Іскерлік ойын тақырыбы: «Отбасы айнасы»
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.
Ата-аналарға бала тәрбиесінде инновациялық технологияларды таныстыру
Түрі: іскерлік ойын
Жүру барысы:
І. «Анықтама бөлімі»
ІІ.Педагогикалық ситуатцияларды шешу
ІІІ.Педагогикалық тренинг
ІҮ.Мерекелік композиция құру
Ү. «Алаң» пікірталас
ҮІ. Іскерлік ойынды қортындылау.
І.«Анықтама бөлімі»
Мақсаты: Ата-аналдардың сұрағына педагогтардың кәсіби және биязы жауап беруін жетілдіру.
Құралдар: Анықтама бөлімі деп жазылған ширма және телефон, сұрақтар жазылған карточка.
Ойын барысы: Тәрбиешілер кезекпен «Кеңесші» ролін ойнайды. «Тәрбиешілер»
(қалған ата-аналар) сұрақтар жазылған карточкаларды еркін талдау арқылы «Кеңесшіден» сұрақтарға түсінік алады. Мысалы:
Баланы тақпақты мәнерлеп айтуға қалай үйретуге болады?
Менің балам мысық пен күшіктен қорқады. Не істеуім керек?
4 жастағы баланы өзбеттілікке қалай тәрбиелеуге болады?
Қызым дәрігерге көрінуге қорқады. Не істеуім керек?
Менің немерем ескертуді тыңдамайды. Сіз қандай кеңес бересіз?
Балам үнемі ойнайды, сабақты қарағысы келмейді. Ал, ол 4жасқа толды, мектепке даярлау керек. Қалай бағындыруға болады?
Кеңесшінің жауабына 1-2 минут уақыт беріледі. Егер «ата-ана» жауапқа келіспесе өз ойын айтуына болады.
ІІ.Педагогиқалық жағдаяттарды шешу
1. Марат тарелкені сындырып алды. Балалар тәрбиешіге арызданды. Тәрбиешінің әсері.
2. Бала тәрбиешінің кітапты желімдейміз деген тапсырмасын орындауда желім төгіп алды. Топ балалары қуана секіріп айқайлап «біз сені айтамыз» деп жүгере жөнелді. Сасып қалған балаға ешкім көмектеспеді. Сіздің шешіміңіз.
3. Бала ашу үстінде қасындағы жолдасын салып қалды. Ашуланған жолдасы жауап ретінде оны да салып қалды. Екеуі де жылап жүгере тәрбиешіге арызданды. Сіздің әрекетіңіз.
ІІІ.Педагогикалық тренинг.
Ата-ана әр уақытта өзін ұстау эмоционалдық қалпын сақтай білуге тиіс, осының барлығы оның сөзі мен мимикасы арқылы байқалады.
Мәнерлеп сөз айтуы:
1. «Мында кел» деген фразаны: қатты, құпия түрінде, ашулана, қуана айту
2. «Бәрекелді» деген сөзді жәй, қатты, жылы, таңдана, кекесін, шаттана, сүйісіне айту.
Мимикалық реакция:
Ертеңгілік жаттығу басталып кетті, бір бала кіріп келе жатыр. Сіз оған қарай:
Бұйыра «Тез жаттығуға тұр»
Таңдана «күткен жоқпын»
Ызалана «Менің ойымды тағы да бөлдің»
Сұрақ қоя «Бір нәрсе болды ма?»
Жаратпай «Сен жұмыс жасауға кесел келтірдің»
Қуана «Ақыры келдің бе?»
Ойын «Жақсы және жаман»
Мақсаты: Логикалық ойлауды дамыту, айтқан сөзін қуаттайтын аргумент таба білу, тәрбиешінің кәсіби мамандығын сипаттау. «Жақсы… Жаман…» деген схема бойынша құрылады.
Ойын барысы: тәрбиешілер кезекпен өз жұмыстары, яғни маңыздылығы, құндылыын айта келе, жамандығы, қиындылығы жөнінде айтады.
Мысалы:
1. тәрбиеші болған жақсы- бұл қызық және динамикалық жұмыс. «Тәрбиеші болған жаман» – бұл қиын және кең көлемді талап ететін жұмыс, үнемі әдістемелік кітаптарды оқып отыру керек.
2. тәрбиеші болған жақсы – бұл игілікті еңбек, отты көзді балаларға білім, дәріс беру, адалдыққа тәрбиелеу – бұл бақыт. Тәрбиеші болған жаман- барлығы үнемі бақылайды- сен баланы қалай оқытып жатырсың, бала нені үйренді, немен шұғылданып отыр, үнемі соның бәріне жоспар жасап отыру керек.
3. тәрбиеші болған жақсы- ата-аналар сыйлайды, пікірімізді тыңдайды, өз пікірлерін қосады. Тәрбиеші болған жаман-үнемі қорқыныш үстінде жүресің, біреуіне бірдеме болып қалмасын, бір нәрсеге ұрынып қалмасын деп үбектеумен жүресің т.б.
ІҮ.Мерекелік композиция құру.
Тапсырма: Берілген материалдардан мерекелік композиция құрып оған тақырып қою
Ү. «Алаң» пікірталас
1.«Айсамал» балабақшасы қандай бағдарламамен жұмыс жасайтынын білесіз бе? Сол бағдарламамен жұмыс жасау тиімді, әлде.....?
2.Сіздің балаңыздың дамып- жетілуіне балабақшада жүргізілетін қандай жұмыс бағыты пайдалы және қызықты деп есептейсіз? Немесе....?
3.Балаңызға қандай іс-әрекет түрі көбірек ұнайды немесе ұнамайды?
4.Балаңыз үйге барғанда балабақша жөнінде әңгіме айта ма? Осы дұрыс па?
ҮІ. Іскерлік ойынды қорытындылау