Ата-анамен жұмыс Отбасы ынтымақтастығы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы.

Баяндама



Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын

бір шарт –жас күнде көрген өнеге.

Жүсіпбек Аймауытов



Қоғам үшін әр кезеңде,әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың дені сау,рухани бай,еңбекке,білімге құштар болып өсуі-ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата-ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. Отбасы–өмірге сәби әкеліп, оны тәрбилеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын.

Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты-баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.



- Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру.

- еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне-өзі қызмет етуге үйрету.

- Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым-қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету.

- Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу. Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім-тәрбие беріледі.

«Баланы жастан», «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөздердің мағынасы өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Осы кезде «Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын, өзіңіздің мінез-құлқыңызды, өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп, бақыладыңыз ба?» деген сауал туады.

Ұлы педагог А.С.Макаренко: « Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата-ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасын рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата-ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы? Мұндай жолмен келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады» деген.

Отбасы-барлығының басы, жан-жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше-баланың алғашқы тәрбиешілері.

Ата-аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс.

Бала бақыты-білімде. «Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды,не жасаса да келістіріп жасайды»,-дейді А. Байтұрсынов.

Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз ата-аналармен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата-ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата-ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген өзгерер еді.

Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата-аналардың педагогикалық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәжірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата-аналарға көмектесу тәрбиешілердің міндеті.

«Ұстаз-бағбан, бала-гүл» деген қағида әр тәрбиешінің ұстаздық қстанымы. Осы қағиданы ата-ана мен ұстаз бірігіп пайдалансақ балабақша бала үшін ең сүйікті мекенге айналар еді. Бағбанға гүлдің әйеуір өскенінен, әдемі болып өскені қажет екендігі сияқты, ата-ана ұстазға да баланың әйтеуір ержеткенінен, әдепті болып есейгені қажеттірек.

Бағбан өзінің өсірген гүлінің санымен емес, сапасымен мақтанатыны сияқты, ата-ана да баласының әдептілігімен мақтануы тиіс.

Қазіргі таңда баланы тәрбиелеуде ата-ананыңда, тәрбиеші-ұстаздың да атқаратын рөлі зор. Жас күніңде бала қандай тәрбие алса сол ізбен алға қарай өседі. Тәрбие кезінде отбасының, балабақшаның да алатын орны бар.

Ата-ана баласына өз отбасын қадір тұтудан бастап, туған-туыс, Отан,Қазақстан деген ұғымдарды терең түсінгені, құрметтеп қарауға тәрбиелеу керек екенін ұғындыру.

Ата-ана жауапкершілігі бәрінен биік болмақ. Сондықтан ата-ана басты талапты өздеріне қойғандары жөн. Баланың тәрбие алуына, қоғамнан өз орнын табуына, жағдай жасауына, әрбір ата-ана педагогикалық әдіс-тәсілдерге сүйенгені дұрыс.