Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру Бір саны мен цифры

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ұйымдасқан оқу іс-әрекетінін технологиялық картасы

Мектепалды даярлық тобы

9 сабақ

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру

Тақырыбы: 1саны мен цифры

Мақсаты: Бір саны және цифрымен таныстыру.

Көп ұғымынан бірді бөліп алу.

Бір цифрын жазуға уйрету.

Қостілдік компонент: бір саны - число один ,көп – много, аз – мало.



Армысың шұғалалы алтын күн!

Күліп шықты күн бүгін.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Қуанатын күн бүгін!

Тәрбиешімен бірге өлеңді қайталап, қимылын орындайды.

Бір – бірімен сәлемдеседі.

Ұйымдастыру – іздестіру

Айда біреу аспанда,

Күнде біреу аспанда.

Тұратұғын елжіреп ,

Бірімізде бір жүрек

Сенбесеңіз қараңыз:

Бір ғана бас,

Бір ауыз.

Кім байқады ,

Кім сезді:

Мықты жандар бір сөзді.

Жалғап тұрған жұртыңды

Бәрімізде бір кіндік.

  • Балалар қандай сан өлеңде қайталанады?



Балалар бізге бүгін бізге

қонаққа құыршақ келіп отыр

  • Оның аты Айша

  • Айшада көп ойыншығы бар екен

  • Ең сүйіктісі аюдын қонжығы екен

  • Айша бізден көмек сұрап келіпті көп ойыншықтың ортасынан қонжығын тауып беру керек және неше қонжық барын анықтау керек

  • Көмектесемізбе?


Балалар тәрбиешінің сұрағына жауап береді

















Қызуғышылық танытады

Айшаға көмек көрсетуге әр - түрлі іс –әрекет жасайды


Рефлексивті -түзетушілік

Ойыншық қанша?

Ал қонжық нешеу?

Айша өте қуанышты сендерге алғысын білдіреді.

Айшамен бірге «Көп-аз, бір» ойынын ойнайық

Балалардың жауаптары

Көп.

Біреу.


Ойын ойнау барысында бір санын

қайталайды



Күтілетін нәтиже

Нені біледі: Көптің арасынан бір затты ажырата білді. Бір санының пайда болуы,өзіндік жұмыстар арқылы ұғымдарының бекітілуі.

Қандай түсініктерді игерді: көп – аз , бірнеше – біреу, мөлшерлеу, салыстыру

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қолдарының ұсақ моторикасын дамуы

1 санының алгоритімімен танысты

1 цифрын жазу