Ұйымдастырылған технологиялық картасы
Білім беру саласы: Денсаулық
Тақырыбы: 1.Ирек жолмен жүру.
2.Түзу бағытта ( биіктігі 10 -15см) заттарды аттап өту.
Мақсаты:
Балаларға түзу бағытта қойылған заттардан аттап өтуге үйрету.Іс-әрекет қабілеттілігін арттыру.
Ә) Қимылды ойындарға қызығушылықпен қатысуға тәрбиелеу.
Б) Ойнау, ойлау қабілеттерін дамыту. Тұлғаның үйлесімді дамытуға қалыптастыру.
Білім көздері:Дене тәрбиесі.
Көрнекіліктер: себеттер, текшелер.
Әдіс –тәсілдері: түсіндіру, көрсету,әңімелеу.
Оқу іс- әрекетінің кезендері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
.
Бір қатар сапқа тұру.
Сәлемдесу.
(Нұсқауды орындау)
Қоян, қоян, тұршы,
Беті- қолды жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Әйбат көйлек киші,
Енді сергіп жүрші.
«Қояндар көпірден өтуде».
(Балалар жаттықтырушының артынан бір сызық бойымен жүреді).
«Қояндар жан-жағына қарайды»
(Оң қол – оң бүйірде, сол қолы маңдайда, оңға, солға бұрылады).
«Қояндар үйге оралады».
(Бір орында секіріп , баяу жүгіреді).
Әр түсті екі текшеден беріп, бірінің соңынан бірін жүргізіп, шеңберге тұрғызу.
Жалпы дамыту жаттығулары:
«Текшелерді шапалақта!»
Б.қ.: тік тұру, екі аяқ арасы сәл алшақ. Текшелерді ұстау, қол төменде.
1. Екі қолды екі жаққа созу.
2. Жоғары көтеріп текшелерді бір-біріне тигізу.
3.Екі жанға созу.
4.Б.қ.келу
«Текшелермен тербелу»
Б. қ..Тік тұру, аяқ арасы алшақ, қол төменде.
1.Екі қолды жоғары көтеру.
2.Қос қол бірге, екі жаққа сәл иіліпи тербелу.
3.Б.қ. келу.
«Текшелермен қайшылау»
Б.қ. аяқ иық көлеміндей алшақ, қол төменде.
1. Қолды алға созу.
2. Қолды қайшылау.
3. Б.қ. келу.
«Текшелерді көтеру»
Б.қ.: аяқ арасы иық көлеміндей алшақ, қол төменде.
1.Қолдағы текшелерді алға созу.
2. Оң қолды жоғары көтеру.
3.Сол қолды жоғары көтеру.
4.Б.қ. келу.
«Отыру»
Б.қ.:отыру, аяқ арасы алшақ, қол төменде.
1.Қолдағы текшелерді екі аяқтың ұшына тигізу.
2.Қос қолмен текшелерді жоғары көтеру.
3. Б.қ.келу.
Тыныс алу:
«Текшелерге үрлеу»
Аяқ арасы алшақ, текшелер екі алақанда. Оң (сол) алақандарға кезек-кезек үрлеу (ауа жұтып, дем шығару.)
Негізгі-қимыл жаттығулары:
1.Ирелеңдеген жолмен жүру.
2. Түзу бағытта (биіктігі 10- 15 см ) заттарды аттап өту (текшелерден).
«Тышқандар мен мысық »ойыны:
1.Ойын шартын түсіндіру.
2.Балалармен бірге ойнау.
1. Балаларды жасаған іс –қимыл жаттығуларына ризашылық білдіру.көңіл күйін бақылау.
2. Қауіпсіздік ережесін сақтау.
3.балваларды мадақтап отыру.
Бір тізбекпен кіріп, бірқатар
сапқа тұрады.
Сәлемдеседі.
Бірінің соңынан бірі бір қатармен жүріп орындайды.
Қолды жоғары көтеріп, екі жанға созып, бір- біріне соғады.
3 – 4рет
Қолдарды алға созып айқастырады.
3 – 4рет
Отырып қолдарды жоғары көтереді, екі аяқтың басына текшелерді тигізеді.
3 – 4рет
2-3рет
Текшелерді орындарына жинастырады.
Арақашықтықты сақтайды.
Бір сызық бойымен қойылған кедергілерден аттап өтеді.
Ойын кезінде іс-қимылдарын келтіріп ойнайды.
Затарды жылдам жинауға дағдыланады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: ілулі тұрған заттарға қолын тигізіп секіруді.
Түсінеді: еденде созылып жатқан арқан үстімен тепе – теңдікті қалай сақтап жүру керектігін.
Қолданылады: арқан, түсті шашақ және ойынға қажетті заттармен орындалатын жаттығуларды орындай білу іскерліктерін.