«Тәуелсіздік - ел тірегі »
Мақсаты : Бүлдіршіндерге еліміздің тарихы туралы түсінік беру .Рәміздерімізді қастерлеуге үйрету . Өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет – ғұрпы, салт – дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға . Ұлтжандылыққа, достыққа, саналылыққа тәрбиелеу .
Тәрбиеші : Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды . Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдермен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біз өзіміздің Әнұранымызбен, Туымызбен , Елтаңбамызбен басқа елдерге мақтаныш етеміз.
Барша халық таныған,
Біздің үміт тілекті .
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернеп жүректі .
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Бәрі де сенің Отаның
Бойыңды биіктететін.
Рухына балап атаның
Өлгенше сүйіп өтетін.
Балалар, осы біз «Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз . Осы Отан дегеніміз не? Балалардың жауабы.
-Отан дегеніміз – адамың туып – өскен жері, туған – туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені .
Отан туралы тақпақтар :
Әмина : Отан деген - атамекен,
Отан деген – туған жер
Әбу Е. Отан – ана, Отан үлкен ,
Қазақстан – туған ел !
Қ.Айару. Отан ұран ,Отан – туым ,
Отан мәңгі гүлденеді
Асанәлі : Отан жерім , Отан – суым ,
Отан қуат, нәр береді
Ән : Астана .
-Балалар , ал еліміздің туралы не білеміз.
Тәрбиеші:Туды көрсетіп, сипаттау. Мемлекеттік туымыздың түсі көгілдір . Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштықты көрсетеді . Ортасындағы сәуле шашқан күн бейнесі – тыныштық пен байлықтың белгісі , астындағы қыран бүркіт қырағылықтың биіктеуін білдіреді.
Республикамыздың елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстінен салынған пырақ бейнесінен тұрады. Шаңырақтан күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды . Шаңырақ пен уық біздің Отанымыздағы көптеген ұлттардың бірлігін көрсетеді Балалардың тақпағы :
Айша : Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Ақниет : Отанымның төрінде .
Сарқаның өрінде
Ту ұстаған астанам,
Әсем қалам, бас қалам .
Димош: Бүгінгі күні бүкіл әлем таниды,
Қазақ елін, қазақ жерін, Қазақстан.
Тәрбиеші :Осы періште балалардың тілегі қабыл болсын дей отыра бүлдіршіндеріміздің орындауында
Ән : «Отан -ана»
Тазша бала: Балалар сендер мені таныдыңдар ма? Мен кіммін ?
Балалар : Тазша бала
Тазша бала: Кім айтады ? Біздің еліміз қалай аталады?
Балалар : Қазақстан Республикасында
Тазша бала : Қай қалада тұрасыңдар ?
Балалар : Арқалық қаласында
Тазша бала : Сендер Отан Туралы тақпақтар білесіңдер ме ?
Ариза: Өзіңдікі – Елің де,
Өзіңдікі – жеріңде,
Өзіңді өзің еткен бақ
Тәуелсіздік төріңде .
Дания : Бейбітшілік әніміз,
Бауырласпыз бәріміз
Дильназ :Мен –қазақпын мың , өліп ,мың тірілген ,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен .
Жылағанда жүрегім күн тұтылып.
Қуанғанда күлкіммен күн тірілген.
Мен қазақпын ,биікпін байтақ елмін.
Қайта тудым , өмірге қайта келдім .
Мен мың да бір тірілдім ,мәнгі ,өлмеске.
Айта бергім келеді , айта бергім.
Тәрбиеші : Қазақ халқы өнерге бай халық, соның ішінде күмбірлеген күймен, мың бұрала би өнері ерекше .Олай болса қыздарымыздың биін тамашалаңыздар
Би : «Бомбыра»
Тәрбиеші :Олай болса балалар ұлттық ойын ойнайық .
Ұлттық ойын: Күш сынасу.
Тәрбиеші : Балалар , сендер Отан ,Қазақстан , туған жер туралы тақпақтарды өте көп біледі екенсіңдер ! Жарайсыңдар ! Ал мақал – мәтелдер білесіңдер ме, оны «Кім жылдам?» ойыны арқылы байқап көрейік . Мен мақалдардың басын айтам , сендер жалғастырып айтыңдар .
Отан –оттан да ыстық
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас
Өз елің – алтын бесігің
Отан – елдің анасы ,
Ел – ердің анасы.
Тәрбиеші Жарайсыңдар !Енді әнге кезек берейік
Ән . Біз кішкентай салдатпыз
Ойын : Мерген .
Тәрбиеші : Балалар сендер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарысыңдар . Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге , сүюге, қорғауға міндеттісіңдер . Саналы , білімді азамат болу үшін не істеу керек ?
Балалар . Еңбек етуіміз керек .
-Біздің қазіргі еңбегіміз не ?
Балалар. Оқу!
Ән : Әрқашан күн сөнбесін .
Би : «Қаражорға!»
Тәрбиеші Бүгін , міне ,Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық . Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз . Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер ! Сендерге зор денсаулық , көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын , күннің нұры сәулесін мол төксін деп тәрбие сағатымыз аяқталды . Сау болыңыздар !