Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Дыбыстарды дұрыс атайық (а-ә,о-ө)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...







II кіші топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Тәрбиеші:

Күні,айы,жылы:

Тобы: «Қарлығаш»

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі:Тіл дамыту

Тақырыбы: Дыбыстарды дұрыс атайық (а-ә,о-ө)

Мақсаты: Балаларға дауысты дыбыстарды (а-ә,о-ө) дұрыс айтуға үйрету, артикуляциялық жаттығуларды орындау арқылы дауысты дыбыстарды қалай айту керектігін. Үй құстары мен үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: әңгімелесу

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру

Қажетті көрнекті құралдар: дем.материалдар,үлестірмелі материалдар әріптердің дыбысталуына байланысты суреттер. Төлдердің суреттері.

Қостілділік компонент: әтеш-петух, лақ-козленек.


Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті


Себепті қызығушылығын ояту кезеңі


Шаттық шеңбері


Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз




Шаттық шеңберіне түрып,тәрбиешімен бірге қайталайды.


Ұйымдастырушылық -ізденіс кезеңі


Демонстр.матер.қолдану.

Кішкентай баланың суретін көрсете отырып:

Келгенше апам жұмыстан

Бесікте ойнап жатады.

Әрнені ұғып дыбыстан

«А-а-а»-деп үн қатады.

Бұл кім?

-Кішкентай бала «а-а-а»-деп ән салады екен,кәне бәріміз қайталайықшы.

Балаларға үй құстары мен жануарлардың суреттерін көрсете отырып, қалай дыбысталуын айту


-Бұзау қалай дыбыстайды?

Әтештің суретін көрсету

Оятпа,әтеш сен бізді,

Өзім де сездім,таң атты.

Сенсіз-ақ білем мезгілді

Танимын енді сағатты.

-әтеш қалай дыбыстайды?

Қостілділік компонент:

әтеш-петух, лақ-козленек

Сергіту сәті

Лағым,лағым,лағым

Шойнаңдаған шұнағым

Секіресің секеңдеп,

Ойнағандай еркелеп.

Дид.ойын

«Төлдер қалай дыбыстайды?» ойыны арқылы әр малдың төлдерінің қалай дыбыстайтынын айту

Жеке жұмысты қажет ететін балаларға төлдердің дыбыстарын қайталату.









-сәби,бөпе

«А-а-а»-деп хормен айтады.








Бұзау-сиырдың төлі

-мө-






әтеш-петух,лақ-козленек





Қимылын келтіріп,жаттығуды орындайды.


Мал төлдерінің дыбысталуын қадағалайды.




Іс-әрекеттің

бағалау кезеңі


Балалардың іс-әрекетін бағалау.

-қандай үй жануарларын білесіңдер?

-үйлеріңде қандай үй жануарлары бар?

Сұрақ-жауап арқылы оқу

іс-әрекетін қайталау.





Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтеже:


Нені біледі: үй жануарларының төлдерін дұрыс атап, олар туралы білетіндерін әңгімелеуді;

Қандай түсініктерді игерді: есте сақтау қабілетін жетілдіріп, дыбыстарды дұрыс айту керектігін;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: үй құстары мен үй жануарларына қамқор жасауды.





II кіші топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Тәрбиеші:

Күні,айы,жылы:

Тобы: «Қарлығаш»

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі:Тіл дамыту

Тақырыбы: Көкөністерден көже жасау (дидактикалық ойын)

Мақсаты: балаларды ыдыс-аяқ атаулары бойынша сөздік қорларын молайтып,байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру, «ш» дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру.

Демонстрациялық әрекеттер бойынша әңгіме құрастыру (сөздерді қолдану: тазалау, жуу, турау, қайнату) жеке сөздерді айтуға ынталандыру.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: асханаға бару

Сөздік жұмыс: көкөністер, аспазшы,көже

Қажетті көрнекті құралдар: дем.материалдар (көкөністердің суреттері)

Қостілділік компонент: көкөністер-овощи, аспазшы-повар, көже-суп.


Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті


Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

Жылулық шеңбері

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық,

Таза ауаны жұтайық.

Жүрекке жылу салайық,

Мейірімділік шоғын алайық.

Жиналған жылу шуақты

Кәне бірге шашайық!



Тәрбиешімен бірге қайталайды.


Ұйымдастырушылық -ізденіс кезеңі


Дем.көрнекіліктер қолдану

Шолып едім бақшаны,

Көкөніс біткен көңілді

Жасыл,сары,қызыл,көк

Сан алуан көкөніс

-Өлеңде не туралы айтылған?

Көрнекіліктерді пайдалана отырып,сұрақ-жауап әдісі арқылы көкөністердің пішінін,түсін сұрау.


Дид.ойын

«Көже жасау»


Қостілділік компонент:көкөністер-овощи,аспазшы-повар,көже-суп

Сергіту сәті

Өн бойымды тік ұста,

Таянамын бүйірді

Бастап кетем дұрыстап,

Сәйгүлікше жүруді,

Бір!екі!бір!екі!

Үлестірмелі материалмен жұмыс:көкөністерді бояйды.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан көкөніс түрлерін,түстерін сұрау


Өлеңді мұқият тыңдайды.





-көкөністер туралы








көкөністер-овощи,



аспазшы-повар,көже-суп








Көкөністерді түстеріне сәйкес бояйды.





Іс-әрекеттің

бағалау кезеңі


-Балалар,көкөністен пісірген көжемізді қайда құямыз?

-Ыдыстарға нелер жатады?

-бұл заттар аналарыңа не үшін қажет?

-Оларды қалай пайдаланады?

Сұрақ-жауап арқылы қортындылау, мадақтау.



-Ыдыстарға


-Қазан,кастрөл,шәйнек,

қасық

бұл заттар күнделікті өмірге қажет.


Күтілетін нәтеже:

Нені біледі: сурет бойынша әңгіме құрастыруды;

Қандай түсініктерді игерді: көкөністердің пішінін, түрін, түсін ажыратуды;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: баяндау, әңгімелесу мәтінін құрай білу іскерліктері.