Ересек тобына арналған ұйымдастырылған технологиялық картасы
Жемістер (алма,алмұрт).
Мақсаты:
Білімдік: пішіндімүсіндеудің басу,қысу,жалпақтау әдістерін пайдалана отырып,балаларды әртүрлі пішінді заттарды мүсіндеуге үйрету;сенсорлық тәрбие беру.
Дамытушылық: бейнені зетпен малыстыру,мүсіндегі сәйкестіктерді анықтай білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: балаларды табиғатты сүюге тәрбиелеу;жемістердің пайдасын түсіндіру.
Қолданылатын көрнекті құралдар:
Жемістер,жеміс муляждары, «Күз аруы» кейіпкері,бейнеролик.
Қажеттті құрал жабдықтар:
Ермексаз,ыдыстағы су,тақтайша.
Педогок балалармен шаттық шеңберін жасайды. Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек!
Көңілді болып жүрейік! (Ө.Тұманжанов.)
Педогок бейнероликті қолдана отырып балалармен күз мезгілі туралы әңгіме жүргізеді.
-Балалар,мына суретте қай мезгіл бейнеленген?
-Суретте не көріп тұрсыңдар,күзде қандай жемістер піседі екен?
-Жемістің қандай пайдасы бар екенін білесіңдер ме?
Балалар шаттық шеңберінт жасайды.
-Күн суытады. Аспанды бұлт торлайды. Жылы киім киеміз.
-Күз мезгілі-Алма,алмұрт.жүзім.
Денсаулыққа пайдалы,көптеген дәрумендер бар.
Ұйымдасты рушылық-ізденістік.
Осы кезде есік қағылады.Есіктен «Күз аруы» кіреді, қолында жеміс толы себеті бар.
-Балалар,қараңдаршы,бізге қонақ келді. Бізге әкелген тосын сыйы бар екен.
«Күз аруының» тапсырмасы: балаларға себеттегі жемістерді көрсетіп,қандай жемістер екенін сұрайды.
-Мынау қандай жеміс?
-Мынау ше?
-Тағы қандай жеміс көріп тұрсындар?
-Балалар,енді осы жемістердің ішінен амамен,амұртты мүсіндейік.
-Алдымен қызыл түсті ермексаздың бір бөлігін алақанымызға салып жұмсартып,домалақ пішінге келтіреміз.
№1 жұмыс дәптеріндегі үлгіге қараңдар. Басбармақпен басу арқылы алманың пішінін келтіреміз. Сабағын ағаш бұтақшасынан жасаймыз.
Енді,жасыл түсті ермексаздың кішкене бөлшегін алып,алақанға салып домалақтаймыз,тақташаға қойып жалпақтау әдісі арқылы сопақша пішінге келтіреміз.
Пышақтың ұшымен кесу арқылы жапырақтың бейнесін жасаймыз. Жапырақты алманың сабағына орналастырамыз. Амамыз дайын болды.
Сергіту сәті:
Кәне,кімнің бойы ұзын?
Паровозы ол пойыздың.
Қатар-қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық. (Ж.Смақов)
-Енді алмұртты жасауға кірісеміз.Сары түсті ермексазды алып,алақанға салып жұмсартамыз. Сопақ пішін жасаймыз.Сопақшаны жоғары жағын қысу арқылы алмұрттың пішініне келтіреміз. Басбармақпен басу арқылы сабақ ойығын оямыз. Алманың сабағын жасағандай ағаш бұтақшасын орналастырамыз.
Жасыл түсті ермексаздың кішкене бөлігін алып,домалақтап жалпақтаймыз. Арнайы пышақпен жапырақ пішінін кесіп алып,сабағына орналастырамыз.
Балалар «Күз аруымен» амандасады.Қонақтың сыйын тамашалайды.
-Алма
-Алмұрт
-Жүзім.
Орындарына отырып,жұмысқа кіріседі.
Затқа қарай отырып,алма мен алмұртты мүсіндейді.
Балалар жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
«Күз аруы» мен педогок сабақты қорытады:
1.Балалар жұмысынан көрме;
2.Алма,алмұрт туралы сипаттап айту;
3. «Күз аруы» сый таратады.
Шаттық шеңбері.
Жылу берген күнге рахмет,
Тіршілік берген жерге рахмет,
Өсім берген суға рахмет,
Бізге жеміс әкелген,
«Күз аруына рахмет.
Балалар өз жұмыстарын көмеге қояды. Алма,алмұрттың дәмі,түсі,түрі,пішіні туралы айтады. Балалар рахмет айтады. «Күз аруын» ортаға алып,онымен күлімсірей қоштасады.
Күтілетің нәтеже:
Түсінеді: | Пайдасын түсіне отырып,заттарды мүсіндеуді; |
Қайталайды: | Жемістердің өзара айырмашылықтарын ажыратуды. |