Ашық ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті Табиғатты аялайық

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.

Тәрбиешісі: Жариева Жайна Абылаиевна

Білім беру саласы: Вариативтік компанент

Тақырыбы: табиғатты аялайық

Мақсаты: Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікті көре білуге, табиғатты қорғап аялауға үйрету. Балаларға қыс туралы түсінік беру, қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіру. Балалардың сөздік қорын байыту, тәрбиешіні тыңдай отырып өздігінен байланыстыра жауап беруге жетелеу.

Дамытушылығы: Балалардың табиғат жөнінде ой-өрісін дамыту.

Тәрбиешілігі: Ұйымшылдыққа және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Дәлелдеу - ояту

Тәрбиеші әрекеті

Шаттық шеңбер.

Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,

Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.

Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер

Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!

Балалар әрекеті

Тәрбиешіні мұқият тындайды, дұрыс орындауға тырысады.

Ұйымдастыру- іздену

-Балалар қазіржылдың қай мезгілі

-Қыста неше ай бар?

Табиғат дегеніміз балалар ол бізді айналамызды қоршаған орта.

Табиғатқа нелер жатады?

Слайд қарау.


Балалар, табиғат әлеміне орманға саяхатқа барғыларың келеме?

Енді саяхатқа бару үшін мені тыңдаңыздар!

Психожаттығу: Балалар денелеріңді тік ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмып, терең тыныс алып, таза ауаны жұтайық. (әуен "Табиғат үні")

Ал енді көздеріңді ашып, қандай әсер алғандарыңды айтыңдаршы?


Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар балалар, ендеше біз орманға келдік.
-Жерде не жатыр?
-Ауа райы қандай?
-Айналаға қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?



-Ағаштардың жапырақтары бар ма?Неге?


-Ағаштардың пайдасы бар ма ?

Балалар сурет тұр, қараңдаршы.

Орманды өрттен қорғайық. (сурет)

Балалар орманға саяхатқа барғанда от жағуға бола ма, қалай ойлайсыңдар?

-Орманға барғанда от жағуға болмайды. Себебі орман ағаштары жанып кетеді. Аңдар күйіп қалады. Құстар мен жәндіктерге зиян тиеді.

-Дұрыс айтасыңдар балалар, орманға барғанда от жағуға болмайды. Табиғатты қорғауымыз керек.

-Балалар, тыңдаңдаршы жылаған дауыс естіледі? Бұл кім екен?
Қоян:-Сендер кімсіңдер? Орманда не істеп жүрсіңдер?
Тәрбиеші: Бұл 2-сәбилер тобының балалары.Біз орманға саяхатқа келдік.Ал сен неге жылап жүрсің
Қоян: Маған достарым хат жазып және кездесетін орнымыздың сызбасын қағазға салып беріп жіберіпті, мен сол жолдардың бәрін өттім, бірақ мен оларды таба алмай жүрмін.

-Қоян қәне қағазыңды қарайық сен жүрген жолдырыңды көрсет. Балалар Қоянның өткен жолдарына белгі ретінде қоянның суретін жапыстырайық және кімдермен кездесетінін анықтайық.

Жапсыру.

-Жарайсыңдар балалар, менің кездестін достарым сендер екенсіңдер ғой, өте қуаныштымын. Балалар мен жол жүріп шаршап қалдым.

-Балалар қәне онда Қоянмен бірге бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.


Балалар қараңдаршы табиғат деген қандай әдемі, балалар біз табиғат жайлы тақпақтар білемізбе?

Күн сәулесі төгілгені әдемі,
      Алуан түрлі қызыл гүлдер  әдемі.
      Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі.
      Биік-биік шыңдарым да әдемі.

Айдын көлде аққу қандай әдемі,

Сұңқар құстың самғағаны әдемі.                        

Даланы  әнге бөлеген құстарым қандай әдемі,
      Табиғатпен  сырласуда әдемі.
      Жер – Ананы аяласаң жан – тәніңмен,
      Боласыңдар сендер де, дүниедегі ең әдемі!
    Сүйейік, табиғатты аялайық!
    Біз де онан жақсылықты аямайық!
    Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
    Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

-Балалар сендермен ойын ойнағым келіп тұр Ойын: "Өз үйіңді тап"

-Қоян біз дің балалар саған арнап сыйлық алып келді.

Қоян;-Рахмет балалар қандай білімді, ақылды балаларсыңдар, мен өте қуаныштымын. Сендердің жасаған сыйлықтарыңды ормандағы достарыма көрсеткенше асығып тұрмын. Менде достарыма сыйлық алып келдім.

-Қоян сені көргенімізге бізде қуаныштымыз, біздің топқа қайтатын уақытымыз болды. Сау бол!

Топқа қайту.

Психожаттығу орындау

қыс

желтоқсан, қаңтар, ақпан






-Әрине





-Судың , құстардың, жаңбырдың дауыстарын естідік

қар

суық

ағаштарды

Қыста ағаштардың жапырақтары болмайды

олар ауаны тазартады


























Тәрбиешіні мұқият тыңдайды, тпсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.



























Ойынға қатысады.







Қоянмен қоштасады

Рефлексивті- түзету

Қортынды бөлім:

Қазір қандай мезгіл?

Біз қайда бардық?

Орманда нені көрдік?

Балаларды мақтау мадақтау.

Балалар сұрақтарға жауап берді. Балалар қуанды.



Қорытынды нәтиже:


Нені білу керек: Табиғаттың маусымдық өзгерістерін білу.

Қандай түсініктерді игерді: Табиғаттың сұлулығын күтіп, баптауды түсініктерін игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері; Табиғатты қорғау, аялау дағдыларын меңгерді.