Толерантность күніне арналған «Достық мерекесі»атты
Күні:18 қараша 2015ж
Уақыты:11.00
Өтетін орны:Әуен залы
Қатысушылар:Ересек «Көбелек»тобы
Жүргізуші:Сәлеметсіңдер ме балалар,қыздар мен балалар.Бүгін біз достық мерекесін тойлаймыз.Балалар сендер білесіңдер ме достық деген не?Сендердің достарың бар ма?Неге сендер олармен доссыңдар?
Есік қағылады,әуенмен Ириска кіреді
Ириска:Сәлеметсіңдер ме балалар,қандай әсем жер,сенде қандай көпсіңдер.Ал сендер бұл жерде не істеп жүрсіңдер?
Балалар:Достық мерекесін тойлап жатырмыз
Ириска:Бұл мереке жайлы мен ешқашан естімегенмін.Жаңа жыл,туған күн меркелерін білемін,бірақ достық мерекесі жайлы еш нәрсе білмейді екенмін.Балалар бұл мерекеде қалуыма болама?Бәріміз бірге ойнап көңіл көтереміз.
Ал балалар олай болса,біз қазір сендердің қандай достар екендеріңді тексереміз.Менің сұрақтарыма қатты дұрыс жауап беріңдер?
-Дайынсыңдарма?-ия
-Мерекені тойласыңдар ма?-ия
-Үндемей,мереке қатыспай отырамыз ба?-жоқ
-Бірге ойнаймызба ?-ия
-Бірге билейміз ба?-ия
-Мүмкін ұйқыларың келген шығар?-жоқ
Ой балалар мен қуаныштымын,сендер балабақшада достарыңмен өте жақсы араласады екенсіңдер.Халықтарда достықпен өмір сүрсе ол да елдің бақыты.Олай болса көңілімізді көтеріп,билейік,ән айтайық.
Жүргізуші:Ириска біздің балалр достық туралы көп нәрсе біледі,қане бәріміз бірге тыңдайық.
Балалардың тақпақтары:
Наргиз: Достық керек өмірде,
Ашық сырлы көңілде.
Дос жолдасың болмаса,
Өмір сүру жеңіл ме?»
Альмира Досыңды дос деп санасан,
Дос көңілін қалдырма.
Досыңды сыйлап,
Дұшпаныңа, еш сырынды асырма.
Асқар Біз балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда да,
Бірімізге сенімді боламыз.
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнап күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне, біздер қандаймыз.
Аслан Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ту ғып ұстап бірлікті,
Тату тәтті жүреміз.
Ириска :Ой балалар жарайсыңдар!Біз әрқайсымыз әр түрліміз,бірақ бәріміз бірге бір балабақшаға келеміз,мерекелерді бірге тойлаймыз,балмұздақ пен кәмпиттерді жақсы көреміз.Бәріміз ір елде тұрамыз.Біз әртүрліміз бірақ біз біргеміз.
Жүргізуші:Ия Ириска біздің балалар осындай ынтымақты.16 қараша –Халықаралық толерантност күні.Толерантность дегеніміз-ол ынтымақтастық,яғни ынтымақ болған жерде достық та болады.
Жүргізуші:Балалар біз қандай елде тұрамыз?-Қазақстан
Дұрыс айтасыңдар,біздің елімізде түрлі ұлт өкілдері тұрады.Ал сендер білесіңдер ме сендер қандайсыңдар? Балалардың жауаптары .Көрдіңдерме біз қандай көппіз бірақ біз бәрімен доспыз.
Ириска:Ал балалар сендер түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық ойындарын білесіңдер ме?Мен сендерге қазір орыс ұлтының ұлттық ойнауға шақырамын.(гори,гори ясно)
Ойын шарты:Балалар шеңберге тұрады,1 жүргізуші орамалмен болады.Ол шеңберді айналып екі баланың ортасына орамалды қояды,ал ол балалар шеңбердің сыртында шеңбер бойымен жүгіріп келіп орамалды алуы керек.Қай бала орамалсыз қалса сол бала жүргізуші болады.
Ириска:Ай балалар сендер қалай қатты жүгіресіңдер.Мен сендерді қуамын деп қатты шаршадым.Ия... ойын ойнауды жақсы көреді екенсіңдер.
Жүргізуші.Ириска,біздің балалар тек қана ойын ойнауды ған білмейді,олар биін билеуді де біледі.
Би үйірмесі:Орамалмен би
Ириска:Балалар сендер билеп жатқанда мен тағы бір ойынды есіме түсірдім. Бұл белорусс ойыны ленок ойыны
Ойын шарты:жерге шеңберлерді қоямыз.бір шеңберде бір бір баладан артық болады.Әуен ойнағанда балалар билейді,жүргізуші ленок отырғыздым дегенде әр бала шеңберге секіріп отырулары керек,кім симай қалса сол балалар ойыннан шыға береді.Ойын солай жалғаса береді.
Ириска:Ой балалар сендермен ойын ойнаған өте қызықты,енді қараңдар тағы да ойын ойнаймыз.Мені мұқият тыңдап я немесе жоқ деп жауап берулерің керек.
-Бір-біріміз бен дос боламыз ба?-ия-ия-ия
-Достығымыз бен мақтанамыз ба?-ия-ия-ия
-Ойын ойнап үйренеміз ба?-ия-ия-ия
-Бір –бірімізге көмектесеміз ба?-ия-ия-ия
-Досыңды ренжітуге болама?-ия-ия-ия
-Күлкі сыйлауға болама?-ия-ия-ия
-Досты ашуландыруға болама?-жоқ-жоқ-жоқ
-Достарыңмен бірге шай ішуге болама?-ия-ия-ия
Ириска:Балалар қазір сендермен бірге украин халық ойыны «Хлебчик»ойынын ойнаймыз.
Ойын шарты:ортасында жүргізуші,ал қалған балалар жүргізушіні айналып шеңбер құрып тұрады.Наубайханашы бізге нан пісіресіңбе дейді-пісірем,пісірем дейді наубайханашы,ал қуып жетесің бе?-қуып жетемін дейді.Кімді қуып жетеді сол бала жүргізуші болады.
Ириска:Балалар біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.Кім қазақтың ұлттық ойынын біледі?
Жүргізуші:Әрине біздің балалар «шаңырақ»ойынын біледі,сонымен қатар туағн еліміз жайлы өлеңде біледі.
«Сәлем ,Қазақстан»
Ириска:Жарайсыңдар балалар онда «Шаңырақ»ойынын ойнайық.
Ойын шарты:Жерге шеңберлер қойылады,әуен ойнағанда балалар билейді,әуен тоқтағанда шеңберлерді алып жоғары көтереді.Шаңырақта балалар саны бірдей болуы керек,қай шаңырақта артық бір бала болса сол бала ойыннан шығады.Солай ойын жалғаса береді.
Ириска:Ой балалар жарайсыңдар,қандай әдемісіңдер,бәрің бірге ойнайсыңдар,ән айтасыңдар.Менің де сендермен дос болғым келеді,сендермен дос болуға,қонаққа келуіме болама?
Балалар:Ия болады.
Жүргізуші:Ириска біздің балалар сізді өздерімен бірге билеуге шақырады
Барбарики «Егер досың күлмесе»
Ириска:Ой рахмет балалар,мағанда сендермен бірге ойын ойнаған,билеген, ән айтқан қатты ұнады.Мен сендерге сыйлық алып келдім.Сыйлықты қабыл алыңдар!Олай болса балалар келесі жолы кездескенше сау болыңдар!
Жүргізуші:Балалар олай болса Ирискага да рахмет айтып қоштасайық.Енді балалар біз қандай ұлт өкілі болсада,шашының түсіне,бойына,түріне қарамай барығымен дос болуымыз керек.Қандай жағдайда достарға көмектесіп дос болуымыз керек .
-
-