Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министрлігі
Ашық сабақ.
Тақырыбы:Щ дыбысы , әрпі.
«Жамбыл орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мұғалім:М.М.Мейрамханова
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Щ дыбысы мен әрпі.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: щ дыбысы мен әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды щ дыбысына мысалдар ойлату арқылы сөздік қорларын молайту, ой-өрістерін, тілдерін да- мытып, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Дидактикалық материалдарды пайдаланып, дидактикалық ойындарды ойнатып, балалардың ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту (буын, сөз құрау, жұмбақ шешу, өлең айту). Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Әдісі:Ойын,әңгімелеу, топпен жұмыс,
Пәнаралық байланыс:валеология,тіл дамыту
Көрнекілігі:интероктивтік тақта, щетка түрлері, кеспе әріптер, суреттер, әліппе-дәптер.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз
Достарымды көргенде,
Қуана қарсы аламыз
Сәлем, сәлем, сәлем
Тілек айту.
-ақылды бол
-кішіпейіл бол
-әдепті бол
-ізетті бол
Өткенді қайталау –
Тіл дамыту жұмысы.
-Жел соққанда қандай дыбыс шығарады?
-Жел уілдейді у-у-у-у-у
Жел соққанда ағаш жапырағы қандай дыбыс шығарады?
-ш-ш-ш-ш-ш-ш
-Маса қалай ызыңдайды?
З-з-з-з-з-з
Ит қалай ырылдайды?
Р-р-р-р
Жылын қалай ысылдайды?
С-с-с-с-с-с
Ара қалай ыжылдайды?
Ж-ж-ж-ж
Бұзау қалай мөңірейді?
Мө-мө-мө-мө
Жақсы балалар.
Дыбыс деген не?(естиміз, айтамыз)
Дыбыс нешеге бөлінеді? (дауысты, дауыссыз)
Дауысты дыбыстар қалай айтылады?(созылып)
Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?(қысқа)
Әріп деген не? (көреміз, жазамыз, айтамыз)
Ба-ла, қа-лам, ата, пар-та, кі-тап, ит, ұшақ, тор-ғай, аю, ға-рыш, ал-ма, ас-қа-бақ, рау-шан, қас-қыр, бүл-дір-ген.
ІІ. Негізгі бөлім.
Кел, балалар ойнайық,
Ойнайықта ойлайық
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық
Жұмбақ шешу.
Атқарады талай-талай ісіңді,
Тазалайды киіміңді, тісіңді. (Щетка)
Щетка сөзінің басында қандай дыбысты естіп тұрмыз? Щ. Ендеше бүгін щ дыбысы және әрпімен танысамыз.
-Қане дұрыстап дыбыстайықшы.
-Ал енді айтыңдаршы қандай щеткалар болады.?
-
-Қазір слаидтарға қарап отырсаңдар щетка түрлерімен таныс боласыңдар.
-тіс щеткасы
-киім щеткасы
-әк щеткасы
-сыр щеткасы
-Бұл щеткаларды біз қайдан көреміз?
-Адам үшін бұлардың пайдасы қандай?
-Осының ішінде біз қайсысымен жиі кездесеміз?
-Күнделікті қайсысын пайдаланасыңдар ?
-Осы щеткаларды үнемі пайдаланасыңдар ма?
-. Балалар щетка денсаулықтың кепілі екен.
Тазалық туралы кім мақал-мәтел біледі?
-Дені саудың - жаны сау.
- Бірінші байлық- денсаулық
- Денсаулық –зор байлық.
Сергіту жаттығуын орындату.
Дәптермен жұмыс.
Щетка сөзін текшелермен немесе кеспе әріптермен жазу
Балалардың өздеріне Щ дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер
ойлатады.
Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.
Жазу жұмысы. Щ дыбысын ауада жазып көрсету. Дәптерге үлгі бойынша щ дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Щ дыбысын қатыстырып, сөз құрастырады.
Сергіту жаттығуын орындату.
Ащы, тұщы сөздерін буынға бөледі. Щ дыбысын тауып, оның сөздің қай жерінде кездесіп тұрғанын тапқызу.
Щетка, щетка, щеткалар,
Неше түрлі щетка бар.
Бірі тісті жуады,
Бірі шаңды қуады.
Қорытындылау.
Балалар сабақ сендерге ұнадыма?
Несімен ұнады?
Қандай дыбыспен әріппен таныстық?
Қандай сөздерде кездеседі екен?
Бағалау: Оқушыларға смайликтер тарату