Ашық оқу іс-әрекеті Ана тілің арың бұл

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қазақстан Республикасы

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы

Ақшұқыр мектеп-лицейі «Кәусар» шағын орталығы
















Өткізген: Түгелбаева Перизат Елубайқызы



















Ақшұқыр селосы 2016ж

Тәрбиеші: Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
(Қ. Мырзалиев)

деп жырлағандай халқымыздың өшпес асылы, сөнбес шырағы, мол қазынасы, сан ғасыр тарихы бар, қасиетті тіл мен өнеріне арналған «Ана тілің – арың бұл» атты тақырыптық сабағымызды бастаймыз.
- Балалар, қандай мерекені атап өткелі жатырмыз.
- Тіл күнін
- Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес
«22 қыркүйек –Қазақстан халықтарының тілдер күні» ретінде аталып келеді.
Қане, балалар осы тіл мерекесіне ән –жыр тақпақтарымызды арнайық.

Рухия: Менің тілім біреу –ақ
Сөйлейтін де жазатын
Тауып қойған тілеуі –ақ
Қазақ деген өз атын
Дариядай пейілі
Тілі, діні, жыры да

Өркен: Ана тілім –ана күтім, арым менің
Сәулетім –сая бағым, сәнім менің
Аспаным өзіңменен арайланып
Нұрланып атар ылғи таңым менің

Айда: Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән
Бірлігімде бүгінгі
Ана тілім сақтаған

Медет: Ана тілім ұраным
Ана тілім құралым
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым

Ақарыс: Ана тілім менің
Әлдилеген әнім
Ана тілім демім
Ана тілім жаным

Дастан: Желеп –жебеп піріміз
Таза болсын деніміз
Жауқазындай жалынып
Өркендесін тіліміз

Тәрбиеші:

  1. Балалар біз қай елде тұрамыз?

  2. Қандай мемлекетпіз?

  3. Елбасымыз кім?

  4. Мемлекеттік тіліміз?


Тәрбиеші: «Тіл не үшін керек»? –деген сұраққа Шұғыла мен Өркен былай деп жауап береді.

Өркен: Мен саған сұрақ қойғым келіп тұр? Осы тіл не үшін керек?

Шұғыла: Досым –ау, тіл бір –бірімізбен сөйлесу үшін қажет қой.

Өркен: Жарайды, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлемей ме?
«Неге ана тілі деп бөледі?»

Шұғыла: Себебі, әр елдің өз Отаны, өз тілі бар емес пе.
- Балалар, сендер бір –біріңмен сөйлескенде қай тілде сөйлесесіңдер?
- Қазақ тілінде, ана тілінде сөйлесеміз.
- Неге, біз өз тілімізді ана тілі дейміз?
- Себебі, бұл тілді анамыздың аузынан естиміз.
- Дұрыс айтасыңдар. Ана тілі дегеніміз, ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой.
Ал, ана деген –бәрінен де, қастерлі, аяулы да, асыл жан.

Тәрбиеші: енді барлығымыз орнымыздан тұрып, Қазақстан Республикасының ұнаранын орындайық.

Тәрбиеші:: Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр ұлттың тілі, оның бақыты, тірегі.

Тәрбиеші: Ана тілі туралы кім қандай мақал –мәтел біледі?

Шұғыла: Ана сүті бой өсіреді
Ана тілі ой өсіреді

Өркен: Піл көтермейді
Тіл көтереді

Айда: Ақыл көркі –тіл
Тілдің көркі –сөз

Медет: Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте

Дастан: Өнер алды –қызыл тіл

Рухия: Тілден биік асқар жоқ
Тілден терең теңіз жоқ


Тәрбиеші: Жылжыған жылдар көшімен
Тербетіп мені, туған жер
Өсірген алтын бесік ең
Өлеңмен боп, жыр боп есілем

Тәрбиеші: Балалар, міне осы өлең –тақпақтарда айтылғандай, өз тілімізді, қадірлеп, оны сүйе білуіміз керек. Тіл бар жерде, ұлт та, елде, жер де, болмақ. Сондықтан әрқайсысымыз өз ұлтымыздың тілін қадірлей білейік.