пішінің, неден жасалғанын айтып баяндап беру үшін де тірек-сызбаның көмегі өте нәтижелі екенің байқауға болады.
2. Мнемокесте – белгілі бір мәлімет туралы сызба. Мнемокесте – есте сақтау қабілетін жеңілдететін және қосымша ассоциацияларды құраумен есте сақтау көлемін кеңейтетін әр түрлі тәсілдердің жүйесі. Әдістеменің ерекшелігі – заттардың бейнесін емес, ал оларды есте сақтау үшін таңбаларды қолдану.
Мнемокесте түрлі түсті таңбалардан болуы тиіс, өйткені балалар түстерді тез қабылдап есте сақтайды. Мнемокестені 4-5 жастағы сөздік қоры молайған балалармен қолданған жөн. Мнемотехнология мектепке дейінгі жастағы балаларға тіл үйретуде алған білімдерін бекіту, сөздік қорларының белсенділігін арттырып, дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырады, байланыстырып сөйлеуге үйретеді. Олардың тілімен бірге ойын да дамытады, мнемотаблицаларды есте сақтау зейіндік, қабілеттерін,қиялдарын жетілдіреді, сурет салу дағдыларын және өзінің қабілеттілігіне сенімділігін арттырады.
3. Ресей ғалымы В.К.Воробьеваның айтуы бойынша «Сенсорлық – графикалық сұлба балалардың сенсорлық каналдарын оятып, көру, есту, сезу мүшелері арқылы шағын әңіме құрастыруға үйретеді. Бұнда заттың белгілері туралы деректерді сенсорлық каналдар арқылы анықтайды. Бұл сызба арқылы, бала қарап отырып затты зерттейді, сол зат туралы баяндап береді». Осындай графикалық сұлба арқылы бала өзі құрастырған сөзінің мағынасын түсініп, қажетті жерінде қолдана ала білу дағдысы дамиды.
В.К.Воробьеваның құрастырған сенсорлық – графикалық сұлбасы әдісі 6 карточкадан тұрады:
көз – қарау
қол – сипап сезу
ауыз – дәмін ажырату, әңгімелеу
мұрын – иіскеу
? (сұрақ белгісі) – қай топқа жатады
жүрек - өз көңілінді білдіру.
Балалармен сұлба арқылы әңгімелегенде балалардың сөздік қоры молаяды, балалар заттын түр-түсін, көлемін, сапасын, қасиетін білетін сөздерді үйренеді.
5. Пиктограмма – бұл арнайы белгі бейнеленген карточка. Карточкаға қарап отырған бала ертегіні, заттарды әңгімелеп, баяндап береді. «Оқыған кезде жаза, суретін сала, кестесін сыза отыру» - бұл есте сақтаудың ережесінің бірі екені барлығымызға мәлім. Пиктограммалар абстрактілі суретте әр түрлі дыбыстық, шартты белгілерді қолдану арқылы сөздің мағынасын жеткізуге көмектеседі. Әдеби образды бейнелеу образына айналдыру-бейнелеу қызметін және шығармашылық әдебиетті дамытатын продуктивті мнемотехникалық әдіс.
6. Бала ерте жасынан әңгіме, ертегімен таныса бастайды. Бірақ, ол өз ертегісін ойдан шығаруға, автордың ойын түсінуге, байланыстырып әңгіме құрастыруға, мазмұнына сәйкес сұраққа жауап бере алмайды. Сондықтан да, балалармен ПРОПП карта жұмыстарын жүргізген жөн. Пропп карта модульдік оқыту технологияның бір элементі. ПРОПП картасын американдық ғалым ПРОПП шығарған, оның негізгі схема түрінде, қара түспен берілген. (9 слайд)
5-7 жасар бала ПРОПП карта арқылы мазмұнды анализдеу, сараптама жасау әрекетін дамытуға болады. Бала кем дегенде бір ертегімен таныс болмаса, өз еркімен ертегіні құрастыра алмайды. Жалпы ПРОПП картаның 31 түрі бар. Бірақ олардың барлығы ертегілерде кездесе бермейді. Владимир Яковлевич Пропп пен Джанни Родари осы карталарды бала бақша жұмысына арнап іріктеп, 20 түрін қалдырды.
ПРОПП картасы
Ұйғарым немесе тыйым салу
Айып немесе бұзу
Зиян келтіру және жетіспеушілік.
Кейіпкердің кетуі.
Қиын мәселе
Сыйлаушымен кездесу
Сыйқырлы сый
Кейіпкердің пайда болуы
Антагонистің ең жоғарғы құрамы
Күрес
Жеңіс
Оралу
Үйге келу
Жалған кейіпкер
Сынау
Қайғымен жетіспеушілік жойылды.
Кейіпкердің танымал болуы
Той.
Жалған кейіпкердің әшкерленуі
Жауға тыйым салынады.
Кез келген технологияның жұмыс түрі баланың қызығушылығын оятады. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
-балалардың сөздік қорларын дамыту;
-жаңа сөздерді меңгерту;
-үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Осы аталған міндеттерді үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс.
Грамматикалық құрылымы жайлы мағлұмат алады және балалар өз бетінше көптеген етістік, есімдік, сын, сан, есім тұлғалалын әр түрлі формада қолдануына бағыт береді. Жоғары модулдік оқыту әдісі бойынша балалардың көпшілігі оқу жылдын аяғында көмекші сұрақсыз өз дербестігімен байланыстырып әнгімелеуге үйренеді және балалардың баяндап әнгіме құраулурының көлемі әдәуір ұлғайып, толық айтылатындары байқалады Осындай графикалық сызбалар арқылы әңгімелегенде балалардың сөздік қоры кеңейіп, заттың түр-түсін, көлемін, сапасын, қасиетін білдіретін сөздерді үйренуге бағыт береді.
Қорыта келесек «Модулдік оқыту технологиясын» жұмыс барысында дұрыс қолдана алып, жұмысымызды жақсартуына тілектеспін.
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» сөзімді аяқтағым келеді.